Кіріспе зерттеу тақырыбымыздың өзектілігі



бет9/10
Дата04.03.2024
өлшемі367 Kb.
#494137
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Негізгі бөлім

Тыныштандырушы модель – жаңа ортаға бейімделе алмайтын, әрдайым қорқатын, жаңаға ұмтылмайтын жеткіншектер жандық дәрежеде тынышталу мақсатында психоактивті заттарды қолдануының жиі кездесетін формасы.
Коммуникативті модель – қарым-қатынаста қанағаттанбаушылық және басқа адамдармен дұрыс байланыс орната алмау кездерінде психоактивті заттарды қолдануы.
Белсендіруші модель – өмірлік күшті жоғарылату, көңіл-күйді көтеру мақсатында химиялық заттарды қолдану.
Гедонистикалық модель – эйфория жағдайын, психикалық және дене жайлылығын сезіну, қанағаттану мақсатында психобелсенді заттарды қолдану.
Конформды модель – өзінің әлеуметтік дәрежесін көтеру, бірінші болуға ұмтылу, өз жолдастарының артында қалмау, топта өз орнын табу мақсатында қолдану.
Манипулятивті модель – басқа адамдарды басқару мақсатында психоактивті заттар- ды қолдану. Истериялық реакциялы адамдар, әдетте осы модельді таңдайды. Жеткіншектердің есірткі мен психотропты заттарды қолдануға қажеттіліктің туындауы бірнеше факторларға байланысты, атап айтқанда, жеткіншектің жас ерекшелігі, жағымсыз әлеуметтік орта, жоғарғы нерв жүйесінің бұзылуы.
Позитивті алдын алу жұмысының мақсаты жастарға өзін түсіну үшін, салауатты өмір салтын ұстануға қажетті, өз мінез-құлқын саналы сезіну арқылы шешім қабылдай алу үшін, әлеуметтік және мәдени талаптарға жауапкершілікпен қарауға қажетті дағдыларды қалыптастыру, яғни тұлғаны дамыту болып есептеледі. Позитивті алдын алу жұмысының нәтижесі еркін тұлғаның қалыптасуы болмақ. Бағдарлама 20 мемлекетте жүргізіліп, көптеген нәтижелерге жеткен. Бұл бағдарламаны барлық мектептерде қолдануға болады. Бұл бағдарламада психотехникалық әдістер қолданылады: дискуссиялар, тренингтер, рөлдік ойындар, кішігірім лекциялар. Позитивті алдын алу жұмысы тек қана қауіпті еліктеулердің алдын алып қана қоймай, топтағы психологиялық ахуалды жақсартып, оқуға деген қызығушылықты арттырып, ересек пен жастар арасындағы жағымды қарым-қатынас орнатуға көмегін тигізеді.
Алдын алу бағдарламалары қорғану факторларын күшейту және есірткіні тұтыну тәуекелінің факторларын жою немесе азайту үшін жұмыс істейді.
Аталмыш бағдарламалардың үш түрі бар:
1)Әмбебап бағдарламалар белгілі бір жағдайда, мысалы мектепте немесе
қауымдастықта барлық балалар үшін ортақ қауіп факторлары мен қорғау факторларын ескереді.
2)Іріктемелі бағдарламалар есірткіні пайдаланудың жоғары тәуекеліне алып келетін нақты факторлары бар балалар мен жасөспірімдер топтарына арналған.
3)Арнайы бағдарламалар есірткі қолдана бастаған жастарға есептелген.
Профилактиканың үш деңгейі бар: бастапқы, екінші және үшінші.
Нашақорлықтын алдын-алуына байланысты бірнеше модельдер бар: 

  • Морализация моделі — діни қағидаттарға қайшы келетін, есеңгіреудің күнәлілігі мен өнегесіздігін дәлелдеу негізінде кұрылған.

  • Қорқыту моделі — есірткіні қолданудың кауіптілігі идеясын қолдану негізінде құрылған.

  • Танымдық модель — есірткінің әсері мен оны қолданудағы қауіптілік туралы объективті ақпарат беруді ұсынады. 

  • Мінез-құлық моделі — әлеуметтік трениниг арқылы қиын жағдайларды карым-қатынас проблемаларын женуге бағытталған шешімдерді қабылдау дағдыларын үйретеді. 

  • Аффектілі — ағарту моделі шеңберінде білім алумен қатар, есірткіні қолдануға деген сенім, бағалау, эмоционалды қатынастар қалыптасаы, әлеуетті қолданушылар мен өзін құрметтеу сезімін, есірткіге орын жоқ жеке құндылықтардың жүйесін қалыптастыру бойынша жүмыстар жүргізіледі.

Мұқтаж азаматтарға көмекті функциялық «тізбе» нысанында қамтамасыз етеді, ол: 
1) алғашқы ақпараттық-консультативтік көмектен; 
2) алғашқы медициналық, психологиялық, әлеуметтік диагностикадан
3) медициналық наркологиялық көмектен;
4) психологиялық-әлеуметтік және рухани оңалтудан; 
5) психологиялық-әлеуметтік және рухани сүймелдеуден, қолдаудан және көмектен тұрады.
Мақсатқа жету мынадай негізгі міндеттерді шешумен жүзеге асырылады: 
1) есірткіні медициналық емес тұтынудың таралуын төмендету; 
2) есірткіні медициналық емес тұтынудың таралуына ықпал ететін себептер мен шарттарды уақтылы анықтау және оларды тиімді жою бойынша кешенді іс-шараларды ұйымдастыру; 
3) есірткіні заңсыз тұтынушыларда және оларды тұтынуға бейім адамдарда олардың емделу және оңалу ниеттерін қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
4) жоғары тәуекел топтарымен нашақорлықтың алдын алуды ұйымдастыру және өткізу
5) әр түрлі типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру шеңберінде есірткіге қарсы тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру.
Эксперименттік жұмыстардың қиындық туғызған мәселелері, аралық тексеру нәтижелерін талқылап, қорытындыларды жинақтап отырдық. Тәжірибелік іс – шаралардың аралық нәтижелілік сапалылығын тексеру мақсатында, экспериментпен қамтылған сыныптардың оқушыларымен “дөңгелек үстел” түріндегі сұрақ – жауаптық әңгімелесу, пікір – таластар өткізіліп тұрды. Бұл іс–шаралар барысы төмендегідей мазмұндағы мәселелерді анықтау сұрақтар аясында өткізілді:

олардың оқушылардың өз бойында көрініс табуының басты себептері мен ықпал ететін факторларын анықтай білу деңгейлерін;

  • “Девиантты мінез – құлық” түсінігінің мәні негізінде оқушылардың қоғам

өмірімен, әлеуметтік ортамен түрлі салада (экономикалық, мәдени – ғылыми, діни, саяси, еңбек саласында т.б.) қарым – қатынастарға даярлықтың қажеттігін түсіне білу сапасын тексеру.

  • Көпшілік оқушылар жауаптарының мәнінен, тәжірибе жұмысы негізінде,

оқушылармен өткізіліп жатқан тәрбиелік іс – шаралардың мақсатты жоспарлануы, ондағы мазмұнның белгілі мәндегі тәрбие міндеттерін шешуге тікелей бағытталуы, тәрбие жұмыстарын жүргізгенде балалардың игеруі тиіс тәлімдік білім мәселелерінің айқындалуы, олардың экспериментке дейінгі тәрбиелік білім деңгейлерінің өскенін аңғардық.
Алкоголь мен есірткіні теріс пайдалану бүкіл әлем бойынша жасөспірімдер арасында айтарлықтай сырқаттанушылық пен өлім-жітімге алып келіп отыр. Психобелсенді заттарды теріс пайдалану проблемасы күрделі және ауқымды болса да, дәрігерлер, қауымдық көшбасшылар мен мектептерге жасөспірімдер арасында психобелсенді заттарды теріс пайдалану деңгейін төмендетуі мүмкін ісшараларды жүзеге асыру үшін ғылыми негізделген зерттеулердің елеулі көлемі ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет