Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық


Сабаққа қатысты ескертулер



Pdf көрінісі
бет9/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

Сабаққа қатысты ескертулер
Сабақ биология пәнімен тығыз байланысты, 
сондықтан тақырыпты меңгеру үшін микроскоп 
қажет. Микроскопты пайдалану мүмкіндігі бол-
маған жағдайда жұмысқа интернеттен әртүрлі ны-
сандардың түрлі түсті микробейнелерін дайын дап 
қойыңыз. 
Фотосуреттерге қара. 
Берілген тапсырма заттардың ұқсастықтарын 
сипаттай отырып, ойлауды дамытуға бағытталған. 
Оқушылар фотосуреттерге қарай отырып, өз ой-
ларындағы ассоциациялар туралы айтып береді.
Ықтимал жауаптар:
Микрофотосуреттер оқушылардың қиялын 
ұштайды, қоршаған ортаға жаңаша көзқараспен 
қарауға ықпал етеді. Роб Кесселердің фотосурет-
терін көрген оқушылар бір бейненің орамжапы-
рақ тұқымына ұқсайтынын, екіншісінің шашылған 
асбұршаққа, үшіншісінің терезе әйнегінде қатқан 
қырауға ұқсайтынына болжам жасай алады. Сіз 
өте кішкентай, бірақ осынша әсем микроағзалар-
дың ерекше бейнелер жасайтынына көз жеткі-
зесіз. Оқушылардың назарын суретшінің бейне-
лерді қалай салатынына аударыңыз. Роб Кесселер 
туралы қысқаша айтып берініз.
Сен қалай ойлайсың? 
Тапсырма оқушылардың ой-өрісін дамытады
оларды шығармашылық идеяларға жетелейді. 
Оны жұппен, топпен немесе жеке орындатуға бо-
лады.


9
Көрк
ем еңбек
1-тарау. Визуалды өнер 
Ықтимал жауаптар:
Роб Кесселерді микроәлемнің көркемдігі қы- 
зықтырған. Сонымен қатар ол әртүрлі фото- 
құрылғылардың мүмкіндіктерін пайдаланып, 
тәжірибе жүргізуді ұнатқан. Суретшінің жұмыста-
ры сан қырлы болып келеді. Суреттерін көйлек-
тердің үлгілерін жасағанда, интерьерді сәндеген-
де пайдалануға болады.
Зертте. 
Тапсырма оқушылардың зерттеу дағдыларын 
өз бетінше дамытуға мүмкіндік береді.
Бұл тапсырмада оқушылар микроағзалардың 
түсіне, пішініне, құрылысына назар аудара оты-
рып, микроскоппен дайындалған нысандарды 
(немесе интернеттегі микрофотосуреттерді) зерт-
тейді. Зерттеу альбомдарына олардың суреттерін 
салады. Айдарда берілген сұрақтар олардың ын-
тасы мен шығармашылық белсенділіктерін дамы-
туға ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет