Жұмыс бағдарламасы элективті пәндер катологі негізінде жасалды


Қолданылатын әдебиеттер тізімі



бет2/4
Дата21.06.2016
өлшемі0.74 Mb.
#152437
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4

Қолданылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

1. Бекниязов Т. Халықаралық журналистиканың дамуы. – Алматы, 2009.

2. Омашев Н.О., Бегімтаева Р.Ш. Қазіргі шетел журналистикасы. – Алматы, 2010

3. Қозыбаев С., Рамазанова А., Аллаберген К. Әлем баспасөзі тарихынан. – Алматы, 2009.

4. Тұрсын Қ., Масс-медиа. – Алматы, 2010

5. Справочник журналиста Казахстана. – Алматы, 2012.

6. Бегімтаева Р.Ш. Араб журналистикасы. – Алматы, 2009.

7. Шамақайұлы Қ. Шетелдегі қазақ баспасөзі. – Қарағанды, 2009.


Қосымша:

1. Беглов С.И. Британская печать на исходе века. – М., 1995.

2. Баpманкулов М. К. Искусство совpеменной инфоpмации. – Алматы, 1993.

3. Баpманкулов М. К. Телевидение: власть или деньги? – Алматы., Санат, 1997.

4. Вартанова Е. Медиаэкономика зарубежных стран. – М., 2003

5. Голованова Г.А. Фабрика лжи и иллюзий (об американском журнале «Ридерз дайджест»). – М., 1972.

6. Макгеффин У., Нолл Эрвин. Секреты «Белого дома». – М., 1971.

7. Малаховский А.К. Очерки истории журналистики США второй половины ХIХ в. Журналистика «позолоченного века» – М., 1997.

8. Колесник С.Г. Основные тенденции развития телевидения США (1995-1996гг.) // Вестник Московского университета. Сер. 10, Журналистика. 1998. № 1. С.36-59.

9. Засурский Я.Н. и др. Средства массовой информации США, Великобритании, Франции в 1994 г. // Вестник Московского университета. Сер. 10, Журналистика. 1995. № 4. С. 28-66.

10. Засурский Я.Н. и др. Средства массовой информации США, Великобритании, ФРГ, Италии в 1996 г. // Вестник Московского университета. Сер. 10, Журналистика. 1997. № 4. С. 24 -81.

11. Засурский Я.Н. и др. Средства массовой информации США, Германии, Италии в 1997 г. // Вестник Московского университета. Серия 10, Журналистика. 1998. № 5. С. 26 -81.

12. Лучинский Ю.В. “Социология для Юга”: критицизм и мифотворчество публицистики Джорджа Фицхью // Вестник Московского университета. Серия 10, Журналистика. 1997. № 1. С. 106-118.

13. Лучинский Ю.В. Бенджамин Франклин и проблемы становления американского эссе // Вестник Московского университета. Сер. 10, Журналистика. 1998. № 3. С.93-101.



6. Дәріс сабақтарының мазмұны
Дәріс № 1. Пәннің мақсат-міндеттері.

Бүгінгі ақпарат құралдары шетелдерде қалай жұмыс істейді, соған назар аударған жөн. Ол үшін олардың жұмысына, журналистік творчествосына талдау жасап, қорыта білу керек. Мұндай тәжірибе алмасу материалдар, хабарлар дайындауда түр мен стильді жаңартуға, уақыт өзгерісіне сай хабарлар беруге мүмкіндік жасайды. Стандарттан қашып, тапқыр әрі қызықты материалдар беруге пайдасын тигізеді. Газеттің, радио мен телехабардың мазмұны мен характерін, тақырыбын, идеясын түрлендіруге, дамытуға әсер етеді. Қоғамның моральдық-саяси ахуалын жақсартуға, ескі ұғымда қалып қоймауға, жаңалықтарды дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Ой тереңдігіне, сөздің өткірлігіне, тележурналистердің барлық қабілеті мен шеберлігін дамытуға ықпалы тиеді. Халықаралық тәжірибе мен жетістіктерге сүйену, Сонымен бірге әрбір журналистің немесе коллективтің жетістігін онан сайын толықтыруға, дамытуға игі әсер етеді. Демократиялық қоғам құру үшін бұқаралық ақпарат кұралдары көп жүмыс істеуі тиіс. Бұл өмірге тереңдеп ену, шындықты айту, қажетті де, актуальді фактілерді таба білу, оны зерттеп, халыққа ұсыну үлкен жауапкершілікті тілейді.

Әрине, шетел журналистикасына назар аударғанда бәрін бірдей ала беру, үйрене берудің негізі жоқ. Ең жаңашыл, бұрын айтылмаған нөрселерді таңдай білген жөн. Алдымен халыққа не қажет және нені айту керек, соны байқаған дұрыс. Бұл үшін өткен мен жаңаны, сондай-ақ өзімізде не бар, не жоқ соны біліп барып ажырата білу керек. Қажеттісін алып, қажет емесіне сын көзбен қараған дұрыс. Бұрын біздің елмізде шетел журналистикасының төжірибесіне назар аударылмайтын. Ал бүгінде бәрі басқаша. Халықаралық қатынастар бейбіт түрде, бірін-бірі түсінушілік жағдайда дамып келеді. Яғни, сенім мен қауіпсіздік, жер бетінде бірлесе өмір сүру тенденциясы байқалады. Демек, бұрынғыдай елдердің бір-біріне сенімсіздікпен қарауы бірте-бірте өзара түсінушілік қарым-қатынасқа айналып келеді. Бұл орайда ақпарат құралдары да өзгеріссіз қалуы мүмкін емес. Сондықтан мына жайларды атап айту керек:

1. Бұқаралық ақпарат құралдары қай елде болмасын, халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста ашық жұмыс істеуі керек. Бұл ретте географиялық, ұлтгық шекаралар шеңбері тосқауыл болмауы қажет.

2. Әр ел өзінің тарихын, мәдениетін, тілін, ұлтын сақтай отырып, жер жүзілік цивилизацияға үлес қосуы тиіс. Адамзаттық бүкіл құнды қасиеттерге араласу керек. Әділдік, шыншылдық, достық және гуманизмді қадірлеу жөн.

3. Қоғамдық дамудың объективті заңдылықтарын көрсетіп отыру қажет. Жер жүзілік прогресті дамытуға ақпарат құралдарының белсенді қызметі қажет.

4. Экология, атом қарулары зардаптарын жоюға және соғысты болдырмауға баспасөз, радио, телевидение ерекше қызмет етуі тиіс.

5. Әлемдік хабарлардың оперативтілігін жақсартуға ұмтылу керек. Бұл орайда көптеген елдер бірлесе әрі тұрақты жұмыс атқаруы жөн.

6. Үкіметпен бірге, халықтық дипломатияны дамытуға ақпарат құралдары белсене араласуы қажет. «Дөңгелек үстелдер», «телекөпірлер» арқылы жер жүзілік маңызды оқиғалар мен бейбітшілік инициативаларды дер кезінде жариялап, көрсетіп, насихаттап отырған дұрыс.

Әрбір елдің ақпарат құралдары өз тәжірибесіне қоса, халықаралық журналистика тәжірибесін біліп, зерттеп, қорытып, одан әрі даму жолында пайдалана білуі керек. Әсіресе, қазір жер жүзі журналистикасында орын алып келе жатқан дамыған елдер — Американың және Еуропаның Англия, Франция, Германия мен басқа да елдерінің тәжірибелік жұмыстары назар аударады.

Радио мен телевидениенің тез дамитынын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Әрісін айтпағанда осыдан 20-30 жыл бұрын ғана түрлі-түсті телевизордың пайдаланылуы бүгінгідей дәрежеге жетеді деп ешкім ойламаған еді. Әрине, мұның қоғамның әлеуметтік қажеттілігінен туатыны белгілі. «Бүгінде телевидение бүкіл әлемде өтпелі кезеңді бастан кешіріп отыр. Ақ-қара түсті телевизордың орнына қазір түрлі-түсті телевизорларды пайдалану көбейіп келеді. Ал мұның өзі телехабарларды беруді жаңа бір сатыға көтеріп отыр. Түрлі-түсті телевидениені айтқанда, қазір бүкіл әлемде бұл орайда радио мен телевидение жүйесінде үлкен өзгерістер болып жатқанын айту керек. Мәселен жаңадан жер серігі (спутниктік) және кабельдік телевидениенің пайда болуы соның айғағы. Бұл радио мен телевидение дамуының стратегиялық мәнін айқындайды. Әсіресе, Еуропа елдері мен Америкада қоғамдық телевидение монополиясын бұзып, жаңадан коммерциялық телевидениені еңгізу өріс алып отыр. Алайда телевизиялық ұйымдардың көбеюі телепрограммалардың көбеюіне жағдай жасай ма, жоқ па, оны өмір көрсетпек. Ал анализге жүгінсек, жаңа коммерциялық программалар негізінен жарнама берушілердің талабын қанағаттандырып, қаржы табудың көзіне айналатын сияқты. Олар тек көңілдендіретін хабарлар берумен шектеліп қалатындары да бар. Әрине, көңілді хабарлар да керек шығар, бірақ, қоғамдық телевидение болса мұндай «көңілді» хабарлардың орнына көбіне халықты жаңалық хабарлармен және танымдық, білімдік программалармен қамтуға тырысады.
Дәріс № 2. IWPR : кәсіби тұрғыдан дайындаудағы негізгі қағидалар
Журналистер баяндайтын әлем қалай әрқилы болса, журналистика да солай әрқилы. Жаңалықтарды жеткізуге қызмет ететін журналистер сенсациялық мақалалар жазып, атақты адамдардан сұхбат алушылардан немесе апталық газеттің шолушыларын өзгеше болып келеді. Американдық репортердің жұмысы көп жағдайда британдық журналистің тәжірибесіне ұқсамайды. Сонымен қатар олардың екеуі де Еуропа елдерінің бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс жасайтын әріптестерінен өзгеше жазады. Ал басқа континенттер мен аймақтардағы жазу стилі одан көп ерекшеленуі мүмкін.

Соған қарамастан, бүкіл әлемнің журналистік ұйымдары барлық ерекшеліктерді ескере отырып, кәсіби этика принциптерін ретке келтіруге талпыныс жасады. Журналистік ұйымдардың басым бөлігі нақтылық, объективтілік және әділдік жақсы журналистиканың негізгі принциптері деген пікірмен келіседі. Бұл принциптер IWPR-дың журналистерді кәсіби тұрғыдан дайындаудағы негізгі қағидаларына да тән.

Бұл тарауда халықаралық стандарттарға шолу жасалып, жақсы журналистиканың тірегі болып табылатын негізгі элементтер қарастырылады. әрине, өзгешеліктер де жоқ емес. Бірақ, олар көбінесе сөйлеу мәнері мен екпін беруге қатысты. Төмендегі тұжырымдарға назар аударыңыздар:

Азғырушылық пен кемсітушіліктен сақтану – босниялық баспасөздегі Журналистік Кодекстің айрықша белгісі.

BBC репортерлерінің жұмысындағы басты қағида – объективтілік пен нақтылық принципі. Жапония баспагерлер мен редакторлар қауымдастығының журналистика жарғысы газеттерді «гүлденген және бейбіт болашақпен қамтамасыз етуге күш салуға» міндеттейді.

Қырғызстанның журналистер қауымдастығы өздерінің этикалық Кодексінде ең басты нәрсені атап көрсетеді: «Журналистер шындыққа қызмет етуі керек. Бұқаралық ақпарат құралының рөлі шындықты іздеумен тұжырым далады». Барлық ар-намыс кодекстері бірауыздан журналистер төмендегі жайттардан аулақ болуы керек деп есептейді:

жала жабу және ар-намысты қорлау

плагиаттық (басқалардың жазғанын өз атынан пайдалану)

пара алу

ойдан шығару (бұрмалау және таза ойдан шығару)

Журналистикадағы кәсіби әдістемелерді қолданудың көптеген тәсілдері бар. Мысалы, әскери қылмысты қалай баяндау керек? Құрбан болғандар мен жарақат алушылар туралы қалай айту керек? «Бұқаралық журналистикамен» айналысу деген не? «Жауапты репортаж» қалай жасалады? – деген сауалдарға жауап іздеу керек. Жауапты репортаж жасау кейде аса күрделі болуы мүмкін. Олай болатыны, қақтығысты жариялау өз алдына да, қақтығыстың болашақтағы салдары мүлдем басқа болуы мүмкін. Бұл тақырыптардың кейбірі осы оқу құралында қарастырылған. Бірақ, бұлардың және масс-медианың негізінде нақтылы деректерге негізделген оқиғаларды жария ете отырып, қоғамның дамуы мен демократияның орнығуына ықпал ету жатады.

Демократиялық қоғамдағы бұқаралық ақпарат құралдарының негізгі міндеттері – жауапкершілікті қоғамдық пікірталас тудыру мақсатында сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету, шенеуніктердің қоғамның алдындағы есеп беру деңгейін жоғарылату және электоратты ақпаратпен қамтамасыз ету.

Көптеген кәсіби кодекстердің бұқаралық ақпарат құралдарының жетекші рөлі ретінде сенімді ақпаратпен қамтамасыз етуді айтуы тегіннен-тегін емес.

Журналистердің ар-намыс кодекстерін қарап отырсақ, журналистік тәжірибеде кездесетін ең негізгі деген үш факторды көреміз. Олар: бейтараптық, нақтылық және әділдік. Бұл үш факторды жалпыға ортақ стандарт ретінде қарастыруға болады.

Этикалық критерийлердің өзі де жаңалық жинау барысында әділдік пен адамгершілік керектігін жоққа шығармайды. Көптеген кодекстер ақпарат көзін де мәлімет жинау барысындағы маңызды құрамдас бөлік ретінде қарастырып, оны қорғауға алуға баса назар аударады. 1. Бейтараптық немесе бұра тартпау

Журналистік ар-намыс кодекстері мен мінез-құлық ережелерінің көпшілігі «бейтараптықты» немесе оқиғаны баяндау барысындағы «тәуелсіздікті» алдыңғы планға шығарады. Бірақ, бұл тұжырымдама анықтама беруде қиындық тудыруы

мүмкін. Бейтараптық дегеніміз – репортаж белгілі бір саяси партияны, дінді, халықты немесе этникалық топты қолдай отырып, екінші топқа зиян келтірмеу деген сөз. Бейтараптық саясат туралы немесе тараптардың мәлімдемелері жөнінде шындыққа жанасатын ақпаратты ұсынуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, белгілі бір саяси партияның немесе топтың келесісіне қатысты комментарийлерін беруге де болады. Бірақ, мұндағы ең негізгі принципті естен шығармаған жөн: журналистің өзінің жеке пікірін ашық білдіруіне, өз түсініктемесін беруіне немесе өзінің саяси ұстанымдарын таңуына тыйым салынады. Тепе-теңдікке қызмет ететін журналистика дерек пен пікірдің ара-жігін анық ашып береді.

Көптеген мемлекеттерде басылым редакциялары қандай да бір қаржылық қолдаусыз тіршілік ету қиын деп есептейді. Ал саяси партиялар, саясатқа ықпал ете алатын топтар немесе саяси амбициясы бар ықпалды бизнесмендер осы қаржылық көмекті көрсете алатын кандидаттар қатарында. Бұндай жағдайда басылым өзінің қаржы көздері туралы баяндап отыруы керек, сол арқылы оқырман оның қаншалықты бейтарап екенін біліп отырады. Жауапты басылымдар жарияланатын жаңалықтар мен редакция пікірінің ара-жігін нақтылы ашып көрсетеді. Жаңалықтар бірінші бетте жарияланса, бас мақалалар мен пікірлер ішкі беттерге беріледі және олар нақты көрсетіледі. Кейбір басылымдар сараптамалық мақалаларды басады, ол жерде міндетті түрде журналистің пікірі болады. Сараптаманы басқа жаңалықтармен шатастырмау үшін оны «жаңалықтарға сараптама» деп белгілейді. Көптеген басылымдардағы жаңалықтармен жұмыс жасайтын редакциялық топ пен бөлімдерге мақалалар мен комментарий дайындайтындар бір-бірінен оқшау жұмыс істейді. Кейде тіпті олардың бір-бірімен байланысуына тыйым салынады.

Батыста көптеген масс-медиа мен басылымдар жеке компаниялардың иелігінде, сондықтан олар коммерциялық тақырыптағы объективті материалдарға үлкен сақтықпен қарауды талап етеді. Редакциялық және коммерциялық немесе жарнамалық бөлiмдер бiр-бiрiнен тәуелсіз, оқшау жұмыс жасайды. Баспагер немесе БАҚ қожайыны жарияланым мазмұнына ықпал етуге тырысқаны үшін басылым редакторының өз еркімен қызметтен кеткен жағдайлары да бар. Ал егер мұндай жағдайдан кейін де редактор өз орнын да қалатын болса, бұл басылымдардың беделін түсіруге алып келетін еді. Көп жағдайда қақтығысты жағдайдың тууына газет редакциясына немесе телерадиохабар таратушы компанияға ақпарат құралының қожайынын немесе ақпарат құралына берілетін жарнаманың басым бөлігін қамтамасыз етіп отырған компания жетекшілерін тығырыққа тірейтін материалдардың келіп түсуі себепкер болып жатады. Егер сыни материалды жарыққа шығарса, кіріс көзінен айырылуы мүмкін. Ал егер табысты ойлап, болған жағдайды жасырып қалатын болса, мұндай ақпарат құралы объективті ақпарат таратуға қауқарсыз деп танылып, беделіне нұқсан келтіретіні сөзсіз.
Саяси объективтілікті ұстану өте қиын. Оның көптеген себептері бар. Кейбір мемлекеттерде бұқаралық ақпарат құралдары үкіметті сынға алғаны үшін тікелей қыспаққа алынып, кейде тәуелсіз тарап болып қалғысы келгені үшін ғана «шетел үкіметіне қызмет етуші» болып шығады. Қоғамда кереғар пікір шектен тыс көбейіп кетсе, өз көзқарасыңнан таймау тіптен үлкен қиындық тудырады. Объективті болу кейде қарапайым себептерге орай да қиындық тудырып жатады. Мемлекет басшысының аузынан шыққан сөздің салмағы қарапайым ауыл тұрғынының пікірінен әлдеқайда салмақты болады. Тіпті, мемлекет басшысы ашықтан-ашық насихат жүргізіп, ал ауыл тұрғыны мемлекеттік саясаттың негізіне қатысты қалтарыс қалған сәт туралы шындықты айтқан болса да.
2. Нақтылық

Әрбір журналистік кодекс нақтылықтың аса қажет екенін ерекше атап көрсетеді. Кез келген нәрсені дұрыс жасауға талпыну асығыстықтың алдын алады. Асығыс-үсігіс, жұмысын дұрыс жасай алмайтын журналистер алғыс алмайтыны айдан анық.


Журналистің жаза білуі деген – оның ақпаратты нақты, ықшам және тиімді елестете білуі. Ол нақты деректерге сүйенуі керек; сайып келгенде, ол сенімді ақпаратты қалай және қайдан табу керектігін білуі қажет. Демек, журналистің аса байқампаз болуы, тыңдай білуі, эрудициялық қасиеттерінің болуы және сенімді ақпаратты іздеу барысында қажетті адамдармен әңгіме-дүкен құра алуы маңызды.
Ең жақсы журналист – өте жақсы жеке байланыстары бар журналист. Бұл – журналист үшін аксиома. Сол себепті де, журналист қажетті адамдармен қарым-қатынас құра білуді

меңгеріп, берілген ақпаратты бағалай алуға қабілетті болуы керек. Яғни, сенімді адамдарды да (өзіңіздің сеніміңізге кіргізу арқылы), сенімсіз адамдарды да тап басып тани алу аса маңызды. Нақтылы бір оқиға туралы бір-біріне қарама-қайшы пікірлердің арасындағы тепе-теңдікті сақтай білу – аса күрделі міндеттердің бірі.

Журналистік ұйымдардың көпшілігі «екі дерек көзі ережесін» сақтауды талап етеді. Басқаша айтсақ, қандай да бір мәліметті нақтылы мәлімет деп қабылдау үшін оны екі бірдей тәуелсіз дерек көзі нақтылауы тиіс.

Журналистерге мүмкіндігінше қолмен көп жазба жасау керек немесе ақпараттың маңыздылығы мен нақтылығына нық сенімді болу үшін сұхбатты диктофонға жазып отыру керек. Жалпы көпшілікпен мойындалған осы принципке жүгіну журналистік әділдік пен сенімділікті нықтай түседі. Кейде ол адамның аты-жөнінің дұрыс жазылуы үшін ғана қажет болады. Нақтылық мақаланың әрбір бөлшегіне барынша мұқият назар аударуды талап етеді, кейде кішкентай ғана ағаттық бүтін бір мақалаға деген сенімге селкеу түсіруі мүмкін. Демек, алынған дәйектерді тексеру керек, мүмкін болса екі рет қарап шыққан жөн және көпке мәлім жайттардың өзін де екі қайтара қарап шыққан жөн. Материалды дұрыс дайындаймын десеңіз, ақпарат берушілерге қайта хабарласып, олардың айтқанының дұрыс жазылғанына көз жеткізіңіз. Әсіресе, ақпарат берушінің бірі екіншісінің пікірін жоққа шығарған жағдайда аса мұқият болу керек. Бұл дәйектерді тексеру деп аталады. Кейбір беделді басылымдарда жазылған материалды арнайы зерттеуші маман немесе жаңадан келген журналист алып, ондағы деректерді тағы бір нақтылап шығады. әсіресе, келешекте қарсылық тудыруы мүмкін болса, сенсациялық немесе күрделі мақалалар болса, бірнеше рет тексеріледі. Егер қандай да бір күмән тудыратын жайт болса, қателіктердің алдын алу мақсатында ол мақаланы кейінге алып қалады.

Ақпаратты дұрыс бермеу ақпарат құралының беделіне нұқсан келтіреді. Кей жағдайларда үлкен зардабын тигізіп, сотқа сүйреуі де мүмкін. Нақтылық тек деректерге ғана қатысты емес, оның контекстке де қатысы бар. Сайлау алдында қандай да бір кандидатқа немесе қандай да бір компанияның әрекетіне зиянын тигізетін ақпараттың салдары тым ауыр болуы мүмкін. Оқырман ақпараттың қайдан шыққанын және қандай да бір көздеген астыртын мақсаттарының бар-жоғын білуі тиіс. Ақпаратты берушілердің астыртын мүддесі жоқ па, аудиторияның қандай да бір көзқарасқа тоқтауына ықпал етпей ме, оны білу керек. Тұтынушы қандай да бір өнімді сын тезіне алатын болса немесе мұндай сынды сол өніммен бәсекелес зат шығаратын компания айтып отырса, мұның арасында үлкен айырмашылық бар.

Көпшілік мұндай жарияланымдардың объективті емес екенін айтып, наразылық білдіреді. Егер журналист белгілі бір мақсатты көздеген болса, мұндай сынның айтылуы орынды да. Немесе бұл мақаланың өз көзқарастарына сай келмейтінін осылайша айқайлатып беру тәсілі болуы да мүмкін.

3. Әділдік

Сұхбат беруші адамға қатысты адал көзқарас дегеннің астарында ақпарат жинау кезінде де және оны беру барысында да адамгершіліктен аттамау жатады. Сізбен әңгімелесетін адамдар мақаланың немесе бағдарламаның не туралы болатынын, олардың қатысуынан не өзгеретінін; радио немесе телехабардың алдын ала жазылатынын немесе тікелей эфирде жүретінін; оның қандай негізде редакцияланатынын білуге құқылы. Олар өздерін бейнетаспаға түсіріп жатқанын да білуге хақылы, егер түсіріп жатқан болса, өзгерту енгізуге де мүмкіндіктері бар. Алайда, тараптар арасындағы әділдік пен адамгершілік принципі және оқиғаны баяндаудағы әділдік пен адамгершілік ең негізгі қағида болуы тиіс.

Халықаралық Журналистер федерациясының баяндауы бойынша, «журналист жаңалықтарды, суреттерді және құжаттарды алуда тек әділ тәсілдерге жүгінуі керек». Бұл сіздің өзіңізді журналист ретінде таныстыруыңызды талап етеді және ақпаратты қорқыту, күш қолдану әдісімен алуға болмайтынын білдіреді. Бір нәрсені біледі екенмін деп, жазып отырған мақалаңызда пайдалануға міндетті емессіз. Жариялайтын ақпаратыңызға сенімді болмасаңыз, қолыңызда ешқандай да ақпарат жоқ деп есептеңіз. Немесе әділ әрі таза жолмен алған дерек көзі болмаса да, «жазуға болатын» мәліметіңіз жоқ деген сөз. Тек айрықша жағдайларда ғана, оның өзінде де таразы басында қоғам мүддесі тұрып, басқа амалыңыз болмағанда ғана ақпаратты алу үшін заңсыз тәсілдерге жүгінуіңізге рұқсат етіледі. Әділдік өзіңіз сынап отырған кез келген тұлғаның комментарийге жауап беруіне, өз пікірін білдіруіне мүмкіншілік жасасаңыз, содан көрінеді. Кез келген адам өзі туралы сыни материалды оқыған уақытта ренжуі мүмкін, бірақ ол сыни мақала дәл сол тұлға үшін күтпеген жағдай болмауы тиіс. Олай болатыны, мақаланы жарияламас бұрын онда аты аталатын және мақалаға қатысы бар тараптардың барлығын дерлік сыни пікірмен таныстыру журналистің міндеті (Ескерту: бұл ол адамға мақаланы тұтас оқып беру керек дегенді білдірмейді, бірақ сол тұлғаның атына айтылып отырған сынның түпкі мәнін ескертуге міндеттісіз). Егер сыни мәселені мақала субъектісімен талқылауды ыңғайсыз деп тапсаңыз, ол материал жарыққа шыққаннан кейін де өзіңізді дәл солай сезінетініңізді ұмытпаңыз. Қандай да бір тұлғаның атына сын айтатын болсаңыз, мақалаңыздың салмағы арта түседі. Ал егер сыналып отырған азаматтың қарсы дәйектерін келтіріп, оған қоса артықшылықтарын да көрсететін болсаңыз, мақалаңыз жан-жақты болып шығады әрі сыныңыз да әлдеқайда салмақтана түседі.

4. Шыншылдық пен әдептілік

Журналистердің өз жұмысын орындауы мен оның қорытындысын көрсетуі қоғамдық сенімді қалыптастыруда өмірлік мәнге ие. Ал журналист жұмысын орындаудың негізінде этикалық нормалар мен тәжірибе жатады. Журналистердің тасқа басылған ар-намыс кодекстері де, жазылмаған заңдары да ақпаратты жинау, тексеру және тарату кезінде ойын ережесін бұзбауға үндейді. Қазіргі кезде журналистика тәжірибесінде бар қиындықтар мен дилеммаларды ескере отырып, рұқсат етілген шеңберден шықпау керек және жеке этиканы да сақтаған жөн.

Жаңалықтарды жазу барысында нақтылық пен әділдік керектігі түсінікті. Ал кодекстердің көпшілігі жаңалық жазу кезінде шыншылдық, ашықтық және парасаттылық та маңызды деп есептейді. Қандай жолмен болса да ақпарат алу деген әдептен аттауға болатынын білдірмейді. Мысалы, репортерлер жұмыс барысында табандылығымен танылады, бірақ олардың адамның ар-намысына тиюіне немесе қорқытуына жол жоқ. Журналист ақпаратты ашық түрде жинауы керек, тек шарасыз болғанда ғана (онда да редактордың рұқсатымен) жасырын жазба жасауына болады. Баспасөз бетінде сыналған кез келген адамның оған жауап беруге құқығы бар.

Журналистер рұқсат етілмеген жағдайда түрлі жарақат немесе зақым алған, әртүрлі жағдайлардың әсерінен шок алған адамдардың өміріне араласа алмайды. Олар әр адамның жеке өміріне қол сұғуға болмайтынын білуге міндетті. Зәбір көрген балаларға және сексуалдық қылмыстың құрбаны болғандарға барынша мұқият қарау керек, көптеген мемлекеттердің заңнамасы ондай құрбандарды суретке түсіруге, есімдерін атауға рұқсат етпейді. Бизнеске қызмет ететін журналистер өздерінің қаржылық мүддесін жасырмауы тиіс, мысалы, қандай да бір компанияда акциялары болған жағдайда, оны жария түрде мәлімдеуі тиіс. Көптеген медиа ұйымдардың бағалы қағаздар мен сауда операцияларына жекеменшік құқықтарын реттейтін нақты ережелері бар.

Этикалық мәселелердің күрделілігіне орай, журналистердің ар-намыс және мінез-құлық ережелерін реттейтін көптеген кодекстер толып жатқан абсолютті ережелерді ресми мәлімдеуден бас тартып отыр. Айрықша немесе төтенше жағдайларда, мәселен, қоғамның қызығушылығы күрт артқан жағдайларда тәжірибелік жаңалықтар журналистикасының нақтылы белгіленген ережелері қайта қарауға жататын кездер болады. Журналистердің кәсіби кодекстері әдетте оларға өздерінің орнын білуді үйретеді. Егер өзі таза болмаса, ол журналист өтіріктің бетін қалай ашады? Дегенмен де, кей жағдайларда шенеуніктердің сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар екенін анықтап, оларды тұзаққа түсіру үшін қулыққа немесе айлаға баруға тура келетінін де жасыруға болмайды.


Дәріс № 3. Қазақстан және әлемдік журналистикалық кеңістік

Баспасөз, телевизия және радио. Интернет. Дәстүрлі және жаңа медиа. БАҚ түрлерінің типологиясы. БАҚ-тың тік және көлденең жүйелері. БАҚ-тың түрлері мен салалануы. Республикалық және аймақтық медиа. Мемлекеттік және жеке меншік газеттер, радиостансалар және телестансалар. Мемлекетаралық басылымдар мен арналар. Қоғаммен байланыс жөніндегі мемлекеттік, жарнамалық агенттіктер.

Қазақстандық шынайылық. Қазіргі заманауилық пен ассоциациялар. Елдің шынайы өкілдері. Тауарлар мен қызмет түрлері. Капитализация мәселелері. Икемді болу жолындағы күрес. Әлеует. Саяси факторлар. Экономикалық факторлар. Өндіріс және ауыл шаруашылығы. Қазақстандағы туризм және инвестициялар. Өткенге саяхат. Қазақстандық заманауи қоғамның ішкі және сыртқы жақтары. Қазақстандықтың имиджі.

ХХІ ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық процестердің дамуы менеджмент пен маркетингтің оған бейімделуіне алып келді. «Болашақ туралы ойлар»: экономика әлемі, ХХІ ғасырдағы саясат пен мәдениет. ХХІ ғасырдағы бизнестің болашақ стратегиялары. Менеджмент пен маркетингтің міндеттері. Менеджмент пен маркетинг салалары. Менеджмент пен маркетингтің міндеттеріне ауқымды көзқарас. «Ақпарат» және «коммуникация» ұғымдары. Ақпарат өзаар әрекет, бейне және таным ретінде. Вербальды, визуальды, оқиғалық коммуникациялар. Коммуникация – тарихи құрылған және уақытпен дамитын әлеуметтік субъектілер (коммуникатор) және объекті (реципиент) арасындағы ақпаратты жасау, сақтау, бөлу, тарату, қабылдаудан тұратын техникалық үдеріс. ЮНЕСКО белгілеген ақпарат сапасы. Коммуникация қалыптастыру кезеңдері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет