Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық



Pdf көрінісі
бет7/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

Ықтимал жауаптар:
Оқушылар суреттегі композицияның бел-
гілерін, яғни элементтердің қайталануын,
симметриясын, түстердің арақатынасын, компо-
зициялық орталығын, түс пен сызықтың, нысан-
ның бөлшектерінің орналасуын сипаттайды. Бей-
нелер түймелерге, әшекейленген жұмыртқаларға, 
баспатаңбаларына т.б. ұқсас.
Сен білесің бе? 
Осы тақырып бойынша қосымша ақпарат 
берілген. Оқушыларға мәтінді оқып, мына сұраққа 
жауап беруді ұсыныңыз: осы айдарда берілген 
қызықты мәлімет қандай ойға жетелейді?
Орындап көр.
Тапсырма осы тақырып бойынша сабақта 
алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға бағыт-
талған. Оқушылар сабақта жасаған өрнектерінің
нобайымен «Микросуреттер» композициясын
құрастырады.
Ойлан және сұрақтарға жауап бер.
Бұл тапсырма өткен сабақтағы материалды 
қайталауға бағытталған. Оқушылардан зерттеу 
альбомына оқулықта берілген сұрақтарға жауап 
жазуын сұраңыз.
Ықтимал жауаптар:
Өнер мен ғылымның байланысы екі салаға да 
пайда әкелуі мүмкін; технологияның дамуы ғылым 
мен өнердің дамуына айтарлықтай үлес қосты; 
микроскопсыз микроәлемді көру және түсіру
мүмкін емес; микробиологияның көмегімен ерек-
ше туындыларды жасауға болады.
Қосымша тапсырмалар
Қосымша тапсырмалар ретінде салынған су-
реттерді кез келген материалмен (мысалы, түрлі 
түсті қарындаштармен) бояуды ұсыныңыз. 
Бағалау
Зерттеу альбомына орындалған жұмыстарға 
топпен немесе жұппен талдау жүргізіңіз және 
бағалаңыз. Салынған нобайлардың сапасына 
назар аударыңыз, атап айтқанда, жалпы компо-
зицияға, оның күрделілігі мен элементтерінің 
аяқталғандығына, пішіндердің, сызықтардың үй-
лесімділігіне мән беріңіз.


8
Көркем еңбек


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет