Көпбергенова Сәнбибі Сабырбайқызы рефлексивті практик: ТӘжірибе мен нәтиже



Pdf көрінісі
бет15/66
Дата07.02.2024
өлшемі7.81 Mb.
#491054
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   66
Жинақ (Тамыз Кеңесі)

Серікқали Бекарыс Төлегенұлы
БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ПАРАДИГМАСЫ:ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ
«Баланың ынтасын арттыру үшін
оқылатын нәрседен бір жаңалық болуы керек» 
Жүсіпбек Аймауытов 
ХХІ ғасырға лайықты болу – бүгінгі таңдағы әрбір жеке тұлғаның алдында
тұрған міндеті. Қазіргі кезде адамның кәсіби шеберлігіне, білім өрісіне, зиялылық
және танымдылық деңгейіне жаңа технология дәуірінің өзі биік талаптар қойып
отыр. Елбасының сөзімен айтқанда, «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға
ұмтылу - біздің қанымызда бар қасиет».
Цифрлық сауаттылық - ақпараттық қоғамдағы қауіпсіздіктің негізі, ХХІ
ғасырдың ең маңызды білімі, ең негізгі тақырыптарының бірі. Цифрлық
сауаттылық - бұл адам өмірінің барлық салаларында цифрлық технологияларды
сенімді, тиімді қолдануға дайындығы және қабілеті. 
Расымен де, адамзат қауымы жыл санап емес, ай санап, тіпті апта мен күн
санап цифрландыру заманының сиқырлы әлеміне еніп барады. Бүгінде еліміздің
экономикасының барлық салаларында цифрландыру күн тәртібінің басты
тақырыптарының бірі. Осы бағытта басталып жатқан белсенді жұмыстың
алғашқы бағыттардың бірі білім беру деп аталады.
Цифрландырудағы негізгі мақсат – бәсекеге қабілеттілікті арттыру,
халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, оқу-тәрбие процесін жеделдету және
жеңілдету, балаларға, ұстаздарға, ата-аналарға жүктемені азайту. Ең бастысы –
білім беру сапасын арттыру.Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, елді
цифрландыру – бұл мақсат емес, бұл – Қазақстанның абсолюттік артықшылыққа
қол жеткізу құралы. 
Білім сферасындағы цифрландырудың ең
басты міндеті – білім беру сапасын арттыру, яғни
халықаралық деңгейде әртүрлі салаларда, оның
ішінде «жасанды интеллект» және «ауқымды
деректер» жасау саласында бәсекеге қабілетті ел
жастарын дайындау.
XXI ғасыр цифрлық заманда өмір сүріп
жатқан педагогтер міндетті цифрлы сауатты


болуымыз керек. Осы тұста «Заманың түлкі болса, тазы боп шал, заманың қасқыр
болса бүркіт боп ал» деген мақал тікелей педагогтерге қатысты айтылған секілді.
Себебі, қандай да болмасын өзгерістер тікелей біздерге қатысты. Заман талабына
сай цифрлы сауатты болуымыз бізге жаңа сабақты оқушыларға оңай әрі толықтай
түсіндіріп, жұмысымызды жеңілдетуге көмектеседі. Дегенмен, бүгінгі таңда
мектептің білім беру жүйесін ақпараттандыру жағдайында өзіндік
қайшылықтардың да орын алып отырғанын айту қажет. Мәселен, мектептерде әлі
де болса компьютерлердің саны жеткіліксіз, барлық пән мұғалімдерінің
бағдарламашылармен тікелей жұмыс істеу мүмкіншілігі шектеулі,
автоматтандырылған оқыту бағдарламаларының саны аз, оларды көбейту мәселесі
нақты шешімін таппаған. Сондықтан білім беруді жаңа сатыға көтеру үшін тек
білім мазмұны мен оқыту әдістерін ғана емес, ақпараттық технологияларды
кеңінен пайдалану арқылы оқытуды ұйымдастыру формаларын да жетілдіру
керек.
Қарыштап дамып жатқан кезеңде дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман
талабына сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігін өмір
тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту
үрдісінде іске асу үшін оны технологияландыру қажеттілігі туады. 
Сабақтың қызықты да түсінікті болуы мұғалімнің шеберлігі мен
ізденімпаздығына тікелей байланысты. Әрбір мұғалім шығармашылықпен жұмыс
істеген жағдайда ғана еліміздің саналы, дарынды азаматтарын тәрбиелеп шығуға
мүмкіндік бар. Шығармашылықпен іздену мұғалімнің еңбегіне, ой-өрісінің
толысуына көп көмегін тигізеді. Бүгінгі күн мұғалімдерінің алдында тұрған басты
міндет - оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыра білу, сол арқылы әр
тақырыпты олардың санасына жеткізе түсіндіру.
Қазіргі кезде оқушыны белгілі бір біліммен ғана қамтамасыз ету жеткіліксіз.
Оқушының өз бетінше білім алуына, ізденуіне көп мән берілуі тиіс. Олардың
кәсіптік білім алуымен қатар ізденімпаз, тапқыр, ой-өрісі жоғары, өз пікірін ашық
білдіретін, жаңашыл ұрпақ етіп тәрбиелеу керек. Бүгінгі заман талабы – қоғамның
дамуымен бірге болашақ жастарды жаңашылдыққа, іздемпаздыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Осы аталғандарды іске асыру үшін сабақта
ақпараттық - коммуникативтік технологияларды құзыреттілігін арттырып,
пайдалану маңызды болмақ.
Шынымен де қазіргі таңда оқушылардың білімге деген қызығушылығын
ояту үлкен мәселе болып отыр. Себебі, жаңа технология заманының оқушыларын
қарапайым сурет пен мәтін немесе тағы сол секілді дәстүрлі оқыту құралдары
қызықтыра бермейді. Ақпараттандыру заманындағы күнделікті әлеуметтік
желілерден түрлі ақпаратты көріп алған оқушыларға біздің тек оқулықтармен
білім беруіміз жеткіліксіз. Нағыз білімді шәкірттер тәрбиелеу үшін оқушының
білімге деген қызығушылығын оятуымыз керек. Ол үшін біздер педагогтар жаңа
технологияны пайдалана отырып сабақ процессін тиімді ұйымдастыру арқылы
оқушыларды жаңа бір әдіс немесе технологиямен таң қалдыруымыз керек.
Осындай оқушыларды сабаққа қызықтыра алатын технологиялардың бірі - 4D
карточкалар мен суреттерді, қабырғаларға арналған көрнекіліктерді ұсынғым
келеді. Өзіңіздің пәніңізге арналған 4D карточкаларды оқушыларға тарата
отырып, олардың кейбір көзбен көре алмайтын заттарды оңай, әрі шынайы


көруіне мүмкіндігі бар. Мысалы, биология сабағында адам денесі мен жүрегіне
саяхат жасауға, ағзаларымыздың ішіндегі орнынан анықтауға, қаңқа жүйелері мен
бұлшықеттер және дененің басқа да құрылымдық ерекшеліктерімен танысуға
мүмкіндік береді. Сонымен қатар, біржасушалы, көпжасушалы жануарларды,
бактериялар мен вирустар әлеміне саяхат жасауға болады. Химия сабағына
қажетті элементтерді және кейбір зертханалық жұмыстарды да виртуалды жасауға
болады. Осы секілді физика, информатика, геометрия, тіпті әліпбиді де оңай
үйретуге болады. Және де мектеп қабырғаларын әсемдеуде, кабинеттерді
жабдықтауда да осы технологияны пайдалануға кеңес беремін. Себебі, бұрынғы
қағаз стендтерді оқушы мүлдем қызығып қарамайды. Тіпті, өзі оқитын
сыныбында қандай стендтер бар екендігін де білмиді. Сондықтан, оларды өлі
стендтер деп атап, олардың орнын жаңа тірі стендтермен ауыстыруымыз керек
деп ойлаймын. Мен өз тәжірибемде осы технологияны бірнеше рет қолдану
арқылы оқушылардың география сабағына деген қызығушылығын арттыра білдім.
Ғаламшарлар 4D карточкалары арқылы оларға аспан денелерін, олардың
қозғалысын оңай түсіндіре алдым. Бұл технологияның ерекшелігі аспан
денелерінің қозғалысын көре отырып оларды жақындатып, алыстатып толық
зерттей алады. Яғни, қарапайым оқулықтағы суреттермен олай жұмыс жасау
мүмкін емес. Басында бұл карточкалар негізінен 5-6 сынып оқушыларына
арналып жасалынған еді. Бірақ, тәжірибе барысында 10-11 сынып оқушыларына
дейін олардың назарын аударып, қызықтырғанын байқадым. Заман ағымына қарай
осындай технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген
сабақта оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық
ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Менің түсінгенім қазіргі оқушыларды сабаққа қызықтыру үшін оларға
бұрынғыдай жалған мотивация, яғни, «оқымасаң қор боласың немесе жұмыссыз
базарда арба сүйрейсің» деген секілді сөздер көмектеспейді. Керісінше оларды
таңқалдыру керек екен. Сонда ғана олар сіздің келесі сабағыңызға тиянақты
дайындалып, қызығып оқып келеді. Менің ұсынысым: ендігі оқулықтарды
осындай жаңа технологиялармен жабдықтап шығарса нұр үстіне нұр болар еді.
Себебі, оқулық кітаптарының тек ішіндегі мәтіні мен суреттері өзгеріп отыр.
Бұндай өзгерістер қазіргі оқушыларға жеткіліксіз. Олар күнделікті өмірде
дамыған заманның түрлі технологияларын көреді. Оқушыларға жаңа кітап
берілседе оған қызығушылық танытып оны оқи қоймайды. Себебі, оны
таңқалдыратын, қызықтыратын ерекшелік әлі оқулықтарға енгізілмеген. Осының
барлығын көріп қорытындылай келе біздер педагогтар осындай жаңа
технологияларды қолдану арқылы ең бірінші оқушыны таңқалдырып, қызықтыра
отырып білім берсек қана қазіргі заманның жаңа оқушыларын толықтай біліммен
қанағаттандыра аламыз деп ойлаймын.
«Айтушы ақылды болса, тыңдаушысы дана болады» дегендей, сөзімді
қорыта келе, сабақтарымда жаңа цифрлық технология құралдарын қолданудың
мынадай тиімді жақтары бар екеніне көз жеткіздім:

Жаңа сабақты түсіндіруге таптырмас көмекші;

Оқушыларымның оқуға деген ынтасы артады;

Әр оқушы жеке және топпен жұмыс жасайды;

Үлгерімі нашар оқушылардың қызығушылығы оянып, зейіні артады;



Жақсы оқитын оқушының тереңірек білім алуына жағдай туады;
Қорыта айтқанда, оқушыларды шығармашылыққа, өз бетімен іс-әрекет
етуге бағытталған тапсырмалар саны көбейгенде ғана, өз пікірін айта алатын, оны
дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс
үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақ
өкілдерін дайындай аламыз. Демек, жаңа технологиялық әдіс – тәсілдерді
пайдалану білім сапасын арттырудың бірден – бір жолы. Оқыту үрдісінде
оқушылардың білім қорын молайтуға, белсенділігін арттыруға, шығармашылық
қабілеттерін жетілдіруге көмегі бар. Сондықтан, ізденген ұстаздан ғана
шығармашыл, дарынды шәкірттің шығары анық.
Жаңаөзен қаласы,
А. Құнанбайұлы атындағы №19 ЖББМ
физика пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет