Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus)



бет1/3
Дата19.06.2016
өлшемі475.4 Kb.
#146913
  1   2   3

Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus)

титулдық парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Психология және педагогика кафедрасы

6М010300 - педагогика және психология

мамандығының магистранттарына арналған

«Жоғары мектептегі қазіргі білім беру технологиялары»



ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)

Павлодар


Пәні бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38








БЕКІТЕМІН

ГПФ деканы

_________ Ж.Т. Сарбалаев

2012 ж. «___»________



Құрастырушы: ___________ Ксембаева С.К.


Психология және педагогика кафедрасы
6М010300 - педагогика және психология

мамандығының магистранттарына арналған


Жоғары мектептегі қазіргі білім беру технологиялары
пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама 20__ж. «___» _________бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.
Кафедра отырысында ұсынылды 20_ж. «___»____________№_____ Хаттама
Кафедра меңгерушісі __________Бурдина Е.И. 20 ж. «____» ________
Гуманитарлы-педагогикалық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен

мақұлданды 20_ж. «_____»____________ №____ Хаттама

ОӘК төрағасы _________Ксембаева С.К. 20 ж. «_____»_________

1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары

Ксембаева Сауле Камалиденовна. Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.

Психология және педагогика кафедрасы А корпусында 149 аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны 67 36 85 (1139 )


2 Пән туралы мәліметтер

Аталуы: «Жоғары мектептегі қазіргі білім беру технологиялары».

Сағаттар саны: 3 кредит, 135 сағат: 30 сағат дәрістер, 15 сағат семинарлық сабақтар, 90 сағат ОМӨЖ.
3 Пәннің еңбек сыйымдылығы


Семестр

Кредиттер саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Бақылау түрлері

барлы-

ғы


дәріс-

тер


прак-ти-

калық


(сем)

зерт-ха-

налық


сту-дия-

лық


жеке

барлы-

ғы


ОӨЖМ

2

3

135

30

15

-

-

-

120

120

Емтихан

Бар-лығы





135

30

15

-

-

-

90








4 Пәннің мақсаты – қазіргі кезде жоғары мектепте педагогикалық үрдісте қолданылатын педагогикалық технологиялар жөнінде жалпы ұғым беру мен практикада қолдану жолдары туралы магистранттардың теориялық білім негізін қалау.

Пәннің оқу міндеттері:

  • жоғары мектеп қолданысында жүрген педагогикалық технологиялар жөнінде магистранттардың теориялық әдіснамалық білімін қалыптастыру;

  • жалпы педагогикалық технология жөніндегі түсініктерін бекіту;

  • магистранттардың пән бойынша алған білімдерін ғылыми практикалық іс әрекет барысында қолдану біліктіліктері мен дағдыларын дамыту.


5 Білімге, икемділікке және дағды-машықтарға қойылатын талаптар:

Пәнді оқу нәтижесінде магистранттардың:



түсінігі болуы тиіс:

  • педагогикалық технология бойынша;

  • жоғары мектеп педагогикасының оқу үдерісін ұйымдастыру жолдары бойынша;

  • қазіргі жаңа білім беру технологияларының түрлері жөнінде;

білуі тиіс:

  • жоғары мектептің қолданысындағы жаңа педагогикалық технологияларды;

  • педагогикалық технологиялардың кемшіліктері мен артықтығын;

біліктілігі болуы тиіс:

  • педагогикалық технологияларды бір бірінен ажырата алу біліктілігі;

  • педагогикалық технологияларды сабақта қолдана білу біліктілігі;

практикалық біліктілігі болуы тиіс:

  • тәжірибе жүзінде алған теориялық білімдерін қолдана алу;

  • жоғары мектептің педагогикасында жаңа педагогикалық технологияларды іс жүзінде қолдана білу.


6 Пререквизиттер

Берілген пәнді меңгеру үшін келесі пәндер бойынша алынған білім, білік, дағдылар қажет: педагогика, психология, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлау, педагогикалық мамандыққа кіріспе.


7 Постреквизиттер

Пәнді оқу барысында алынған білім, білік пен дағдылар келесі пәндерді оқу үшін керек: кәсіби білім берудің өзекті мәселелері, оқытушының ғылыми-педагогикалық іс-әрекетінің психологиялық негіздері.


8 Пәннің тақырыптық жоспары

п/п

Пән атаулары


Сағат саны








Дәр

Тәж.

МӨЖ

1

2

3

4

5

1

Жоғары мектеп педагогикасының пәні, мазмұны және ұстанымдары.

2

1

10

2

Педагогикалық технология түсінігі

2

1

10

3

Дифференциациялап оқыту технологиясы

4

2

10

4

Модульді оқыту технологиясы

4

2

10

5

Ынтымақтастық педагогикасының маңызы

4

2

10

6

Кейбір педагогикалық технологиялар

4

2

10

7

Тәрбиелеу технологиялары.

2

1

10

8

Қашықтықтан (дистанционды) оқыту

4

2

10

9

Оқытудың кредиттік жүйесі бойынша оқыту үрдісін ұйымдастыру

4

2

10

БАРЛЫҒЫ :

30

15

90



9 Пәннің қысқаша сипаттамасы

«Жоғары мектептің қазіргі білім беру технологиялары» болашақ жоғарғы білім беру саласының қызметкерлерін педагогикалық үдеріске дайындау мақсатында беріледі. Пәнді оқу барысында магистрант жоғарғы мектепте педагогикалық технологияларды қолдана алу біліктілігіне иеленеді, теориялық білімдерін практикада жүзеге асыруға машықтанады. Жалпы педагогикалық технологиялардың сан алуандылығын көреді және зерттейді.



10 Курстың компоненттері
Дәріс сабақтарының тақырыптық тізімі
1 Тақырып. Жоғары мектеп педагогикасының пәні, мазмұны және ұстанымдары. Педагогика ғылымы ұғымы. Жоғары мектеп педагогикасының зерттеу пәні, объектісі. Жоғары мектеп педагогикасының басқа да педагогикалық ғылымдардан айырмашылығы. Жоғары мектеп педагогикасының өзекті мәселелері.

2 Тақырып. Педагогикалық технология түсінігі. «Педагогикалық технология» түсінігінің даму мәселесі. Жаңа педагогикалық технологиялар туралы көзқарастар. Педагогикалық технология принциптері. Педагогикалық технологияның топтары.

1. Технология туралы ұғым,оның мәнi.


2. өндiрістiк және әлеуметтiк технологиялардың айырмашылықтары.
3 Педагогикалық технологияның мақсаты, салалары
4. Оқыту процесіндегі технологиялық процесс.
. Технология туралы ұғым,оның мәнi.
Технология - шеберлiкпен өнiм алу, нәтижеге жету, белгiлi бір жоба, модельмен оқыту. Осы мағынаны негiзге ала отырып. И.П. Волков, М.В. Кларин, БС. Блум, Б.Т. Лихачев, В.М.Шепель және т.б. ғалымдар осы оқыту, бiлiм беруге қатысы педагогикалық аспектiде қарастырып, анықтамалар бердi.
Жаңа технологиялық әдiс-тәсiлдердi мектеп өміріне енгiзу, оны әр пән мұғалiмiнің тиiмдi пайдалана бiлуi бүгiнгі таңда бiлiм сапасын арттыруды бiрден-бір жолы. Мұның өзi оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының артуына, бiлiктiлiктің, пәндік идеялық-эстетикалық мән-мағынасына терең бойлап, тебiрене қабылдауға мүмкiндiк туғызып, оқырмандық белсендiлiктерiн арттырады. Сондай-ак, оқушының оқу еңбегiндегi ой дербестiгiн, оқу әрекетiн жандандыра отырып, сөз өнерiнің ерекшелiктерiн түсiніп-тануға. Ой көзiмен зерделеуге негiз болады.
Инновациялық әдістердi пайдалану арқылы танымдық қабiлеттi арттыруға көңiл бөлсе, төменгi сынып оқушыларының мотивизациясын арттыруда да олардың өз бетiнше жұмыс iстеу қабiлетi, белсендiгi, тiлi және логикалық ойлау қабiлетi қажеттi деңгейде дамыды. Оқу процесiнде көпдеген жаңалықтар ашу үшiн оқушының ойлау қабiлетiн дамыту өте маңызды.
«Текнология» — латынның «техне»—өнер, шеберлiк, қолөнер және «логос»- ғылым деген сөзінен шыққан.
Бiлiм беру техиологиясы бiлiм беру стандартында және мемлекетiк бағдарламаларда ұсынылған бiлiм беру әрекетiн жүйелi ұйымдастырудың тәсiлiн, оның жалпы мақсаттық және мазмұндық бағыттарын, ұйымдастыру құрылымы мен формасын түсiндiредi.
Педагогикалық технология бiлiм беру технологиясы жүзеге асырумен түсiндiрiледi. Оған нақты пәнінен тәуелдi емес. Оқутәрбие процесiн жүзеге асыратын заңдылықтар жатады. Педагогикалық технология ғылым мен практиканың басқа да салаларында кеңiнен таралған, әр түрлi арнайы технологияларды, жаңа ақпараттық технологиялар, электрондық және т.б. кiрiстiредi.
Оқыту технологиясы педагогикалық технология сұрақтарын, тақырыптарын, затын нақты меңгеруге жол ашады.
Оқыту технологиясының анықтамасын Скиннер былай деп бердi:
«Оқыту технологиясы психология жетiстiктерiн
педагогикалық практикада қолдану» немесе «Оқыту технологиясы бұл оқытудың тиiмдiлiгiн артыру мақсатымен бiлiм беру үрдiсiн зерттеу негiзiнде оқу үрдiсiн жүзеге асыру және бағалау, бағдарламалаудың жүйелi тәсiлi». Әрі қарай бағдарламалау идеясының қалыптасуына, оқытудың арнайы техникалық құралдарын жасауға байланысты «оқыту технологиясы» терминінің орнына «бiлiм технологиясына» немесе «оқу үрдiсінiiң технологиясы» деген термин пайда болады. Оның мазмұны екі бөлiктен тұрады.
1.Оқыту мақсатына сай арнайы жасалған техникалық құралдардың екі типi:
а) проекторлар, магнитофондар, компьютерлер
б)слайдер, кинофильмдер,кодопозитивтер, бағдарламалық құралдар.
60-70 жылдардан бастап педагогика ғылымында педагогикалық технология деп аталатын жаңа ұғым пайда болды. Оның мағынасын ғалымдар түрлiше анықтайды:
—педагогикалық технология — тәжiрибеде жүзеге асырылатын белгілi бiр педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдiс, тәсiлдер оның құрамды бөлiгi ғана (В.Беспалько)
— педагогикалық технология — бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткiзу ) жолындағы қолданылатын барлық қисынды iлiм амалдары мен әдiсналық құралдарының жүйелi жиынтығы және жұмыс істеу ретi (М.В.Кларин)
Сонымен педагогикалық технология жетiлдiрiлген оқыту мен тәрбие жүйесiн құрумен, оқу—тәрбие процесiн жобалаумен айналысады. Педагогикалық технология басқарылатын. қайта жаңғыртылатын оқу—тәрбие процесiн жобалауды көздей отырып, бiлiм берудiң негiзгi мақсаты мен мiндеттерiн шешудi қамтамасыз ететiн ғылыми тұрғыдан негiзделген амал—тәсiлдердiң жүйесiн құрайды. Оның негiзгi құрылымы мыналар болып табылады: а) тұжырымдамалық негiзi; ә) мазмұндық бөлiмi (мақсаты, мазмұны) б) әрекеттiлік (процессуалдық) бөлiмi технологиялық процесс (оқу—тәрбие процесiн ұйымдастыру, оқушылардың ұжымдық iс—әрекетiнiң, әдiстерi мен формалары: мұғалiмнiң оқу— тәрбие процесін басқару әдiстерi мен формалары; оқу-тәрбие
процесiнің диагностикасы).
Педагогикалық технология түсiнiгi үш түрлi құбылыс ретiнде ұсынылады: ғылыми; iс—жүргiзу, суреттеу; ықпалды iс- жүргiзу.
Сонымен, педагогикалық технология оқытудың ұтымды жолдарын зерттейтiн ғылым ретiнде жұмыс iстейдi және оқуда қолданылатын тәсiлдер жүйесі ретiнде, оқытудың шынайы барысы ретiнде де қарастырылады.
Педагогикалық технологиялық негiзi педагогикалық, психологиялық және әлеуметтiк ғылыми жетiстiктерi, алдынғы қатарлы педагогикалық тәжiрибеде, халықтық педагогика, отандық және шетелдiк педагогиканың өткенiнiң барлық жинақталғаны болып табылады.
Педагогикалық жүйенiң- табысты жүзеге асуы үшiн оны құрайтын барлық нәрселердi тыңғылықты ойластыру қажет. Кез келген педагогикалық технология педагогикалық ғылым мен iстәжiрибе жетiстiктерiнiң жиынтығынан, бұрынғы тәжiрибенiң дәстүрлі түрлерiн қосатын және қоғамның дамуы, демократизациялау нәтижесiнде пайда болған нәрселерден тұрады.
Г. К.Селевко педагогикалық технологияларды мәндiлiгiне, қолданылуына,ұйымдастырылуына қарай топтарға бөледi: қолдану деңгейiне қарай (жалпы педагогикалық, пәндiк, жеке әдiстемелiк, модульдік), философиялық негiзiне қарай (материалистік, идеалистiк,диалектикалық, ғылыми, iзгiлiктi және т.б.), психикалық дамудың жетекшi факторына қарай (биогендiк, социогендік, психогендік), ғылыми тұжырымдамасына қарай (ассоциативті-рефлекторлық, биховиристiк, гештальтехнология), тұлғалық құрылымдарға бағытталғанына қарай (акпараттық, әрекеттiк, сезiмдік, эвристикалық, қолданбалы, өзiн-өзi дамытушы) құрылымдық және мазмұндық сипатына қарай (бiлiмдiлiк, тәрбиелік, жалпы және кәсiби бағытты тб.).
Кез келген технологияның (өндiрiстiк, әлеуметтiк) негiзгi бөлiгi түпкi нәтиженi мұқият анықтау және оған жету.
Процестің жобасы жақсы болса, шығарылатын өнiмнiң қандай болатындығы анықталса, оны жасау құралдары белгiленсе, жағдай жасалса, онда өнрiстiк және әлеуметтiк саладағы процестер “технология” ие болады.
2.Өндiрiстiк және әлеуметтiк технологиялардың айырмашылықтары.
Технологиялар өндірiстiк және әлеуметтiк дене екiге бөлінедi.Өндiрiстікке табиғи шикiзаттарды (мұнай, ағаш, тб.) өңдеу немесе одан алынған өнiмдер жатады.
Әлеуметтiк технологияда адаммен жұмыс iстелiп, оның басты бiр немесе бірнеше қасиеттерi өзгертiледi. Әлеуметтiк технологияға оқушыларды оқыту технологиясын жатқызуға болады. Әлеуметтiк технологиянын өндiрiстiк технологиядан көп айырмашылғы бар. Басты айырмашылығы өндірiстiк технологияның нақты жүйелi операциялардан тұруында. Бiр жерде өзгерiс болса, іс-қимылдардың орындары алмастырылып, нәтиже төмендейдi.
Әлеуметтiк технологияда түрлі шараларды iрiктеу жақсы нәтиженiң кепілi емес, себебi адамға одан басқа да жағдайлар әсер етедi. Сондықтан әлеуметтік технологияға нақты iрiктелген процестердiң жуйесі деп анықтама беруге болмайды.
Сонымен әлеуметтік технология әдістеменiң кемшіліктерiн түзете алады. Әлеуметтiк технологияны ұйымдастыру және жүзеге асыру өндiрiстiк технологияға қарағанда қиындау. Бірақ екі технология негізінен бiр-бiрiне жақын. Екеуi де технологияны ұйымдастырушыға белгiлi өнiм бередi. Сондықтан «әлеуметтік технология» ұғымын «өнрiстiк технология»

Ұғымымен қатар қолдануға болады. Әлеуметтiк технологияны өндiрiстік технологияның айырмашылығы оның жүйесiнiң онша қатаң еместiгi, керi байланыстың (нашар жерді анықтау және сол жерде қосымша жұмыстар iстеу) болуында.


Қәзіргi мектептiң iрi кемшiлiгi мақсаттын жалпылама қойылуы. Түпкi мақсат — адамды жан — жақты және үйлесiмдi дамыту. Бiрақ мақсаттың оқыту мазмұнын iрiктеуге, педагогикалық процестi құруға ықпалы әлi де жеткiлiксiз.
3.Педагогикалық технологияның мақсаты, салалары.
Мақсат бiзге керектi түпкi нәтиже, нәтиженi көрiп «Мақсатқа жеттiк пе?’- деген сұрақтарға жауап беру. Мұндай мақсатты педагогикада «диагностика арқылы анықталған мақсат дейдi. Диагностика арқылы оқушылардын бiлiм, iскерлiк, дағды деңгейлерi және қабiлетi анықталады, нәтижесiнде оқушыға тағы да қандай бiлiм, iскерлiк, дағдылар беру керектiгi жоспарланады.
Технологиянын кезеңдерi:
• Оқытудың мақсатын диагностика арқылы қайта тұжырымдау;
• Жаңа мақсатқа жету кезеңдерiн белгiлеу
• Диагностика негiзiнде оқытудың жаңа мақсатын қою.
Технологияда оқушыда қалыптасатын сана, қасиет, iскерлiк, анық суреттеледi.
Тексеру құралдары арқылы оқушының сапасы, қажеттiлiктерi, iскерлiктерi, даму, қалыптасу деңгейлерi анықталады. Оқушының деңгейi бұрынғы деңгеймен салыстырылады, жаңа мақсат қойылады.
Сонымен, мақсат анық болмаса оқу процесiнiң жетiлдiрiлуiне кедергi жасалады.

Технология туралы ұғым,оның мәнi дегеніміз?


2. өндiрістiк және әлеуметтiк технологиялардың айырмашылықтары?
3 Педагогикалық технологияның мақсаты, салалары ?
4. Оқыту процесіндегі технологиялық процесс?
Негiзгi әдебиеттер: 5, 13, 18, 25.
Қосымша әдебиеттер: 8. 10, 11, 16.


3 Тақырып. Дифференциациялап оқыту технологиясы. Дифференциация оқыту идеясы. Дифференциация түрлері. Дифференциациялап оқытудың талдау схемасы. Дифференциация бойынша жаңа маттериалды түсіндіру.

4 Тақырып. Модульді оқыту технологиясы. Инновация жолында модульдік технологияның алатын орны. Модульдік оқыту технологиясының құрылымы. Оқыту модулін әзірлеуге ұсыныстар. Оқу модулін даярлау технологиясы

5 Тақырып. Ынтымақтастық педагогикасының маңызы. Ынтымақтастық педагогикасының маңызы, идеялары, фазалары. Ынтымақтастық педагогикасының жалпы құндылық бағдарына байланысты басты тұлғалық қасиеттері. Ынтымақтастық дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру бойынша жүргізілетін жұмыс кезеңдері. Ынтымақтастықтың оқу іс-әрекетіне ықпалы.

Педагогикалық қарым-қатынас, оның функциялары. Мұғалiм мен оқушының қарым-қатынасы сабақтағы, сыныптан тыс жұмыстарда, бос уақыттарындағы қарым-қатынасы оқу —тәрбие процесiнiң нәтижелi басты шарты, оқушының жеке басынын қалыптасуының құралы болып табылады.

Қарым-қатынас педагогикалық қызметтiн маңызды кәсiптiк ннструментi.

А.А. Бодашев ,Н.В. Кузмина. В.А. Канн-Калик. А.А:

Леонтьев. АН. Мудрик, АК. Шербаков және т.б. зерттеулерi педагог еңбегiндегi қарым-қатынас маңыздылығын дәлелдей түседi.

Педагогикалық қарым-қатынас — мұғалiмнiң қолайлы психологиялық климат туғызуға бағытталған сабақта және сабақтан тыс уақытта оқушымен кәсiби қарым-қатынас

Н.К. Крупская. С.Т. Щацкин, А.В. Лунагарский. П.П. Блонский мұғалiм мен оқушылар қарым-қатынас негiзi деп коллективтiк ынтымақтастық, жолдастық қарым-қатынас деп саналады.
Бұл мәселе А.С. Макаренко мен В.А. Сухамлинскийдi қатты толғандырды. Мектептiң гумандық бағыттылығынан келiп, А.С. Макаренко мұғалiм мен оқушы арасындағы қарым-қатынаста ен бастысы құрмет пен талап қоя бiлушілiкке негiзделген қарым-қатынас болу керек деген қорытындыға келдi.Ол пед.шеберлiктi тәрбиеленушiге қалай отырып, ықпал ету, белгiлi мiнез-құлықтың қажет екендiгiн сезiндiру және ойландыруды талап ету ... өнерi ретiнде қарастырды.

В.А. Сухамлинский мұғалiмнен мынаны талап еттi: «мектеп қабырғасында айтылған әрбiр сөз алдын-ала ойластырылған, ақылды, салмақты болуы керек». Қазiргi жаңашы педагогтар Ш.А. Амалашвили. НЯ. Волков. ГН: Гончаров. Е.Н: Ильин, С.Н. Лысенкова, В.Ф. Шаталов. Н. Я. Щетинин т.б. нәтижелi оқыту ынтымақтастық педагогика негiзiңде мүмкiндiк болатындығын дәлелдеді. Олардың еңбектерiн мұғалiм оқушы көзқарасында тұрады.

А.Н. Лутошкиннің «Как вести за собой» деген еңбегiнде қарым-қатынас стилінiң түрлерi көрсетiлген:

Авторитарный стиль, Қарым-қатынас негiзгi формасы: бұйрық, нұсқау, инструкция, ескерту.

Демократичный стиль. Қ/қ негiзгі формасы: өтiнiш, кеңес, мәлімет. Либеральный стиль. Анархиялық, мұғалiм коллектив өмiрiне араласпайды.

В.А.Кан- Калик қ/қ стильдерiн бөлiп қарастырды:

- бiрлескен творчестволық iс-әрекет негiзгi қарым-қатынас

- достық қарым-қатынас,

- шекаралық қарым-қатынас

-қорқыныш- үрейге негiзделген қарым-қатынас,

- әзiл-қалжыға негiзделген қарым-қатынас.

Пед.такт ден мұғалiмнiң тәрбие процесiнде баланың психологиясын , жан дүниесiн, мiнез құбылыстары мен психофиз/лық ерекшелiгiн терең бiлдiк негiзiнде нақтылы жағдайдың талабына сәйкес қолданылатын әдiс-тәсiлдердi айтамыз.

Педагогокалық такт- медицинада б.б. ауруларды емдеуге ұсынған дәрi сияқты. Мұғалiмнiң балаға ұсынатын қатынас өлшемi деп айтуға болады. Қатынас прц/де баланы құрметтеу жылылық көрсет балаға деген талап қоя бiлудi төмендетпейдi. Балаларға жас шамасына сай да жылылык, сенiм, құрмет формасы да өзгерiп отырады.Пед. тактiнi жетiлдiрiп отыру- әр мгалiмнiң пед/лық шеберлiк тәсiлiн жетiлдiрудiн айырықша бір түрi.

Педагогикалық такт- педагогокалық шеберлiктiң элементi ретiнде дамып отырады.

1. Барлық мұғалiмдер үшiн пед. тактiнi дұрыс жүзеге

асырудың мынандай қолайлы ережелерi бар деп

есептеймiз:

2. Уақыт шиеленiскен жағдайда, ситуацияны әбден бiлiп

алып, екi жақты эмоциялық тосқауылды тоқтат:

3. Оқушыға, әрiптеске т. б. өз мiнезiңмен әсер ету,

тиыштыққа шақыру арқылы өзiндi физикалық ауыр

жүктен арылту;

4. Мұғалiм мен оқушы арасында мақсатты iстi орындауда

бiрiгудi ұйымдастыру;

5. Болған конфликтiнi талдау жасау. Оны болдырмау мүмкiншiлiктерiн айқындау;

6.Әрiптесiнiң iнiлiктерiн айқындау, мiнез-құлық мотивін түсiнуге тырысу. Қиын жағдайда оны түсiне бiлу, «Мен сенiн жағдайыңды түсiне білу,»Бұл менi де қатты қынжылтты». Яғни iс-әрекетке бiрден баға бермей, сол жағдайға өзiннің қатынасыңды көзқарасыңды бiлдіру.

Мағалімнің дұрыс қарым-қатынас стилін қамтамассыз ету, к.к. iс-әрекетте пед. тактiнi сақтау коммникативтiк бейiмдiлiктің ,дамуын талап етедi.

А.Н: Леонтьев коммникативтiк iскерлiкке былай

сипаттама бередi:

- оқушыны бет-әлпетінен тану:( әлеуметтiк перцепцияны меңгеру)

-сыртқы белгiлер бойынша оның психологиялық жағдайын, оқушының жеке бас модельден алу:

- қарым-қатынас үстiне өзiн ұстай бiлу:

- өзiнiң сөлеу тiлiн психологоялық жағдайда оптимальды құра бiлу.

Қарым-қатынас стилi дегенімiз — педагог пен оқушының әлеуметтік-психологиялық ерекшелiктерi.

Педагогикалық қарым-қатынас мәселесi - өзара әрекет ету коммуникация қарым —қатынас сияқты ұғымдар да көрiнiс бередi. Бiрақ педагогпкалық әдебиеттерде бұлардын барлығы араласып кеткен. Коммникативтiк

ұғым қарапайым пiкiрмен көзқарастан бастап телеграммадағы мәтіндерге деиін болатын адамдар арасындағы байланыстар туралы орнгата алатын адам өзара әрекетету ұғымы адам қатынасындағы сияқты өзара әсер ету жүйесiн бiлдiредi,мыс ,бiр нәрсенi сатып аалу ақша беру жағдайы өзара әрекет ету процесiнiң бiр түрi.

Гуманистiк өзара әрекет ету мұнда өзара әрекет процесі кезiндегi адамдардың әрқайсысының құндылық өзара әрекет ету процесi адамның құндылықты феноменімен негiз алады. Ол үшiн, сыйластық, адамның ешкім қол сұға алмайтын құндылығы, адамның ерекшелігі туралы бiлiп алу керек.

Сыйластық — деген тарихи даму барысында бiздiң әрқайсысымыз үшiн басқа бөгде адамдардың мәнін өзiмiзге ашатын бiлімді өркениеттi әлемдегi адамдардың бiр-бiрiмен өзара әрекет етуінiң жалпы сипаттамасы.

Сыйлау деген өзi үшiн бөгде адамның мәнмаңыздылығын мойындау.Сыйласушы адам жалғыз адаммен ғана емес көптеген

адамдармен бiрдей сыйластықта болады. Мысалы, ағылшын драматургы Б.Шоу айтқандай үй сыпырушы мен ханшайыммен (ал ханшайыммен үй сыпырушымен) сөйлескендей бірдей қатынаста болу керек, өйткенi бұл екеуi де

адамдардың өкілдерi жалпы адамзат иесi.Бірақ дәстүрлi тарихи тұрғыдан былай емес, бай, маңызды адамдарға сыйластықпен қарап, әлеуметтiк орны төмен адамдарға басқаша қатынас жасалуда,

Педагогиканың методологиялық негiзi ретiнде қоғамның гумманозациясы, гумманистiк тәрбиенiң жариялауда, мұның күрделi мәселе екендігін мойындауға тура келедi.

Бiрақ та балалармен қарым-қатынас қазiргi кәсiби педагогикалық технологиясы олардан балаға деген сыйластықты талап етедi.

Адамның ешкiм қол сұға алмайтын құндылығы бұл ерекше мәнге, нормалар мен ережелерге ие, өмiрге өзiнiң жеке қатынасымен ие адамның iшкі дербес әлемінiң тәуелсiздiгiнің психолологиялық түсiнiгімен анықталады. Оның жеке әлемiне, өмiрiне өзiнен басқа ешкiмнiң енуiне жол жоқ. Сондықтан құпия, сыр жасыру, өз пiкiрiне, өз өмiрiне, өзiнiң өмiр сүру стилiне деген құқық сияқты этиканың жазылмаған ережелерi бар.Яғни оның тәнiне, тұрған үйiне, меншiгiне, жеке заттарына деген құқық заңмен бекiтiлген.

Адамның ерекшелiгiн мойындау бұл мәдени қоғамдағы адамдардың бір- бiрiмен әрекет етуiнiң жалпы белгiсi.Бұл адамдардың ерекшелiгіне басқаларға ұқсамайтын белгiлерiне шыдамды қатынасты бiлдiредi. Шынымен шыдамды болу өте қиын, өйткенi адам өзiнiң өмiр сүру образын таңдай отырып, өз таңдауын жоғары санайды. Адамның ерекшелiгiн мойындаудан шыдамды қатынаста болу үшiн оның өмiрiнiң тарихына, көңiл бөлу керек. Адамның ерекшелiгiн мойындай отырып педагог оның тәрбиесiнен бас тартпайды, ол мәселенiң әдiстемелiк және технологиялық шешiмiн табады.

Қарым — қатынас - өзара әрекет етудің бір түрi ретiнде екi бiрдей субьектiнiң байланысының негiзі. Бұл байланыс 3 топқа бөлiнедi,

1.Екi субьектiнің бiр-бiрiмен өзара әрекет етуi, бiрақ қарым қатынас субьектілік байланыс деп түсiнбеу керек. Өйткенi субьектiлердiң әрқасысы басқа үшiн обьект болуы мүмкiн.Қарым — қатынас процесiндегi байланысты былай керсетуге болады.Субьект — обьект — субьектiлiк.

2. Осы субьектiлердiң байланысы басқа субьектiге өзiнiн жеке Менін хабарлау арқылы жүзеге асырылады. Қарым -қатынас субьектiлердi оз Менін өзара хабарлау. Мұндай хабарлаудың жолдары визуальды, вербальды болады. Бұл жолдардың әрқайсысы адамның жас ерекшелiгiне қарай басымдылық көрсетедi.

3. Бұл жерде екi субьектінің iшкi рухани дүниесiн жеткізу жөнiнде болмақ.қарым —қатынас дегенiміз субьектiлердiң өмiрiнiң рухани әлемдерiн бiр —бiрiне ашуы, өзiнiң iшкі рухани әлемдерiн басқаға ашу өте күрделi.Ол көп күш жiгер мен ақылды қажет өткендiктен, көбiнесе тұйық болады. Қарым-қатынас дегенiмiз басқа адамға өзiнiң жеке Менiн ашу және басқа адамның да жеке мен-iн тану. Қоршаған әлеммен өзара әрекетке түсу үшiн табиғат адамға сенсорлық және рефлекторлық жүйе бередi. Ал қарым-қатынас әлеуметтiк өмiрдiн жағдайынан туады. Педагогтық қарым-қатынас кезiндегi негiзгi кедергiлерi 3 жақты болмақ. 1 -ден қарым-қатынас кезiнде психологиялық кедергiлер болады, өйткенi адамның iшкi әлемi басқа адамдарға жабық, оның ашылуына физикалық және психологиялық күш керек.Педагог баланың психология әлемiн түсiніп алып қана қарымқатынас жасайды.

2-ден қарым-қатынас жағынан балалардың тәжiрибесi аз, олар күнделiктi өмiрдiң әдетке айналған ситуацияларымен ғана шектелген, ал мектепте бала көпшілiктiң ортасына түсiп, өзiнiң, әлемін айтып үйренедi.

3-ден қоғамны дағдарысқа ұшыраған кезеңiне тап келген кезде қарым-қатынас тәжiрибесiнен шет қалады. Мұндай құндылықтарды болдырмау тәрбиенің міндетi.

Педагогикалық қарым —қатынас дегенiмiз- педагогтiң баламен қарым-қатынасы, бұл процесс кезiнде педагог баланы коммуникативтiк мәдетниет деңгеіне көтереді, балаларды

басқаны қабылдап өзiнің iшкi әлемiн ашуға үйретедi. Педагогикалық қарым-қатынастың алғашқы функциясы қарым-қатынастың ашық болу керек.Бұл функция мына операциялармен қамтамасыз етiледi.


- педагог баладармен қарым-қатынаста болу үшін қайырымдылық мiнез танытады. -Педагог балалармен қарым-қатынаста болу үшін ашық болу керек.

Педагогокалық қарым-қатынастың келесi функциясы қарым қатынас жасаушының субъектiмен бiрге пiкiр алысуы.Бұл қарым-қатынас өз қарсыласына деген көмек. Мұнда педагог баланың менiн көрсету үшiн жағдай жасайды, белсендiлiгiн арттырады. Бұл функция мынадай операциялармен қамтамасыз етiледі. белгiлi бiр жағдайларға байланысты туған мәселе бұны қою өте жеңiл, бұл педагог пен оқушы алдындағы бiрлескен қызметтiң мазмұнын құрайды.

1. атқаратын қызметке байланысты туған мәселе — бұл қарым -қатынас кезiнде қарсыластың жасаған әрекетiне байланысты қойылатын мәселе.

2. кызығулықтары жөнiндегi мәселе баланың белсендiлiгiн негiзге алады.

З. бiрлесу-бұл педагогикалық түрде мен де,маған да атты парадигмалар арқылы жасалады. Мұнда педагог баламен бiрге рухани кеңiстiкте тұрып,балаға жалғыз емес екендiгiн ескертiп,оған қолдау көрсетедi.

4. көмек көрсет-мәдениетте туған.Ал адамға көмек қажет болғанда көмек көрсету.

5. пiкiр айтуұсынысы-балалар өздерiне берген еркiндiктен қорқып қалмау үшiн,ерекше мұқият интонациялық құралдармен қамтамасыз етудi талап ететiн операция, балаға өз пiкiрiн бiлдiруге үйрету.

6. өз қателiктерiмен әлсiздiктерiн мойындау -баланың рухани күштерiн нығайтып бекiту үшiн қажеттi операция.

7. педагогикалық жоспар мәселесi-қарым-қатынас процесiнiн өрiстелуi кезiнде қойылады, бұл қарым-қатынастың жоғарғы деңгейн көрсетеді.

Үшінші — қарым-қатынас әрiптесiңдi мадақтау. Мұндағы мақсат — баланың құндылығын жоғарлату,яғни қазiргi заман адамдарының әлеуметтiк психологиялық құрылым ретiндегi қадыр-қасиетiн дамыту. Бұл функцияның мазмұны

педагогикалық түрде баға берiп, қолдау көрсету. Қарым-қатынас кезiнде тәрбиеленушiге бедел берiледi. Бұл жағдайда педагогтың кәсiби жұмысы осы мiндеттi шешуге бағытталады. Тәрбиеленушiнiң беделiн қалыптастыру тәрбие мақсатының құрамдас бөлiгi болып табылады. Бұл ең алдымен педагогтын технологиялық шеберлiгiмен шешiледi.

Осы функция мынандай 4 түрлi операция көмегiмен iске асырылады.

1 .Тәрбиеленушi әлi танып үлгірiлмеген қадiр қасиетiн жариялау, бұл баланы алдын-ала жандандырып,. қуат берiп, сенiмділiк бередi, бала осы айтылғандарға күш-жiгерiн салып, қарым-қатынасты өзiне тән ең жоғарғы деңгейде жүргiзедi.

2.Жасалған мiнез-құлықты мойындау- бұл баланың жасап қойған жағымсыз iс-әрекет үшiн жауап беруiне көмектеседi.

3.Бұл жерде тәрбиеленушiнің әлсiз жақтарын көрсету кезiнде оның кейбiр қадiр қасиеттерiн де жариялау, өйткенi бұл 1- ден, баланын әлсiз жақтарына жариялау болса., 2-ден, осы әлсi з жақты ақтайды.

4.Көмек сурау өтiнiшi. Бұл операция баланың дербес әрекет ете алуы мен белсендiлiгiн арттыруына көмектеседi.

Осы айтылған функциялардың барлығы бір уақытта қарым-қатынас актiсiнде жүзеге асырылады. Тек тиеориялық тұрғыдан фуккциялар бөлiктерiмен, теоретокалық талдау кезінде операциялар функциясымен сәйкес келеді.

Сонымен педагогикалық қарым-қатынас технологиясын меңгеру достық, жанұялық қатынастарды тiптi бейтаныс адамдармең болатың қатынасты реттейдi. Қарым-қатынас технологиясын көбейту таблицасы сияқтьы барлығы да бiлуге мiндеттi. Ал педагог болса. қарым-қатынас процесiн


1. Педагогикалық қарым-қатынас дегеніміз?

2. Педагогикалық технология негіздерi?

Негiзгі әдебиеттер: 3,6, 10. 12,

Қосымша әдебиеттер: 8, 10, 15.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет