Дәрігер тактикасы? Диспансерлік тіркеу тобы қандай?



Дата26.09.2023
өлшемі15.84 Kb.
#478717
ситуациялық есептер 1


3.
Бала Г, 9 жаста, мектеп -гимназияның 3-сынып оқушысы туберкулинді диагностикадан кейін туберкулезге күдікпен облыстық клиникалық туберкулезге қарсы диспансердің балалар кабинетіне жіберілді. Анамнезі-
нен – туберкулезбен ауыратындармен қатынас болмаған. Балалық шағында ол желшешекпен ауырған, сирек суық тиіп ауыратын. Шағымдар жоқ.
Объективті: терісі таза. Ішкі ағзалар ерекшеліксіз. Перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған. Қан мен зәр анализі қалыпты. Кеуде қуысының қарапайым рентгені қалыпты. Перзентханада БЦЖ егілген (вакцинациядан кейінгі тыртық -1). 2ТБ ППД-Л –мен Манту сынамасы: 1 жаста - папула 11 мм, 2 жаста - 10 мм, 3 жаста - 5 мм, 4-8 жаста - 8 мм, 9 жаста – 15 мм везикуласы бар папула.
Дәрігер тактикасы? Диспансерлік тіркеу тобы қандай?


4.
6 жасар балада 2 ТБ ППД-Л –мен Манту сынамасы – 10 мм папула.1 жаста Манту сынамасы 10 мм папула, 2 жаста – 8 мм папула, 3,4,5 жаста – теріс. Бала тексерілді, патология анықталмады.
Сіздің тактикаңыз?


Диагноз қойыңыз? Диспансерлік есепке алу тобы?


19.
Бала 4 айлық, перзентханада шала туылғанына байланысты екпе алмаған. Қазіргі уақытта салмағы жасына сай, дені сау.
Дәрігер тактикасы қандай?

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет