Жұмыстардың және жұмысшы мамандарының бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы 4-шығарылым


§ 5. Топырақты мұздату жөніндегі тоңазытқыш қондырғылардың Машинисі



бет11/17
Дата13.06.2016
өлшемі1.65 Mb.
#131298
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17

§ 5. Топырақты мұздату жөніндегі тоңазытқыш қондырғылардың Машинисі


4- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жалпы өнімділігі сағатына 2,1 Дж млн. (сағатына 500 мың ккал), тиісті аппаратуралар, тұздықты желілер және мұздатқыш камера компрессорларымен жабдықталған топырақтарды мұздату жөніндегі тоңазытқыш қондырғыларға қызмет көрсету. Қызмет көрсететін агрегаттарды қосу және тоқтату, олардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Бақылау-өлшеу аспаптары мен сигнал беру құрылғыларының көрсеткіштерін қадағалау. Мұздатылатын топырақтың жағдайына қарай топырақты мұздату жұмысының температуралық режимін реттеу. Топырақты мұздату жөніндегі тоңазытқыш қондырғылардың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау, алдын алу және жою. Барлық жөндеу жұмыстарына қатысу.

Білуге тиіс: топырақты мұздату жөніндегі тоңазытқыш қондырғылардың, қызмет көрсететін жабдықтардың, аппараттар мен мұздататын бағаналардың құрылғысын; топырақты мұздату процесін реттеу технологиясы мен тәсілдерін; салқындату жүйесін толтыру ережесін; топырақты мұздату жөніндегі тоңазытқыш қондырғыларының жұмысындағы бұзушылық белгілерін және оларды жою тәсілдерін; мұздатылатын топырақтың геологиялық сипаттамасын; топырақты мұздату жөніндегі тоңазытқыш қондырғыларын монтаждау тәртібін; мұздатқыш бағаналар мен тұздық желілерінің орналасу тәсімін; термодинамиканың, электр техникасының негіздерін; слесарлық іс.

Жоғары білікті топырақты мұздату жөніндегі тоңазытқыш қондырғылардың машинисінің басшылығымен жалпы өнімділігі сағатына 2,1 млн. Дж (сағатына 500 мың ккал/ч) компрессорлармен жабдықталған тоңазытқыш қондырғыларына қызмет көрсету кезінде - 2-разряд;



Жоғары білікті топырақты мұздату жөніндегі тоңазытқыш қондырғылардың машинисінің басшылығымен жалпы өнімділігі сағатына 2,1 млн. Дж (сағатына 500 мың ккал/ч) артық компрессорлармен жабдықталған тоңазытқыш қондырғыларына қызмет көрсету кезінде- 3-разряд.
§ 6. Топырақты мұздату жөніндегі тоңазытқыш қондырғылардың Машинисі

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жалпы өнімділігі сағатына 2,1-ден 13 Дж млн. (сағатына 500-ден 3000 мың ккал), тиісті аппаратуралар, тұздықты желілер және мұздатқыш камера компрессорларымен жабдықталған топырақтарды мұздату жөніндегі тоңазытқыш қондырғыларға қызмет көрсету. Қызмет көрсететін агрегаттарды қосу және тоқтату, олардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Қызмет көрсететін жабдықты жөндеу.

Білуге тиіс: топырақты мұздату жөніндегі тоңазытқыш қондырғылардың әртүрлі жүйесінің құрылғысын; күрделі слесарлық-монтаждау жұмыстарын орындау тәсілдерін.

§ 7. Топырақты мұздату жөніндегі тоңазытқыш қондырғылардың Машинисі


6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жалпы өнімділігі сағатына 13 Дж млн. (сағатына 3000 мың ккал) артық, тиісті аппаратуралар және мұздатқыш бағаналар компрессорларымен жабдықталған топырақтарды мұздату жөніндегі тоңазытқыш қондырғыларға қызмет көрсету. Жүйесі әртүрлі топырақтарды мұздату жөніндегі тоңазытқыш қондырғыларды монтаждау және демонтаждау кезінде барлық слесарлық-монтаждау жұмыстарын орындау.

Білуге тиіс: топырақтарды мұздату жөніндегі тоңазытқыш қондырғылардың конструктивтік ерекшеліктерін.
§ 8. ТАУ-кен жабдықтарының монтажшысы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ашық әдіспен салынатын шахта бетіндегі және туннелдердегі шахталық металлдық конструкцияларды, тау-кен жабдықтары мен электр механикалық құрылғыларды монтаждау және демонтаждау жөніндегі қарапайым жұмыстарды орындау. Сатылар, қорғау шарбақтары мен тор қоршаулар орнату. Көшеттелінетін жұдырықша кілеттерді, шығырларды және металл конструкцияларын демонтажтау. Қарапайым слесарлық жұмыстарды орындау: тесікті бұрғылау, бұрандалы және фланецті қосындыларды құрастыру, бұранданы қолмен кесу, тетіктердің ірі үгінділері. Металл конструкцияларын түзету және сырлау. Бөлшектерді тазалау және майлау. Жерге қосу желілерін монтаждау. Шырағдандарды зарядтау және орнату. Жарықтандырғыш аппаратураларды монтаждау. Кабельдерді кесу. Трафареттер бойынша белгілерді жазу. Нөмірлі тақтайшалар жасау және орнату. Жоғары білікті тау-кен жабдықтарының монтажшысының басшылығымен монтаждау жұмыстарын орындау.

Білуге тиіс: жөнделетін жабдықтар мен механизмдердің құрылғысы туралы жалпы мәліметтер; қарапайым монтаждық және слесарлық жұмыстарды орындау тәсілдерін; механикаландырылған және қол құралдарын қолдану ережесін; жөнделген конструкциялар мен жабдықтарды салыстырудың қарапайым тәсілдерін; қолданылатын материалдардың сорттарын; жөнделетін жабдықтар мен құрылғылардың міндетін.
§ 9. ТАУ-кен жабдықтарының монтажшысы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ашық әдіспен салынатын шахта бетіндегі және туннелдердегі шахталық металл конструкцияларды, тау-кен жабдықтары мен электр механикалық құрылғыларды монтаждау және демонтаждау жөніндегі орташа күрделі жұмыстарды орындау. Рамалардың бункерлік жапқыштарын, шеңберлі төңкергіштерді, ерітінді араластырғыштарды, үңгілеу кешендерінің бөлгіштерін және бүйір қиғаш тіреулерін, крандардың монтаждау алаңдарын, таспалы қоректендіргіштердің жетек және тарту станцияларын, бөлу қалқандарының қаңқаларын, басқару пульті мен таблоларды монтаждау және демонтаждау. 5 т дейін жүк көтергіш шығырларды, көшеттелінетін жұдырықша кілеттерді және металл конструкцияларын монтаждау. Орташа күрделі слесарлық жұмыстарды орындау: бөлшектерді белгілеу және ажарлау, тығыздалатын бетін ысқылау. Конструкцияны монтаждау кезінде электрмен ұстау және газбен кесу. Реперлерді, құбырлар мен бағандарды орнату. Ось шектерін тарту. Сымдарды қосу. Кабельдердің шеттерін жабу. Ұштамаларды кабельдер мен сымдардың желілеріне дәнекерлеу. Тартқыш станциялардың орташа күрделі тораптарын монтаждау. Құбырларды ағыту. Қалқанның гидравликалық жүйесінен майды ағызу.

Білуге тиіс: орташа күрделі жабдықтар мен механизмдердің құрылғысын; орташа күрделі жабдықтардың астындағы фундаменттің габаритін тексеру тәсілдерін; жөнделген жабдықтарды тексеру тәсілдерін; электрмен ұстау және газды кесу тәсілдерін.
§ 10. ТАУ-кен жабдықтарының монтажшысы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ашық әдіспен салынатын шахта бетіндегі және туннелдердегі шахталық металлдық конструкцияларды, тау-кен жабдықтары мен электр механикалық құрылғыларды монтаждау және демонтаждау жөніндегі күрделі жұмыстарды орындау. Күрделі слесарлық жұмыстарды орындау. Күрделі конструкциялар мен тораптарды, үңгілеу кешендерін, шахта крандарын, тежегіш құрылғыларын, жылдамдықты сөндіргіштерді, механикалық итергіштерді, жүк көтергіштігі 5 т артық көлденең арбаларды, бункерлерді, шығырларды, шахталық көтергіш машиналардың кілеттерін, ұзындығы 15 м коперлерді монтаждау және демонтаждау. Жөнделген жабдықты сынау және баптау. Котлавандарды металл атқыштармен, қос таврлы мәткемен бекіту. Тартқыш кіші станциялардың күрделі тораптарын монтаждау. Жоғары вольтті электр жабдықтарын, өлшеу, басқару және қорғану аспаптары мен аппараттарын орнату.

Білуге тиіс: монтаждық осьтерді белгілеу, орнату және көшіру тәртібін; монтаждауға фундаменттерді және жабдықтарды орнату жерді қабылдау ережесін; жөнделетін жабдықтар мен механизмдері теңгеру, орталықтау, салыстыру және реттеу тәсілдерін; майлау жүйесінің құрылғысын және қызметінің қағидаттарын; төмен вольтті және жоғары вольтті аспаптар мен аппараттардың қызмет қағидаттарын; машина мен механизмдерді монтаждауға қойылатын талаптар мен шектеулерді; жөнделетін жабдықты пайдалануға қосу ережесін.
§ 11. ТАУ-кен жабдықтарының монтажшысы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ашық әдіспен салынатын шахта бетіндегі және туннелдердегі шахталық металлдық конструкцияларды, тау-кен жабдықтары мен электр механикалық құрылғыларды монтаждау және демонтаждау жөніндегі аса күрделі жұмыстарды орындау. Парашют қондырғыларын, шахталық көтергіш машиналарды, үңгілеу кешендерінің гидро- электр жабдықтарын, биіктігі 15 м артық коперлерін монтаждау және демонтаждау. Кілет көтергіштерін және шахталық көтергіш машиналарды салыстыру және сыну. Аса күрделі және дәлдік слесарлық жұмыстарды орындау. Бөлшектердің бетін жонғылау, нақты слесарлық қиыстырып келтіру. Биіктік компенсаторларының электр қозғалтқыштарын орнату және салыстыру. Электр жабдықтарды механикалық реттеу. Жөнделетін машиналарды, механизмдер мен жабдықтарды сынау нәтижесі туралы ақау ведомствосын құрастыру. Жөнделген жабдықтарды гидравликалық және пневматикалық сынау. Жоғары қысымды гидравликалық желінің құбырлары мен арматураларын құрастыру.

Білуге тиіс: аса күрделі жабдықты монтаждау тәсілдерін; жөнделетін жабдықтардың құрылғысы мен міндеті; жөнделетін жабдықтарды реттеу және баптау тәсілдерін; жөнделген агрегаттар мен машиналарды пайдалануға қосу кезінде сынау ережесін.
§ 12. Үстірт жұмыстардағы проходкалаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Арықтарды, траншеяларды, құдықтарды, қазаншұңқырларды және бекітілмеген копуштарды белгілеу, үңгілеу. Үңгілейтін жерді аршу. Тау-кен массасын тазалау. Қазудың бағыты мен қимасының дұрыстығын тексеру. Дренажды арықтар мен қабылдау құдықтарын тазалау. Арықтардың, құдықтардың, траншеялардың, қазаншұңқырлардың жағдайын тексеру және жөндеу. Маңдайшалар мен шлюздерді орнату.

Білуге тиіс: тау-кен жыныстарының негізгі қасиеттерін; арықтарды, траншеяларды, құдықтарды, қазаншұңқырларды, копуштарды үңгілеу және бекіту тәсілдерін; қолданылатын құрылғылар мен механизмдердің құрылғыларын және жұмыс қағидаттарын, олармен жұмыс істеу тәсілдерін; шлюздардың маңдайшалардың, құдықтардың құрылғысын; арықтарда құрылғыларға қойылатын талаптарды.
§ 13. Үстірт жұмыстардағы проходкалаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ашық тәсілмен туннельдер, метрополитен станциялары және арнайы мақсаттағы имараттар құрылысы кезінде қарапайым үңгілеу жұмыстарын орындау. Топырақты қолмен қазу және тиеу. Қатты топырақтарда күрделі емес бекітпелерді аршу. Топырақтарды бункерлерден түсіру. Тақталарды төсеу. Топырақты туннель қабырғасының артына және туннельді жабуға төгу. Бекітпенің құрастырмалы конструкциясының түйіспелерін тазалау. Құрастырмалы конструкциялардың жіктерін тығыздау және құю. Уақытша жолдарды, кран асты жолдарын салу. Забойдағы сорғыларға қызмет көрсету. Бетон қоспаларын туннельдің қатты негіздері мен лотоктарына төсеу. Бетон және темір бетон конструкцияларда тесіктер мен сызаттар тесу. Метрополитеннің тұрақты жолдарын салу кезінде: кранның көмегімен ағаш және темір бетонды шпалдар, білеулерді және бұрылыс стрелкасының металл бөліктерін салу; рельстер мен шпалдарда тесіктер бұрғылау; рельс-шпал шарбақтары элементтерін бір-бірлеп ауыстыру; байланыс рельсінің тіреу тораптарын демонтаждау; рельс жолтабандарын өлшеу және реттеу; болттарды бекіту; балдақтарды аяқтау. Қазаншұңқырлар мен траншеяларды құрғағанша таспен шегендеу. Монтаж ілмектерін шабу немесе кесу. Траншеяларды, арықтарды, қазаншұңқырларын, құдықтарды, бекітпесі бар копуштарды үңгілеу.

Білуге тиіс: құралдардың және тау-кен бекітпелерінің үңгілеу және жол түрлері; қол және механикаландырылған құралдармен жұмыс істеу тәсілдерін; тасылым жолдарын салу ережесін; траншеяларды, қазаншұңқырлар мен құдықтарды үңгілеу және бекіту тәсілдерін; рельстерді, пакеттерді, шпал мен білеулерді ілмектеу әдістерін; жүрдек учаскелер мен темір бетон негізіндегі учаскелерден басқа жолдың жоғарғы құрылысын реттеу ережесін; қолданылатын құрылғылар мен механизмдердің құрылғысын.
§ 14. Үстірт жұмыстардағы проходкалаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ашық тәсілмен туннельдер, метрополитен станциялары және арнайы мақсаттағы имараттар құрылысы кезінде орташа күрделі үңгілеу жұмыстарын орындау. Топырақты шой балғалармен қазу. Қазба бейіндерін шабақтау. Жарылған топырақты қазу. Тау-кен қазбаларының көпбұрышты ағаш бекітпе элементтерін аршу. Шурф, қазаншұңқыр мен траншеялар бекітпелерін жөндеу. Арматуралар салу. Монолит бетонды және темір бетонды қаптауларды (бекітпелерді) салу. Жылжымалы металл қалыптарының секцияларын ауыстыру. Аралық және станциялық туннельдер мен массасы 8 т дейін темір бетонды конструкциядан құрастырылған жерасты имараттарын монтаждау. Тіреу қабырғалары мен дренаждар құру. Түйіспелерді бітеу. Жіктерді сөгу. Қадақтар арасында забиркалар орнату және бекіту. Туннельдердің қаптауларын монтаждау кезінде шығырларға қызмет көрсету. Метрополитеннің тұрақты жолының құрылысы кезінде: рельстерді шпалдар мен белдеулерге бекіту; оқшауланған түйіспелерді монтаждау және демонтажтау; контррельстерді монтаждау. Уақытша жолдардың бұрылыс стрелкасын салу. Тіксызық сызу конструкциясы үшін қалыптар орнату. Шурфтар мен қазаншұңқырларды ерітіндегі таспен және бетонмен шегендеу. «Топырақтағы қабырға» әдісімен қазаншұңқырларды бекіту кезінде траншеяларға бетон ерітіндісін айдамалау. Диаметрі 800 мм дейін құбырларды салу. Ілмектеу жұмыстарын орындау.

Білуге тиіс: механикаландырылған құралдармен жыныстарды қазу, қарапайым уақытша құрылғыларды орнату ережесі мен тәсілдерін; электр бұрғыларының, шой балғаларының құрылғысы; бетон қоспасының маркалары мен қасиеттерін; қазбаларды бекіту бойынша жөндеу жұмыстарын орындау тәртібін; қаптауларды монтаждау және салу тәсілдерін; диаметрі 800 мм дейін құбырларды төсеу әдістерін; жерасты имараттарының конструкциясын арматуралау және монтаждау ережесін, электрлік, пневматикалық құралдар мен механизмдерді қолданумен жолдың жоғары құрылысының конструкциясын монтаждау, демонтаждау және реттеу жұмыстарының өндіріс; автоблокировканың рельстерінің тізбектері бойынша жұмыстарды өндіру ережесін; массасы 8 т дейін темір бетонды конструкцияларды ілмектеу және ілмексіздендіру ережесін; қазаншұңқырларды анкерлермен бекіту ережесін.
§ 15. Үстірт жұмыстардағы проходкалаушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ашық тәсілмен туннельдер, метрополитен станциялары және арнайы мақсаттағы имараттар құрылысы кезінде орташа күрделі үңгілеу жұмыстарын орындау. Бекітілген паспорт бойынша шпурларды белгілеу. Массасы 35 кг шпурларды (пневмоұстағышпен бірге) перфораторлармен бұрғылау. Забойдың жарылғыш жұмыстарын жүргізуге дайындықты тексеру. Қазаншұңқырларды, траншеялар мен шурфтарды шпунтты қоршаулармен, анкерлермен және «топырақта,ы қабырға» әдісімен бекіту. Аралық және станциялық туннельдерді және массасы 8 т-дан 15 т дейін темірбетонды конструкциядан құрастырылған жерасты имараттарын монтаждау. Күмбез, қабырға қорғандарын және әртүрлі қима қазбаларының қабысуларын бетондау. Бетонды және темірбетонды бекітпелерді және қисық сызықты әрі көп қырлы кескін конструкцияларын салу үшін қалыптарды ауыстыру және орнату. Метрополитеннің тұрақты жолын салған кезде: бетон қоспасын жұқа қабырғалы конструкцияларға төсеу, бұрылыстың стрелкасын монтаждау және оларды шпалдар мен белдеулерге бекіту, байланыс рельсінің кронштейндерін салыстыру. Үлкен диаметрлі қысымды құбырлардың түйіспелерін бекіту. Диаметрі 800 мм артық құбырларды төсеу.

Білуге тиіс: тау-кен үңгілеу машиналарының және бетондау әрі қаптауларды монтаждауға арналған машиналардың құрылғысын; шпурларды белгілеу және бұрғылау ережесін; жару жұмыстарын жүргізу ережесін; бекіту материалдарына, бұрғыларды, бұрғы тәждерін, қайрау және май құю және олардың қалыптары мен өлшемдеріне қойылатын талаптарды; күрделі арматураны құрастырудың және күрделі конструкция қалыптарын орнатудың ережесі мен тәсілдерін; диаметрі үлкен құбырларды төсеу тәсілдерін; түйіспелі емес сіз жолдар мен бұрылыс стрелкасын монтаждау ережесін; массасы 8 т артық темір бетонды конструкцияларды ілмектеу және ілмексіздендіру ережесін; қазаншұңқырларды анкерлермен бекіту ережесін.
§ 16. Үстірт жұмыстардағы проходкалаушы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ашық тәсілмен туннельдер, метрополитен станциялары және арнайы мақсаттағы имараттар құрылысы кезінде туннельдердің берілген бағыты мен қимасына сәйкес аса күрделі үңгілеу жұмыстарын орындау. Шпурларды бұрғы қондырғыларымен және массасы 35 кг және одан артық перфораторлармен (пневмоұстағышпен бірге) бұрғылау. Забойлардың апат жағдайларын жою. Аралық және станциялық туннельдерді және массасы 15 т артық темірбетонды конструкциядан құрастырылған жерасты имараттарын монтаждау. Желпуіш тәрізді ағаш және көп бұрышты болат бекітпелерді салу. Метрополитеннің тұрақты жолдарын салу кезінде: бұрылыс стрелкасын реттеу және салыстыру, тұрақты жолдың қисық учаскелерінде қысқартылған рельстерді есептеу және іріктеу.

Білуге тиіс: туннельдердің берілген бағыттары мен өлшемдеріне сәйкес тау-кен үңгілеу жұмыстарын жүргізу түрлер, тәсілдерін, әдістері мен ережесін; тау-кен үңгілеу машиналары мен бетондау мен қаптауларды монтаждауға арналған машиналардың техникалық сипаттамасын, конструкциясының ерекшеліктерін және пайдалану ережесін; туннель қаптамаларының геометриялық пішіндерін түзету ережесі мен тәсілдерін; жолдардың қисық учаскелері үшін қысқа рельстерді іріктеу тәсілдерін; стрелкалар бойынша қисық майысқандарды өлшеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет