Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптарында ұйымдастырылған оқу қызметтерін ұйымдастыру бойынша


-тарау. Қашықтан оқыту форматында білім беру процесін ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар



бет46/50
Дата09.03.2023
өлшемі1.33 Mb.
#470569
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
2020-2021ж. Әдістемелік ұсынымдар

7-тарау. Қашықтан оқыту форматында білім беру процесін ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар.

Білім алушының қызметі:


- оқу материалын алу (теориялық материал, әдістемелік нұсқаулар, практикалық тапсырмалар, тесттер, зертханалық жұмыстар және т. б.) жоспарға, сабақ кестесіне сәйкес, әрбір сабақ құрылымдық түрде беріледі;
- оқытудың жеке траекториясын (сабақ кестесі, графиктер), оқыту нәтижелерін, нақты оқу пәні бойынша табыстылықты талдау үшін қажетті өзінің когнитивтік біліктерінің (сипаттамаларының) өзгеруі туралы ақпаратты, платформадағы өзара іс-қимыл және жұмыс режимі туралы ақпаратты қарау;
- теориялық және практикалық материалдарды өздігінен меңгеру, білімді тестілеу, білімді өздігінен тексеру;
- педагогпен кері байланыс арқылы нұсқаулықтарды, сондай-ақ платформамен, оқу материалымен жұмыс істеуге қолдау көрсетуді алу.
Білім алушының болжамды күн тәртібі:
- материалдар мен тапсырмаларды қарау (әрқайсысы уақытты өздігінен анықтайды);
- педагогпен байланыс (қажеттілігіне қарай);
- алынған тапсырмаларды ыңғайлы уақытта орындау және орындау шамасына қарай педагогке жіберу;
- педагогпен жұмыс және туындаған мәселелерді талқылау;
- келесі күнді жоспарлау.
Педагогтің қызметі және оның мүмкіндіктері:
- білім алушының білім траекториясын қарау және түзету (сабақ кестесі және т.б.);
- оқу материалдарын басқару мүмкіндігі (орналастыру, тапсырмаларды ұсыну, жетістіктер нәтижелері және т.б.);
- орындалған жұмыс бойынша түсініктеме, айдарлар және т.б. үшін кері байланыс жасау;
- сабақта өздігінен әзірлеген оқу материалын пайдалану мүмкіндігі.
Білім алушылармен кері байланысты жүзеге асыру алгоритмі
Педагог білім алушылармен кері байланысты ұйымдастырады:
- орындалған жұмыстардың нәтижелерін қабылдайды;
- орындалған тапсырмаға талдау жүргізеді;
- кері байланыс пен ұсынымдарға түсініктеме береді және ұсынады;
- білім алушыларға, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға жеке консультациялар өткізеді.
Кері байланыс жүзеге асырылуы мүмкін:
- интернет-платформалар, электронды пошта және т.б.;
- ұялы және стационарлы телефон байланысы.
Байланыс және интернет болмаған жағдайда оқу материалдарын жеткізу жүзеге асырылады.
Оқу материалдарын қағаз тасымалдағышта беру кезінде:
- бірлестікті (топты, сыныпты), оқу пәнінің атауын, сабақ тақырыбын көрсету;
- сабақ тақырыбы бойынша қысқаша конспект, тезистер беру;
- өз бетінше орындау және бекіту үшін сұрақтар тізімін белгілеу;
- оқу мақсаттары мен бағалау өлшемдеріне сәйкес тапсырмаларды ұсыну;
- тақырып бойынша қосымша материалдарды және кері байланыс механизмін ұсыну қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет