Жұмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Медбикелік ісі»



бет72/80
Дата24.01.2024
өлшемі303.85 Kb.
#489599
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   80
med is neg 2k kz (1)

15 Диета.
Белгілеудід қолданылатын кезі; тамақ қорыту мүшелерінің күйі қалыпты және арнайы емдік диета, сонымен қатар белгілеудің қажеті жоқ барлық сырқаттар ауырған жағдайда.
Белгілеудін мақсаты; емдеу мекемесі жағдайында сырқатты физиологиялық нормаларға сай тамақпен қамтамасыз ету.
Жалпы сипаттамасы; тағамның, белогы, майы, көмір сутегі мен калориясы дене еңбегімен шүгылданбайтын дені сау адамның тамақтану нормасына сәйкес, ал витаминдері көбірек. Тамақ сан алуан тағамдардан тұрады. Ет, қүс, балық кез келген аспаздық өңдеуде; шүжық сосиска, консервілер- шектелген мөлшерде; сүт тағамдары; сүт немесе айран күнделікті; майларды, сары май және табиғи өсімдіктер майын күнделікті салатқа, винегретке және басқа да тағамдарға кұйып беру; Қиын сіңірілетін майлы тағамдар; майлы ет, қой жөне шошқа еті, сиыр, қой жөне шошқаның тоңазытқан майы, тәтті үн тағамдары берілмейді. Татымдықтар шақтап пайдаланады. Аспаздык, өңдеуі витаминдерді сақтап отырып одеттегідей болады.
Калориясы мен қүрамы; 80-100 г белок, 80-100 г май, 400-500 г көмір сутегі, 50-100 г қант, 3000 калорий.
Тамақтану режимі; күніне 4-5 мәрте тамақтанады.
Стационарға келушілер алып келетін тамақтарды сақтау. Алкогольді, пісте, арбуз, балмүздақ, үй және фабрикада консервілердің түрлері, торт, пирожные, варенье рүқсат етілмейді.
Жасанды тамақтандыру
Жасанды тамақтандыру организмге асқазан зондының, клизманың көмегімен немесе парентеральды қоректі заттарды енгізу.
Зонд арқылы тамақтандыру
Көрсетілімдері: ес-түссіз жатқан науқастар, ас қорыту жүйе өтімсіздігі. Дайындаңыз: жіңішке стерильді зонд диаметрі 0,5-0,8 мм, вазелин немесе глицерин, воронка немесе Жане шприці, сұйық тамақ (тәтті шай, морс, гомогенді эмульсиялар) фонендоскоп, лейкопластыр, түйрегіш, зондты жабатын қабық, шприц.
Істеу қажет:

  1. Қолыңызды жуыңыз

  2. процедурамен науқасты таныстырыңыз

  3. Стерильді зондтты вазелин немесе глицеринмен майлаңыз

  4. Науқастың басын артқа шалқайтамыз

  5. Стерильді зондты төменгі мұрын жолдары арқылы 15-18 см тереңдікке
    енгіземіз

  6. Сол қолдың саусағымен жұтқыншақтағы зондты анықтап оны артқы
    жұткыншақ клеткасына қысыңқыраймыз, себебі зонд трахеяны үзбес үшін

  7. Науқастың басын аздап алға қисайтып және оң қолмен зондты өңештің
    ортаңғы бөлігіне дейін итереміз. Егер дем шығарған кезде ауа зондтан
    шықпаса, ал науқастың дауысы сақталады, яғни зонд өңеште тұр.

  8. Зондты мына қашықтықта енгіземіз, формула бойынша(бойы/см )100;

  9. Шприцке ауа толтырып оны зондқа жалғау керек

  10. Фонендоскопты эпигастральді бөлікке қоямыз

  11. Фонендоскоптың көмегімен ауаны зонд арқылы асқазанға жібереміз,

дауыс естілсе онда ауа асқазанға түскенін білдіреді
12.3ондты зажиммен қысып, тұйық ұшына лоток түсіреміз
ІЗ.Зондтың тұйық ұшына Жане шприцін немесе воронканы кигіземіз
14. Воронкаға немесе Жане шприціне тамақ қүямыз
15.3ажиммен қыстырылған зондты босатамыз
Іб. Асқазанға тамақты жылы күйінде, поршенді жәй басып немесе воронканы асқазан денгейінен жоғары көтереміз
17.Воронкаға таза су кұйып, воронканы аламыз. Зондтың тұйық ұшын пробкамен жабамыз
18.3ондтың тұйык ұшын киімге немесе наукастың басына бекітіп, себебі зонд оған кедергі жасамау үшін. Жасанды тамақтандыру кезінде 2-3 апта зондты шығармайды.
Профилактика мақсатында науқасты тамақтандыру кезінде патогенді микрофлора дамымас үшін зондты екі сағат сайын жуамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет