Кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі


Қазқстан Республикасының жастар саясатының 2019 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық бағыттар және оларды жетілдіру жолдары



бет10/12
Дата01.06.2022
өлшемі463.14 Kb.
#458883
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
диплом

Қазқстан Республикасының жастар саясатының 2019 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық бағыттар және оларды жетілдіру жолдары

Жастар саясатының 2019 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi N903 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 – 2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының 6.5.13-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрленген.


Осының алдындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 13 ақпандағы N155 қаулысымен бекiтiлген Жастар саясатының 2003 – 2004 жылдарға арналған бағдарламасында жастар саясаты елдiң әлеуметтiк – экономикалық және қоғамдық-саяси өмiрiне жас азаматтарды белсендi тарту үшiн қажеттi алғы шарттар жасауға бағдарланған болатын. Осы бағдарламаны iске асырудың нақты нәтижелерiнiң бiрi жастардың 26 әлеуметтiк қызметiн құру болып табылады.
Жастар саясаты жастарды кепiлдiктермен қамтамасыз ету тетiктерiн кеңейтуге және қол жеткен нәтижелердi баянды етуге, жастардың белгiлi бiр мақсаттағы топтары шеңберiнде атаулы көмектердi арттыруға, нақты проблемаларды шешуге әлеуметтiк тұрғыдан бағдарланған және соған бағытталған. Осы проблеманы шешу жөнiндегi неғұрлым тиiмдi жол жастардың кәсiпкерлiгi үшiн жағдайлар жасау болып табылады.
Президенттiң Қазақстан халқына "Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн" деген 2004 жылғы 19 наурыздағы Жолдауында, онда атап айтқанда: "Әлеуметтiк сала мен адам ресурстарын дамыту Қазақстан үшiн шешушi ұзақ мерзiмдi басымдық болып табылады" деп айтылғаны - жастар қоғамды қалыптастырудағы неғұрлым қуатты факторға айналып отыр. Сонымен бiрге жастар халықтың ең бiр осал топтары болып табылады, ал олардың жағдайы iзгiлiктi проблема ретiнде қаралады. .[30]
Экономика дамуының қазiргi заманғы кезеңiнде жоғары бiлiмдi және шығармашыл, бәсекеге қабiлеттi жас адамдардың саны барған сайын көбiрек болуы қажет. Мемлекеттiк органдар мен жастар ұйымдары "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы" 2004 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғаннан кейiн мемлекет пен жастар қатынастарын жетiлдiруде жаңа қарқынға ие болды. Жастар саясатын iске асыру жөнiндегi уәкiлеттi органдар жас адамдардың қоғамға, экономикалық өзара қатынастар жүйесiне енуi жағдайларын жақсарту жөнiнде тұрақты жұмыстарды жүзеге асырады. Осы процесте экономиканың салаларын инновациялық дамытуға неғұрлым икемдiлер ретiнде нақ жастарға басты рөл беру қажет, бұл осы проблеманы барынша тиiмдi тәсiлдермен шешудi қамтамасыз етедi.
Нарықтық қатынастар жастар саясаты мәселелерiн iс жүзiнде шешуде елеулi өзгерiстер енгiзедi. Бұл мыналарды көздейдi:

  • барлық меншiк нысандарындағы кәсiпорындарда жастардың еңбек ету құқықтарын әзiрлеу мен жүзеге асыру;

  • жастарды жұмыссыздықтан қорғау және оларды еңбек рыногының терiс әсерлерiне байланысты табыс табудан айырмау жөнiнде және жастардың экономика саласындағы құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiндегi кепiлдiктердiң тиiмдi жүйесiн құру;

  • еңбекке жарамсыз, еңбек қабiлетi шектеулi адамдарды және жас отбасыларының әлеуметтiк-экономикалық қорғалуын қамтамасыз ету;

  • жастардың психологиялық-педагогтiк және заң көмегi жүйелерiн құру;

  • балалар үйлерiнiң бұрынғы тәрбиеленушiлерiне, қамауға алу орындарынан оралған және басқа да қайта әлеуметтендiрудiң ерекше жағдайларын талап ететiн адамдарға кәсiби бағдар беру және оларды еңбекке орналастыру, әлеуметтiк-еңбекке бейiмдеу жағдайларын қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының балалар мен жастар ұйымдары қауымдастығының, жастардың инновациялық әлеуметтiк-экономикалық мiнез-құлықтарын қалыптастыруға ықпал ететiн басқа да қоғамдық ұйымдардың қызметтерiн дамыту.
Жастар - жасына қарай сипаттамалары жиынтығының, әлеуметтiк жағдайлар ерекшелiктерiнiң негiзiнде бөлiнетiн және қоғамдық құрылыспен, мәдениетпен, әлеуметтендiру заңдылықтарымен, осы қоғамды тәрбиелеумен айқындалатын, сол немесе басқа да әлеуметтiк-психологиялық қасиеттермен ескерiлген әлеуметтiк-демографиялық топ; қазiргi заманғы жастардың жасына қарай 14-тен 25 жасқа дейiнгiлердi қоса алғанда Қазақстанда 14-29 жастағы жастар үлесi 2006 жылғы 1 қаңтарда халықтың құрылымында 29,5% құрады, бұл 4405138 адамды құрайды, оның iшiнде экономикалық жағынан белсендi халық 2406775 адам болып табылады.
Республикада жастар өсiмiнiң демографиялық үрдiсi сақталуда: халықтың табиғи өсiмi - 6,3%. Жастар - бұл қашанда үлкен ерекше жасына қарай кiшi топ ретiнде бiлiнетiн объективтiк қоғамдық құбылыс. Жастар - қоғамның бiр бөлiгi. Бұл ретте, жастар саясаты жас ұрпақты қоғамдық өмiрге әлеуметтiк ықпалдастырудың бiрден-бiр мүмкiн болатын тетiгi болып табылады.
Қазақстан Республикасында жастар саясатын iске асыру Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 13 ақпандағы N 155 қаулысымен бекiтiлген 2003-2004 жылдарға арналған жастар саясаты бағдарламасымен айқындалған негiзгi бағыттарға сәйкес жүзеге асырылды.
2005 – 2006 жылдары құрылған жастардың коммерциялық емес ұйымдар базасында жастардың әлеуметтiк қызмет желiлерi жастардың әлеуметтiк жағынан өз – өздерiн реттеп отыруына жәрдемдесудi өздерiнiң алдына негiзгi мiндет етiп қойып отыр. Осы жүйеде қолданылып жүрген "бiр-бiрiне тең санау", "жастардың КЕҰ - жастар" сияқты әр түрлi түзеу технологиялары да осы проблемаларды шешуге жәрдемдесуге тиiс. Осыған байланысты осы Бағдарламаның негiзгi мiндеттерiнiң бiрi қазiргi бар жобаларды қолдау және пысықталған бағыттар бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстар ұсыну практикасын кеңейту ғана емес, әлеуметтiк өзiн-өзi реттеудi қамтамасыз етуге бағытталған құрылымдарды құрудың жаңа жолдары мен нысандарын iздестiру және жас адамдар санасындағы мiнез-құлық, әлеуметтiк-саяси және өзге де нормаларды қайта егу болып табылады.
Бұл кезең осы саланың неғұрлым өзектi проблемаларын шешудегi жүйелi көзқарасты қалыптастырумен және жастар саясатының әлеуметтiк жағынан бағдарланған сектораралық моделiн жүзеге асырумен сипатталады.
Сонымен бiрге, жастар саясатын iске асырудың қазiргi кезеңiнде жастардың одан әрi даму қарқынын және елiмiздiң әр түрлi өңiрлерiндегi жастар саясатын тиiмдi жүргiзудi тежейтiн бiрқатар проблемаларды бөлiп алу қажет, олар:

  • жастардың қазiргi заманғы талаптарына сәйкес келмейтiн қолданыстағы нормативтiк құқықтық базаның жетiлдiрiлмеуi;

  • өңiрлiк жастар саясатын iске асыру үшiн тиiстi қаржылық, ұйымдастырушылық және ақпараттық ресурстардың жеткiлiксiздiгi;

  • жастардың әлеуметтiк проблемаларының шешiлмеуi, мұнда жастарға қатысты жүргiзiлетiн мемлекеттiк саясат еңбек ету, денсаулық, бiлiм беру және тәрбие сияқты өмiрдiң аса маңызды салаларына өзiнiң назарын шоғырландыруы тиiс. Бұл ретте, жас ұрпақтың құндылықтарын, олардың құштарлықтарын, өз-өздерiн көрсетудiң әр түрлi нысандарын, бастамаларын, әлеуметтiк белсендiлiгiн, өмiр сүру салтын назарға алу қажет;

  • бүгiнгi күнi жастар iске қосылмаған еңбек ресурстары, осыдан туындайтын барлық салдарларымен бiрге талап етiлмеген әлеует болып отыр. Дәл осы, кеңiнен жайылған масылдықта жастар белсендiлiгiнiң басты тежеуiшi жасырын жатыр. Демек, жастардың әлеуметтiк белсендiлiктерi мен өз болашағы және өз елiнiң болашағы үшiн жауапкершiлiктерiн арттыру үшiн мүмкiндiктерiн түбегейлi кеңейтуге арналған жағдайлар жасау қажет.

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң Жастар саясаты департаментi 2019 жылы жүргiзген әлеуметтiк сауалнама нәтижелерi бойынша жастар санасындағы оларды толғандыратын неғұрлым өзектi проблемалар: сыбайлас жемқорлық, билiк органдарындағы қызмет бабын терiс пайдаланушылық (44,3%), есiрткiнiң таралуы (31,6%), жастар арасында қылмыстың өсуi (29,8%) болып табылады.
Бұдан басқа, жастардың едәуiр бөлiгi үшiн өмiрлiк маңыздысы сауал салынғандардың 45,6%-ында тұрғын үймен қамтамасыз етуге байланысты проблемалар болып табылады. Осы проблеманы жою үшiн жастар жеке меншiк тұрғын үй сатып алуға жеткiлiктi табыс табу мүмкiндiктерiн берудi ұсынады, бұл ретте сауал салынғандардың 31,5%-ы жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар қабылдануы қажет екенiн атап өтедi. 15,9%-ы үшiн тұрғын үймен қамтамасыз ету әдiстерiнiң бiрi ипотекалық кредит беру жүйесiн дамыту болып табылады.
Әдеттегi нормалар, мораль мен адамгершiлiк туралы ұғымдар елеулi өзгерiске ұшырап отырған қоғамның түрленуi кезiнде құралдық құндылықтар немесе өмiр сүруде табысқа жету әдiстерi деп аталып жүргендер туралы қоғамның түсiнiктерiн бiлу маңызды. Жастардың 48,3%-ының пiкiрi бойынша жақсы бiлiмнiң болуы өмiрде табысқа жетудiң қажеттi алғы шарты болып табылады. Пайдалы байланыстар мен тамыр-таныстық өмiрде алға басуға ең жақсы түрде жәрдемдеседi - бұл табысқа жету әдiстерi рейтингiндегi екiншi позиция (33,5 %). Табысқа жету үшiн үшiншi бiр басым құрал деп респонденттердiң 32,7%-ы ақшаның болуын атайды. 29,0%-ы қажырлы еңбек етудi атап өтедi, 17,0%-ы үшiн күштi ерiк жiгер, 10,5%-ы үшiн "жағдайлардың сәттi барысы" негiзгi құрал болып табылады. Қазiргi Қазақстан қоғамы құрылымының түрленуiндегi қиыншылықтар қандай да бiр дәрежеде республика жастарының 5,1%-ында заң және адамгершiлiк туралы ұғымдардың өзгеруiне ықпал етiп отыр, олар өмiрде табысқа жетудегi мiндеттi жағдай деп қылмыс әлемiндегi байланыстардың болуын есептейдi. Сонымен бiрге, жастардың үштен бiр бөлiгiнен астамы жақсы бiлiм мен мамандықтар ала алады, кейбiреулерi өздерiнiң саяси көзқарастары мен талаптарын еркiн және жария түрде бiлдiредi, кейбiреулерi бiлiктi медициналық көмектер алады, кейбiреулерi өздерiнiң шығармашылық қабiлеттерiн iске асыра алады, кейбiрi өз қаласы мен кентiнiң өмiрiне қатысты шешiмдер қабылдауға ықпал ете алады. Жартысынан астамы (61,7%) өз халқының әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерiн еркiн сақтай алады.
Жастардың дамуындағы неғұрлым өзектi мәселе жастар арасындағы әлеуметтiк-экономикалық шиеленiстi көңiл күйдi көрсететiн жұмыспен қамту мен еңбекке орналастыру проблемасы болып табылады. Ресми статистикалық деректер бойынша республикада 2020 жылғы жағдай бойынша 15 – тен 29 жасқа дейiнгi жұмыссыздар 300 мыңға жуық, яғни жалпы санның 12,2%-ы.
Еңбек рыногын кеңейтудiң, жастарға арналған жаңа және қосымша жұмыс орындарын құрудың нақты жолдарының бiрi кәсiпкерлiк бастамаларды дамыту болып табылады. Жастар арасында, сауал салынғандардың 50, %-ы жастар кәсiпкерлiгiн дамытудағы елеулi проблемаларды көрсетедi, 25%-ы проблеманың болу мүмкiндiгiн ғана атап өтедi.
Көптеген жас адамдар (35%), егер мемлекет тарапынан жастардың кәсiпкерлiгi үшiн көтермелеу мен ынталандыру енгiзiлетiн жағдайда жеке меншiк бизнестерiн ұйымдастырғылары келедi. Бұл ретте, барлық сауал салынғандардың iшiнен 35,5%-ы қазiргi жағдайларда жеке бизнестерiн ұйымдастыруға дайын екендiктерiн көрсеттi және 9%-ы ғана "жоқ" деп жауап бердi.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң деректерi бойынша 2021 жылдың төртiншi тоқсанында ғана 63370 жас адамдар жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшiн өтiнiш жасады, олардың iшiнде тек 37273 адам ғана жұмысқа орналасты. Қазiргi кезде жастардың экономикалық дамуын және оларды еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасау жөнiнде мақсатты жұмыстар жүргiзiлiп келедi. Тұтастай алғанда осы бағыттағы жұмыс кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту, еңбекпен қамтуға жәрдемдесу, жастар ұсынған бизнес-жобаларды сараптау және бағалау жөнiндегi кешендi қызмет көрсетулердi қамтамасыз ететiн жастардың әлеуметтiк қызметтерiн ұйымдастыруға шоғырландырылады.
Республикада жер-жерде жұмыспен қамту қызметтерiнiң жанынан кәсiпорындар мен ұйымдардағы жұмыс орындары туралы деректер базасы үнемi жаңартылып отырады, еңбек рыногында сұранысқа ие болатын мамандықтар мен кәсiптер бойынша жас кадрларды даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру жұмыстары жүзеге асырылуда.
Статистикалық деректер бойынша жас азаматтар үшiн бiлiмдiлiк пен кәсiптiк бiлiм алуға қол жеткiзу деңгейi мынадай сандармен сипатталады: 2020 – 2021 оқу жылының басында негiзгi мектептi бiтiргендiгi туралы куәлiк алған, жалпы орта бiлiм беретiн мектептердi бiтiрушiлердiң саны – 299248 адам, орта бiлiмi туралы аттестатты алғандар саны – 244686 адам; колледждi бiтiрушiлердiң саны – 60406 адам, жоғары оқу орындарын бiтiрушiлердiң саны – 102681 адам болды. Тұтастай алғанда, "Инноченти"/ЮНИСЕФ әлеуметтiк мониторингi деректерi бойынша Қазақстан Республикасында жалпы орта бiлiммен қамту коэффициентi 31,2%-ға жетедi; кәсiптiк-техникалық (орта арнаулы) бiлiммен қамту - 15-18 жастағы халықтың 23,3%-ы; жоғары бiлiммен қамту – 19 – 24 жастағы халықтың 33,4%-ы.
Әлеуметтiк сауалнама деректерi бойынша, кәсiптiк бiлiм алуға қол жеткiзе алмаудың негiзгi себебi 26,4% болған жағдайда таңдап алынған мамандық бойынша ақылы бiлiм алу үшiн қаражаттың жоқтығы болып табылады. Бұдан басқа, жастардың 11,0%-ы үшiн кәсiптiк бiлiм алуға қол жеткiзе алмаудың себебi жоғары оқу орындарына түсушiлерге арналған конкурстың жоғары болуы.
Жастар өз кәсiптерiн таңдаған кезде ең алдымен оның болжамдалатын перспективасын басшылыққа алады. Қол жеткiзу себептерiнiң iшiндегi негiзгi өлшемi жақсы табыс табу – 41,0%, одан iс жүзiнде екi есе азы сүйiктi iсiмен айналысу - 26,1%, тыныш және қамтамасыз етiлген өмiр сүру – 26,0%, өзiн-өзi үнемi жетiлдiрiп отыру мүмкiндiгi - 18,0%, өз еңбегiнiң нәтижесiн көру – 17,3 %, қоғамда жоғары орынға қол жеткiзу – 17,1%, адамдарға пайда келтiру – 16,3% және 15,9% - ы ғана қызметте өсу мүмкiндiгiн атайды.
Бағдарламаның мақсаты әлеуметтiк бағдарланған жастар саясатын жүргiзу, әлеуметтiк-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайларын және жастардың рухани, мәдени бiлiмi, кәсiби қалыптасуы мен дене дамуы үшiн кепiлдiктерiн қамтамасыз етуге бағытталған кешендi шараларды әзiрлеу және қабылдау, бүкiл қоғам мүддесiне оның шығармашылық әлеуетiн ашу, жастарды әлеуметтендiру мен республиканың жастар ұйымдарының жұмыс iстеуi үшiн қажеттi жағдайлар жасау болып табылады.
Жастарды әлеуметтендiрудiң өзектi проблемалары тұрғысында қойылған мақсаттардың орындалуы жас адамның жеке басының қалыптасуы үшiн әлеуметтiк-экономикалық, саяси-құқықтық, рухани-мәдени алғы шарттар, жағдайлар мен кепiлдiктер жасауды, жас ұрпақты қоғамдық қатынастар жүйесiне кеңiнен қамтуды, олардың шығармашылық әлеуетiн жеке басының және тұтас алғанда қоғам дамуының мүддесiне, өз Отаны - Қазақстан Республикасының гүлденуi, қауiпсiздiгi мен әл-ауқатының жақсаруы үшiн iске асыруды көздейдi.
Қойылған мақсатқа сәйкес мынадай мiндеттердi шешу:
жастардың өзiн-өзi кешендi әлеуметтiк реттеу тетiгiнiң жұмыс моделiн қалыптастыру;
жастарды экономикалық дамыту мен еңбек ету және жұмыспен қамту саласында жағдайлар жасау;
жастар арасында азаматтықты және қазақстандық патриотизмдi дамыту;
жастар арасында салауатты өмiр салтын және олардың денсаулығын нығайту мен сақтаудың тиiстi дағдыларын қалыптастыру;
жастар саясатын өңiрлiк деңгейде iске асыруды қамтамасыз ету;
халықаралық жастар ынтымақтастығын дамыту;
жастар саясатын ақпараттық қамтамасыз ету;
жас таланттарды дамыту мен қолдау;
жастар саясатын iске асыру кезiнде мемлекеттiк деңгейде шешiмдер қабылдауда жастардың коммерциялық емес ұйымдарының азаматтық қатысу үлесiн ұлғайту;
нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру көзделедi.
Сонымен бiрге, жастардың қазiргi заманғы дамуы, сондай-ақ жастар саясатын iске асыру осы проблемаларды шешуде жастардың бұқаралық ақпарат құралдарының қызметiн күшейту және жандандыру арқылы ақпараттық қамтамасыз етудiң сандық және сапалық көрсеткiштерiн ұлғайтуды талап етедi.
Осы бағдарлама Қазақстан Республикасы жас азаматтарының мемлекеттiң қоғамдық-саяси, әлеуметтiк және экономикалық өмiрiне белсене қатысуға ұмтылыстарын әзiрлеу және ынталандыру, қазiргi заман жағдайларына оларды табысты әлеуметтендiруге және еңбек нарығында бәсекеге қабiлеттiлiкке ықпал ететiн өзiн-өзi iске асыру мен өзiн-өзi дамыту үшiн тиiстi жағдайлар жасау арқылы жастар саясатын iске асыруға бағытталған.
Мемлекеттiң жүргiзiп отырған саясатына сәйкес, әлеуметтiк-экономикалық саладағы жастар саясаты жас адамдардың жеке басын дамыту (мен кiммiн?), өзiн-өзi анықтау (кiм болу керек?) және өзiн-өзi орнықтыруы (қандай болу керек?) үшiн, олардың экономикалық дербестiкке қол жеткiзуi үшiн, денсаулығын сақтауы мен нығайтуы үшiн, бос уақыттарын ұтымды пайдалануы үшiн жағдайлар жасауға бағытталуы тиiс.
Жастардың кешендi әлеуметтiк өзiн – өзi реттеу тетiгiнiң жұмыс моделiн қалыптастыру. Қазiргi заман жағдайларында мемлекет пен қоғамның негiзгi мақсаты, негiзгi функциялары жеке адам әлеуметтiк тәжiрибе алатын, әлеуметтiк өзiн – өзi сәйкестендiруде және өзiн-өзi iске асыруда көмек алатын әр түрлi әлеуметтiк мәдени орта құру болып табылатын әлеуметтiк бағдарланған iзгiлiктi тәрбиеге шоғырлануға тиiс. Бұл жағдайда тәрбие әлеуметтiк орта факторының үнемi ықпал ету жағдайында шығармашылықпен айналысатын жеке адам ретiнде субъектiнiң өзiн-өзi дамыту және өзiн-өзi реттеу идеясына негiзделедi.
Алайда, осы қасиеттер өмiрлiк және қарапайым экономикалық және құқықтық жағдаяттар қысымымен жиi – жиi бәсеңдеп отырады. Мұнда "өтпелi" деп аталатын нәрсенi атап өту қажет: бөтен ортаға бейiмделу қиындығы (мысалы ауылдан қалаға немесе керiсiнше көшкен жағдайда); өмiр салтының дағдарысты ауысуы (оқу бiтiргеннен кейiн дербес өмiрге көшу, отбасын құру және/немесе балалы болу қажеттi). Нәтижесiнде, жас адамға тән жас ерекшелiктерi (максимализм, конформизмге ұмтылу және қарапайым толысып жетiлмеу) түрлi мiнез-құлық ауытқулары үшiн қолайлы орта туғызуға ықпал етедi.
Мынадай: әлеуметтiк педагогтармен, психологтармен, заңгерлермен және т.б. кадрлармен қамтамасыз етiлген әлеуметтiк шағын ортадағы медициналық-консультативтiк-әлеуметтiк қызметiн ұйымдастыруға ерекше назар аударған жөн. Оған сүйене отырып, жастардың шынайы сұратуларына жақын басқарушылық "сатыны" әзiрлеуге мүмкiндiк болады, оның бағыты, iс-қимылы макроәлеуметтiк (этномәдени, экономикалық-аумақтық және т.б.) жағдайлардың ерекшелiктерiмен, анықталған проблемалардың сипатымен және халықтың нақты микроорта қажеттiлiктерiнен айқындалады.
Жастармен "желiлiк қағидат" бойынша жалғыз-жарымдап та, әлгiндей iргетассыз да әлеуметтiк жұмыс жүргiзудiң тиiмдiлiгi аз және үнемсiз болатынын практика көрсетiп отыр. Жүйе құраушы буынның болуы кәсiби қамтамасыз етiлген, белгiлi бiр ортада мақсатты жұмыс iстейтiн және емдеуден бұрын әрқашан алдын алу оңайға түсетiн "әлеуметтiк ауруларды", проблемаларды неғұрлым ерте анықтау мүмкiндiктерiне негiзделген әлеуметтiк қызмет жүйесiн құруға мүмкiндiк бередi.
Әлеуметтiк жұмыстың кешендi ведомствоаралық жүйесiнiң барлық құрылымдық элементтерi адам проблемаларының (психологиялық, медициналық, құқықтық, экономикалық, экологиялық және т.б.) өзара байланысы сияқты органикалық өзара байланыста болуы қажет. Әрбiр қызмет, олардың кадрлары (әлеуметтiк педагогтар және түрлi мамандықтардың әлеуметтiк қызметкерлерi) балалармен және жастармен, отбасымен және отбасылық-көршiлiк ортамен (қауыммен) жұмыс iстеуге бағдарлануы тиiс.
Өз дамуының қазiргi кезеңiнде жастар саясаты оны iске асырудың барлық тетiктерiн ғылыми негiздеудi қажет етедi. Сонымен қатар мемлекеттiк органдардың ерекше әлеуметтiк топ ретiнде жастармен тығыз байланысы болуы қажет. Осындай байланысты қамтамасыз ету жолдарының бiрi жастар саясаты саласында зерттеулердi жүйелi түрде жүргiзiп отыру болып табылады.
Әлеуметтiк-маңызы бар жастар бастамалары мен жобаларына мемлекеттен органдардың қолдау көрсетуiнiң жасалып отырған схемасы жоғарыда айтылғандармен тығыз байланысады. Бұл схема өткiзiлiп жүрген шаралар мен жобалардың арнайылығы мен нақтылығы есебiнен жинақталған әлеуметтiк шиеленiстердi жоятын тиiмдi және қарапайым тетiк ретiнде өзiн танытып отыр. Осыған сәйкес, бұған бағытталған қаржыландырудың сандық факторын тиiсiнше ұлғайта отырып, аталған жұмыстың проблемалық-атаулы өрiсiн кеңейту қажет.
Жоғарыда айтылған проблемаларды шешумен айналысып отырса да, мемлекеттiк органдардың жастар проблемасын шешуде айқын және ғылыми негiзделген өзара iс-қимыл жүйесi жоқ. Осыған байланысты әр түрлi ведомстволар өкiлдерi үшiн ғылыми-практикалық семинарлар мен конференцияларды, практикалық және теориялық сабақтарды жастар саясатын iске асыру мәселелерi бойынша әдiстемелiк ұсыныстар мен құралдарды кейiннен жарыққа шығара отырып өткiзу қажет.
Тағы бiр маңызды мәселе - жасөспiрiмдер мен жастардың бос уақытын мазмұнды өткiзуiн қамтамасыз ету, осы проблемаға жастардың бос уақытын өткiзу құралына айналатын жастар ұйымдарын тарту.
Жастарды экономикалық дамыту мен еңбек және жұмыспен қамту саласында жағдайлар жасау. Мемлекеттiң жастар саясатындағы басым бағыты әлеуметтенудiң және жеке адам дамуының ерте кезеңдерiнде жастарға бiлiктiлiктер мен еңбек ету дағдыларын егу үшiн жағдайлар жасау болуға тиiс (нақты өндiрiстiк еңбекке қосылу, кез келген әлеуметтiк қажеттi қызметтегi кәсiби еңбекке даярлау). Еңбексүйгiштiкке тәрбиелеу негiзiнде қоғамға пайда келтiру сияқты абстрактiлiк үндеу ғана емес, өзi туралы, өзiнiң жақындары туралы қамқорлық та алынуға тиiс.
Экономикалық проблемаларды шешудегi басқа бiр басымдық жастар кәсiпкерлiгiн дамыту болып табылады. Аталған мәселенi шешуге күш-жiгер жұмсау ауыл жастарының проблемаларын шешуге мүмкiндiк бередi, жастар өз проблемаларын iшiнара шешу мүмкiндiгiне ие болады. Сонымен қатар, жастар кәсiпкерлiгiн дамыту жазғы уақытта еңбекпен қамту мәселесiн шешуге және жас мамандарды студенттiк құрылыс және еңбек жасақтары қызметiне тарту арқылы оларды iс жүзiнде даярлауға мүмкiндiк туғызады.
Жастар ұйымдарының негiзiнде жастар арасынан шыққан кәсiпкерлерге консультациялық қызмет көрсету жөнiндегi қызмет құру, сондай-ақ ауылда еңбекпен қамтуды дамыту жөнiндегi жұмысты жалғастыру. Бұл жастар арасында компьютерлiк сауаттылықты қамтамасыз етуге жанама ықпал етедi.
"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шiлдедегi Заңына және кәсiпкерлiк қызметтi айқындайтын басқа да заңнамаға сәйкес жастар ұйымдарының экономикалық саладағы қызметiн әлеуметтiк маңызы бар жобаларға конкурстар арқылы дамыту.
Жастардың құрылыс жасақтарының жұмыс iстейтiн штабтарын құру жөнiндегi жұмысты жалғастыру қажет.
Сондай-ақ еңбек ету мен жұмыспен қамту саласындағы заңнамалық актiлердiң толық баламалы орындалуын қамтамасыз ету, мысалы жас қызметкерлердi әлеуметтiк қорғау саласында реттеп отыратын кепiлдiктердi iске асыру қажет.
Жас мамандарға тек құрал ретiнде қарау олардың әлеуметтiк мiндеттерiнiң iс жүзiнде тарылуына әкелiп соқтырады, оларды қазiргi қоғамның әлеуметтiк дамуының аса маңызды резервi – жастардың осы бөлiгiнiң қоғамдық – саяси, басқарушылық және әлеуметтiк-мәдени белсендiлiгiн арттыруға бағдарламайды.
Осы Бағдарлама әлеуметтiк микроортаны (өндiрiстiк және өндiрiстен тыс) оңтайландыруға бағытталған әлеуметтiк-ақпараттық белсендiлiк нысанындағы жас мамандардың әлеуметтiк мiндеттерiн қарастырады.
Жастарды экономикалық әлеуметтендiру мен еңбек және жұмыспен қамту саласында жағдайлар жасау процесiнде жас мамандарға кешендi көзқараспен қарауды негiзге алу қажет, олардың алдында бiр жағынан, арнаулы өндiрiстiк бiлiмдер мен дағдыларды игеру, қазiргi кезде кездесетiн техникалық және ұйымдастырушылық құрылымдарға үйрену мiндетi, екiншi жағынан – қарама – қарсы мiндет – осы құрылымдарды жаңғырту, қазiргi ғылыми-техникалық процестердiң ең бiр перспективалы үрдiстерiне кереғар келетiн, олардың ескiргендерiн терiске шығару мiндетi тұр.
Қазiргi заман қоғам құрылымының күрделенуiне байланысты жастардың әлеуметтiк рөлдердi, ең алдымен осыдан туындайтын барлық құқықтарымен және мiндеттерiмен бiрге азаматтың әлеуметтiк рөлiн неғұрлым белсендi игеру қажеттiлiгi туады. Сондықтан қазiргi қоғам әрбiр жастың осы рөлдi игеруiне уақыт бөлiп қана қоймай, оны игеруi үшiн қажеттi деңгейде жағдайлар жасап, уақыттың белгiлi бiр кезеңiн бөлуге мiндеттi.
Жас адамның жеке басының қалыптасуы оның азаматтық өзiн-өзi сәйкестендiруiнсiз мүмкiн емес. Патриотизмдi, азаматтық сана-сезiмдi дамыту - үнемi жiтi назар аударуды қажет ететiн елеулi тәрбиелiк фактор. Жастардың бойында қазақстандық патриотизм сезiмiн қалыптастыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары мен бiлiм беру жүйесi арқылы мақсатты, жүйелi насихат және ағарту жұмысын жүргiзу қажет. Осындай тәрбиенi жеке адамның қалыптасуы оның азаматтық сапалары мен құқықтық мәдениетiнiң қалыптасуы өтiп жататын барлық әлеуметтiк институттары мен әлеуметтендiру агенттерi жүргiзуi тиiс.
Өз елiне, өз мемлекетiне сүйiспеншiлiк кiшi Отаны – туып – өскен жерiне деген сүйiспеншiлiктен туады. Осыған байланысты жастардың өмiр сүрiп жатқан жерiне деген "шаруақор" көзқарасын дамыту – оларды аумақтарды тазарту және көркейту iс – шараларына тұрақты тарту, жастар ұйымдары мен бастамашыл жастар топтарының инфрақұрылымды дамыту және өмiр сүрiп жатқан жерлерiн, елдi мекендерiн көркейту мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдануына ықпал ету жүйесi мен нысандарын дамыту қажет.
Патриоттық тәрбиенiң екiншi бiр маңызды қыры – әскери – патриоттық тәрбие. Бұл бағытта әскери-патриоттық тәрбие бойынша қызметтi кеңейту жөнiнде жұмыс жүргiзу қажет. Жас адамның бойында оқу барысында алған айрықша дағдыларды бекiтуге және спорттың осы түрлерiн насихаттауға бағытталған әскери-спорттық ойындарды, жаттығуларды жүргiзу практикасын жаңарту қажет.
Жас ұрпақ үшiн мемлекеттiк тiлдi, ұлттық мәдени мұраны, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерiн, оның тарихын зерделеу үшiн барлық қажеттi жағдайларды жасау қажет.
Нашақорлықтың, маскүнемдiк пен шылым шегудiң алдын-алу жөнiндегi мүдделi мемлекеттiк органдар мен коммерциялық емес жастар ұйымдарының осы жұмысқа жүйелi көзқарасын және барынша жәрдемдесетiн кешендi қатысуын зерделеу және қамтамасыз ету қажет.
Жастар арасында салауатты өмiр салтын және денсаулықты нығайту мен сақтаудың тиiстi дағдыларын қалыптастыру. Салауатты өмiр салтын қалыптастыру (бұдан әрi – СӨС) – жастар саясатының стратегиялық бағыты, елдiң ұлттық қауiпсiздiгiнiң, оның болашағының факторы. Осыған байланысты мынадай бағыттар бойынша жұмыстар жүргiзу алда тұр:
СӨС – тi қалыптастыру үшiн насихаттау және жағдайлар жасау саласында орталық атқарушы органдардың, сондай – ақ жергiлiктi билiк органдарының қызметiн үйлестiру;

  • жастар спорты және сауықтыру демалыстарын дамытуда жүйелiлiк пен кешендiлiктi қамтамасыз ету;

  • жастар арасында конференциялар мен семинарлар өткiзу арқылы өңiрлiк деңгейде сауықтыру және алдын-алу шараларын көрсету, әлеуметтiк роликтер шығару және т.б.

Жастар саясатын өңiрлендiрудiң мәнi өзiне тән жергiлiктi және өңiрлiк мүдделер әртүрлi және өзара iс-қимылда болатын азаматтық демократиялық қоғам жағдайларында республикалық органдардың жаппай әкiмшiлiк бақылауынан жастар бастамашылдығын дамытуға өту болып табылады. Осыдан барып, жастардың қажеттiлiктерiн, жастардың мақсаттары мен құндылықтарын нақты және шынайы жеткiзушiге бұру өңiрлiк жастар саясатының мақсаты болады.
Осыған байланысты жастар саясатының тиiмдiлiгiн ұлғайту мақсатында өңiрлiк жастар бағдарламаларын "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шiлдеде қабылданған Заңына сәйкес түзеткен жөн. Бюджеттiк қаражаттарды тиiмдi жұмсау мақсатында уәкiлеттi органға бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiмен бiрлесе отырып, тұрақты тәжiрибе алмасуды ұйымдастыру тұрақты мониторингiн жүргiзiп отыру және оны бюджет қаржыларын игеру мақсатында облыстар арасына беру қажет. Аталған жұмысты үйлестiру үшiн инновациялық әдiстемелердi тарату және жастар саясаты саласында жұмыс iстейтiн атқарушы орган қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру қажет. Республикалық және өңiрлiк деңгейлерде жастар жағдайының толыққанды талдауын қамтамасыз ету үшiн уәкiлеттi органдар үкiметтiк емес сектормен - жастардың коммерциялық емес ұйымдарымен өзара тығыз iс-қимыл жүргiзедi. Осыған байланысты Қазақстан жастары конгресiнiң құрамына кiретiн де, оның құрамына кiрмейтiн де жастар ұйымдарының қызметiн үйлестiру жүргiзiлуде.
Халықаралық тәжiрибе жастар ынтымақтастығы жастарды басқа мәдениеттерге төзушiлiк пен қызығушылық рухында тәрбиелеп, олардың патриоттық санасын және өз Отанына деген адалдықтың асқақ сезiмiн дамыта отырып, халықтар арасындағы өзара түсiнiстiкке және бейбiт сұхбаттасуға өз үлесiн қосатынын, жастар ынтымақтастығына қатысушы мемлекеттердiң оң беделiн қалыптастыруға ықпал ететiнiн көрсетедi.
Сондықтан жастар саясатының басым бағыттарының бiрi қазақстандық жастарды халықаралық жастар ынтымақтастығының бағдарламаларын одан әрi дамыту, жастармен жұмыс iстеу саласындағы алмасулар арқылы халықаралық мәдени, экономикалық, ғылыми және бiлiм беру процестерiне тарту болып табылады.
Осы мәселелердiң барлығы қазiргi уақытта Қазақстан үшiн өзектi.
Көптеген мемлекеттер Орталық Азиядағы ең тұрақты мемлекет ретiнде Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға мүдделi.
Жастар саясаты саласында ГФР-мен, соның iшiнде этникалық немiстердiң қатысуымен әрiптестiк қатынастарды жалғастыру қажет. Жастармен жұмыс саласында ГФР-мен ынтымақтастықтың 2019 жылғы басым бағыттары мынадай болып айқындалды:

  • жастарға арналған әлеуметтiк қызметтер мамандары арасында жұмыс тәжiрибесiмен алмасу;

  • Қазақстан Республикасындағы немiс диаспорасының жастар бiрлестiктерiмен бағдарлама;

  • жастар арасында кiрiптарлық пен қылмыстың әртүрлi нысандарының алдын алу саласында тәжiрибе алмасу;

  • жастарды әлеуметтендiру мен дамыту саласында тәжiрибе алмасу;

  • жас журналистер мен саясаттанушылардың жұмыс тәжiрибесiмен алмасу;

  • шығармашыл жастармен, шығармашылық ұжымдармен танысу;

  • стритвокерлер жұмысының тәжiрибесi (әлеуметтiк педагогика, әлеуметтiк жұмыс);

  • өңiрлiк деңгейдегi ынтымақтастық.

Жастар саясаты саласында әрiптестiк қатынастарды дамытуға Италия, Түркия, Египет, Польша, Қытай белгiлi бiр қызығушылық танытып отыр. Сауд Арабиясы Корольдiгi, Катар Мемлекетi мемлекеттерiмен жастар саясаты саласында үкiметаралық келiсiмдерге қол қойылды.
Жастармен жұмыс саласында қазақстандық мамандар Жапониядағы жастарды шақыру бағдарламасына (ЛСА) қатысты. Өз қызметiнiң түрi бойынша оның iшiнде жастар проблемаларымен айналысатын БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерiмен – ЮНЕСКО – мен, ЮНИСЕФ – пен және еуропалық, азиялық, тынық мұхиттық өңiрлердiң басқа да халықаралық жастар бiрлестiктерiмен өзара iс-қимыл жасау бағытында жастар байланыстарын жалғастыру көзделуде.
Қазақстан – Германия ынтымақтастығы бағдарламалары шеңберiнде Қазақстанда 3 семинарлық бағдарлама жоспарланған. Iс – шараларды өткiзу орындарындағы iс-шаралар: екi елдiң мамандарын, мемлекеттiк құрылымдарды, жастарға арналған әлеуметтiк қызметтердi, жастар ұйымдарын, студенттер аудиториясын, жұмысшы жастар мен ауылдық жерлердiң жас өкiлдерiн кеңiнен қамтуды көздейдi.
ТМД елдерiмен жастар ынтымақтастығын орнату және одан әрi дамыту үлкен мүмкiндiктердi көздейдi. Достастық шеңберiнде өз отырыстарында жастар саясаты саласында мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылайтын Жастар iсi жөнiндегi мемлекеттiк органдар басшыларының кеңесi құрылды.
Қазiргi уақытта, жастармен жұмыс саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмнiң және ТМД – ға қатысушы мемлекеттердiң, жастар iсi жөнiндегi кеңесi туралы ереженiң жобалары талқылану процесiнде жатыр. 2021 жылы аталған кеңес отырысын Қазақстанда өткiзу жоспарланған.
Қазақстан мен Грузия Үкiметтерi, Украина Министрлер Кабинетi арасындағы жастар саясаты саласындағы келiсiмге қол қойылды, Ресей Федерациясымен, Қырғыз Республикасымен және Тәжiкстанмен осындай келiсiмдер қол қоюға әзiрленуде.Тұтастай алғанда, халықаралық жастар ынтымақтастығын нығайту және дамыту халықтардың мәдени мұраларының сақталуы мен еселенiп ұлғаюына, берiк мәдениет аралық байланыстар орнатуға және Қазақстан жастарының және әлем қауымдастығының басқа да мемлекеттерiмен достық қатынастарын дамытуға ықпал ететiн болады.
Жастар саясатын барынша тиiмдiлiкпен iске асыру жыныстық, жастық, бiлiмдiк, әлеуметтiк-кәсiби белгiлерiмен, материалдық қамтамасыз ету, өмiрлiк құндылықтар және рухани қажеттiлiктер деңгейiмен ерекшеленетiн жастар топтарының мүдделерi туралы анық ақпараттардың болуын көздейдi. Жастарды ақпараттық қамтамасыз ету және жүргiзiлiп отырған жастар саясаты бұқаралық ақпарат құралдарына мемлекеттiк тапсырыс беру арқылы, сондай-ақ талдау және әдiстемелiк материалдарды әзiрлеу негiзiнде қамтамасыз етiледi.
Әрбiр жас қазақстандықтың жеке басының ерекшелiктерiн айқындау мен дамыту, шығармашылық белсендiлiгiн және ғылымның, техника мен өнердiң әртүрлi салаларында өзiн-өзi iске асыруға қабiлетiн арттыру жөнiндегi жұмысты жалғастыру қажет. Жастардың зияткерлiк және дене дамуы шеңберiнде талантты жастарды қолдау қажет. Бәсекеге қабiлеттi ұлтты қамтамасыз етуде талантты жастардың маңызы шүбәсiз. Демек, әлеуметтiк маңызды жобалар конкурсын өткiзу шеңберiнде жас таланттарды ұйымдасқан түрде қолдау, жастардың мәдени тәрбиесi жөнiндегi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығын алуға кандидаттарды анықтау жөнiндегi жұмысты күшейту қажет.
Өнердiң, халықтардың мәдени мұрасын сақтау мен еселеп ұлғайтудың, берiк мәдениетаралық байланыстарды жасаудың және ТМД мемлекеттерi жастары достығын дамытудың жоғары форумы ретiнде Дельфиялық ойындар идеясын практикалық дамыту мақсатында өткiзiлетiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер жастарының Дельфиялық ойындарына республикамыздың қатысуы жас таланттарды қолдауға мүлдем жаңа сипат бередi.Осыған байланысты Дельфиялық идеяны Қазақстанда дамыту және енгiзу ұйымдастырушылық және қаржылық қолдауға ие болып отыр, атап айтқанда: 2005 жылы – Ұлттық Дельфиялық Комитеттi құру, Қазақстан жастарының Тұңғыш Дельфиялық ойындарын өткiзу, қазақстандық делегацияның Киев қаласына Үшiншi Дельфиялық Ойындарға баруы, 2021 жылы Қазақстан Республикасында ТМД – ға қатысушы мемлекеттер жастарының Төртiншi Дельфиялық Ойындарын өткiзу жоспарланып отыр.
Бұдан басқа жастар ұйымдарына бағдар жасау және жас таланттарды қолдау саласына оларды тарту ерекше назар аударуды талап етедi. Негiзгi мақсаты жас таланттарды анықтау және қолдау болып табылатын үкiметтiк емес ұйымдардың институционалдық қалыптасуына мүдделi мемлекеттiк органдардың назарын аударғаны жөн. Осыған байланысты әлеуметтiк маңызды жобалар конкурсының шеңберiнде талантты жастарды көтеруге бағытталған жастар ұйымдарының қызметiн дамыту, жастардың ғылыми-зерттеу конкурстарына, қазақстандық та, сондай-ақ, халықаралық деңгейде де әр түрлi бiлiм жобаларына қатысуын қамтамасыз ету ұсынылады.
Жастар саясатын iске асырған кезде жастардың коммерциялық емес ұйымдарының мемлекеттiк деңгейде шешiмдер қабылдаудағы азаматтық қатысу үлесiн ұлғайту.Өздерiнiң қызметiне қатысты шешiмдер қабылдауға жастардың коммерциялық емес ұйымдарының қатысу үлесiн ұлғайту қажет.Мемлекеттiк деңгейде шешiм қабылдауға қатысуға бағытталған жастар бастамаларын жан-жақты көтермелеу - қоғамдық тыңдаулар конкурстарын, оларды талқылау жөнiндегi пiкiрталастар өткiзу қажет. Азаматтық қатысу үлесiн ұлғайту, институционалдық қалыптасу және жастар ұйымдарын дамытуды үйлестiру үшiн уәкiлеттi орган Қазақстан жастарының IV Конгресi мен аулалық клубтар слетiн өткiзудi жоспарлап отыр.
Нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру. Жастар саясатын iске асырған кезде барабар нормативтiк құқықтық қамтамасыз етудiң болуы маңызды фактор болып табылады.
"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шiлдедегi Заңының қабылдануына байланысты қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жастар саясатын iске асыруға қатысты бөлiгiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу қажет.
Атап айтқанда, Бағдарлама шеңберiнде жастар саясатын iске асырудың әлеуметтiк-қорғану тетiктерiн күшейту, бiлiм, мәдениет және өнер құралдарымен жастардың өмiрiн, дене, ақыл-ой және психикалық денсаулығын қорғау жөнiндегi шаралардың тиiмдiлiгiн арттыру қажет етiледi.
Осыған байланысты, заңнамалық нормативтiк базаны қалыптастыру көзделедi. Кәсiптiк орта және жоғары оқу орындарында мемлекеттiк бiлiм тапсырысы негiзiнде оқитындар үшiн қысқы және жазғы каникул кезеңiнде қалааралық темiржол және автомобиль көлiгiнде (таксиден басқа) жеңiлдiкпен жол жүруге арналған ереже әзiрлеу.
Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi.
Бағдарламаны қаржыландырудың негiзгi көздерiн бағдарламаның тиiстi әкiмшiсi көздеген және өзге де заңнамамен тыйым салынбаған көздер қаражаты шегiнде республикалық бюджет айқындаған.
Тұтастай алғанда, Бағдарламаны iске асыруға республикалық бюджет қаражатынан 464 999 мың теңге сомасында, оның iшiнде 2019 жылы – 147600 мың теңге, 2020 жылы – 154980 мың теңге, 2021 жылы – 162419 мың теңге қаржылық шығындар көзделедi.
Сонымен бiрге, Бағдарламаны iске асыру шамасына қарай шығыстар келесi қаржы жылына арналған бюджеттi қалыптастырған кезде нақтылануы мүмкiн.
Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде:
1) Қазақстан өңiрлерiнде 26 әлеуметтiк қызмет құрылады. Оның iшiнде 2019 жылы – 9, 2020 жылы – 9, 2021 жылы – 8;
2) елдiң 2 миллионнан астам жас азаматтарына алдын – алу және консультациялық iс – шаралар түрiнде әлеуметтiк көмек көрсетiледi;
3) қоғамдық саяси процестерге белсендi қатысуға кемiнде жастардың 45% - ы тартылады;
4) халықаралық Дельфиялық ойындарға Қазақстан Республикасының жыл сайын қатысуы қамтамасыз етiледi;
5) 2020 жылы жастардың және студенттiк еңбек жасақтарының 15 облыстық штабы құрылады;
6) 2021 жылы Қазақстан жастарының Конгресi өткiзiлдi;
7) 2021 жылы жастардың жалпы республикалық форумы туралы ереже әзiрленедi және бекiтiледi;
8) жыл сайын кемiнде 30 мың жас адамды қамти отырып, патриоттық бағыттағы 9, соның iшiнде 2019 жылы – 3, 2020 жылы – 3, 2021 жылы – 3 республикалық шаралар өткiзiледi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет