Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы ЖҰҚпалы аурулар пәні бойынша әдістемелік өҢдеулері мамандық


Ұйымдастыру бөлімі - 6% - 5,4 мин



бет5/23
Дата04.07.2016
өлшемі194.53 Kb.
#176583
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

7. Ұйымдастыру бөлімі - 6% - 5,4 мин.


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тізіммен тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру – 13,5 мин (15%)

  • Сальмонеллез күтім ерекшеліктері, емін, алдын алуын

9. Жаңа сабақты түсіндіру – 27 мин (30%)

  • Тырысқақ этиологиясын, эпидемиологиясын

  • Клиникасын, патогенезін, алдын алу шараларын

Ақпараттық-дидактикалық блок

Тырысқақ – организмнiң тез сусыздануымен жүретiн инфекциялық диареялық ауру. Қазақстанда 14.08.1993ж ОҚО-ның Келес районында тырысқақ бiрiншi рет тiркелдi. Инфекция көзіне ауру адам және сау вибриотасымалдаушы жатады. Залалдану механизмі фекальды-оральды, ол су, тамақ және тұрмыстық қатынас жолдарымен тарайды. Залалдану ауыз арқылы залалданған су немес тамақ қабылдаған кезде жүреді. Тырысқақтың токсиннің адам организміне әсер ету нәтижесінде құсу, іш өту, іштің кебуі, организмнің сусыздану мен тұзсыздану болады. Тырысқақты аса қауіпті инфекциялар қатарына жатқызады.

Эшерихиоздар ( син. коли-инфекция) эшерихия тұқымдастығына жататын бактериялармен қоздырылатын, гастроэнтерит немесе энтероколит түрінде көрініс беретін, және ішектен тыс инфекциялар түрінде өтетін үлкен жұқпалы ауру.

Этиологиясы. Қоздырғышы Е.coli морфологиялық құрылысы бойынша грамм теріс боялатын таяқшалар, соматикалық (О), талшықтық (Н) және капсулалық (К) антигендері бойынша ажыратылатын, О және ОК антигендері бойынша серотоптарға, ал олардың құрылымы бойынша сероварларға бөлінеді.

Патогендік қасиеттері бойынша Е.coli 5 топқа бөлінеді:



  1. Энтеротоксигенді (ЕТЕС)

  2. Энтероинвазивті (ЕІЕС)

  3. Энтеропатогенді (ЕРЕС)

  4. Энтерогемморагиялық (ЕНЕС)

  5. Провизорлық (ЕАЕС)

Жоғарғы температураға және дезинфектанттарға өте сезімтал. Сыртқы ортаға төзімді, тұрмыстық жағдайда өзінің тіршілігін 35 күнге дейін сақтай алады. Соңғы жылдары антибиотиктерге жоғары тұрақтылық байқалып келеді.

Эпидемиологиясы. Инфекция көзі ауру адам. Берілу жолдары ауыз-нәжіс арқылы, көбінесе тұрмыстық қарым-қатынас, тағам және су арқылы. Маусымдылығы – жаз-күз айлары. Иммунитет тұрақсыз.

Патогенезі. Энтеропатогенді ішек таяқшаларының арасында инвазивті таяқшалар – олар ішек эпителиесіне еніп, инвазиялық қасиеті адгезия факторына байланысты. Ішек таяқшалары ащы ішектің шырышты қабатының эпителиоциттерін зақымдап, олардың сылынып түсуіне ықпал етеді, осының орнында кейіннен қабыну және эрозия пайда болады.

Басқа да токсикалық заттар (нейротоксин, фибринолизин, гемолизин, липаза және т.б.) ішек қуысына жиналатын, эндо және энтеротоксинмен бірге фагоцитозды басып, шырышты қабатты сенсибилизирлеп, оның қабырғасының өткізгіштігін жоғарлатуы арқылы, қанға сіңіп әртүрлі органдар мен жүйелердің функцияларын бұзады (бауыр, буйрек, жүрек және т.б.).



Клиникасы. Жасырын кезең 2-6 күн. Ауру жедел басталады, дене қызуы жоғарлайды, құсу, іш өтумен сипатталады.

Арудың ауырлығына қарай – жеңіл, орташа және ауыр түрлерін ажыратады.

Жеңіл түрі: жалпы жағдай нашарламаған, дене қызуы қалыпты немесе үлкен дәрет 6-8 рет тәулігіне, сары түсті, кейде шырыш аралас, 1 рет құсу болуы мүмкін.

Орташа ауыр түрі: дене қызуы 38-39 градус, кейде қалыпты, құсу, үлкен дәреті 10-12 рет, сұйық шырыш аралас, әлсіздік, ұйқышылдық, іштің кебуі.

Ауыр түрі: жедел басталады, дене қызуы 38-39 градус, қайталанбалы құсу, үлкен дәрет – сулы, көпіршікті, шырыш аралас, кейде қан аралас болуы да мүмкін, 20 ретке дейін, нашар иісі болады, метеоризм, ащы ішек бойымен ауырсыну сезімі анықталады.

Су көп мөлшерде жоғалтады, натрий, калий, көбінесе тұз жетіспеушілік сусыздануға алып келеді, тері жабындысы бозарған, көз асты көгерген, санасының бұзылуы, тырыспа болуы мүмкін.

Интоксикация белгілері аурудың бірінші күндерінен бастап айқындалады.

Күтім ерекшеліктері. (сальмонеллезді қара)

Емі. Тырысқақтың ауыр және орташа ауыр түрінде кең спектрлі антибиотиктер мен нитрофурандар (фуразолидон, эрцефурил). Коли-протейлі бактериофаг аса эффективті. Айқын интоксикациялық симптомдар болған жағдайда дезинтоксикациялық және регидратациялық ем жүргіземіз. Оралді регидратацияны аурудың алғашқы кезеңдерінде жүргізу керек.
10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы – 31,5 мин (35%)

Өзіндік жұмысты орындау үшін қажетті материалдар мен тапсырмалар беру



11. Жаңа тақырыпты бекіту – 9 мин (10%)

12. Сабақты қорытындылау – 1,8 мин (2%)

Сабақты қорытындылау, оқушылардың білімін бағалау



13. Үйге тапсырма беру – 1,8 мин (2%)

9 сабақ

1.Сабақтың тақырыбы: Тағамдық уытты инфекциялар.

2. Сағат саны: 2 сағ. 200 мин. (100%)

3. Сабақ түрі: түсіндірмелі, аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

оқыту: тағамдық уытты инфекциялар этиологиясын, эпидемиологиясын, клиникасын, патогенезін, алдын алуын үйрету

тәрбиелік: жеке бас гигиенасын сақтауға, ұқыптылықты, тәртіп сақтауға тәрбиелеу

дамыту: гигиенаның дағдыларын, болашақ мамандық қызығушылығын дамыту

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютерлер, мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: Даумед клиникасы №1 бөлме, №2 бөлме.

6. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

  1. Инфекционные болезни и эпидемиология: учебник. Покровский В.И., Брико Н.И., Данилкин Б.К., Пак С.Г. – 2-е изд, -М., ГЭОТАР-Медиа, 2008г.

  2. Инфекционные болезни: учебник для медучилищ. Антонов Т.В. – 2000г.

  3. Инфекционные болезни с эпидемиологией. Муратбеков С.К., Лученко Н.В., Юрашик Л.Н., издательство «Арман-ПВ», 2003г.

Қосымша (Қ)

  1. Атлас детских инфекционных заболеваний/под ред. К.Дж.Бэйкер; пер. с англ. под ред. В.Ф.Учайкин – М., ГЭОТАР-Медиа, 2009 г.

  2. Атлас детских инфекционных заболеваний: пер. с англ. под ред. В.В.Малеева, Д.В.Усенко, Эмонд Р.Т.Д., Уэлсби Ф.Д., Роулэнд Х.А.К. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2001г.

  3. ВИЧ-инфекция и СПИД. Клинические рекомендации/под ред. В.В.Покровского. -2-е изд., перераб. и доп. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2010г.

  4. Инфекционные болезни с курсов ВИЧ-инфекции и эпидемиологии. Рубашкина Л.А. – 2002 г.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет