Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны : 90 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 1 семестр


ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ “Халық ауыз әдебиеті” пәні бойынша 050117 мамандығының студенттері үшін



бет18/34
Дата14.06.2016
өлшемі1.04 Mb.
#135942
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ




“Халық ауыз әдебиеті” пәні бойынша 050117 мамандығының студенттері үшін

СИЛЛАБУС
КРЕДИТ № 2


Оқу түрі : күндізгі

Курс : 1, 1 – семестр, 2 кредит

Лекция : 15 сағат

ОБСӨЖ : 15 сағат

СӨЖ : 15 сағат

Барлық сағат саны : 90 сағат

Қорытынды бақылау : емтихан, 1 – семестр



Аралық бақылау саны : (кредит бойынша) 2 кредит

Жетісай – 2006 ж




  1. ОҚУ САҒАТТАРЫНЫҢ КРЕДИТКЕ СӘЙКЕС ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БӨЛІНУ КЕСТЕСІ







Òàºûðûïòû» àòàóû

Ëåêöèÿ

ОБСӨЖ

Ñ´Æ

1
Эпостық жыры.

1

1

1

2

Қобыланды батыр жыры.

1

1

1

3

Ер Тарғын жыры.

1

1

1

4

Қамбар батыр жыры.

1

1

1

5

Алпамыс батыр жыры.

1

1

1

6

Лиро – эпостық жырлар.

1

1

1

7

Қозы Көрпеш-Баян сұлу жыры.

1

1

1

8

Қыз Жібек жыры.


1

1

1

9

Айман – Шолпан жыры.

1

1

1

10

Айтыс.

1

1

1

11

Айтыстың түрлері.

1

1

1

12

Біржан мен Сара айтысы.

1

1

1

13

Балалар фольклоры.

1

1

1

14

Фольклор мен әдебиет.

1

1

1

15

Қазақ фольклоры түрік халықтарының ауыз әдебиеті құрамында.

1

1

1




Барлығы :

15

15

15



  1. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

1 ЛЕКЦИЯ.


ТАҚЫРЫБЫ : Эпостық жырлар.
Жоспары :
1. Қазақ эпосының жанрлық құрамы.

2. Көне эпос.

3. Батырлар жыры.
Қазақ ауыз әдебиетінінің ертеден келе жатқан күрделі саласының бір түрі батырлар жыры. Бұл жырлардың көпшілігі халықтың Отанды сүю басқыншы жаудан ел қорғау, халық үшін ерлік еңбек ету идеясынан туған. Басқыншы жаудың шапқыншылық шабуылдарына қарсы аттанған, одан ел-жұртын қорғап қалған батырларды, олардың ер лік- істерін ардақтап халық аңыз-әңгіме жырына қосқан. Сондай –ақ халық адал еңбекті, еңбек адамдарына көпшілік үшін жасаған істерін де жасаған, оған да ерлік сипат берген. Еңбек адамдарының ерлік ісін ел қорғаған батырлардың ісінен кем санамаған. Сондықтан да бұл екеуі халықтың ерлік істі суреттейтін батырлар жырының негізгі әңгімесіне айналған.

Әрине батырлар жыры бір ғасырдың ғана жемісі емес. Ол халықтың ертедегі тұрмыс – тіршілігіне, тарихына, қоғамдық өміріне байланысты туып, солармен бірге жасасқан. Сондықтан да батырлар жыры өзінің қалыптасу даму процесінде талай қоғамдық және таптық тілектерге сәйкес көптеген өзгерістерге ұшыраған : әрбір тарихи кезеңнің, қоғамдық және таптық ой-сананың көзқарастардың алуандаған әсерін бойына жинай берген. Әрбір қоғамдық құрылыс, әрбір тап батырлар жырын өз тілегіне, өз мүддесіне сай етіп өзгертіп те отырған, олар батырлар жыры арқылы өздерінің қоғамдық және таптық идеясын таратуға тырысқан.

Батырлар жырын зерттеуде қате – кемшіліктер де болмай қойған жоқ. Кейбір еңбектерде батырлар жыры сын көзімен қаралмай, барлығын бірдей халықтық деп бағалау, асыра мақтау басым болды. Бертін келе батырлар жырының барлығын бірдей халыққа жат деп көрсету кейбір әдебиетшілер мен тарихшылардың еңбектерінен орын алды.

Шынына келгенде, батырлар жыры жайында орын алған бұл екі көзқарастың екеуі де теріс, зиянды еді. Батырлар жырының барлығының кіршігі жоқ, таза халықтық шығаралар деп бағалау немесе олардың бәрі де халыққа жат деп. көрсету – тарихқа жасалған үлкен қиянат болып табылады. Батырлар жырының тіпті жалпы ауыз әдебиетінің ерте заманда, халықтың жазу – сызу өнері болмаған кезінде туғандығын, олар ауызша туып, ел арасына ауызша айтылу арқылы тарағандығын, ұрпақтан – ұрпаққа ауызша айту негізінде жеткендігін, осының негізінде әр түрлі қоғамдық, таптық тілектерге сәйкес талай-талай өзгерістерге ұшырағанын еске алсақ, әрбір жырдың жай-күйі ашыла түспек. Кейбір жырлардың алғашқы нұсқасы халықтық ортада туып, кейіннен оны үстем таптың иемденіп кеткенін аңғару да қиынға соқпайды.

Сондықтан біз батырлар жырын сөз еткенде оның туу, ел арасында тарау жайын, қандай жағдайда және қалай дамығандығын еске алуға тиістіміз. Жырды зерттегенде, оқытқанда, талдағанда ескі мәдениет туралы лениндік ілімге сүйене отырып, шын мәніндегі халықтық жырларды ала білуіміз керек. Батырлар жырының барлығын таза халықтық немесе бәрі де халыққа жат керексіз мүлік деп қараушылықтың зиянды екендігін еске тұту қажет.

Батырлар жырының тарихқа байланыстылығы. Қазақтың ауыз әдебиеті халықтың ертедегі тұрмыс-тіршілігіне, тарихына байланысты туды десек, мұны батырлар жыры жайында да айтуға болады. Батырлар жырының алғашқы ұсақ үлгілері сонау ерте заманда, патриархтық-рулық құрылыс кезінің өзінде-ақ туа бастаған. Сол кездің тарихта аттары мәлім рулары: үйсін, қаңлы, қоңырат, керей, қыпшақ, т.б. өздерінің ру тәуелсіздігін сақтап қалу үшін күрескен. Мұндай күрестер кезінде әр рудың батырлары өз руларын қарсы жақтың шабуылдарынан қорғап қалу жолында ер лік жасаған. Олардың бұл жолдағы ер лік істері ру арасында өлең-жырға, аңыз-әңгімеге айналған.

Дегенмен, патриархтық-рулық құрылыс кезінде туған батырлар жырының үлгілері толығымен сақталмаған. Оның кейбіреулері кейінен ауыз әдебиетінің басқа түрлерімен қосылып арласып кеткен. Сондықтан батырлар жырының алғашқы үлгілерінің жалпы жайын, сипатын дәлелдеп айту өте қиын.

Қазақта батырлар жырының көбірек туған кезі XIV, XVIII ғасырлардың арасы секілді. Осы аталған кекзеңдерде бүгінгі қазақ халқының көне тарихында бірнеше елеулі оқиғалар болып өтті (бұл жерде бір жағдайды ескер те кетелік тарихтың айтуынша XV ғасырға дейін “қазақ” деген тұтас халық болмаған жеке бытыраңқы рулар болған. Олардың бәрі “ноғайлы” деген жалпыға бірдей ат пен аталған, кейіннен XV ғасыр ішінде бұл рулардың көпшілігі бір жерге қосылып, содан былай қазақ халқы аталған). Бұлардың ішінен бастылары төмендегілер еді :

XIII ғасырдың басында монғолдардың Шыңғысхан бастаған шапқыншылылар Қазақстан мен Орта Азияға жорық жасайды. Әскери күші мығым құрылған Шыңғыс хан жергілікті халықтардың қанын судай ағыза отырып оларды өзіне күшпен бағындырып алады. Монғол шапқыншылары мұнымен қанағаттанбай Иран мен Иракқа, Кавказдық елдерге және Европаның оңтүстік Шығысына қарай да шабуыл жасайды. Бұл жерлерде де олар өздеріне қарсылық көрсеткендерді аяусыз қырып жойып, басып жаншып орырады. Зорлық пен үстемдік жүргізеді. “Бағынған” жерлерді Шыңғыс өз баларына, туған – туысқанына, нояндарына бөліп берді. Олардың әр қайсысын жеке ұлыс (мемлекет) деп жариялайды. 1240 жылы Жошының (Жошы Шыңғыс ханның баласы) ұлысы құрылады. Мұны тарихта Алтын Орда деп атайды.

Шыңғысхандықтар (алтынордалықтар) қарамағындағы елдерді ауыр азапқа ұшыратыды, запас пен қорлықта ұстайды. Ауыртпалықтың зілді салмағы еңбекші халыққа түседі. Жергілікті рулардың шонжарлары алтынордалықтармен қосылып алып, еңбекші бұқараны қан – қақсатады, қанауды күшейтеді. Мұнымен қатар, алтынордалықтардың өзараларында да, талас – тартыс, күрестер болып тұрады. Оның зардабы да халыққа тиеді. Шапқыншылық, ел талағыштық жорықтарын олар өздерімен көршілес елдерге соның ішінде орыс жеріне де жасайды. Мұндай шапқыншылыққа төзе алмаған орыс халқы күреске шығып өзінің ер жүрек батыр ұлы Дмитрий Ивановичтің (Донскойдың) бастауымен 1380 жылы қыркүйек айының үшінде Куликово даласында алтынордалықтарды талқандап жеңеді. Осыдан былай алтын орда ыдырай бастайды.

Алтын орда ыдырағаннан кейін, оның орнына үш хандық (Қырым, Қазан, Астрахань хандықтары) құрылады. Бұлардың арасында да феодалдық талас-тартыстар, шабуыл жасап ел талаушылық әрекеттер күшейе түседі. Осындай талас тартыстың салмағы мен ауыртпалығы еңбекші бұқараға қатты батады. Бірақ бұған халық көндігіп отырмайды.

Міне қазақтың ертедегі батырлар жыры жоғарыда айтылған тарихи кезеңдердің, ұлы оқиғалардың елесін беру негізінде туып қалыптасады. Бұдан, әрине, батырлар жыры тарихи құжат деген ұғым тумайды, әдебиеттік шығармалардың қандайы болса да, белгілі оқиғалардың тарихи құжаты болып табылмайды. Батырлар жыры да сондай. Олар өткендегі оқиғалардың сәулесін елестетуші, тарихи оқиғаларды суреттеу негізде туған көркем шығарма болып қана табылады.

Қорыта келгенде, қазақта батырлар жырының тууына осы аталған екі жағдай үлкен әсер етті деуге болады. Бұдан әрине бергі заманда яғни XIX ғасырдан бергі жерде батырлар жыры шығарылмаған дегенде ұғым тумауы керек.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Негізгі :
1. Аль-Фараби. Трактаты о музыке и поэзий. – А., 1992

2. Байтұрсыноа А. Ақ жол – А., 1991

3.Веселовский А. Н. Историческая поэтика. –М.,1940

4.Тайлор Э. Первобытная культура – М., 1989

5.Анисимов А. Духовная жизнь перврбытного общесттва – М., 1978

6.Гусев В. Е. Естетика фольклора – Л., 1967

7.Пропп В. Я. Фольклор и действительность – М.,1976

8.Әмельянов Л. И. Методолог, вопроы фольклористики – Л., 1978

9.Әуезов М. Әдебиет тарихы – А., 1991

10.Ысмайылов Е. Ақындар – А., 1956

11.Смирнова М. С. Казахская нарадная поэзия – А., 1967

12.Садырбаев С. Фольклор және естетика – А., 1976





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет