Кодексi Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; "Егемен Қазақстан"


және сумен жабдықтаудың өртке қарсы жүйелерiн



бет19/48
Дата15.06.2016
өлшемі3.69 Mb.
#136952
түріКодекс
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48

               және сумен жабдықтаудың өртке қарсы жүйелерiн
               зақымдау, оларды пайдалану ережелерiн бұзу

      1. Су шаруашылығы құрылыстары мен құрылғыларын, сондай-ақ сумен жабдықтаудың өртке қарсы жүйелерiн зақымдау, -


      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Су шаруашылығы құрылыстары мен құрылғыларын пайдалану ережелерiн бұзу, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 277-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

      278-бап. Су айдындарының жай-күйiне әсер ететiн заңсыз


                құрылыс

      1. Өзендердiң және басқа да су айдындарының жай-күйiне әсер ететiн ғимараттарды, құрылыстарды және басқа да объектiлердi заңсыз салу, -


      ескерту жасауға немесе заңсыз салынған құрылысты мәжбүрлеп бұздыра отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елуден екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Заңсыз су ұңғымасын бұрғылау және жер асты суларының су тарту тоғандарын салу, -
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 278-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

      279-бап. Судың бастапқы есебiн жүргiзу және оны


               пайдалану ережелерiн бұзу

      Судың бастапқы есебiн жүргiзу және оны пайдалану ережелерiн бұзу, -


      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпiстен жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 279-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 Заңымен.

      280-бап. Су ресурстарын есепке алу мен есеп-қисап


               деректерiн бұрмалау

       Су кадастрын есепке алу мен есеп-қисап деректерiн, су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемаларын бұрмалау, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде табыс етпеу, -


      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 280-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiлдi), 2009.07.10. N 180-IV Заңдарымен.

      281-бап. Су ресурстарын реттеуге кедергi жасау

      Су ресурстарын кешендi пайдалану, экология және су бөлу мүдделерiне орай оларды реттеуге кедергi жасау, -
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 281-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

      281-1-бап. Ортақ су пайдалану ережелерiн бұзу

      1. Ортақ су пайдалану ережелерiн:
      тыйым салынған жерлерде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттiлiктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу;
      жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдаланудағы су объектiлерiне халықтың кiруiн қоршаулар, күзет бекеттерiн, тыйым салатын белгiлер орнату жолымен шектеуi түрiнде бұзу, -
      жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден екiге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден алпысқа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 281-1-баппен толықтырылды - ҚР-ның 2009.07.10. N 180-IV Заңымен.

      281-2-бап. Белгiленген су сервитуттарын бұзу

      1. Белгiленген су сервитуттарын бұзу -
      жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден екiге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден алпысқа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 281-2-баппен толықтырылды - ҚР-ның 2009.07.10. N 180-IV Заңымен.

      282-бап. Орман қоры учаскелерiн заңсыз пайдалану

      Тиiстi рұқсатсыз тамырымен жұлу, құрылыстар салу, сүректi қайта өңдеу, қоймалар тұрғызу және басқа мақсаттар үшiн орман қоры учаскелерiн заңсыз пайдалану, -
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 282-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

      283-бап. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу


               және зақымдау

      1. Ағаштар мен бұталарды, сондай-ақ орман қорына кiрмейтiн және кесуге тыйым салынған ағаштар мен бұталарды, қылмыстық жазалау әрекетiнiң белгiлерi жоқ заңсыз кесу және зақымдау, -


      ескерту жасауға немесе заңсыз кесiлген ағаштар мен бұталар, құқық бұзушының көлiк құралдары және аталған құқық бұзушылықты жасау құралы болған өзге де заттары тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Орман питомниктерi мен плантацияларындағы орман дақылдарын, себiндiлердi не көшеттердi, сондай-ақ көктеп шыққан табиғи өскiндердi, жас шыбықтарды, сондай-ақ орманды қалпына келтiруге арналған алаңдардағы өздiгiнен көктеген өскiндердi жою немесе зақымдау, -
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Қылмыстық жазалау әрекетiнiң белгiлерi жоқ, осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған iс-әрекеттер, -
      заңсыз кесiлген ағаштар мен бұталар, құқық бұзушының көлiк құралдары және аталған құқық бұзушылықты жасау құралы болған өзге де заттары тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден бiр мың бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
     Ескерту. 283-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , өзгерту енгiзiлдi - 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңдарымен.

      284-бап. Орманда өрт қауiпсiздiгi талаптары мен


               санитариялық ережелердi бұзу

      1. Орманда өрт қауiпсiздiгi талаптары мен санитариялық ережелердi бұзу, -


      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Өрттiң шығуына, адамның денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтiруге әкеп соққан, қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ нақ сол әрекет, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүзден екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ, осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған iс-әрекеттер, -
      жеке тұлғаларға - жүз, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 284-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      285-бап. Кесiлетiн орман қорын пайдаланудың, сүректер


               дайындау мен әкетудiң, шайыр мен ағаш
               шырындарын, екiншi дәрежелi орман
               материалдарын алудың белгiленген тәртiбiн бұзу

      1. Кесiлетiн орман қорын пайдаланудың, сүректер дайындау мен әкетудiң, шайыр мен ағаш шырындарын, екiншi дәрежелi орман материалдарын алудың белгiленген тәртiбiн бұзу, -


      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпiстен жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуден екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
     Ескерту. 285-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , өзгерту енгiзiлдi - 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңдарымен.

      286-бап. Орман қорының және ерекше қорғалатын табиғи


                аумақтардың уақытша алынып отырған учаскелерiн
                қайтару мерзiмдерiн бұзу

      1. Мемлекеттiк орман қорының уақытша иеленiп отырған учаскелерiн қайтару мерзiмдерiн бұзу немесе оларды мақсатты түрде пайдалану үшiн жарамды жай-күйге келтiру жөнiндегi мiндеттердi орындамау, -


      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырықтан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүзден екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 286-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңдарымен.

      287-бап. Шабындықтар мен жайылымдық жерлердi бүлдiру,


               сондай-ақ орман қоры жерлерiнде заңсыз
               шөп шабу және мал жаю, дәрiлiк өсiмдiктердi
               және техникалық шикiзатты жинау

       1. Орман қоры жерлерiнде шабындықтар мен жайылымдық жерлердi бүлдiру, -


      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Орманда және орман қоры жерлерiнде заңсыз шөп шабу және мал жаю, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Дәрiлiк өсiмдiктердi және техникалық шикiзатты бұған тыйым салынған немесе орман билетi бойынша ғана жiберiлетiн учаскелерде заңсыз жинау, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бiрiншi - үшiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған iс-әрекеттер, -
      жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 287-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңдарымен.

      288-бап. Ағашы кесiлген жерлерге және орманды қалпына


               келтiру мен орман өсiруге арналған орман
               қорының басқа да санаттағы жерлерiне ағаш
               егудiң тәртiбi мен мерзiмдерiн бұзу

      Ағашы кесiлген жерлерге және орманды қалпына келтiру мен орман өсiруге арналған орман қорының басқа да санаттағы жерлерiне ағаш егудiң тәртiбi мен мерзiмдерiн бұзу, -


      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      289-бап. Орман үшiн пайдалы фаунаны құрту, сондай-ақ


                орманды қалдықтармен, химиялық заттармен
                бүлдiру, ластау және орман қоры жерiне өзге де
                залал келтiру

      1. Орман үшiн пайдалы фаунаны жою, -


      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүзден екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Ормандардың қурап қалуына немесе ауруға шалдығуына не ластануына ұшырататын сарқынды сулармен, химиялық заттармен, өнеркәсiптiк және тұрмыстық төгiндiлермен, қалдықтармен және тастандылармен орманды бүлдiру, -
      жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпiс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Орман қоры жерiндегi орман құрғату жыраларын, дренаж жүйелерi мен жолдарды жою немесе бүлдiру, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бiрiншi - үшiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған iс-әрекеттер, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жетiден онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - сексеннен жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 289-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

       290-бап. Орманды пайдалануды рұқсат құжаттарында


               көзделген мақсаттарға немесе талаптарға
               сәйкес келмейтiн ретпен жүзеге асыру

      1. Орманды пайдалануды рұқсат құжаттарында көзделген мақсаттарға немесе талаптарға сәйкес келмейтiн ретпен жүзеге асыру, -


      жеке тұлғаларға - үш, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
      жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 290-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңдарымен.

      291-бап. Орманның жай-күйiне және оны ұдайы молайтуға


               зиянды ықпал етуге әкеп соғатын объектiлердi
               салу және пайдалану

      1. Орманның жай-күйiне және оны ұдайы молайтуға зиянды ықпал етуге әкеп соғатын объектiлердi салу және пайдалану, -


      жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
      жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 291-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңдарымен.

      292-бап. Ағаш кесетiн жерлердi бөлiп беру мен бағасын


               шығарудың белгiленген тәртiбiн бұзу

      Ағаш кесетiн жерлердi бөлiп беру мен бағасын шығарудың белгiленген тәртiбiн бұзу, -


      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      293-бап. Сүректi есептiк ағаш кесуден артық мөлшерде


               дайындауға жол беру

      Сүректi есептiк ағаш кесуден артық мөлшерде дайындауға жол беру, -


      лауазымды адамдарға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 293-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңдарымен.

      294-бап. Өсiмдiк қорғау құралдары мен басқа да


               препараттарды тасымалдау, сақтау және
               қолдану ережелерiн бұзу

      1. Осы Заңның 317-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, өсiмдiк қорғау құралдарын, олардың өсуiн жылдамдататын заттарды, минералдық тыңайтқыштарды және қоршаған ортаны ластауға не жануарлар дүниесiне залал келтiруге соқтырған немесе соқтыруы мүмкiн басқа да препараттарды тасымалдау, сақтау және қолдану ережелерiн бұзу, -


      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға сексеннен жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - жиырма бестен елуге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпiстен жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 294-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

       295-бап. Өсiмдiктер өсетiн жерлер мен жануарлардың


               тiршiлiк ортасын қорғау ережелерiн,
               зоологиялық коллекцияларды жасау, сақтау,

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет