Клиникалық станция «Анафилактикалық шок кезінде медициналық көмек көрсету» Жарақаттық шок. Қан кету. Іс-әрекеттер алгоритмі


Клиникалық станция «:Жедел коронарлы синдром кезінде көмек көрсету»



бет2/18
Дата09.04.2024
өлшемі42.36 Kb.
#498221
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Алгоритм шұғыл көмектің ДТ (1)

Клиникалық станция «:Жедел коронарлы синдром кезінде көмек көрсету»
Іс-әрекеттер алгоритмі.
Қадам Іс-әрекеттер алгоритмі
1 Науқаспен байланыс құру. Сәйкес вербальды емес мінез-құлықты қолдану.
Науқаспен танысу және өзін таныстыру.
Сәйкес вербальды емес мінез-құлықты қолдану.
Өзара түсінуді дамыту.
Науқасты қатыстыру. Науқасты вербальды емес қолдау.
2 Науқастың шағымдарын сұрау:
Ауырсынудың орналасуын, сипатын, таралуын, себебін, ұзақтығын,ауырсыну- дың басылу ұзақтығыннақтылау.
Қосымша шағымдар.
Науқас шағымдарын сұрастыру:
Қай жер ауырады? (төс арты, кеуде торының сол жақ жартысы).
Таралуы (солға және жоғарыға);
Қалай ауырады? (ауырсыну сипаты: күйдіріп, қысып және т.б.);
Ауырсыну немен шақырылады? (физикалық жүктемемен, күйзеліспен);
Қанша уақыт жалғасады және бұрын осыған ұқсас жағдайлар болды ма? (минутпен);
Немен басылады? (тыныштықта немесе 2-3 нитроглицерин таблеткасын қабылдағаннан соң басылады, бірақ толық жойылмайды).
Ауырсыну немен жүреді, тағы қандай симптомдар мазалайды? (салқын жабысқақ тер, өлім қорқынышы, ауа жетіспеу сезімі, кейде жүрек соғу және т.б.) Ентікпенің, әлсіздіктің, ұйқысыздықтың, ұйқы бұзылысының және т.б.
болуы.
3 Ауру анамнезін нақтылау, өмір анамнезін нақтылау.
Ауру қашан және қалай басталды, немен емделді, ауруханада жатқан ба және т.б.
Өмір анамнезін нақтылау:
Басқа созылмалы аурулары;
Зиянды әдеттері;
Аллергиялық анамнез;
Тұқымқуалаушылық;
Жұмыс сипаты және т.б.
4 Жедел ауырсыну синдромын басу.Науқастан өздігінен нитроглицеринді қабылдады ма және соңғы нитроглицерин қабылдау уақытын нақтылау. Нитроглицерин (таблетканы шайнау)немесе изокет-спрейді әр 10-15 минут сайын АҚ бақылаумен беру. 5 минут ішінде тиімділігін бағалау.
5 Науқастың физикалық зерттеуін жүргізу:
АҚ, пульсты өлшеу, жүрек және өкпе аускультациясын орындау.
Науқасқа өлшеу процедурасын және барлық сұрақтарға кейін жауап беретінін түсіндіру.
Өлшеуді жүргізу кезінде сөйлеу ұсынылмайды, себебі ол АҚ-ға әсер етуі мүмкін. Қысымды екі қолда өлшеу керек.
Өлшеу және анықталған систолалық және диастолалық қысым сандарын ауызша атау.
Пульсты өлшеу, оның жиілігін, толуын, кернеуін бағалау.
Жүрек және өкпе аускультациясын орындау, сырылдардың, шулардың, қосымша тондардың болуын/болмауын анықтау.
6 Алдын ала дигнозды қою және кейінгі тактиканы анықтау.
Науқасқа алдын ала диагноз қою: Жедел коронарлы синдром. Науқасқа шұғыл ауруханаға жату қажеттілігін хабарлау. Жедел жәрдем бригадасын шұғыл жағдайларда ақпаратты беру алгоритмі бойынша шақыру – науқастың атыжөні, жасы, ауырсынудың орналасуы, негіздеумен алдын ала диагноз, орындалған ісшаралар және олардың тиіділігі.
7 Аспаптық және зертханалық зерттеулер орындау.
ЭКГ нәтижелерін алу, түсіндіру және оларды негіздеу. Тропонинге экспресс-тест жүргізу (амбулаторияда болған жағдайда). Қорытынды диагноз қою: ST сегментінің көтерілуінсіз жедел коронарлы синдром.
8 Жедел короналы синдромды басу ісшараларын бастау.
Таза ауа қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Келесі дәрілік заттарды тағайындау:
Егер қарсы көрсетілімдер болмаса β-блокатор, (айқын гипотензия,бради -кардия, ЭКГ-да өткізгіштіктің бұзылыстары). Метопролол 50 мг ішке.
9 Антиагрегантты терапияны тағайындау.
Аспирин 150-300 мг дозада шайнау, сумен ішу;
Клопидогрел 300 мг дозада
Сонымен қатар науқасқа барлық тағайындауларды түсіндіру.
10 Науқастың алдағы бағытын анықтау.
Төсек режимін ұстануды қамтамасыз ету. Жедел жәрдем бригадасының келуін күту және науқасты ауруханаға жатқызуға тапсыру.
Клиникалық станцияның жүргізілу ұзақтығы 10 минуттан артық емес



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет