Лекция: 30 сағат Практикалық семинар: 15 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат


–лекция Болжам және оның түрлері



бет6/11
Дата17.06.2016
өлшемі0.89 Mb.
#141224
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

14 –лекция

Болжам және оның түрлері

Жоспары:

  1. Ғылыми жұмысьтың әдіснамасы; ,

  2. Болжамдардың жасалу жолдары;

  3. Болжам жасаушы зерттеушінің білімі;


Пайдаланылған әдебиеттер:

Негізгі:

1. Адлер Ю.П. Предпланирование эксперимента. М., 1978.

2. Анастази А., Урбина С. Психологическое тестирование Спб.: Питер., 2001.

3.Бурлачук Л.Ф., Морозов С.М. Словарь – справочник по психодиагностике. Спб.: Питер. Ком., 1999.



  1. Годфруа Дж. Что такое психология, в 2-х томах. М., 2001.

  2. Дружинин В.Н. Экспериментальная психология. Учебное пособие. Спб.: Питер, 2007.

  3. Налимов В.В. Теория эксперимента. М., 2002.

Қосымша:

  1. Бурлачук Л.Ф., Савченко Е.П.Психодиагностика Киев, 1995.

  2. Норакидзе В.Г. Методы исследования характера личности. Тбил. 1975.


Лекция мәтіні:

Қазіргі заманғы ғылым – еңбек іс-әрекетін адамның ойлауы мен психикалық және дене күштерінің ынталануын талап ететін бір түрі болып табылады. Ғылым – іс-әрекеттің ең бір қиын да, күрделі, көп ақпараттық білімді, білік дағдыны талап ететін бір саласы болып есептелінеді.

Қазіргі зерттеуші ғалымның алдында кез-келген ғылыми мәселені шешетін дұрыс бапты анықтау міндеті тұр. Мұндвай бапты беталды іздеу көп уақыт пен күшті талап етеді, бұның өзі де көбінесе дұрыс шешімге әкелмейді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта дұрыс сұрақты қоя білу, оған жауапты анықтау қажеттілігімен ғакна шектелмей, ғылыми еңбектің жемісін пайдалану нәтижелерін көре білу керек. Ғылыми жұмыстың нәтижелілігі көп жағдайда таңдалған әдіснамаға байланысты.

Ғылыми әдіснаманың үш деңгейі бар: философиялық, жалпы ғылыми, нақты ғылымдық. Бұлардың арасында айқын шекара жоқ, себебі олар бір-бірін алмастырып, толықтырып жатады.

Философия әдіснама ретінде зерттеушіні табиғат, қоғам, сана дамуының жалпы заңдарын білуімен, әлемнің біртұтастығын қамтумен, зерделенген мәселені басқалардың ішінен орны мен байланысын анықтаумен қаруландырады.

Жалпы ғылыми әдіснама зерттеудің кейбір жалпы заңдары мен ұстанымдарын меңгеруге көмектеседі. Солардың ішінен, білімнің түрлі саласынан тиімділерін таңдауға мүмкіндік береді, мысалы, жаратылыстану, техника және басқа салаларда.

Сол сияқты наұқты ғылымеың әдіснамасы ғылыми пәнге қатысты тиімді заңдылықтарды, нәрселерді, ұстанымдарды қамтиды, мысалға – биология, математика, т.б.

Жемісті ғылыми іс-әрекет жасау үшін жалпы білімділік, мәдениет, қоғамдық белсенділіктің маңызы зор. Қазіргі әдіснама табиғат дамуының объективті заңдар білім жүйесімен бірге зерттеушінің тиісті қасиеттер жүйесін де қамтиды. Бұл біртұтас танымның қарым-қатынасына байланыста, бір-бірімен әрекеттесуінде өзара тәуелді. Олардың тығыз қарым-қатынасына ғалым жұмысының қорытынды нәтижелерінің тиімділігі мен пайдасы байланысып келеді.

Ғылыми әдіснаманың ең бір басты бөлігі – салада жаңалық ашу. Ғылыми әдіснаманың бірінші және ең нағыз талаптарының бірі – кәсіби білім деңгейін үнемі және жоспарлы түрде арттыру. Бұл мақсатқа жету үшін, мектеп қабырғасынан бастап, ғылыми пәндерде өз біліктілігін көтеріп, жан-жақты білімді тұлға болуға ұмтылу.

Философия әдіснамасының басты маңызды бөліг болып саналады. Философия қағидаларын білу адамның ой-өрісін байытады. Философия біздің бүкіл өмірімізден өтеді, себебі қандай іс-әрекетпен айналысса да, ол бұрынға ата-баба тәжірибесінен қалған немесе айналадағы ортадан алған, өзі қорытындылаған жалпы ұғымдарға, ортақ түсініктер мен ерекше атауларға сүйенеді.

Ғылыми жұмыстың тиімділігі көп жағдайда адам ой-өрісінің кеңдігіне, білімділігіне, жалпы ақпараттық мәдениетіне байланысты.

Ғылыми жұмыстың маңызды сәтінің бірі жаңа ой-пйым (идея) шығару және болжам (гипотеза) жасау. Жаңа, әлі белгісіз, бірақ өмірде кездесетін заңдылықты іздеу барысында ол туралы болжам жасайды, мүмкін ол дұрыс болып шығар, мүмкін жалған да болар. Гипотеза – ғылыми болжау, ғалым жұмысының айырылмас серігі. Нағыз ғалым өз жұмысын қиялсыз, фантазиясыз жасай алмайды. Қиялсыз, тапқырлықсыз, жаңа ой-пайым табу қабілетінсіз ғалым табысқа жетуі мүмкін емес. Гипотеза құру – ғылыми шығармашылық дамуының заңдылықты кезеңі.

Жаңа құблыстарды табу, ғылымның даму барысында огсы күнге дейінгі қалыптасқан, ғылыми заңдар байқалған құбылыстарға негізделген түсіндірме бере алмайды, себебі олар толық емес, шектеулі, сондықтан оларды қайта құруға тура келеді. Эксперимент жүргізу барысында жаңа түсінікміз фактілерді байқағанда осы уақытқа дейін қалыптасқан ғылыми теорияларды қайта құру мәселесі туады. Гипотеза қалыптасқан теория, ғылыми түсінік пен экспериментарасындағы қарама-қайшылықтан туындайды. Бірақ қандай болмасын, ең қарапайым деген гипотезаның өзі осы уақытқа дейін жинақталған білім негізінде құрылады. Бірақ жаңа гипотеза бұрынғы білімге толық сәйкес келмейді, кейбір қағидалар ескеріп, өз күшін жояды да, орны заманға сай жаңа ой-пайымдармен байытылады. Ғылым дамуы заңды құбылыс, оқтын-оқтын бұрынғы теогриялық ұғымдарды қайта қарап, жаң иднялар мен қағидалармен толықтырылады.

Жаңа идеялар ұсыну және гипотеза жасауда сауатты болу үшін ғылыми көріпкелдік қажет. Ал, ол тек қана білімге сүйенген жағдайда болуы мүмкін. Тұспалдау мүмкіндігі ғылымның құбылыс пен заттардың арасындағы байланысты реттеуі, ауық-ауық қайталануын орнықтыру мәнінен туындайды.

Сондықтан ғалымдар мен философтардың еңбектерінде тұспалдау жасау мәселесі үлкен орын алатыны кехдейсоқ жағдай емес. Осылайша тұспалдаудың ең кең тараған әдісінің бірі экстраполяция деп аталады. Бұл әдісті қолданғанда белгілі заңдарды белгісіз көріністерді түсіндіру үшін пайдаланады. Экстраполяция – кішігірім пән саласындағы білімдерді әлі ғылым игермеген шын болмыстың аясына таратады.

Ғылыми заңдарға байланысты жасалған гипотезалардың бірнеше түрі болады. Олар эмпирикалық, теориялық, құрылымдық, статистикалық, динамикалық, санды жәнге сапалы болп бөлінеді.

Эмпирика заңдары тәжірибе мен бақылауларға негізделеді. Бұл заңдарды теориямен салыстырғанда аса терең деп айту қиын, бірақ олардың негізінде жасалған болжамдардың нақтылық дәрежесі өте биік.

Теориялық заңдар, эмпирика түрінде қарағанда, табиғаттың шын заңдылықтарын терең де толығырақ айқындайды. Сондықтан, бұл заңдардың үлкен болжамдық күші бар. Мұндай болжамның мысалы ретінде А.Эйнштейннің қатынастық теориясындағы ірі аспан денесінің жанынан өткен сәуленің ауытқу құбылысын атауға болады.

Ғылыми жұмыс міндетті түрде тәжірибемен тығыз байланыста болу керек. Бұл зерттеушіден өз ой жасамдарын дереу өндіріске енгізуді талап етпейді. Осыған байланысты ғалым тұлға аз да болса ұйымдастырушылық қабілетіне ие болу керек. Ғылыми жетістік қаншама пайдасы зор, өте қажет болса да тиісті ақпарат, насихаттау, ұйымдастыру жұмысы жүргізілмесе, өз бетінше өмірге енбей қалуы мүмкін. Сондықтан зертеуші өз идеясын іске асыру үшін белсенді түрде ұйымдастырушы, насихаттаушы, үгіттеуші болуы қажет.

Нағыз шығармашыл әрқашанда ой-пікір күресімен байланысты. Көп жағдайларда жас ғалымдар өз аңқаулығын байқатып жатады, олардың ойынша жасалған жаңа идея немесе ғылыми жетістікті көпшілік қауым құшақ жая қарсы алады деп сенеді. Қандай болмасн жаңа идея, теория автордан терең түсінігінен басқа, нанымды дәлелдеуді талап етеді. Жаңа ой тақыр жерде туындамайды. Ол ескі теорияны өз орнынан ығыстырып шығуы керек. Ескі зат өте тұрақты, күрессіз өз орнын бере қоймайтыны мәлім. Сонымен қатар жаңа нәрсе де бір өзі жалғыз пайда болмайжды. Оның бірнеше варианты жасалады, солардың ішінен қайсысы өміршең болатындығы автордың жеке басының қасиетіне, оның өз ойын дәлелдеу қабілетіне байланысты екенін есекерту керек. өз ғылыми идеяларын қорғау және насихаттау – ғалымның парызы, оның жұмысының тиімділігінің қажеті шарты.

Ғалым өзінің шешендік қабілетін жетілдіріп, сонымен қатар талқыланып отырған мәселенің өзегін табады, жаңа идея шығарады, зертеу тақырыбын терең ашады. Ғылымда да тура өмірде сияқты шабуыл жасау және қорғау іскерлігі де кәсіпкерлік білімдей қажет.
15 – лекция

Тақырыбы: Эксперименталды ауыспалылар және оларды бақылау түрлері.

Жоспары:

1. Тәуелсіз ауыспалы.

2. Тәуелді ауыспалы .

3. Ауыспалылар арасындағы қатынас.


Пайдаланылған әдебиеттер:

Негізгі:

1. Адлер Ю.П. Предпланирование эксперимента. М., 1978.

2. Анастази А., Урбина С. Психологическое тестирование Спб.: Питер., 2001.

3.Бурлачук Л.Ф., Морозов С.М. Словарь – справочник по психодиагностике. Спб.: Питер. Ком., 1999.



  1. Годфруа Дж. Что такое психология, в 2-х томах. М., 2001.

  2. Дружинин В.Н. Экспериментальная психология. Учебное пособие. Спб.: Питер, 2007.

  3. Налимов В.В. Теория эксперимента. М., 2002.

Қосымша:

  1. Бурлачук Л.Ф., Савченко Е.П.Психодиагностика Киев, 1995.

  2. Норакидзе В.Г. Методы исследования характера личности. Тбил. 1975.


Лекция мәтіні:

Экспериментатор екі құбылыстың А және В арасындағы сепетті байланыс болжамын тексереді. Себептілік түсінігі ғылымда бәршама күрделі ұғым болып табылады. Екі құбылыс арасындағы себепті байланыстың эмперикалық белгілерінің қатары кездеседі. Бірінші белгі себептер бөлінуі. Егер экспериментатор эксперименталды әсер етуден кейін обьектіде өзгерісті байқайтын болса, эксперименталды әсер обьектіде өзгеріс әкеледі деп айта алады. Екінші белгі-екі ауыспалы арасындағы статистикалық байланыстың қатары. Басқаша айтқанда ауыспалы лар арасында не эелілік корреляция вербальды интеллект тек мектептегі үлгерім деңгйі, не желілік емес парреляция белсенділік деңгейі мен үйренудің эффективтілігі деңгейі.

Эксперименталды жағдайдағы сыртқы ауыспалы ларды экспериментатор бақылап отыруы керек. Сыртқы ауыспалы лар арасында екі ауыспалы ажырытылады. 1. Жанама ауыспалы лар жүйесіздікті тудырып, сенімді емес мәліметтерге әкелетін фактор. Олар уақыт факторы, индивидуалды ерекшеліктер т.б. 2. Қосымша ауыспалы лар себеп пен әсердің арасындағы байланысты зерттейді.

Жеке болжамды тексергенде қосымша ауыспалы ның деңгейі зертелетін шындықты деңгейімен сәйкес келді. Мысалы, тікелей және жанама асте сақтаудың байланысын зерттегенде балалар біркелкі жаста болуы керек. Жас бұл жерде қосымша ауыспалы . Егер жалпы болжам зерттелетін болса, онда эксперимент қосымша ауыспалы ның әр түрлі деңгейлерімен, әр түрлі жастағы балаларды қатыстыра отырып өткізіледі.

Қосымша ауыспалы экспериментте маңызды орынға ие. Бақылау ауыспалы сы деп аталатын қосымша ауыспалы факторлы экспериментте екінші негізгі орынға ие болады.

Эксперименттің мәні тәуелсіз ауыспалы ны бақылап, ондағы өзгерінстерді тіркеуге алып, сыртқы (жанама) ауыспалы ларды тіркеуге алып, отырады.

Зерттеушілердің тәуелсіз ауыспалы ның саналық және сандық түрлерін ажыратады. Тәуелді ауыспалы лар ішінде Базисті ауыспалы ға әсер ете алатын жалғыз тәуелді ауыспалы .

Зерттеуші зерттеу жүргізуде тәуелсіз ауыспалы лығы сүйенуі керек. Ереже сақталған жағдайда ғана эксперимент таза болып есептеледі. Бірақ көбінесе экперимент барысында бір ауыспалы ға әсер еткенде, онымен қатар басқалары да өзгереді. Мысалы, қарапайым двигательмен жұмыс істеу кезінде сәтсіздігі үшін сыналушына жазалайтын болсақ, жазалау сыналушыда үрей немес қорқыныш туғызып нәтижесінде дағдылану жымдамдығы төмендеп қателік жасауы көбеюі мүмкін. Жазалау бұл жерде тәуелсіз ауыспалы ны, ал дағдылану жылдамдығы тәуелді ауыспалы .

Эксперименталды зерттеу өткізуде негізгі мәселе тәуелсіз ауыспалы ны анықтау және жеке оны басқа ауыспалы ларды бөлу.

Психологиялық экспериментте тәуелді ауыспалы ретінде мыналар қатыса алады:



  1. тапсырманың сипаты.

  2. Жағдайдың ерекшелігі (сыртқы жағдай)

  3. Сыналушының өзгертуге келетін ерекшеліктері.

Ауыспалы ның төртінші түрі сыналушының константты сипаттамасы. Бұл интелект, жасы, жынысы т.б. Бірақ та Дружинин оны өзгертуге болмайды, оны тек бақылай аламыз дейді.

Тәуелді ауыспалы ретінде верталды және верталды емес жүріс-тұрыс алынады. Оған мыналар жатады: лабиринтпен жүрген егеуқұйрықтың жіберген қателіктер саны, мәселені шешуге сыналушы жіберген уақыты белгі ұзақтығына сыналушының реакциясы т.б. тәуелді ауыспалы сенімді және жарамды болуы керек. Ауыспалы ның сенімділігі белгілі уақытта жағдайдың өзгеруінің тұрақтылығына көрінеді.

Тәуелді ауыспалы ның үш түрі көрсетіледі:


  1. Бір мезгілдік;

  2. Көп мөлшерлі;

  3. Фундалинталды.


16 - лекция

Тақырыбы: Өлшеу шкалаларының типтері;

Жоспары:

  1. Шкала типтері және қайта құрылымдар түрлері.


Пайдаланылған әдебиеттер:

Негізгі:

1. Адлер Ю.П. Предпланирование эксперимента. М., 1978.

2.Анастази А., Урбина С. Психологическое тестирование Спб.: Питер., 2001.


  1. Бурлачук Л.Ф., Морозов С.М. Словарь – справочник по психодиагностике. Спб.: Питер. Ком., 1999.

  2. Годфруа Дж. Что такое психология, в 2-х томах. М., 2001.

  3. Дружинин В.Н. Экспериментальная психология. Учебное пособие. Спб.: Питер, 2007.

  4. Налимов В.В. Теория эксперимента. М., 2002.

Қосымша:

  1. Бурлачук Л.Ф., Савченко Е.П.Психодиагностика Киев, 1995.

  2. Норакидзе В.Г. Методы исследования характера личности. Тбил. 1975.


Лекция мәтіні:

Психологиялық өлшемнің математикалық негіздегі теориясынА.Д. Логвиненко өзінің “Психология ғылымындағы өлшемнің математикалық негіздері” (1993) монографиясында ашып көрсетеді. Қазіргі кездегі эксперименталды психологиялыда шкалалардың төмендегідей негізгі типтері бар.



  1. Атаулар шкаласы

  2. Жүйелі шкала

  3. Интервалдар шкаласы

  4. Қатынастар шкаласы

Бірқатар психолог мамандар бұларға қосымша және екі шкаланы енгізді.

  1. Абсолютті шкала;

  2. Өзгешелікті және айырма шкала;

1. Атаулар шкаласы – объект атын теңгеру жолымен көрсетеді. Кез – келген шкалада идеализзация шындық модельдер болуы тиіс, әрі әрбір шкала қолдануға жеңіл болуға тиіс.

2. Жүйелілік шкаласының құрылымы атаулар шкаласының құрылымына қарағанда біршама күрделі. Оның себебі жүйелі шкаласында зерттеу объектісінің көрсеткіші басқа екі объект арасында болады. Мысалы, А> B, B>C олай болса A>C бұл транзитивті қатынастар ережесі деп аталады.

Жүйелі шкала екіге бөлінеді.

1. Әлсіз жүйелі шкала “үлкен емес немесе тең” және “кіші және тең” деген ұғымдар жиі қолданылады.

2. қатаң жүйелі шкаласы – мұнда нақты айтқындалған “үлкен емес” және “кіші” деген ұғымдар қолданылады. Былайша айтқанда әлсіз жүйелі шкала біршама өзгермелі, нақты емес жағдайды көрсетеді.

3. Қатынастар шкаласы – физикада жиі қолданылады. Бұл бір объекті екінші объектіден қаншалықты үлкен немесе кіші екендігіне байланысты, объектілердің қасиеттердің ерекшеліктері туралы мәлімет алудың процедурасы. Ппсихология ғылымында қатынастар шкаласы аса көп қолданылмайды. Сирек жағдайда объектінің салмағын, реакциясының уақытын өлшеу үшін және тестік тапсырмаларды орындау үшін қолданылады.

4. Интервалдар шкаласы – метрикалық шкала болып табылады. Интервалдар шкаласы арқылы екі объектіні салыстыруға болады. Салыстыру арқылы бір объектіденг екінші объектіге қаншалықты азды – көпті қасиеті сипатталатындығынымен айқындалады. Интервалдар шкаласы көп жағдайда ғылыми зерттеуші, ізденушілер қолданады. Физикада классикалық мысал арқылы қолданылады, яғни бұл шклала температураны өлшеу болып табылады. Интервалдар шкаласы арқылы алынған барлық мәліметтерді талдау жасауға арналған практикалық барлық параметрлер статистикасын қолдануға мүмкіндік береді.

Көптеген психолог мамандар психологиялық өлшем теори ялары бойынша тесттер интервалдар шкалаларының көмегімен психологиялық қасиеттерді өлшейді деп көрсетеді. Мұндағы айтылатын ой психологиялық қасиеттер, соның ішінде жетістікке жету және ақыл – ой тесті тест арқылы тиімді өлшенеді.

Көптеген авторлар бұл көзқарасқа қарсы келіп, ақыл- ой тестін интервалдар шкаласына жатқызуға ешқандай негіз жоқ деп көрсетеді. Себебі, біріншіден, әр бір тестте “ноль” бар, бұл дегеніміз, егер сыналушы бірде – бір тапсырманы берілген уақыт ішінде орындай аламаса, индивид ең “кіші” балл алуы мүмкін, екеншіден, әрбір тесте ең үлкен максимум бар, яғни сыналушы барлық тапсырмаларды аз уақыт ішінде орындап, аяқтай алса, ең үлкен максимум балл жинай алады.

Үшіншіден, жеке шкалалар мәні арасындағы өзгешеліктер бірдей емес.

Қорыта айтқанда зерттеудегі 100 % - бен 120 % - дың арасындағы өзгешелікті сипаттаумен 100% бен 80% - дың арасындағы өзгешеліктерді сипаттаудың ешқандай айырмашылығы жоқ.

Басқа шкалалар. Дихотомикалық классификация. Бұл атаулар шкаласы варианттарында қолданылады, яғни объектінің қасиеттерінің көріну деңгейлеріне баға беріледі.

Айырма шкаласының қатынастар шкаласынан өзгешелігі айырма шкаласында табиғи 0 емес, өлшемнің біреулік масштабын қарастырады. Яғни 0 мен 1 масштабының арасындағы айырма бағаны салыстырады. Айырма шкаласы психологияда жұптық салыстыру әдістемесі деп аталады.

Абсолютті шкала қатынастар шкаласын дамытушы құрал болып табылады. Дегенмен, өзгешілігі сол абсолют шкала табиғи біреулік өлшемді ғана қарастырады. Психологияда абсолюттік шкала көмегімен алынған мәліметтер белгілі бір жүйеге жинақталмайды.

Психологияда ординальды шкала логинтервалды шкала, жүйелі маторикалық шкала логинтервалды шкала, жүйелі моторикалық шкала бар. Бұл шкалалар психологияның күрделі салаларында «психиатрияда» қолданылады.

Жоғарыда аталынған барлық шкалалар бір өлшемді шкалаларға жатады. Бұдан басқа көп өлшемді шкалалар да болуы мүмкін. Шкалаларды қалыптастырудың екі варианты болады.



  1. Шкала мықтылығының жоғарылауы;

  2. Шкала мықтылығының төмендеуі.

Бір шкаладан екінші шкалаға өту қажеттілігі туындайтын болса, онда адам өзінің интукциясына эмпирикалық тәсілдерді және объективті емес жағдайды тудыру қажет. Дегенмен көптеген жағдайларда эмпирикалық тексерулер жүргізіледі. Бұл дегеніміз - әлсіз шкала бойынша алынған мәліметтер қаншалықты деңгейде мықты шкалаға қойылатын талаптарға қаншалықты деңгейде мықты шкалаға қойылатын талаптарға қаншалықты қанағаттандыратынын қарастырады.

Психологияда көптеген нақты өлшемдік әдістер қолданылады. Психологиялық өлшемнің тиімді классификациясын С.С. Наповян енгізген. Психологиялық өлшемнің әдістері мынадай әр түрлі негіздерге байланысты жіктеледі:



  1. «Ішкі» мәліметтерді жинау процедурасы негізінде;

  2. Өлшем пәндері негізінде;

  3. Қолданылатын шкала түрі негізінде;

  4. Шкалалау материалдар типтері негізінде;

  5. Шкалалау модельдері негізінде;

  6. Өлшеулер саны негізінде, бір өлшемді немесе көп өлшемді өлшеу;

  7. Аталынған мәліметтерді жинақтау, әдістердің мықтылығы негізінде;

  8. Индивидтің жауап типіне байланысты;

  9. Детерменистік және шындық негізінде.

Психологиялық эксперименттің алғашқы екі негізіне (ішкі мәліметтерді жинақтау процедурасы және өлшем пәндері негізіне) сүйенеді. Көп жағдайда төмендегідей субъективті шкалалық процедурасы қолданылуы мүмкін.

  1. Көлемдік әдіс (рангтік әдіс) зерттелушіге барлық объекті бір мезгілде беріледі және ол өлшем белгісінің көлеміне байланысты жүйеленеді.

  2. Абсоютті бағалау әдісі. Мұнда зерттелушіге объектілер бір – біреуден беріледі. Ал сыналушы ұсынылған біреулік шкала бойынша объектіге жан – жақты баға береді.

  3. Жұпттық салыстру, әдісі. Онда сыналушыға объекті жұп – жұбымен беріледі. Сыналушы әрбір жұп ұқсастық пен өзгешеліктерге баға беруі қажет.

  4. Таңдау әдісі. Сыналушыға бірнеше объектілер беріледі. Ал зерттеушілер белгілі – бір талаптарға сәйкес объектіні таңдау қажет.

Өлшем пәні бойынша әдістер мынадай бөліктерге бөлінеді:

  1. Объектіні шкалалау әдісі;

  2. Индивидті шкалау әдісі;

  3. Объекті мен индивидті бірлестік шкалалау әдістері.

1.Объектіні шкалалау әдістері эксперименттік және өлшемдік процедура контексінде құрылады. Оның мәні сыналушының өзі және сыналушының міндеттері арасындағы қасиеттер сипатымен орындау тапсырмалары болып табылады. Сыналушы өзіндік мінез – құлықты өзінің психикалық ерекшеліктерін көрсету үшін зерттеушінің тапсырмасын орындайды. Былайша айтқанда, эксперименттегі орындау тапсырмалары бағаланады.

2.Индивидті шкалалау әдісі бойынша зерттелінушінің өзі өлшем құраушы функциясын атқарады. Ал экспериментатор сыналушының өлшеніп жатқан объектісінің ерекшеліктерін және өлшем құрамының өзін (индивидті) зерттейді. Объекті мен индивидтің бірге шкалалау әдістемесінің екі моделі бар:



  1. детерменлистік.

  2. мүмкіншіліктік.

Бұл модельдердің мәні объекті де, индивид те көрінген мәліметтер алынған мағлұматтарды өлшем негізінде бір шкалаға бейнелейді. Негізгі детерменистік модельге К. Кумбстың айналдыру әдісі.

Л. Гутманның шкалаграмдық анализі жатады. Мүмкіншілікті модельге латентті құрылымдық анализ жатады.



17 – лекция

Тақырыбы: Зерттелушілерді таңдау ережесін қалыптастыру

Жоспары:

1. Эксперименталды таңдама және оны жасау тәсілдері.

2. Эксперименталды және бақылау топтары туралы түсінік.


Пайдаланылған әдебиеттер:

Негізгі:

1. Адлер Ю.П. Предпланирование эксперимента. М., 1978.

2. Анастази А., Урбина С. Психологическое тестирование Спб.: Питер., 2001.


  1. Бурлачук Л.Ф., Морозов С.М. Словарь – справочник по психодиагностике. Спб.: Питер. Ком., 1999.

  2. Годфруа Дж. Что такое психология, в 2-х томах. М., 2001.

  3. Дружинин В.Н. Экспериментальная психология. Учебное пособие. Спб.: Питер, 2007.

  4. Налимов В.В. Теория эксперимента. М., 2002.

Қосымша:

  1. Бурлачук Л.Ф., Савченко Е.П.Психодиагностика Киев, 1995.

  2. Норакидзе В.Г. Методы исследования характера личности. Тбил. 1975.


Лекция мәтіні:

Эксперименталды психолгияда тәуелді және тәуелсіз айнымалыны анықтағаннан кейін психологтың келесі міндеті – зерттеу объектісін таңдау. Қолданбалы зерттеуде психологтың еркіндігі шектеулі мұнда зерттеу объектісі басыннан анықталады. Психогенетикалық зерттеуде креативтілік (шығармашылыққа қабілеттілік) жалпы интеллектке қарағанда генотипке байланыстылығы төменгі дәрежеде болады. Бұл жерде болжам шығармашыл адамға еріптеуге байланысты деп қойылады. өзімізге белгілі креатвтіліктің дамуының алғашқы синзитвті кезеңі 3-5 жас аралығында көрінгетіндіктен зерттеуге осы жастан балалар қатыстырылады.

Психологиялықұ зерттеудің идеалды объектісіне жеке индивид немесе топ қатыстырылады. Мұнда біріншіден жалпы психологиялық зерттеу екіншіден әлеуметтік психологиялық зерттеу туралы айтылады. Нақты экспериментке шынайы обьект қана идеалды объектінің сипатынша сәйкес келіп қана қоймай нәтижесі де сәйкес келеді. егер де баролық адамдар бір – біріне ұқсас болса ешқандай мәселе тұжырымдамас еді, бір адамға ғана зерттеу жүргізіп оның нәтижесінен басқаларға да қолданған болар едік. Бірақ адамдар жасы жынгысы, нәсілі, діні, әлеуметтік жағдайы әр түрлі болғандықтан бізде зерттеу мәселері де көп болады.

Әлеуметтік психологияда зерттеуге көбіне топ қатыстырылады. Бір ғана сыналуымен эскперимент мыналдай жағдайларда ғана жүргізеді.



  1. Зерттеу ерекше көлемді және әр түрлі тәсілдерді қолдану қажет болғанда;

  2. 2. Сыналушы ерекше тұлға болса дарынды музыкант немесе дарынды шахсматист т.с.с;

  3. Сыналшыдан ерекше помпетекттілік қажет болғанда;

  4. Берілген экспериментті қатар басқа адамға қолданудың мүмкіндігі болмағанда;

Бір ғана сыналуышы қатысатын экспериментке ерекше жоспар жасалынады.

Эксперименталды топтың төрт түрі кездеседі.

1. эксперименталды зерттеу 2 түрлі топппен эксперименталды және бақылау тобымен өткізіледі. Оған әртүрлі шарттар қойылады. Бұл кеңінін таралған тәсіл.

2. зерттеу бір топпен ғана жүргізіледі. Олардың жүріс тұрысы эксперименталды және бақылау жағдайын да сыналады. Негізінен бұл бақылау тобы болмаған жағдайда өткізеледі.

3. сыналушының жүріс – тұрысына қарай топқа бөлінеді. Бұл тәсіл адамды әртүрлі жағдаймен зерттегенімен тиімдірек болады.

4. аралас зерттеу – бірнеше топ қатыстырылып әр түрлі шарттар қойылып зерттеледі.

Эксперименталды топты таңдау әр түрлі стратегиямен жүзеге асады.

Тағы қарастырылатын мәселе эксперименталды зерттеуге қатысушылар саны. Зерттеуге бір адамнан бірнеше мың адамға деген қатыстырыла алады. Бір топтағы адамдар саны 100- ге дейін.

Бір топқа 30-35 адамнан кем қатыстырылмауы керек. Л.В. Куликов сыналушылар саны талап етілген адамнан 5- 10 %- ға артық болуы керек дейді. Өйткені эксперимент нәтижесін шығаруда кейбір сыналушылардың көрсеткіштері жарамсыз болып қалады. Ол инструкцияны дұрыс түсінбегеннен, тапсырманы қабылдамағандықтан т.б. себептерден болады.

Әр топтың жасы мен жынысына байланысты қорытындылар бөлек шығарылыды. Психологиялық зерттеуде түрлі жас кезеңдері кездеседі. Олардың ішінде кейіннен қолданылатын жаскезеңдерін атап көрсетер болсақ:



  1. жаңа туылған кезең 1- 10 күн

  2. нәрестелік кезең 10 күн, 1 жыл.

  3. Ерте балалық шақ 1-2 жас.

  4. Балалық шақтың екінші кезеңі 3-7 жас

  5. Балалық шақтың екінші кезеңі 8-12 жас

  6. Жас өспірімдік кезең 12 –16 жас

  7. Жастық шақ 16-21 жас

  8. Орта жас: 1 кезең 21- 35 жас

2 кезең 36- 60 жас

  1. егделік шақ 61- 75 жас.

  2. Қарттық шақ 75- 90 жас

  3. ұзақ жасаушылар 90 жастан әрі қарай.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет