Жұмыс оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы



бет1/3
Дата02.07.2016
өлшемі323.5 Kb.
#173079
  1   2   3



Жұмыс оқыту бағдарламасының

(Syllabus) титулдық парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/17



Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Журналистика кафедрасы

«Тергеу тексеру журналистика» пәні бойынша


5В050400 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған

ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)

Павлодар



Жұмыс оқыту бағдарламасының

(Syllabus) титулдық парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/17







БЕКІТЕМІН

Факультет деканы

_________Сарбалаев Ж.Т.

«___»__________201 __ж.


Құрастырушы: т.ғ.к, доцент Мананбаев Ж.И.
Журналистика кафедрасы
«Тергеу тексеру журналистика» пәні бойынша
5В050400 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған
ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)
Пән бағдарламасы 2013 жылдың жұмыс оқу жоспарының 5В050400 «Журналистика» мамандығының элективті пәндер каталогының негізінде әзірленді

Кафедра отырысында талқыланды «___»____________201__ж.

№ _____ Хаттама

Кафедра меңгерушісі ____________ Алдабергенов Қ.М.

«____» ________201__ж. № _____ Хаттама

Гуманитарлық - педагогикалық факультетінің оқу – әдістемелік кеңесімен мақұлданды

«___»______________201__ж. №___ Хаттама.

Факультеттің ОӘК төрайымы________________ Ксембаева С.К.

«____» ________201__ж.

ОӘК төрайымы ____________ Жұманқұлова Е.Н. «___» ________201__ж.

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

«___»____________201__ж. № _____ Хаттама



1. Пәннің төлқұжаты.
Пәннің атауы «Тергеу тексеру журналистика»

Мамандық: 5В050400 «Журналистика», 3 курс

Таңдау компоненті бойынша

Кредит саны және оқу мерзімі

Барлығы – 3

Курс: 3

Семестр: 6



Барлық аудиториялық сағат саны – 52,5 сағ.

Дәріс -15 сағ.

Тәжірибелік/семинар сабақ -15сағ.

CӨЖ- 82,5 сағ.

cоның ішінде ОCӨЖ- 22,5 сағ.

Жалпы еңбек сыйымдылығы – 135 сағ.


Бақылау түрі

Емтихан – 6 семестр


Пререквизиттер

  1. Журналистикаға кіріспе

  2. Қазіргі газет жанрлары

  3. БАҚ заңдылықтары

  4. Халықаралық құқық және БАҚ

  5. Шетел журналистикасы


Постреквизиттер

  1. Мамандыққа баулу

  2. Тергеу, тексеру журналистикасы пәнін барлау


2. Оқытушы туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары:

Мананбаев Жеңіс Исаұлы - тарих ғылымдарының кандидаты, журналистика кафедрасының доценті. Кафедра №262 аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны 673638. Қабылдау күндері: сейсенбі, сәрсенбі 11.00-12.00


3. Пәннің мақсаты мен міндеттері

Пәннің мақсаты:

Аталмыш курс қарастырған факторлар қазіргі қоғамдағы тергеу, тексеру журналистикасын қарқынды өрістеу, бұл пәнге қатысты тың жаңалықтарды нұсқап, азаматтық қоғам қалыптасуындағы рөлін айқындайды. Студенттер мақсат-міндеттерін танып, амал-тәсілдерін, принциптік қағиадаларын жете аңғарады, әрекеттің аталмыш түрінің формулаларын айқындап, перспективалық даму барысын байқайды, тергеу, тексеру журналистикасының жүргізілуінің жай-күйін анықтайды.

Курстың басты мақсаты – журналистика бөлімінің студенттерін пәнге қатысты лайықты тұжырымдамалармен таныстыру, негізгі ұғымдар мен түсініктердің принциптерімен жете жұмыс атқарып, тергеу, тексеру журналистикасының мән – жайымен толық қанығады. Ақпаратты жете зерттеу әдістемесін терең игеруге жол ашып, құбылыстарды тану мен бағалау үрдістеріне жол алу. Қоғамдық өмірдің түрлі саласында тергеу, тексеру жүргізудің қыр-сырын игеру.

Пәннің міндеттері:

Пәннің міндеті мынада, студенттерді БАҚ-ның түрлі салаларында тергеу, тексеру жүргізе білулеріне бағыттау, олардың кәсіби деңгейлерін жетілдіріп, мамандық барысында кең түрғыда білім алуларына ықпал ету. Аталмыш курсты игертудің негізгі амалы – дәрістік, тәжірбиелік сабақтар, түрлі жаттығулар, бақылау шараларын жүргізу, мақалалар жазу.



4. Пәнді оқу қорытындысында студенттер мыналарды білуі керек:

  • журналистиканың тергеу тексеру амалдарының даму және трансформация ерекшеліктерін;

  • ақпарат көздерін тексеру спецификасын;

  • тергеу жасау амалдарын;

  • журналистикадағы тексеру әдістерін.

Пәнді оқу қорытындысында студенттер мынаны істей алуы керек:

  • материалдарды дайындау кезінде алған теориялық білімдерін тәжірбиеде қолдана білуі тиіс;

  • ғылыми ізденіс пен зерттеулер арқылы пәнді оқу барысында алған шығармашылық потенциалдарын жетілдірулері тиіс.


5. Пәнді оқытудың тақырыптық жоспары





Тақырыптың аталымы

Сағат саны

Дәріс

Тәж.

ОСӨЖ

СӨЖ

1

Тергеу, тексеру журналистикасындағы шетел тәжірбиесі

1

-

2

6

2

Зерттеу мақсаты мен пәні

1

-

2

6

3

Тергеу, тексеру журналистикасының әдіс-амалдары

1

-

2

6

4

Журналистік тергеу, тексеруді ұйымдастыру кезеңдері

2

-

2

7

5

Журналистік зерттеудің барлық кезеңдерінің ерекшеліктері

2

-

2

7

6

Ақпарат көздері арқылы тергеуге қол жеткізу

2

-

3

7

7

Тергеу журналистикасы әрекетіндегі қиындықтар мен кедергілер

2

-

3

7

8

Құқықтық және этикалық шектеулер

2

-

3

7

9

Журналистік тергеудің мәтіні мен жұмысы

2

-

3,5

7




Барлығы

15

-

22,5

60







6. Дәріс сабақтарының мазмұны.

Дәріс №1 Тергеу, тексеру журналистикасындағы шетел тәжірбиесі.

Жоспар:

  1. Тергеу тексеру журналистикасының маңызы

  2. Тергеу тексеру журналистикасы маңызды әлеуметтік құбылыс

Лекция мақсаты: Шетел журналистикасындағы тергеу тексеру амалдарындағы тәжірбиесін меңгеру.

Лекция мәтіні. (қысқаша) 1. Тергеу, тексеру журналистикасының маңызы зор. Себебі тергеу, тексеру мәселесі өте күрделі, сан қырлы болып табылады. Ал сол күрделі мәселелерді ашық жазып айту – тергеу, тексеру журналистикасының міндеті. Жалпы тергеу, тексеру журналистикасын ерекше бір ғылым деп қарастыруымыз қажет. Себебі оның да өзіндік ерекшеліктері бар, өз саласы бойынша зерттеу жұмыстары бар т.б. Оның ішінде тергеу, тексеру журналистикасы – қоғам үшін күрделі болып саналатын мәселелерді қарастыру ғылымы. Қарастыру ғана емес, сондай-ақ шешу жолдарын тауып, іздестіру ғылымы десем артық болмас. Расында да тергеу, тексеру журналистикасы әлеуметте өршіп тұрған мәселелерді қарастырмаса, зерттемесе, талдау жұмыстарын жүргізбесе, онда қалай біздер тұрақтылыққа қол жеткіземіз? Зайырлы мемлекетіміздің көркеюі, алға қарай жылжып қадам басуы әлеуметтің тұрақтылығына байланысты. Сондықтан да халық мүддесі үшін қызмет жасап жатқан тергеу, тексеру журналистикасының жасар еңбегі, ізденістері әлі көп. Тергеу, тексеру журналистикасын дамытуда жаңа буынның да әсері мол болары анық. Себебі бүгінгі күннің жас журналистері көптеген тың идеяларға, жаңаша көзқарасқа ие. Жас буын журналистерінің де пікіріне ден қойып, олардың нағыз журналист болып қалыптасуына зор ықпалын тигізу халықтың еншісінде жатыр деп ойлаймын. Тергеу, тексеру журналистикасы көптеген мәселелерді арқау етеді. Оның ішінде жастар арасындағы қылмыс, есірткі қолдану, халық арасында ішімдікті кеңінен пайдалану, салауатты өмір салтын ұстанбау, ана мен бала мәселесі, жетімдер, мүгедектер, кәрілер үйінде тұратын ата-әжелеріміздің жағдайы, ауыл шаруашылығы, тұрғын үй құрылысы , медицина,  білім беру, мораль, мәдениет, көңіл көтеру, жастар мәселесі, жеке жағдайлар, ұлтаралық қатынастар, экология,  жемқорлық және биліктің әрекетсіздігі,  жұмыс орындары, еңбекақы, зейнетақы, бағаның өсуі, экономиканың күйреуі сынды тағы да басқа сан қырлы мәселелер жатыр. Сол мәселелер төңірегінде жазып, әлеуметті толғандыратын мәселелерге ден қою - тергеу, тексеру журналистикасының парызы. Халықтың мұңын, зарын, тілегін жүрекпен түсініп, оны адалдықпен ел мүддесі үшін жазса ғана, халықтың көңілінен шығары анық. Әйтсе де ел мұңын зарлап жатқан, халықтың ұлттық мүдделерін қорғап жатқан журналистер аз емес. Журналистикадағы тергеу, тексеру журналистикасы де үздіксіз теория мен тәжірибенің тығыз ұштасуы нәтижесінде сипат алады. Тергеу, тексеру журналистикасында зерттеуге арқау болған жайларды терең қарастыруда танымның әдістері – байқау, бақылау және сынақтың орны ерекше. Бірінші сатыда бақылау, байқау жүреді, танымдық тәсіл ретінде бұл жағдайда нысанның қасиеті айқындалып, өзгеріс ерекшеліктері нақтыланады. Эксперимент немесе сынақ танымның эмпирикалық тәсілі қатарынан орын алады, бұл сатыда байқау мен өлшем жүйесі ғана іске асырылмайды, зерттеу нысанының өзгеру сипаты жүзеге асырылады.

2.Тергеу, тексеру журналистикасы маңызды әлеуметтік құбылыстардың бірі болып табылады. Онсыз қоғам өмірін көзге елестету мүмкін емес. Өз тарихында журналистика бұқаралық ақпарат құралдары жүйесі ретінде ұзақ жолдан өткені белгілі. Сол уақыттардан бері журналистика даму, қалыптасу жолдарынан өтті. Әр түрлі қоғамдық формация дәуірлерін бастан кешірді. Сөйтіп өзінің тарихи рөлін толық ашып берді. Бұлай дейтін себебіміз, ешқандай басқа құрал дәл осы журналистика секілді халықты әлеуметтік-саяси тұрғыдан жылдам әрі жан-жақты, белсенді түрде әр түрлі хабарлармен қамтамасыз етіп көрген емес. Бұл ретте адамның сана-сезіміне, іс-әрекетіне әсер етіп, олардың көзқарастары мен мақсаттарының қалыптасуына ықпалы тиген. Сөйтіп, ол барлық уақытта қоғам өміріне араласа отырып, баға берумен, қорытындылар жасаумен, ұсыныстар айтумен зор қозғау салады. Әсіресе, саясат, экономика, экология, қоғамдық-әлеуметтік қатынастар, т.б. көптеген салаларда шешім жасап, жүзеге асыруға ықпалы болады. Сөйтіп, журналистика қоғамның әлеуметтік институттарының бірі болып саналады. Сондай-ақ, ол адамдарды идеялық тәрбиелеу құралы. Журналистика адам санасын көтеруге, рухани әлемді байытуға себепкер болады.

Бақылау сұрақтары

1.Тергеу тексеру журналистикасының маңызы

2.Тергеу тексеру журналистикасы маңызды әлеуметтік құбылыс

Әдебиеттер тізімі:1,5,6.

Дәріс №2 Зерттеу мақсаты мен пәні.
Жоспар:

1.Баспасөз, радио, телевидениенің мақсаты, тергеу жұмысы.

2. Тергеу демократиялылығы.

Лекция мақсаты: Тергеу тексерудің журналистика саласында алатын орны мен маңызын анықтау.

Лекция мәтіні. (қысқаша) 1. Баспасөз, радио, телевидениенің негізгі міндеті – жалпы информацияны жинап, өңдеп, халыққа ұсыну. Ал жалпы «Бұқаралық ақпарат құралдары» деген атаудың өзі мына жайларды қамтиды:

1. Бұқараға, мемлекетке қарым-қатынас. Яғни, барлық ақпарат мәселелері қоғамға, халыққа, ұлтқа арналған, олармен тікелей байланыс орнатылмақ.

2. Бүкіл ақпарат көпшілік аудиториясының сұраныс-қажеттілігін, талап-талғамын қанағаттандыру үшін берілмек.

3. Қоғамдық істерге байланысты ел күткен мәселелерге белсенді позиция ұстап, соған жұртты жұмылдыруға ат салысу.

4. Қажет еткен жағдайда әркімнің ақпарат құралдары орындарына қатысуына жол ашу.

5. Билік пен халық арасындағы байланыс рөлін атқару.

6. Жер жүзінде гуманистік борышқа адал болу және сақтау.

Қазақстан Конституциясында: «Мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуі міндетті» - делінген. Бұл бұлжымай орындалып отыруы тиіс.

Тергеу журналистикасының ақпараттық қызметі маңызды қоғамдық-саяси рөл атқарып, жұртшылыққа әлеуметтік белсенділік туғызып, шындықты ашып береді. Ақпараттық қызмет халықтың керегіне жауап беріп, әлеуметтік дамудың жолдарын жариялап отырады. Сондықтан журналист бұл салада қоғамдық-саяси қызмет жасаудың өнерін игере біліп, әлеуметтік процестерге өз еңбегімен белсене араласуы – күн тәртібінен түспейтін мәселе.

Сондай-ақ халықтың пікірі, ойы, мақсаты тексеру, тергеу журналистиканың ең бір мұқият назар аударып отыратын тұсы. Ал өмірде жақсылықтар болып жатса, соны журналистика ең бірінші көре біліп, ізін суытпай жариялап отыруы тиіс. Оны кең насихаттап, қолдап, таратып отыруы жөн. Ал, егер қажет болған жағдайда, оны тіпті тез өмірге енгізуге күресіп отырудың да мәні зор. Яғни халықтың шынайы керегін қанағаттандыратын болуы керек. Сол үшін де халықты біріктіріп, оның жетімсіз нәрсесін жеткізуге ұмтылу үлкен жауапкершілік. Журналистер жан-тәнін аямай, қате идеяларды немесе астарында жалған мақсат жатқан істерді халық алдында әшкерелеп, кемшілігін ашып айтып, оны толықтыруға, түзетуге тырысу қажет. Яғни тергеу, тексеру журналистикасының бүгінгі таңда алатын орны зор. Халық өміріне кедергі келтіретін нәрсенің бәрін тергеу, тексеру журналистикасы дер кезінде көріп-біліп, ескеріп отыруы, қоғамдық пікір туғызуы парыз екені айтпаса да түсінікті. Сондықтан өмірде сенімсіз нәрсеге жол бермеу керек.


2.Тергеу, тексеру журналистикасының демократиялылығы. Яғни, тергеу, тексеру журналистикасы шынайы демократия үшін еңбек етеді, күреседі. Халықтың демократиялық құқықтарын кеңейту үшін күш жұмсайды. Халықтың еркіндігі, оның өз ісін атқаруы мен тиімді, мемлекет ісіне араласуы баспасөз, радио, телевидениенің үздіксіз жүргізіп отыратын мәселесіне айналуы қажет.

Демократия – саяси құрылыстың формасы ретінде азаматтардың теңдігі мен бостандығын, өкіметті басқаруға араласуын, әр түрлі орындарға сайлануға қатысуын, Конституцияда адам праволарын қамтамасыз етуді көздейтін бағыт. Ол қоғамдық ұйымдар қызметін, үкіметтік, мемлекеттік мәселелерді бүкілхалықтық етіп талқылауды жүргізуге пайдалы. Демократия жағдайында барлық адам заң алдында бірдей құқыққа ие болады, олардың әділ өмір сүруіне кепілдік беріледі. Біреуге біреу қысым жасау тиылып, демократияға көшкенде ғана шынайы өмір қатынастары орнығады. Демократияның тағы бір пайдасы – жариялылықты күшейтіп, әділетсіздікке қарсы сынды дамытуға жағдай жасайды. Демократия мен журналистика тығыз байланыста болуы тиіс. Бұл мәселелердің барлығы тергеу, тексеру журналистикасының назарынан еш уақытта тыс қалмайды.

Демократия кезінде тергеу, тексеру журналистикасының рөлі онан сайын артып, қоғамдық пікірдің ұйымдастырушысы мен жариялаушысы ретінде көрінеді. Қоғамдық пікірді туғызатын да, жасайтын да халық, әлеуметтік топтар. Қоғамдық пікір - өз кезіндегі әлеуметтік өмірдің маңызды мәселелеріне байланысты туады. Өткен мен бүгінге байланысты процестер мен фактілерге байланысты өріс алады. Актуальды оқиғалар мен құбылыстар, іс-әрекеттер мен идялар бағаланып, нақты мақсаттар мен міндеттер және оған жету жолдары жөнінде қоғамдық пікір пайда болады. Ол – көзқарастар мен тарихи санаға қатысты болып келеді. Жалпы қоғамдық пікір - өмірдің нақты жағдайларын байқай отырып, оны қалай өзгертудің жолдарын қарастыратын жүйе болып табылады. Қоғамдық пікір тарихи жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Ол ғылым, саясат, экономика, мәдениет, яғни барлық саланы қамти береді. Демек, журналистика болса, сол қоғамдық пікірдің туып, дамуына, жариялануына қызу араласып отырады. Егер демократия болмаса, қоғамдық пікір де еркін дами алмайтыны белгілі. Қоғамдық пікір – қоғамдық санадан туып, әртүрлі пікірлер арқылы қалыптасады.

Бұл орайда Президентіміз Н.Назарбаевтың: «Ғасырлық тарихта біздің мемлекет тұңғыш рет саналы түрде шығармашылық үрдістерге қысым жасаудың кез-келген түрінен бас тартып отыр» - деуі журналистикаға да қатысты боларына сөз жоқ.

Тергеу, тексеру журналистикасының халықтығы мен демократиялылығы – оның қалың көпшілікпен байланысында. Сол арқылы тергеу, тексеру журналистикасы өз жұмысы туралы халықтың қатысын әрі пікірін біліп отырады және халық арасында демократиялық құбылыстардың ашық, екпінді жүруіне мүмкіндік туғызады.

Қазақстан ақпарат еркіндігіне жете мән беріп, тергеу, тексеру журналистикасының дамуына зор мән беруде. Қоғамдық өмірдің маңызды салалары бойынша БАҚ арқылы өзекті мәліметтер мен деректерді алуға, оны тергеу, тексеру журналистикасының арқауы етуге баса мән берілуде. Бүгінгі таңда әлеуметтік бақылау құрылымында баспасөздің өмірлік маңызы зор жайларға ат салысуы орын алуда. Қазақстанда да көптеген ірі баспасөз органдарында тергеу, тексеру органдары құрылды, бірақ олардың барлығының бірдей әлеуметтік рөлі мен қызметтік тиімділігі жоғары нәтиже беріп отырған жоқ. Тергеу, тексеру журналистикасының тарихы мен тәжірибесі де Қазақстанда өкінішке орай аз зерттелген. Тергеу, тексеру журналистикасының қалыптасу үрдісіне батыс тергеу, тексеру журналистикасының ықпалы зор. Тергеу, тексекру журналистикасына қатысты зерттеу материалдары өқте аз, осы уақытқа дейін «Журналистика» бөлімінің студенттері қолданып келген оқулықтар қатарында Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің доценттері В.В.Ворошилов пен М.И. Шостактың еңбектері. Орыс тілінде жақын арада таңғы да екі еңбек жарық көрді, авторлары – шетелдік журналист-ғалымдар. Авторлары: Дэвид Рэндалл мен Джон Уиллмен, еңбек аттары: Журналистік тергеу, тексеру, зерттеу : қазіргі әдістері мен техникалары.



Бақылау сұрақтары

1.Баспасөз, радио, телевидениенің мақсаты, тергеу жұмысы.

2. Тергеу демократиялылығы.

Әдебиеттер тізімі:1,5,6.

Дәріс №3 Тергеу, тексерудегі әдістері: Эмпирикалық теориялық және тәжірбиелік эксперименттер, қылмыстық – салдарлық әдістері.

Жоспар:

1. Тергеу мен тексерудің әдістері.

2. Тергеу мен тексеруді аналитикалық тұрғыдан қарау.

Лекция мақсаты: Тергеу тексеру әдістерімен танысу, оны әрі қарай жетілдіру.

Лекция мәтіні. (қысқаша) 1. Тергеу, тексеру журналистикасы – отандық журналистикаға лайықты талдау, сараптау жұмыстары ғана емес. В.В. Ворошилов атап өткендей, отандық журналистикада үш жанрды баса назарға аламыз: ақпараттық, талдау-сараптау және көркем-публицистикалық. Батыс прессасына ден қоятын болсақ, мысалы, АҚШ-та прецизионды (дәл) және тергеу, тексеру журналистикасы бар. Тергеу, тексеру журналистикасы – ерекше құбылыс, ерекше технологияға ие, кеңестік дәуірде өте сирек қолданылған. Тергеу, тексеру журналистикасына қатысты Д.Рэндаллдың еңбегінде көп мазмұнды ойлар сөз болады. Журналистік тергеу, тексеру журналистік басқа әрекеттерден бөле-жара ерекшелене көрсетіледі. Оның басты ерекшеліктері ретінде атап өтіледі:

— Бастапқы тергеу, тексеру.

— Таңдалған тақырып күдікті істермен және жауапсыздықтармен байланысты, бірақ нақты дәлелдердің жоқтығы.

—Біреу ақпараттарды құпия етіп сақтағысы келеді.

Тергеу, тексеру журналистикасы –күнделікті әрекеттермен ұштасатын тірлік. Бұл жұмыста шенеуніктердің істерінің әділетсіз жақтары ашылып, ақпарат алуға ұмтылыстар болады. Жан-жақты ақпараттар алу - тергеу, тексеру журналистикасының басты мақсаты. Тергеу, тексеру журналистикасы қоғамдық өмірдің кез келген саласында кез келген мәселе бойынша өрбуі ықтимал. Көптеген әлеуметтік-экономикалық және саяси-құқықтық проблемалар қатарындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі өте маңызды. Бұндай қылмыстың құқықтық тұрғыдан әшкереленуі болашақта қайталанбауына түрткі болмақ. Сыбайлас жемқорлық келесі әлеуметтік құбылыстар сияқты, келешек экономикалық және саяси тәртіпті қозғайды, неғұрлым тамырын жайған сайын күресу қиындайды. Сол себепті құқықтық тұрғыдан лайықты заңнамаларға сай әрекеттер ретін тағайындауды, іске асыруға ұмтылады. Құқықтық тұрғыдан қарастырып, тиісті шаралармен реттеп отырмаса, оның криминалдық, экономикалық және әлеуметтік проблемадан саяси проблемаға айналып, мемлекеттің конституциялық негізіне қауіп төндіруі мүмкін.

Тергеу, тексру журналистика саласының мамандарына деген сұраныс қазіргі таңда да арту үстінде. Сол себептен жоғары оқу орындарының «Журналистика» бөлімдеріне осыған сай лайықты мамандықтың енгізілуінің қажеттілігі зор. Шет елдіктерден дәл сол қалпында көшіру емес, өзіміздің ортаға, қоғамдық заңдылықтарымызға сай лайықты етіп реттеуде [5].



2.Аналитикалық журналистика төңірегіндегі сұрақтарға қайшы пікірлер бұрыннан бар. Көпшіліктің пікірі бойынша, журналист жалпы маңызды құбылыс бойынша өзіндік қорытынды шығармайды, тек қана ол деректерді жүйелеп беріп отырады. Ал басқалары жалпы дамудың теориялық және практикалық проблемаларымен байланысты сөз болған пікір болу керектігін ерекше баса айтады.

Аналитикалық журналистикадағы қоғам дамуының тиімді жолдарын таңдау: себебін анықтау, әртүрлі әлеуметтік күштердің әрекеті, пиғылы, қызығушылығы желісіне құрылған жағдайлардың өзгеруі мен оқиғаның даму шарттары, тенденциялардың дамуындағы қазіргі қарама-қайшылықтардың көрінуі, дұрыстығы, әртүрлі ой-пікірлерде тұрақтануы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет