Курстық ЖҰмыс тақырыбы: «Рахат» АҚ кәсіпорнында бенчмаркинг әдісін пайдалану. Орындаған


«Рахат» кәсіпорнының басшылығы,экспортталуы



бет5/9
Дата05.12.2022
өлшемі83.29 Kb.
#466480
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Курстық жұмыс.Қалдыбек А.Е., БМУ – 11 топ.2

2.2. «Рахат» кәсіпорнының басшылығы,экспортталуы

Директорлар Кеңесінің мүшелері:





  1. Даулетова Шолпан Алтыбаевна ─ Директорлар Кеңесінің төрайымы

  2. Попелюшко Анатолий Висханович ─ Директорлар Кеңесінің мүшесі

  3. Мейрамбаев Жексембай Аргынгазинович ─ Тәуелсіз директор

Басқарма мүшелері:

  1. Попелюшко Анатолий Висханович

  2. Зенков Александр Сергеевич

  3. Хильчук Наталья Мироновна

  4. Рустемова Римма Асхатовна

  5. Гордиенко Ольга Ильинична

  6. Кристаль Лариса Герасимовна.

Экспортталуы


Фабрика өнімдерi отандық нарықтағыдай жақын және алыс шет елдер нарығында да белгілі. «Рахат» АҚ өз өнімін ішкі нарықта жоғары деңгейде жеткілікті ету саясатын жүзеге асырады. «Рахат» АҚ сату ауқымы бүкіл Қазақстанды қамтиды, компанияның 14 облыс орталығын қосқанда 18 қалада өнім тарату жүйесі бар. Алматы қаласы бойынша өнім ірі көтермемен сатып алушылар арқылы, сонымен бірге фирмалық бөлшек сауда дүкендері арқылы таратылады.


Республиканың басқа аймақтарына «Рахат» АҚ өнімін жеткізу фирмалық сапалы өнім сатуды жүзеге асыратын дистрибьюторлық желі (еншілес кәсіпорындар) құрумен қамтамасыз етіледі. Осылайша «Рахат» АҚ-ның сату ауқымы бүкіл Қазақстанды және компанияның еншілес сауда ұйымы бар көрші Қырғызстанды қамтиды. Өнімді сыртқа шығару жоғары бәсекелестік жоқ және саяси-экономикалық жағдайлар ішкі саудаға кедергі келтірмейтін орталық-азия өңірлеріндегі елдермен (Ауғанстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан) жүргізіледі. ТМД-ның басқа республикалары және алыс шет елдер тарапынан «Рахат» АҚ өніміне деген қызығушылыққа байланысты келешекте компания өндіріс көлемін арттыруды және экспорт көлемін ұлғайту жолымен өткізу нарығын кеңейтуді жоспарлап отыр.
Әр түрлі гастрономиялық дәстүрлері бар елдердің халқы «Рахат» АҚ кондитерлік өнімдерінің тұтыну сипаттамасының тартымдылығын мойындауда. Бүгінгі күні Акционерлік Қоғам өзінің өнімдерін ТМД елдеріне, жақын және алыс шетелдерге экспортқа шығарады.
Айта кету керек, фабрика демеушілік және қайырымдылық істерімен айналысып, белсенді әлеуметтік позицияны ұстанады. Бұл жұмыс спорт, білім беру, өнер, денсаулық сақтау секілді қоғамдық маңызы бар салаларды ынталандыруға және дамытуға бағытталған. Компания мүмкіндігі шектеулі балаларға, жетімдерге және күнкөрісі төмен жанұялардан шыққан балаларға арнап түрлі спорттық, мәдени, мерекелік шараларды өткізуде демеушілік жасайды. 2018 жылғы тамыз айында компания Қазақстанның ең ірі 26 қайырым жасаушыларының қатарына еніп, Vласть интернет-журналының нұсқасы бойынша осы рейтингте 20-шы орынға ие болды. Ал қазан айында демеушілік және қайырымдылық саласында «Алтын жүрек» сыйлығына номинант дипломын иеленді.
«Рахат» кондитерлік фабрикасы жылдық есебін жариялап,қызықты нарық деректерін ұсынды.Ақпаратқа сүйенсек,Қазақстанда біздің компаниялар ішкі нарықтың жартысына да жетпейді.



Қазақстандықтар ресейлік және украиндық өндірушілердің кондитерлік өнімдерін жақсы көреді. Алайда, «Рахаттың» негізгі акционері кореялық Lotte Confectionary компаниясы болғандықтан, отандық өндірушілердің үлесі одан да аз.
«Рахат» АҚ-ның жылдық есебінде де қызықты деректер аз емес.

Есепке қарағанда,Қазақстандағы кондитерлік өнімдердің отандық өндірісі де,экспорты да артып келеді.


Қ.Ж.Тоқаевтың 2022 жылғы жолдауында шағын және орта кәсіпкерліктердің алдағы уақытта жоғары деңгейде дамуы барлық жағдайлар қарастырылатынын айтты. Жолдауда жаңа экономикалық бағдарымыздың басты басымдықтары мыналар:

  1. жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру, яғни, мемлекеттік капитализмнен және мемлекеттің экономикаға шектен тыс араласуынан бас тарту;

  2. бәсекелестікті дамыту, яғни бәріне бірдей мүмкіндік беру;

  3. сондай-ақ, ұлттық табысты әділ бөлу.

Мұның бәрі кезек күттірмейтін бірқатар маңызды міндетті шешуді талап етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет