Кіріспе Тақырыптың өзектілігі



бет2/17
Дата13.09.2023
өлшемі0.52 Mb.
#477438
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Бензин отынынының қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына келтіретін зияны

Зерттеу мақсаты:
Бензин отынынының қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына келтіретін зияндылық дәрежесін анықтау.
Зерттеу міндеттері:

  1. Автозаправка жасайтын стансалардың қала бойынша орналасу жиілігін анықтау;

  2. Бензин отынынан бөлінетін зиянды заттардың адам ағзасына әсерін зерттеу.

Зерттеу объектісі: бензин заправкалары.
Зерттеу әдістері: гравиметриялық әдіс.
Тәжірибе базасы: Гелиос АЗ
Ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңызы: Ауа құрамындығы бензин буы концентрациясы анықталды, адамдар денсаулығына әсері зерттелді.
Диплом жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспе, зерттеу материалдары мен әдістері және зерттеу нәтижелері тарауларынан, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

І Негізгі бөлім
1.1 Атмосфералық ауанының химиялық құрамы, мониторингі
Атмосфера – Жер ғаламшарының ауа қабаты және ол биосфераның құрамды бір бөлігі болып саналады.
Атмосферадағы ауа қабаты түрлі газдардың жиынтығынан құралған, олардың ішіндегі ең көп мөлшері, яғни 78,08 % азоттың (N) үлесіне сәйкес келеді. Атмосферадағы ауа құрамының 20,95 % - оттегі, 0,9 % - аргон, 0,03 % - көмірқышқыл газы, ал қалғаны неон, гелий, сутегі, метан және т. б. газдар.
Атмосфера қабатындағы температуралық өзгерістерге байланысты жер бетінің биіктікке көтерілген сайын бірнеше қабатты ажыратады.
Бірінші Жер бетіне ең жақын қабаттар ретімен - стратосфера, мезосфера, термосфера және экзосфера деп аталады.
Атмосфераның Жер бетіндегі жалпы тіршілік атаулыға ең қабаты
тропосфера. Атмосферадағы ауа массасының 90 % - ға жуығы тропосфера қабатында шоғырланған. Тропосфера қабатының орташа қалыңдығы
Жер шарының түрлі ендіктерінде түрліше аумақты қамтиды. Мысалы поляр шеңберінің үстінде тропосфера 8-10 шақырым биіктікке дейінгі аралықты қамтыса, ал қоңыржай белдеулерде ол 10-12 шақырым, ал тропикалық белдеулерде 16-18 шақырым биіктікке дейін аралықты қамтиды. Тропосфера қабаты литосфера мен гидросфера қабаттарымен өте тығыз байланысты.
Атмосфера қабаты өзінің физикалық, химиялық және механикалық әсерлері арқылы жер бетіндегі жылу мен ылғалдылықты үнемі реттеп отырады.
Химиялық құрамы бойынша атмосфералық ауа газдардың қоспасы болып табылады (О2, N2, СО2 және инертті газдар).
Оттегі атмосфералық ауаның ең маңызды компоненті, адам ағзасында гемоглобинмен байытып оксигемоглабин түзеді. Осы күйінде қандағы эритроциттер арқылы тасымалданады. Табиғатта оттегі тірі ағзаларда тотықтыру процесінде пайдаланады және жану кезінде тұтылады. Оттегінің қоры атмосферада жеткілікті және мұхиттың фитопланктондары мен құрлық өсімдіктерінің тішілігі арқасында үздіксіз ауаға О2 мөлшері ауытқымайды 20,7, 20, 95% арасында біршама тұрақты сақталады. Медицинада О2 –ң меншікті қысымын жасанды түрде аздап жоғарылатуды емдеу шараларында қолданады. Таза оттегі – улы. Егер жануарларды таза оттегімен дем алдырса, 24 сағаттан соң тыныс алу тоқталады.
Жер ғаламшарының атмосфера қабатының түзілуіне байланысты бастапқы атмосфера және екінші реттілік атмосфера деп ажыратылады. Ауа адамның тіршілігінде аса маңызды компоненті. Ауаның сапасы адамның денсаулығына ұрпақ жалғастыру қабілетіне, ауруларға төзімділігіне және өмір сүру ұзақтығына әсер етеді.
Адам ағзасына әсер етуші орта факторлар ішінде ең маңыздысы ауа. Себебі: ағзаға үздіксіз әсер етеді.
Атмосфералық ауаның адамның тіршілігі үшін маңызы зор.

  1. Ауа оттегінің тұрақты көзі ,ол адам ағзасының басты тотықтырғышы.

  2. Атмосфералық ауа температураның реттеліс факторы, ағзадағы артық жылудың барлығы атмосфералық ауаға таралады.

  3. Күн радиациясының жер бетіндегі мөлшері мен сапасы атмосфералық ауаның күйіне байланысты.

  4. Эволюция барысында адам ағзасы мен атмосфералық ауа арасындағы тепе-теңдік қалыптасқан, ауа химиялық, физикалық қасиеттерінің өзгеруі шаң-тозаңның көбеюі, өндіріс қалдықтары мен патогенді микроорганизмдермен ластануы осы тепе –теңдіктің бұзылуына және оның салдары ретінде тұрғындар денсаулығының нашарлауына апарады.

  5. Ауа массасының қозғалысы бұлттың түзілуі, жауынның түзілуі, яғни климаттың маңызды көрсеткіштері. Атмосфералық ауада болатын құбылыстар.

  6. Атмосфералық ауаны өндірістегі техналогиялық процесстерде қолданады. Мысалы: жану, метал балқыту, тотықтыру реакциялары т.б. Сонымен қатар ауа N, O, Ag, Ge т.б. газдардың көзі болып табылады[2].

Жер атмосферасының 5 қабаты бар:
Тропосфера (бағыт) – төменгі ең тығыз қабаты. Жоғарғы шекарасы 10-15км онда ауа массалары үздіксіз қозғалыста болады. Соған байланысты мұнда жел, бұлттар, тұман, жауын-шашын қалыптасады. Тропосфераның физикалық қасиетітері – температура, ылғалдылық,
қысымы үнемі өзгеріп отырады. Тропосфераның күйіне жер бетіндегі барлық процесстер әсер етеді, әсіресе шаң-тозаң, техникалық процесстердің қалдықтары, тағы басқалары тропосфераға бөлініп отырады.
Стратосфера (қабат) – ең жоғарғы шекарасы 50-60км, ылғалдығы төмен, температура ең төменгі бөлігінде + 60°С, ең жоғарғы бөлігінде +100°С мұнда азот түзіледі. Азонның жоғарғы концентрациясы жерден 25км биіктікте байқалады. Маңызды ерекшелігі – горизонталь бағыттағы ауа ағымдарының болуы және тығыздығының төмендігі. Осыған байланысты стратосфераны ластайтын заттар жердің беткі аумағында аса үлкен территорияға тарайды.
Мезосфера – жоғарғы шекарасы 80км. Азонның мөлшері аз, ерекшелігі: температураның төмендеуі -90°С дейін.
Термосфера немесе ионосфера (жылу, қозғалушы) 80км – ден 600, 800км-ге дейінгі аралықта орналасқан. Бұл қабатта температура биіктеген сайын артады.
80км биіктікте – 90°С
400км биіктікте – 2000°С
Ерекшелігі атмосфералық газдар ионданады.
Экзосфера сыртқы 800км-ден жоғарғы биіктіктегі қабат 1500-2000км дейінгі ауа тығыздығы өте төмен. (Ғарыштағы жағдайға өте ұқсас).
Сонымен қатар магнитосфера деген қабат бар. 50 мың км-ге дейінгі биіктікте орналасқан. Мұнда жердің геомагнитосфера өрісі орналасқан.[4,12]
Атмосфералық ауаның химиялық құрамы: СО2 –атмосфераға тірі ағзаның тыныс алуы, сонымен қатар: жану, ашу, шіру процесстері нәтижесінде бөлініп отырады. Өсімдікте оны фотосинтез кезінде сіңіріліп, СО2 -нің атмосфераға бөлінуі мен тұтылуы арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етеді.
СО2 -нің тағы бір көзі әлемдік мұхиттан бөлінетін газдар. СО2 –нің бұл бөлігі атмосфелалы бөлігімен динамикалық тепе-теңдікте болады. Атмосферада СО2 көбейсе – суда ериді, егер суда көп болса – атмосфераға шығады. Осының арқасында атмосфералық ауадағы СО2 –нің концентрациясы 0,03 – 0,04 тұрақты сақталады. Сондықтан атмосферадағы СО2 мөлшері өндірісі дамыған елдерде 0,05% көбейеді (жылу эффектісінің себепшісі).
Атмосферадағы СО2 адамның тыныс алу орталығының тітіркендіргіші яғни атмосфералық ауадағы СО2 көбейсе тыныс алудың белсенуіне, оның нәтижесі ретінде тыныс алудың жиілеуіне апарады.
Инсперациялық ауада СО2 3-4% артса, интоксикация белгілері байқалады. Ал 8% жетсе, улану нәтижесінде ағза тіршілігін жояды.
Тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарда ауағы СО2-нің концентрациясына қарап, осы орынның санитарлық жағдайын анықтайды.
СО2-нің мекемелер үшін ШМК-сы: 0,02 – 0,07%, ал тұрғын үйлер үшін – 0,03%. Ғимараттардың ауасында СО2 –нің жоғарлауы 2 факторға байланысты[3].
1.вентиляция 2.адам саны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет