Жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» жалпы білім беру пәнінің типтік оқу бағдарламасы



бет28/98
Дата22.11.2022
өлшемі318.23 Kb.
#465434
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   98
@8; 65=85 ;= 5 07

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ


НЕГІЗГІ БӨЛІМ


I А1 ДЕҢГЕЙІНДЕ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ


І. Коммуникативті-сөйлеу құзыреттілігінің мазмұны


1.1. Сөйлеу интенциялары (ниеттері).
Қарапайым деңгейде білім алушы сөйлеу актісіне қатысып, ақпарат алмасуға ұмтылады, бағалау-эмоциялық және коммуникативтік-ақпараттық, ақпараттық сипаттамалық ниеттеріне қатысты жағдаяттар мен тақырыптар көлемінде коммуникативтік құзыреттіліктері қалыптасады.
Сұхбаттасушымен сөйлеу актісіне қатысып, ақпарат алмасуға бағытталған ниеттер (интенциялар):

  • коммуникацияға қатысу (үйде, көшеде, оқу орнында, қоғамдық орындарда);

  • танысу түрлері (ресми және бейресми жағдайда өзін және басқа адамды таныстыру);

  • сәлемдесу және қоштасу түрлері (сұхбаттасушының жас ерекшелігі мен әлеуметтік орны және сөйлеу әдебіне сәйкеc);

  • кешірім сұрау түрлері;

  • құттықтау түрлері (мерекелер, туған күн).

Сұхбаттасушыға коммуникативтік ықпал жасауға бағытталған реттеуші ниеттер:

  • әртүрлі жағдаяттардағы іс-әрекетті жүзеге асыруға өтініш білдіру;

  • шақыру түрлері (ресми, бейресми);

  • әртүрлі жағдаяттардағы әрекеттерді жүзеге асыруға түрткі болу, қозғау салу формалары;

- келісім беру түрлері (бейресми, ресми);

  • кеңес беру, ұсыныс айту, талап ету формалары (ресми, бейресми);

  • құттықтау түрлері (мерекелер, туған күні және т.б.);

  • тілек, ниет түрлері (өз бетінше, сұхбаттасушымен бірге немесе басқа адамдармен бірігіп жұмыс атқару, іс-шара орындау, өткізу);

  • рұқсат сұрау түрлері.

Бағалау-эмоциялық ниеттер (іс-қимыл, оқиға, зат, адамдарға эмоциялық қатынастың және көзқарастың, бағалаудың берілуі):

  • оқиғаға қатысты пікір білдіру, қатысым жағдаяты мен сөйлеу әдебіне сәйкес баға беру;

  • келісу/келіспеу формалары;

  • эмоциялық қатынастың түрлері (қуану, таң қалу, ренжу және қажеттілік, мүмкіндік).

Коммуникативтік-ақпараттық және ақпараттық сипаттамалық ниеттер:
- адам, зат, дерек, оқиға, іс-әрекет туралы нақты ақпарат беру және ақпарат алу;

Білім алушының білуі тиіс сөйлеу әдебі:



  • Танысу кезіндегі қолданылатын сөйлеу әдебі;

  • Кездескенде, қоштасқанда, қаратпаларда қолданылатын сөйлеу әдебі;

  • Алғыс айту, кешірім сұрау кезінде қолданылатын сөйлеу әдебі;

  • Өтініш айтқанда қолданылатын сөйлеу әдебі;

  • Шақыру кезінде қолданылатын сөйлеу әдебі;

  • Құттықтау кезінде қолданылатын сөйлеу әдебі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет