К. А. Нариков, Г. Г. Беркалиева, С. С. Тулемисова


ішкі (тесік ішіндегі) болуы мүмкін.  Пішін қалпына қарай бұрандалар үшбұрышты



Pdf көрінісі
бет11/77
Дата25.02.2024
өлшемі3.99 Mb.
#493135
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   77
шоғыр

ішкі (тесік ішіндегі) болуы мүмкін. 
Пішін қалпына қарай бұрандалар үшбұрышты, трапециялық
тіктөртбұрышты, дөңгелек жəне арнайы болып бөлінеді (2.2 - сурет). 


13 
Үшбұрышты бұранда метрикалық, құбырлық жəне дюймдік, ал 
трапециялық бұранда трапецеидальды, тіректік жəне күшейтілген тіректік 
болып бөлінеді. 
Сурет 2.2 – Бұранданың пішіндері 
Қадамының шамасына қарай бұрандалар ірі, ұсақ, арнайы болып 
ажыратылады. 
Иірімдер санына қарай бұрандалар біржүрісті жəне көпжүрісті болып 
бөлінеді. Көпжүрісті бұрандалар алғашқы жағдайда цилиндр бетінде біркелкі 
орналасқан екі, үш немесе одан да көп бірдей пішінді кескіштердің бір 
мезгілде бұрамалық орын ауыстыруы нəтижесінде пайда болады. Көпжүрісті 
бұраманың көлденең қимасында шығыңқылық сандары z жүрістер санына тең 
фигуралар пайда болады. 
Сонымен қатар барлық бұрандалар стандартты жəне стандартты емес 
болып бөлінеді. 
Бұранданың негізгі параметрлері: 
d – бұранданың сыртқы диаметрі, 
d
1
– бұранданың ішкі диаметрі, 
p –бұранда қадамы – бұрамалық беттің жасаушысы бойымен өлшенген 
көршілес иірімдер арақашықтығы. 
p

– бұранда жүрісі – жасаушысы бойымен өлшенген бір бұрамалық 
сызық көршілес иірімдерінің арақашықтығы. 
Біржүрісті бұранда үшін p қадамы оның h жүрісіне тең: p=h. 
Көпжүрісті бұрандалар үшін: h=z*p, мұнда z – бұранда жүрістер саны 
(2.3-сурет). 


14 
 
Сурет 2.3 – Бұранданың негізгі параметрлері 
 
2.3. Бөлшектердің жұмыс сызбалары 
Кез келген бұйым — механизм, аппарат немесе қозғалтқыш жеке 
бөлшектерден тұрады. Бөлшектің белгілі тағайындалуы бар бөліктері 
бөлшектің элементтері деп аталады, мысалы: құлақша, қиықжиек, құрсау, 
ойық . 
Машиналар мен механизмдердің бөлшектерін жасап шығару үшін 
негізгі кұрамалық құжат (НҚҚ) — бөлшектің жұмыс сызбасы қол-данылады. 
Бөлшектің жұмыс сызбасы— бөлшекті жасап шығару, жөндеу, бақылау 
үшін қажетті кескіндер мен басқа да мəліметтерден тұратын құжат. Бөлшектің 
жұмыс сызбасы бұйымға қойылатын пайдалану талаптарын көрсету үшін 
арналған міндетті техникалық құжат. 
Жұмыс сызбалары жобалау процесі кезінде құрастыру сызбасының, 
бұйымнан алынған нобайы бойынша орындалады. 
Бөлшек нобайы— бұл оның сызу құралдарын қолданбай көз мөл-шерімен 
орындалған жұмыс сызбасы. 
Нобайлар, жұмыс сызбасын орындау негізі болып табылатын-дықтан, 
оларда барлық қажетті мəліметтер болады. Нобайдың жұмыс сызбасынан 
айырмашылығы оның сызу кұралдарды қолданбай, дəл масштабты сақтамай, 
бөліктерінің пропорцианалдығы көз мөлшерімен орналасатындығында ғана. 


15 
Сурет 2.4 – Бөлшек нобайы 
Нобайлар уақытша қолдануға арналған сызбалар жəне кейбір 
бөлшектердің жекелеп орындау өндірісінде колданылады, мысалы 
жабдықты жөндеу кезінде қолданылады. 
Бөлшектердің нобайларын олардың нақты мəндеріне қарап орындай-
тындықтан білім алушыларға алғашқы құрылымдық жұмысқа 
дағдылануды үйретеді (2.4- сурет). 
Бөлшектердің жұмыс сызбаларына жəне нобайларға төмендегі 
талаптар қойылады: 
стандартты пішімде орындалуы тиіс ; 
кескіндер бөлшектің геометриялық формасын толық ашатын 
жеткілікті санынан тұруы тиіс; 
ауытқу шектері белгіленген қажетті өлшемдер керсетілуі тиіс; 
əртүрлі беттердің кедір-бұдырлығына катысты талаптар көрсетілуі 
тиіс; 
беттердің пішінінің; шеткі ауытқуларының жəне орналасуының 
белгіленулері көрсетілуі тиіс; 
бөлшектің материалы, термиялық өңделуі туралы, оны құрастыру 
кезінде қажетті қапталуы жəне таза өңдеу жөніндегі мəліметтер 
көрсетілуі тиіс;
– 
бөлшекке қойылатын техникалық талаптар көрсетілуі тиіс. 


16 
Центрлік тесік 
Сурет 2.5 – Деталь бөлшектерінің технологиялық элементтері 
Қиықжиектер, тесіктер, шұңқырлар, бүртіктер, бунақтар, кілтектер, 
тағайындалуы əртүрлі ойықтар жəне т.б. бөлшектердің ең жиі кездесетін 
кұрылымды жəне технологиялық элементтері болып табылады. Бұл 
элементтердің əр қайсысының қатаң белгіленген тағайындалуы бар жəне 
олар бөлшектің жұмыс шарттарына, оны жасау технологиясына байланысты 
орындалады (2.5- сурет). 
Бұйымдарды кұрылымдағанда мына пішіндер ескеріледі: 
- дайындамаларды аз ғана əдістермен жасауды камтамасыз ететінбөлшек 
беттері пішіндернің үйлесімділігі; 
- бұйымды механикалық өңдеудің ең аз мөлшері; 
- үйлестірілген, тұрақтыландырылған бөлшектерді кеңінен қолдану. 
Құрастыру сызбалары 
Құрастыру сызбасы құрастыруға жəне реттеуге арналған бұйымның 
көрінісі мен басқа да мағлұматтары бар сызба құжаты. Құрастыру сызбасына 
сонымен қатар, гидромонтажды, пневмомонтажды жəне электромонтажды 
сызбалар жатады. 
МЕСТ2109-73 бойынша құрастыру сызбасына мыналар кіреді: 
1) Құрастыру бірлігінің кескіні. Кескіндер саны минимальды, сонымен 
қатар құрама бөліктердің орналасуына жəне өзара байланысуы жөнінде толық 
мəлімет болуы керек. Құрастыру сызбасында бұйымның құрамы бөліктерінің 
өзара орналасуы жəне біріктірілуі сұлбаларын орналастыруға мүмкіндік 
береді. 
2) Берілген құрастырылу сызбасы бойынша бақылауға жататын 
өлшемдер, шекті ауытқулар жəне басқа параметрлер. 
3) Бұйымның ажырамалы бөліктерінің берілісі жөніндегі мағлұматта 
беріліс дəлдігі берілмеген өлшемдер ауытқумен қамтылса, онда сызбада 
жинақтау жəне сыру, жылжыту ажырамайтын бөлшектердің қосылысы 
(пісіру, балқыту жəне т.б.) көрсетіледі. 


17 
4) Бұйымға кіретін құрама бөлшектердің позиция нөмерлері. 
5) Бұйымның негізгі сипаттамасы. 
6) Габаритті, қондыру, біріктіру жəне тағы да басқа анықтамалық 
өлшемдер. 
Құрастырылған сызбаларға спецификация ұсынылады жəне оған 
құрамдық бөліктермен енгізіледі. Бұйымның құрамына кіретін сызбалар үшін 
жасалған конструкторлық құжаттар. 
2. Құрастырылған бірліктердің сызбалары тағайындалған анықтамалар 
бойынша ажыратылады жəне олардың мазмұны да соған тəуелді болып келеді.
Сызбалардың ортақ түрі МЕСТ120-73 конструкторлық құжат ретінде 
орнатылады. Ол жасалған бұйымның құрылымы мен бұйым жұмысының 
принциптерін түсіндіру мақсатына арналған. Сызбалардың ортақ түрлері 
жұмыстық құжаттамалардың негізін анықтау үшін қолданылады. 
Құрастырылымдық сызбаларға комплектілердің сызбалары мен машина 
станок, аппараттар мен бірнеше бірліктерден тұратын сызбалары мен 
детальдары жатады. Олар жұмыс құжаттамалардың кешенінің құрамына 
кіреді де, өндіріс үшін арналады. Құрылымдық сызбалар арқылы 
құрастырылымдық жұмыстар атқарылады, олар бұйымдағы құрылымдық 
бірліктер мен детальдарды өзара байланыстырып тұрады. Сызбаның 
құрастырылымдық жинағын дайындау үстінде тек жұмыстың конструкторлық 
беріктігі ғана емес, сонымен қатар эксплуатациялардың ыңғайлылығы мен 
дизайнда ескеріледі. 
Құрылымдық сызбада басқа да жұмыстық проектілерді жүзеге асыру 
үшін габариттік, монтаждық жəне жөндеу сызбалары, құрылымдық бірліктер 
қолданылады. Габариттік сызба бұйым дайындауға арналған, сол сызбада 
себепті максималды қысқартулармен орындалады, бұл сызбада габариттік 
жəне орнатылған, байланыстырылған бұйымның өлшемдер көрсетіледі. Ал 
қажет жағдайда белгіленген бөліктердің өлшемдері алынады.
Монтаждық сызбаны тағайындалған ереже бойынша құрылымдық 
сызбаларға арналған суреттер арқылы орындайды. Мұнда монтаждалып 
тұрған бұйымның детальдарын ашып көрсету маңыздырақ болып келеді. 
Монтаждалып тұрған бұйым тұтастай сызықтармен көрсетіледі, ал бұйым 
берік орнатылып тұрған құрылым жіңішке бірыңғай сызықшалармен беріледі. 
Бұл сызбада тағайындалып қойылған жəне бір-бірімен байланыстырылған 
өлшемдер көрсетіледі. Сонымен қатар, олардың құрылу ережелерінің 
дұрыстығы беріледі. 
ҚС сызбаларын оқу – бұл өнімнің мақсатын, құрамын, 
конструкциясын, өзара орналасуын, бекітілуімен барлық бөліктерінің өзара 
қарым-қатынасын зерттеп қорыту керек. ҚС сызбасын келесідей 
кезектілікте оқу ұсынылады: 
1. ҚС сызбасының негізгі жазуын зерттеу:
- жинау бірлігінің атауы бойынша оның мақсатымен жұмыс 
қағидалар туралы ой құрау;
- сызбаның литері бойынша жасау кезеңі туралы пікір құрау 
(тəжірибе үлгісі, тəжірибе партиясы, сериялы өндіріс жəне т.б.);


18 
- өнімнің іс жүзіндегі өлшемдері мен салмағы бойынша масштабты 
зерттеу;
- жасаушының констукторлық құжатамасының ұйымдастырылуына 
назар аудару керек, сонымен қатар ұқсас өнімдерді жасаушылардың 
арасындағы «рейтинг» пен оның беделі тұрғысынан талдау жасау керек; 
- ҚС сызбасы неше бетте сызылғаны туралы анықтау. 
2. Өнімнің қысқаша сипатын зерттеу, оның құрылымымен жұмыс 
қағидасын білу; 
3. Спецификацияны көріп алу (еркін кестеге); өнім қандай құрастыру 
бірліктерінен, оригиналды жəне стандартты бөлшектерден құралғанын айту; 
олардың ара қатынасы, түсі бар қосылыстардың баршылығын; олардың 
модульдерін; гидравлика, пневматика элементтеріне назар аудару; 
бөлшектер 
жасалатын 
материалдарға 
назар 
аудару; 
прокаттың 
қолданылуымен қара металдарды қию процессін бақылау, лигерленген 
конструкциялық болатынын оқу; түсті металдардың, сатылатын арнай 
мақсаттағы өнімдерді (сорғыштар, двигательдер, гидроцилиндрдер жəне 
т.б.); өндірісіне көз жеткізу; сызбада əрбір құрылымдық бөлімді табу 
(бөлшек, құрастыру бірлігі). Бұл бөлімдер əдетте спецификацияда немесе 
жеке позициямен бос кестеде көрсетіледі. 
4. Сурет бойынша бөлшектердің геометриялық нысаны өзара 
орналасуын, олардың қосылу тəсілдері, орын ауыстыруда мүмкіндігі, 
жұмыс кезіндегі өзара əрекеттестігі, үйкелетін бөлшектердің майлануын 
көрсету.
5. Өнімнің толығымен жəне құрамдас бөліктердің жиналуымен 
бұзылуының кезектілігін анықтау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет