Жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» жалпы білім беру пәнінің типтік оқу бағдарламасы



бет1/98
Дата22.11.2022
өлшемі318.23 Kb.
#465434
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98
@8; 65=85 ;= 5 07


Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министірінің
2018 жылғы «___» ________
№ ___ бұйрығына
1-қосымша


Жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» жалпы білім беру пәнінің типтік оқу бағдарламасы



  1. Оқу бағларламасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы «___» ____________ №___ бұйрығымен бекітілген білім берудің тиісті деңгейлеріне арналған мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының (бұдар әрі - Стандарттар) талаптарын іске асыру мақсатында және «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабының 5-2) тармақшасына сәйкес әзірленген.

Пәннің бағытталуы. Дәстүр мен тарихи тәжірибе жаңа үлгідегі жаңғырудың негізі болып табылады. Қазіргі заманғы зиялы тұлғаны қалыптастыру, ұлттық тарих пен тарихи сабақтастықтың өзара әрекеттестігі негізінде жүріп жатыр. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәнінің маңызы өзіндік мәдениет пен тарихи кодтың сақталуының негізі ретінде тарихи сананы айшықтауы.
Қазіргі кезеңдегі тарихи білім берудің жаңа жүйесі, өзін-өзі дамытуға бағытталған, жалпыадамзаттық құндылықтары басым мамандарды даярлауды өз алдына міндет қойып отыр. Ауқымды өзгерістер, мәселелік тұрғыда негізделген білім берудің трансформациясын талап ететін, қоғамдық сананың жаңғыруымен қоса жүргізіледі. Қазақстанның қазіргі заман тарихын теориялық және практикалық түрде зерттеудегі материалдың орналасу алгоритмі, тарихи үрдістің даму серпінін түсінуге мүмкіндік беріп, қоршаған әлемде этникалық, әлеуметтік және мәдени өзін-өзі сәйкестендірудің құндылықты бағдарын қалыптастырады. Әлемдік білім беру жүйесінің ізгілендіру жағдайында, ҚР Президенті «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында атап өткендей, өзінің мәдениетінің, ұлттық кодының бейнесі болып табылатын, «жаңа үлгідегі жаңғыру» қазіргі қоғамда ерекше рөлге ие.
«Мәдени мұра» мен «Халық тарих толқынында» атты мемлекеттік бағдарламалардың табысты жүзеге асырылуы, тарихи білім шегінің өрістеуіне мүмкіндік бере отыра, қоғамдық сананың өзгеруіне және мықты әрі жауапты адамдардың біртұтас Ұлтының қалыптасуына бағытталған, іргелі жұмысына алып келді.
Біздің елдің қазіргі кезеңдегі дамуы Қазақстанның үшінші жаңғыруы деп сипатталып, елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін, экономикалық өсімнің жаңа үлгісін қалыптастырады. Экономиканың жаңғыруы сананың жаңғыруымен тығыз байланыста, Қазақстанның әр азаматы, бүкіл елдің дамуының сапалы жаңа деңгейіне өту үшін өзгерістердің қажеттілігін түсінуі керек. Қазақстандық қоғам мақсаттардың сәтті жүзеге асырылуы үшін рухани және идеологиялық негізге ие болуы керек. «Рухани жанұя» бағдарламасы рухани және мәдени дәстүрлердің сабақтастығына негізделетін қоғамдық сананы жаңғыртудың механизмдерін көрсетеді. Өз халқының тарихын білу ауқымды түрде қабылдау мен қайта ойлай білу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет