Клиникалық станция «Анафилактикалық шок кезінде медициналық көмек көрсету» Жарақаттық шок. Қан кету. Іс-әрекеттер алгоритмі



бет1/18
Дата09.04.2024
өлшемі42.36 Kb.
#498221
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Алгоритм шұғыл көмектің ДТ (1)


Клиникалық станция «Анафилактикалық шок кезінде медициналық көмек көрсету»
Жарақаттық шок. Қан кету.
ІС-ӘРЕКЕТТЕР АЛГОРИТМІ
Қадамдар Іс-әрекеттер алгоритмі
Жүргізу тактикасы:
1 Науқасты Тренделенбург қалпында жатқызу.
Ауа және/немесе оттегіге қол жеткізу
Көлденең жатқызу.
Аяқ ұшын жоғары көтеру.
Басты бүйірге бұру.
Төменгі жақты алға шығару.
Терезені ашу немесе оттегінің келуін қамтамасыз ету. Егер өздігінен тыныс алу және естің болмауы тіркелсе оттегіні маска, мұрын катетері немесе ауаөткізгіш түтік арқылы береді.
2 Аллергеннің ағзаға енуін тоқтату,
Тамырішілік жолды қамтамасыз ету
Дәрілік заттың енгізілуін тоқтату, жәндік бізгегін алып тастау және т.б.. Медикамент енгізілген немесе шаққан жерден жоғары бұрау орнату.
Шеткері веналарды катетерлеу.
3 Витальді функцияларға бақылау жүргізу АҚ, пульс, тыны салу қозғалыс -тарын бақылау. Мониторды қосуға мүмкіндік болмаған жағдайда АҚ, пульс әр 2-5 минут сайын қолмен есептеу, оксигенация деңгейін бақылау.
Емдік іс-шаралар:
4 Тамыртарылтқыш терапия
0,1% эпинефрин 0,01-0,02 мг/кг, бірақ 1,0мл-ден артық емес, қажет болған жағдайда эпинефринді 5-15 минуттан кейін қайтадан енгізуге болады;
Тиімсіз болғанда: 1) эпинефринді сол дозада анафилаксия симптомдарыназаюына дейін АҚ, ЖЖЖ және артық мөлшерленуді бақылау мен қайтадан енгізу.
5 АҚ жоғарылату мақсатымен прессорлы аминдерді енгізу (аталғандардың бірін)
т/і тамшылатып:
- норэпинефрин - 2-4 мг (1-2 мл 0,2% ерітіндісі), 500 мл 5% глюкоза ертін -дісінде немесе 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде сұйылтып, АҚ тұрақтануына дейін 0,1-0,5 мкг/кг инфузия жылдамдығымен енгізу.
- допамин (т/і тамшылатып) - 400 мг, 500 мл 0,9% натрий хлориді ерітінді -сінде немесе 5% глюкозы ерітіндісінде ерітіп, 8-10 мкг/кг/мин енгізу жылдамдығымен, систолалық қысым 90 мм .сын.б.б. артық болатындай етіп, дозаны титрлеп енгізу.
6 Инфузиялық терапия (аталғандардың бірін) (гиповолемияны жою мақсатымен) (коллоидты и кристаллоидты ерітінділер):
• декстран, орташа молекулярлы салмағы 35000-45000
Дальтон 10 мл/кг.
• 0,9% натрий хлориді ерітіндісі (немесе басқа изотоникалық
ерітінділер 20 мл/кг 20-30 минут бойы).
7 Гормональды терапия (аталғандардың бірін)
Бастапқы дозада:
• дексаметазон 0,6 мг/кг т/і тамшылатып;
• преднизолон 5-10 мг/кг т/і ағынмен;
• гидрокортизон 8 мг/кг т/і ағынмен;



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет