Кафедрасы 5В070400 "Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету" мамандықтарына арналған


Өндірістік ортаның зиянды факторлары және олардың адамға әсері



бет7/74
Дата27.01.2023
өлшемі1.19 Mb.
#468830
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   74
Силл Еңбекті қорғау ЕТжБҚЕ 17-18 1 сем Гумаров

2. Өндірістік ортаның зиянды факторлары және олардың адамға әсері
Еңбек процессіндегі адамның іс-әрекетінде өндірістік саланың әр түрлі көрсеткіштеріне әсер етеді, ол адамның денсаулық жағдайымен жұмыс істеу қабілетін анықтайды және сипаттайды, қолайсыз жағдайда еңбек өнімділігінің төмендеуіне, жарақаттану мен кәсіптік аурулардың пайда болуына әсер етеді.
Қауiптi еңбек жағдайлары - еңбектi қорғау ережелерi сақталмаған жағдай-да белгiлi бiр өндiрiстiк немесе жоюға болмайтын табиғи факторлардың әсерi қызметкердiң жарақаттануына, кәсiптiк ауруға шалдығуына, денсаулығының кенеттен нашарлауына немесе улануына әкеп соқтыратын, соның салдарынан еңбекке қабiлеттiлiгiнен уақытша немесе тұрақты айрылуы, кәсiптiк ауруға шалдығуы не өлiмi туындайтын еңбек жағдайлары.
Қауiптi өндiрiстiк фактор - қызметкерге әсер етуi еңбекке қабiлеттiлi-гiнен уақытша немесе тұрақты айрылуға (өндiрiстiк жарақатқа немесе кәсiптiк ауруға) немесе өлiмге әкеп соқтыруы мүмкiн өндiрiстiк фактор.
Зиянды (ерекше зиянды) еңбек жағдайлары - белгiлi бiр өндiрiстiк фактор-лардың әсерi қызметкердiң еңбекке қабiлеттiлiгiнiң төмендеуiне немесе сырқаттануына не оның ұрпақтарының денсаулығына терiс ықпалы болуына әкеп соқтыратын еңбек жағдайлары.
Зиянды өндiрiстiк фактор - әсерi қызметкердiң сырқаттануына немесе еңбекке қабiлеттiлiгiнiң төмендеуiне және (немесе) оның ұрпақтарының денсаулығына терiс ықпалы болуына әкеп соқтыруы мүмкiн өндiрiстiк фактор.
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар табиғаты бойынша физикалық, химиялық, биологиялық, психофизиологиялық болып бөлінеді.
Өндірісте жағдайсыз факторлар табиғаты, біліну түрі және адамға тигізетін әсері бойынша мынадай топтарға бөлінеді:
1. Физикалық факторлар – жылжымалы машиналар мен механизмдер, қон-дырғылардың қозғалмалы бөлшектері, электр тоғы, жағымсыз микроклимат, қолайсыз жарық, үлкен мөлшерлі шуыл мен вибрациялар т.б.
2. Химиялық факторлар – улағыш және зиянды заттар, газ, бу, шаңдар.
3. Биологиялық факторлар – ауру туғызатын микробтар, вирустар, бакте-риялар, өсімдіктер, жәндіктер т.б.
4. Психофизиологиялық факторлар – физикалық, нерв-психиялық және эмоциялық қажу т.б.
Еңбек қызметі процесіндегі жұмыс жасаудың өзгеруін анықтайтын фактор-ларға халықаралық еңбек ұйымдарының ұсыныстарына сәйкес келесілер жатады:
• физикалық күш (жүктің қозғалуы, ауырлықты қолдау, еңбек заты мен басқару органын басу);
• жүйкелік күш салу (есептеудің күрделігі, жұмыс сапасына қойылатын ерекше талап, құралдармен басқару күрделігі);
• жұмыс қарқыны (уақыт бірлігіндегі еңбек қозғалысының саны);
• жұмыс жағдайы;
• жұмыстың бір сарындылығы;
• жұмыс аймағындағы температура, ылғалдылық, жылулық сәулелену;
• ауаның ластануы (жұмыс зонасының 1 м3 ауасындағы қоспаны саны мен бар болуы);
• өндірістік шу (бар болуы, жиілігі, дыбыс күші);
• діріл, айналу, сілкіністер;
• жұмыс аймағының жарықтануы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет