Курсы және оқу семестрі І / І қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк


СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері



бет12/15
Дата14.06.2016
өлшемі2.92 Mb.
#134355
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
5 СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері:

Презентация дайындау және қорғау

Бақылау түрі

Баға

Бағалау критерийлері

Презентация дайындау және қорғау


Өте жақсы

95-100;


90-94

баллға сәйкес



Презентация көлемі 15-20 слайдтан кем емес, белгілінген уақытында, студенттің өз ойымен орындалған. 5-тен кем емес әдебиеттер көзі пайдаланылған. Слайдтар мазмұнды және ойлы. Презентацияны қорғау кезінде автор тақырып бойынша терең білімін көрсете білді. Сұрақтарды талқылау барысында ешқандай қателіктер жіберген жоқ.




Жақсы

85-89; 80-84;

75-79 баллға сәйкес


Презентация көлемі 15-20 слайдтан кем емес, белгілінген уақытында, студенттің өз ойымен орындалған. 5-тен кем емес әдебиеттер көзі пайдаланылған. Слайдтар мазмұнды және ойлы. Презентацияны қорғау кезінде автор тақырып бойынша білімінің жақсы екенін көрсетті. Сұрақтар-ға жауап беруде аздаған қателіктер жіберіп, оны өзі түзеп отырды.




Қанағаттанарлық

70-74; 65-69;

60-64; 50-54

баллға сәйкес



Презентация көлемі 15-20 слайдтан кем емес, белгілінген уақытында, орындалған. 5-тен кем емес әдебиеттер көзі пайдаланылған. Слайдтар мазмұнсыз.Сұрақтарға жауап беру кезінде және талқылауда қателіктер болды.




Қанағаттанарлық-сыз

0-49


баллға сәйкес

Презентация белгіленген уақытта тапсы-рылған жоқ, көлемі 15-20 слайдтан аз. Әдебиеттер тізімі 5-тен кем. Слайдтар мазмұнсыз. Презентацияны қорғау кезінде автор көптеген қателіктер жіберді. Өз материалдарынан ауытқып кеткенде қойылады.


6 Тапсыру мерзімі: 12-апта
7 Әдебиет:

  1. Гистология: Оқу құралы төрт бөлімді / Ж.О.Аяпова. Алматы; «Кітап» баспасы.- 2005.

  2. Гистология, цитология және эмбриология атласы медицина жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. /Р.Б.Абильдинов, Ж.О.Аяпова, Р.Н. Юй.-Алматы: «Эффект» баспасы, 2006.

  3. Гистология, цитология және эмбриология атласы: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. /П.Қазымбет, М.Рысұлы, Ж.Б. Ахметов.-Астана, 2005.

  4. Гистология: Оқу құралы. Ажаев С.А. Төрт бөлімді. Кентау: Еркін и К-ХХІ, 2004.


8 Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер)

Сұрақтар

1. Ұрық ұрықтанудың қай күнінен кейін имплантация басталады және ол дамудың қай сатысында болады?

2. Адам ұрығының имплантациясының түрі қандай және ол ненің көмегімен пайда болады?

3. Ұрықтағы имплантациядан кейін эндометриде қандай өзгерістер болады және қандай бөлімдерді бөліп шығарады, ол қалай аталады?

4. Имплантация процессінде ұрықтың даму сатысы қандай болады?

5. Адам эмбриогенезінде қандай ұрықтан тыс ағзалар түзіледі. Тағы қандай терминдер осы ағзаларда пайдаланылады және ол неге байланысты?

6. Адамның белгілі ұрықтан тыс ағзаларының әрқайсысының құрылысы және олардың пайда болуы мен қызметтері қандай?
Тесттер

1. Жұмыртқа клеткасындағы сары уыз қажет:

А) бөлшектену үшін

B) ұрықтану үшін

C) қоректену үшін

D) эмбрион дамуының жалғасуы үшін

Е) гаструляция үшін



2. Сары уызы аз жұмыртқалық жасуша:

А) телолецитальды

B) олиголецитальды

C) дискоидальды

D) центролецитальды

E) полилецитальды



3. Гаструляцияда пайда болады:

А) бластодерма

B) трофобласт

C) эмбрион

D) ұрық жапырақшалары

Е) эмбриобласт



4. Сары уыздың қызметі:

А) пиноцитоз

B) эндоцитоз

C) тыныс алу

D) фагоцитоз

E) трофикалық



5. Сүт қоректілерде болмайтын провизорлы ағза:

А) сіре қабық

B) хорион

C) амнион

D) аллонтоис

E) плацента



6. Иммиграция дегеніміз:

А) бөрту


B) ыдырау

C) өсу


D) ығысу, орын алмасу

E) синтездеу



  1. Адам ұрығының болашақ хорда құрамына кіреді:

А. Энтодерма

В. Эпибласт

С. Гипобласт

Д. Эктодерма

Е. Мезодерма

8. Ұрық жапырақшалары пайда болады:

А. Бөлшектенуде

В. Гаструляцияда

С. Гистогенезде

Д. Органогенезде

Е. Ұрықтануда



9. Имплантацияның фазалары:

А. Инвагинация

В. Деляминация

С. Иммиграция

Д. Адгезия және инвазия

Е. Адгезия және деляминация



    1. Сары уыз қапшығының негізгі қызметі:

А. Қорғаныстық

В. Секреторлық

С. Қан жасау

Д. Тыныс алу

Е. Экскреторлық
Есептер

1. Амниоцентез жолымен зерттеу кезінде амниотикалық сұйықтықта ядросында жыныстық хроматині бар эпителиалды жасуша пайда болды. Бұл эпителиалды жасуша қалай пайда болды және жыныстық хроматиннің пайда болуы неге байланысты?

2. Босану патологиясында, ұрықтың гипоксиясын және басқада аномалияларды, эмбриогенездегі көп және ұрық суының кем болуына байланысты болуы мүмкін. Ұрық суы эмбриогенезде қандай жасушалардан түзіледі және қай жерде?

3. Жүкті әйелдің несеп инъекциясы толық жетілмеген егеу құйрықтардың аналық без фолликуласын тез жетілдірді, клиникалық тестте жүктілікті білдірді. Бұл қандай зат және ол қай жерде өндіріледі?


13

1. Тақырыбы: Эмбрионалды гемопоэз.

2. Мақсаты:

  • Эмбрионалдық қан жасалу ерекшеліктерін сипаттау.

  • Қызыл сүйек кемік жұғындысындағы эритроидты жасушалар және лейкоциттер қатарын анықтап ажырату.

3 Тапсырма

1 Эмбрионалдық қан жасаудың негізгі этаптарын кестеге толтырып дәптерге жазыңдар.



Эмбрионалдық қан жасаудың периодтары

Органдар

Мерзімдері

Қанның түзілу жасушалары

Мезобластық










Гепатотимолиеналды










Тимомедулолимфоидты










2 Эмбрионалды период кезінде қанның пішінді элементтерінің дамитын органдарын + белгісімен белгілеңдер.



қанның пішінді элементтері

Органдар

Сары уыз қапшығы

бауыр

Көкбауыр

Лимфа түйіні

Тимус

Қызыл сүйек кемігі

Эритроциттер



















Дәнді лейкоциттер



















Лимфоциттер:

В

Т







































Моноциттер



















Қан пластинкалары




















4 Орындау түрі: Ауызша жауап



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет