Лекция өткізуге арналған Әдістемелік нұСҚау шымкент 2021 Кіріспе



бет15/35
Дата25.03.2022
өлшемі1.09 Mb.
#456454
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35
Лекция Публ шығ нег

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Бекниязов Т.Журналистің шығармашылық шеберлігі.- Алматы, 2003.
2. Қазақстан Республикасының “Баспасөз және басқа ақпарат құралдары туралы” заңы.
3. ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. 1997 – 2006.
4. Мерзімді баспасөз материалдар.


Дәріс 13.Портрет
Дәріс мақсаты мен міндеттері:
Болашақ журналистер мен қоғаммен байланыс мамандарын қазіргі заманғы журналистиканың менеджмент жүйесімен таныстыру,Қазақстанның қазіргі медиа нарығы, түрлі БАҚ-та жұмыс істеу ерекшеліктері мен үлгілері, журналистердің кейбір кәсіби «құпиялары», PR және жарнама негіздері ұсынылған. Болашақ журналист өз мамандығының құқықтық жағын міндетті түрде білуі тиіс.Сондықтан да пәнді журналистік қызметтің құқықтық аспектілері де қарастырылған. Пән барысында журналистика жанрлары, оларды күнделікті жұмыста қолданудың қыр-сыры түсінікті тілмен баяндалады. Жас журналистерге ақыл-кеңестер мен ұсыныстар беріледі. Журналистік жолын енді бастаймын деген болашақ журналистерге медиа саласының бел ортасында жүрген практик журналистердің неден бастап, қалай жазу қажет екендігін және алдын ала қандай қателіктерді жіберіп алмау турасындағы материалдары мен кеңестері әбден пайдалы болады деп сенеміз.
Дәріс мазмұны:
Айқындау. Портреттің құрылысы. "Суық" және "жылы" жазбалар. Статистік және динамикалық әңгімелесулер. Әңгімелесу кезінде неге басты назар аудару керек. GOSS-әдісі. Мінездің формуласы. Кедергілер мен каталистер. Кейіпкерлердің түрлері: "Біздің таныстар", "андердогтар", "рухын жоғалтқандар", "пұттар". Мінезді көрсетудің 10 сұрағы және шақырудың 7 категориясы. Уақытты бағдарлау, сахнаны болжамдау және портреттің әдеби композициясы. Портреттің қозғалысы. Портретті бірінші жақтан жазу.
Портрет дегеніміз - адам туралы әңгімелер. Портреттің мақсаты, адамның сыртқы түрін, келбетін бейнелеу, оның ішкі жан-дүниесіне кіру. Себебі, адамдарға адамдар туралы оқу барлық уақытта ұнайды. Сондықтан портрет басылым санындағы ең кең тараған мақалаға жатады. Құрылымы жағынан портрет төмендегі элементтерден тұрады:
*қатысушы кейіпкер өмірінің маңызды көріністері (туылған жылы, мамандық таңдауы, отбасын құруы, жеткен мансабының шыңы)
*кейіпкерөмірінің қызықты сәттері
*кейіпкердің комментариі (түсіндірмесі)
*автордың бақылауы
*кейіпкерді танитындардың байқауы, бақылауы
*жаңалықтың ілгегі (құрған қармағы)
Портреттің "толқын" және жылы жазбаларының айырмашылықтары болады. Бірінші жағдайда журналист кейіпкермен сөйлесіп, пікірлеспей-ақ портрет жазады. Мысалы, көпшілікке таныс емес, аяқ астынан үкіметтегі жоғарғы қызметке тағайындалған адамды көпшілікке таныстыру үшін былай жасайды. Мәліметтің дереккөздері болып қолжетімді осы адам туралы деректер алынады және оны жақсы білетін адамдардан түсініктеме алынады, егер ондай мәліметтерді алуға сәті түссе солай болады. Егер бұрын осы журналистің әлгі адам туралы мәліметі болса, егер кездескен болса, жолы тоғысқан кезі болса немесе сыртынан бақылаған сәті болса, оған осы туралы портрет жазуға көп жәрдемі тиеді. Сол кездесу туралы көзқарасы мен алған әсері портретке кіріп, оның негізін салуы керек, мүмкіншілігінше оны жандандыру керек. "Суық" схема бойынша белгілі адамдардың қазанамасын жариялайды, бірақ журналист қаза болған адамның туысы болмауы керек.
Әдетте мұндай портреттің композициясы төмендегідей болады. Бірінші азат жолды бұл адам туралы ерекше ештеңе хабарланбайды. Содан кейін негізгі бөлім басталады да кейіпкердің мансабы туралы хабарланады, содан кейін оның кәсіби жетістіктері туралы айтылады. Портрет кейіпкердің жеке өмірін, оның неге қызығатыны туралы айтылып, өмірі қорытындалады (қазанамада осылай болады).
"Жылы" үлгіде жазылғанда журналистің кейіпкермен жеке сөйлескен, әңгімелескенде тапқан ақпараттары портретіне еніп, оның негізін қалайды. Бұл жағдайда журналистің жұмысы материалдың кейіпкерімен кездесуден басталады. Кездесердің алдында міндетті түрде онымен әңгіменің ұзақтығы келісіп алынады, өйткені ол өте қысқа болмауы керек. Портрет үшін материал жинауға айтарлықтай уақыт кетеді. Тәжірибе мынаны көрсетіп отыр, неге десеңіз бір сағаттық әңгімелесу мәтіннің 1-2 мың таңбасына тең. Портрет жазудың сәйкестік көлеміекі машина мен жазу бетіне тең, яғни ол 4,5-5 мың таңбаға тең болады, мұндай материал алу үшін журналистің 3-4 сағат уақыты кетеді, яғни сондай уақыт жұмсайды. Егер материалдың жазылуы көлемі екі беттен көп болса, мүмкіндігінше бірнеше мәрте кездесуге келісу керек.Бұдан бөлек егер сұхбатқа даярлану барысында кездесу орнының ерекше мәні болмаса, бақта немесе кафеде әңгімелесушімен кездесуге болады, бірақ мүмкіндігінше жұмыс орнында немесе үйінде әңгімелескен жөн.
Біріншіден, өзіне таныс жағдай кейіпкердің өзін-өзі еркін ұстауына мүмкіндік береді. Екіншіден, жағдайдың әрбір деталі айтқандай, адам туралы көп нәрсені аңғартып тұрады, ол журналистің сұрақ беруіне себеп болады, әңгімені негізгі салаға бағыттауға себепші болады. Портретке дайындалу әңгімесі статикалық және динамикалық болып екіге бөлінеді. Бірінші жағдайда журналист пен әңгімелесуші бір-біріне қарама-қарсы қарап отырып әңгімелеседі. Динамикалық әңгімелесуде материал кейіпкері бір жұмыс жасап, бір нәрсемен айналысып отырады да уақыт өткен сайын журналистің сұрағына жауап беруден ойын басқа жаққа бөле береді. Мысалы футбол командасыныңжаттықтырушысы футбол алаңының шетін жағалап жүріп, ойыншыларға бірдеңе деп нұсқау беріп жүреді немесе мекеме директоры өз кабинетінде журналист жауабын бөліп, телефон арқылы біреулермен сөйлеседі немесе бағыныштыларынан баяндама қабылдайды. Динамикалық әңгімелесу статикалық әңгімелесуден жақсырақ, бірақ статикалық әңгімелесу де керек.
Әңгімелесу кезінде неге назар аудару керек.Біріншіден сөзінің ерекшелігі мен ойлауына назар аудару керек, сөйлесушінің өзінше баяндайтын заты мен құбылысы бар ма жоқ әлде жалпы жұрт сияқты баяндай ма, қандай ерекше сөз қолданады, ойын қалай береді, қорытындыны қалай жасайды. Екінші маңызды сәт, ол кейіпкердің өмір жолы мен тарихы. Журналист осыларды алуға қол жеткізу керек. Бұл жердегі негізгі тәсіл - кейіпкердің тарихи кезде, оқиға болған кездегі қолданған, айтқан сөзін айқындап, тарихи кезеңін ұстап, соған қармақ салу. Мысалы кейіпкер жас кезінде геологиялық экспедицияға қатыстым дейді, қатысқандығы туралы айтады. Сол кезде журналист, олардың сол кезде адасып кеткен сәті болды ма немесе керек-жарақтары мен азық-түліктері таусылып қалған кездері болды ма? - деп сұрау керек. Әңгімелесуші кейіпкер ондай жағдайлар болды деп жауап береді. Бұдан кейін журналист әрі қарай оларды айқындай түсетін, толықтыра түсетін сұрақ береді де сол қиын жағдайда қатысушылардың өздерін қалай ұстағандығын айқындап, әңгімелесушінің көмегімен портретін ұсынады. Үшіншіден, журналист кейіпкердің басқа адамдармен қарым-қатынас жасауын, әңгімелесуін де тіркеу керек, мысалы, бастығымен, қарамағындағылармен, өзінің отбасы мүшелерімен қатынаста болуын тіркеу, жазып алу керек. Ол әртүрлі жағдайда қандай роль атқарады, соған да назар аудару керек. Міне, сол қатынаста болғанда оның даусы өзгеріп отыра ма, оның табиғи келбеті қалай өзгеріп отырады, - осылардың барлығы да журналист назарынан тыс қалмауы керек. тұтастай алғанда мынаны білу керек, себебі әрбір идеяға бір көрініс немесе дәйексөз жеткілікті болады, міне, осы жиналған материал көлеміне байланысты болашақ мақаланың құрылымы айқындалады. Егер әңгімелесуге өте аз уақыт бөлінген кезде және өзіне мүлдем таныс емес адаммен әңгімелескенде журналист GOSS-әдіс деп аталатын тәсілді қолдану керек (ағылшын тілінен алынған термин,Goal - ағылшын тілінде мақсат, Obstacte - кедергі, Solution - шешім, Start - бастау - деген ұғым білдіреді), бұл әдісті Невада университетінің профессоры Ла Руе Гиллеланда жасаған. Бұл әдіс бойынша журналистер кейіпкерлерге сұрақты кезегімен біртіндеп қояды, яғни кейіпкердің кедергілері, яғни мақсатына жету жолында кездескен кедергілері сол кедергіні жеңіп, мақсатына жету жолындағы шешімдері, сол үшін әрекет жасайтын мерзімі, нәтижеге жету үшін жасаған жоспары журналист сұрақтарында қамтылады. Міне, бұл сұрақтардың үлгісі төмендегідей:
Мақсат туралы сұрақтар:
*сіздің не айтқыңыз келеді?
*сіздің мекемеңіздің мақсаты қандай?
*шын мәнінде сіз нені қажет етесіз?
*егер сіз өз өміріңізде бір ұлы іс жасағыңыз келсе, қандай іс жасар едіңіз?
Кедергілер туралы сауалдар:
*сізге не кедергі болады?
*сіз қандай проблемаға тап болдыңыз?
*мұны сіз неліктен жасай алмадыңыз?
*сіз мұны неге жасамайсыз?
*сіз бұл іске неге киліктіңіз?
Шешім туралы сұрақтар:
*осы мәселе туралы сіз не істеуге бекіндіңіз?
*бұл проблеманы сіз қалай шешпексіз?
*мұны орындаудың мүмкіндіктері бар ма?
*бұл сізге қалай мүмкін болды?
*бұған сіз қалайша шешім қабылдадыңыз?
Әрекетті басы немесе бастау туралы сұрақтар:
*бағдарлама қашан іске асады?
*бұл кімнің идеясы?
*бұның алғашқы нәтижесін қашан күтесіз?
бұл проблема қашан шешіледі?
GOSS-тәсіл жеке тұлғаның психологиясына "керек етемін" - істей аламын - істеуім керек" деген сияқты үш сөз арқылы әсер етеді. "Керек етемін" деген сөз адамның мақсаты мен тілегін білдіреді, ал "істей аламын" деген сөздің астарында оның мүмкіндіктері мен білетіндері, істеуім керек деген сөзден, әрекетін бастан өткізетін жағдайын, тілегін орындау мүмкіндігін білеміз. Сондай-ақ мынаны да айқындап алу қажет, жеке тұлғаның мақсаты неғұрлым көп болса, соғұрлым "істей аламын", "істеуім керек", "істегім келеді" деген тілектері де сенімді болады. Адамның бір нәрсеге ұмтылып алдына мақсат қоймауы сирек кездеседі, бірақ сол мақсатына жету үшін ештеңе істемейді немесе сол мақсатқа жетуге жақындаудың орнына алшақтап кетеді.
Тағы да бір формуланың сипаты былай болады: "кім + не істеу керек + қандай мақсатпен" деген сұраққа жауап беретін формула. Адамды таныстыру үшін осы формулаға қарап айқындаса жеткілікті және осы формула оның әр түрлі жағдайдағы мінез-құлқын да айқындайды. Драматургияда "кедергі" және "каталист" деген ұғым болады. Кедергі дегеніміз - мақсатына жету үшін кедергілерді жеңе білетін адам, мысалы білім алуды жұмысқа тұруды өзі шешетін адам, егер біреу ренжітсе оны жеңу үшін жекпе-жек өнерін меңгеру керек деп шешетін адам. А каталист дегеніміз - әреке жасағанда өзінің санасын, сапалық қасиетін көрсете білетін адам. Дағдылы каталистер дұшпан және махаббат нысаны болады.
Сондай-ақ мінез-құлықтағы төмендегі үш түрлі басты (доминант) нәрселердің бірін көрсете білу керек, олар: ерік, эмоция немесе ақыл. Еркі күшті адам батылдықпен барлық кедергіні жеңе білетін адам. Эмоционалды адам, яғни сезімнің адамы бір нәрсені ойланбастан жобалайтын, шешетін адам. Ақылды адам дегеніміз жан-жақты ойланып , мәселені оңай жолмен жеңе білетін, шеше білетін адам. Кейіпкердің мінезін айқындау үшін 10 тараудан тұратын төмендегідей анкетаны толтыру керек, олар мыналар:
1. Интеллект. Кейіпкер шешімді қалай қабылдайды?
2. Эмоционалдық. Адамдар немесе кейіпкерлер тіл табысқыш, адамдарға жуыса алмайтын, жетістікке жете алатын немесе қамқор, сенгіш немесе секемденгіш тұлға ма?
3. Физиологиялық (дене мүшесі). Кейіпкердің денсаулығы қандай? Оның салмағы бойына сай келе ме? Ол қалай қозғалады? Өзін қалай сезінеді? Спортпен шұғылдана ма?
4. Әлеуметтік базасы. Оның ата-анасы кім болған? Ол қандай әлеуметтік топқа жатады? Ол партияда бар ма? Шіркеуге немесе мешітке бара ма?
5. Экономикалық базасы. Кейіпкер қаншалықты бай немесе кедей? Өмір сүруге қажетті табысты қандай тәсілмен табады? Қарызға белшесінен батқан емес пе?
6. Дарын. Кейіпкер қандай да бір ерекше қабілеті жоқ па?
7. Сыртқы қызығушылық. Кейіпкерді өзінің негізгі жұмысынан басқа не қызықтырады? Оның қызығушылығы қандай дәрежеде?
8. Отбасы. Кейіпкердің ері/әйелі, балалары, ата-аналары жоқ па? Оларға деген қарым-қатынасы қандай? Отбасы құрудағы тарихы қандай? Оларға деген қызығушылығы басқа жаққа ауып кеткен жоқ па?
9. Білімі. Қай жерден алған, қандай? Өзінше оқыған емес пе?
10. Жек көретіні. Кейіпкер неге төзбейді, нені жек көреді?
Бұдан кейін кейіпкер туралы ақпаратты төмендегі үш түрлі көзқарас бойынша беру керек, олар мыналар:
1. Кейіпкер өзі туралы не ойлайды?
2. Ол туралы басқалар қалай ойлайды?
3. Ол туралы автордың ойы қандай?
Драматургияны жіктеуде қолданылатын пайдалы нәрсе бар, ол бойынша кейіпкердің төрт түрі бар, олар мыналар: "біздің таныстарымыз", "андердог", "рухын жоғалтқандар", "пұттар".
"Біздің таныстарымыз" дегеніміз қарапайым адамдарды қарапайым өмірдегі проблемалар толғандырады. Кереметтей бір іс тындырмаса да олар өздерінің әлеуметтік топтарындағы үлгілі өкілдер болып табылады. Сондай-ақ өз заманының, өз дәуірінің үлгілі өкілдері болып табылады.
Олардың тағдырындағы драматизм болған оқиғаға байланысты емес, бақытқа жетейін деп тұрып, бақыттың олардың тұсынан өте шыққан, айналып кеткендігінде. Міне, сонымен "біздің таныстарымыз" көптеген адамдардың өмірін еске түсіреді, ол оқырмандар өздерін олармен оңай теңестіреді.
"Андердог" деген термин (ағылшын тілінен алынған термин, мағынасы ағылшын тіліндегі Underdogum, яғни төбелесте жеңіске жеткен немесе әділетсіздіктің құрбаны болған ит, бұл басына түскен жағдайға қарамастан талпынып биікке көтерілген адам. Кейіпкерлердің мұндай тобын кедей отбасынан шыққан кейіпкерлер құрайды, олар кедейден шықса да қиыншылықты жеңіп, талпынып миллионер болады, ауылдан, шеткі аймақтан шықса да астананы бағындырады, өздігінен үйренгендер ғылымда төңкеріс жасайды, мүгедектер белсенді өмірге оралады. "Андердогтың" өмірі үнемі күреспен, тартыспен өтеді, сондықтан мұндай адамдар туралы жазу жеңіл болады. Олардан тек қана драмалық жағдайды еске түсіруді сұраса болды, ол басқа түскен жағдайдан қалай шыққанын еске түсірсе болды. Нәтижесінде, мұндай мәтін детективтен де асып түсіп, оқырманын жаулап алатын мәтін болып шығады. Рухын жоғалтқандар көптеген кедергіге тап болған адамдар, бұл біздің таныстарымызда болуы мүмкін емес, бұған қылмыс әлемінің кейіпкерлері жатады, оның ішінде ірі қылмысы үшін жазаланғандар, қарулы қақтығыстың ардагерлері (ереже бойынша бүрлеме отпен) соғыстың қорқыныштары туралы, бұрынғы және қазіргі бәңгілер (наркомандар) және сеть-өндірісінің адамдарының порттері кіреді. Мұндай адамдардың портреттері басқа әлемді сезінуге, өмірге басқа қырынан қарауға мүмкіндік береді. Міне, осы өмірдің басқа қырына назар аударуға журналистер назар аударуы керек.
"Пұттар" дегеніміз мемлекеттің арқасында ақшамен немесе мүмкіншіліктен тыс, шексіз қамқорлыққа бөленген, қарапайым адамның түсіне де кірмейтін адамдар портреті. Бұлардың қатарына мона монархтар, супербайлар, жұлдыздар, экстраненстар портреттері жатады. Пұттар қарапайым адамдардың арманын іске асырумен қызықты болады. Олардың қолы жететін нәрсеге, қарапайым адамдардың қолы жетпейді, оқырманға дұрыс емес. Бұл туралы жазғанда адамдардың, кейіпкерлердің өздерінің қабілеттерді иеленетініне назар аударту керек. Мұндай кейіпкерлердің өмірін тағдырдың ісі деп көрсете білу керек, міне, оларға берер жауап осы.
Себептер жеті категорияға бөлінеді, олар мыналар:
1. Өзін-өзі сыйлауға соққы. Бұл жерде соққы адамның өзі туралы, өзін-өзі көрсетуіне соққы беріледі және оның әлемдегі орнына соққы беріледі. Мысалы, адам өзін-өзі ақылдымын деп ойлайды, бірақ ол алданған адам, өзін билеушімін, қарсыласуға болмайтын адаммын деп ойлайды, бірақ одан бас тартты, өзін ұсталмайтын адаммын деп ойлайды, бірақ тоналып қалады.
2. Кәсіби сәтсіздік. Бұл жерде адамның өзінің бүткіл өмірінің күлі көкке ұшуы, құлдырауы. Кедейленген кәсіпкер, тығырыққа тірелген ғалым, биліктен аластатылған саясаткер - міне, осының барлығы кәсіби сәтсіздікке жатады.
3. Физикалық залал. Бұған аурулар мен соққы алу, яғни уақытша немесе тұрақты денсаулық кеселіне ұшырау. Бұдан кейін әлсіздер өзін-өзі құртып, күштілердің одан айығып, одан сайын күшті болып кетуі жатады.
4. Өлім қаупі. Бұл жағдай кейіпкердің өлімімен аяқталады, мысалы соғыстар, апаттар, қылмыс әлемінің өкілдерімен қақтығысқа, жанжалға келіп қалу сияқты өлімге апарар себептер.
5. Отбасының құру қаупі. Бұл жерде кейіпкердің отбасын аман алып қалуға жасаған әрекеті, даярлығы жатады.
6. Даңқтының, атақтының өлім қатері. Бұл жерде популяция ұғымына еліміздің халқы түгел немесе белгілі аймақ халқы, тұрғындары түгел қамтылады. Оларда соғыс қаупі, экология, пихногендік апаттар қорқытуы мүмкін. Міне, осы кезде атақты кейіпкер сайлау алдында, өз өмірін тәуекелге тігіп, басқаларды құтқаруға жасаған әрекеті қарастырылады.
7. Адамзаттың қатері мен қаупі. Бұған да жоғарыдағыдай себептер жатады, бірақ 6-шы тараудағыдай емес, жаһандық көлемді қамтитын қауіптер жатады.
Композициясына қарай портреттің үш түрі болады, олар мыналар: мезгілді, уақытты бағдарлау, сахнаны немесе қойылымды бағдарлау және әдебиеттік. Бірінші жағдайда "қызыл желі" ретінде қандай да бір уақыттың кезеңі алынады немесе кейіпкердің бір күні немесе бүкіл өмірі алынады.
Портреттің басы мен соңы таңертең мен кеш (дүйсенбі мен демалыс, айдың бірінші және соңғы күні) туылу мен өлу сияқты болады.
Сахналық бағдар композициясында кейіпкердің өмірінен алынған көріністердің ауысуы арқылы әрекет дамиды. Осы арқылы аталған көрініс белгілі бір қатысты болады, содан кейін бұл қатынас өзгереді, ол аяқталатын көріністе кейіпкер тіпті басқаша көрінеді, бастағы көріністен тіпті басқаша көрінеді.
Әдеби композицияда "қызыл желі" болып метафора мен ертегі қызмет етеді бұл кей кезде кейіпкердің тағдырына да әсер етеді, бұл оның өмірінің лентмотиві болады.
Портреттің атауы, тақырыбы әдетте кейіпкердің дәйексөзімен аталады, өйткені портреттің ерекше сипатын оның аты айғақтап тұрады. Портрет көріністен немесе кейіпкердің ерекше сипатынан немесе дәйексөзінен басталады. Портретте мәтінді баға беруден бастауға болмайды, себебі оқырман оны сыры ашылып қалған дүние деп есептейді немесе автордың өз пікірін таңған әрекеті деп түсінеді де жылы қабылдамайды.
Портреттегі динамика әрекеттің ауысуы арқылы немесе "әрекеттен тыс" деген дәйексөз арқылы орындалады. Кейінгісі - комментарий мен бэкграундты түсіндіруге қызмет етеді. Сондықтан дәйексөз әрекеттің ең басында немесе соңында орналасуы керек, бірақ оны ешқашан үзіп беруге болмайды. Портретті толықтырушы, түсіндіруші дәйексөзбен аяқталуы мүмкін, жоғарыда айтылған немесе сахнада көрсетілген кейіпкердің өмірінен алынған келесі айналымның аяқталғанын білдіретін дәйексөзбен аяқталуы мүмкін.
Кейде портрет бірінші жақтан жазылады, бұл жағдайда журналист кейіпкермен әңгімелесіп болған соң мәтінді кейіпкердің өзі туралы баяндауымен береді. Ал басқа кезде бұрынғы ережелер мен заңдылықтар сақталады. Міне, мұндай портреттің үлгісі, себебі портрет адам туралы әңгіме. "Суық" портрет жазған кезде журналист мәтінді кейіпкермен тікелей сөйлеспей-ақ жазады, ол "жылы" портре жазған кезде кейіпкермен кездесіп, әңгімелескеннен кейінгі материал пайдаланылады. Портрет дайындау барысындағы әңгіме статикалық түрде болады, бұл журналист пен кейіпкер сөйлескеннен кейін бір-біріне бетпе-бет қарап отырып әңгімелескеннен кейін және динамикалық жолмен, яғни әңгімелесуші бірдеңе істеп отырғанда, ара-арасында журналист сұрақтарына жауап беру жолымен орындалады. Әңгімелесу кезінде немесе сөйлесу барысында журналист әңгімелесушінің сөз саптауының ерекшеліктеріне, ойлау қабілетіне назар аударып кейіпкер өмірінің тарихынан деректер алуға баса назар аудару керек, сондай-ақ оның басқа адамдармен қалай сөйлесетініне, қарым-қатынас жасайтындығына жіті назар салып, баса назар аударуы керек. Кейіпкерді таныстыруға, ол туралы жазуға аз ғана уақыт бөлінген жағдайда журналист GOSS- әдісті қолдануы керек, сонда ғана журналист кейіпкердің мақсаты туралы тыңғылықты сұрақ қоя алады, яғни оның кедергілері туралы, яғни мақсатына жетуге кедергі болатын жағдайлар туралы, шешімдері туралы, сол шешімдерді іске асыру үшін кейіпкер тарапынан атқарылып жатқан шаралар туралы, ол шаралардың қолданылатын мерзімдері туралы, сондай-ақ нәтиже шығаруға тиісті мерзімі туралы толық әрі тыңғылықты жауап ала алады. Мінезі төмендегі формуламен сипатталады, ол мынандай: "Кім? + Не істеу керек? + Қандай мақсатпен?" деген формула. Және кедергілерді жою туралы да әңгімелейді, яғни мақсатына жету үшін кейіпкерге кездесіп отырған кедергілер жайында әңгімелейді. Ол үшін он тараушадан тұратын кейіпкердің алдына анкета сұрақтарын тастайды: интеллект, эмоционалдық, физиология, әлеуметтік база, экономикалық база, дарын, басқалардың қызығушылығы, отбасы, білім және реніштері. Кейіпкер туралы ақпаратты үш түрлі көзқарас арқылы беру керек: өзі туралы өзі қалай ойлайды? басқалар ол туралы не ойлайды? ол туралы автордың ойы қандай? Кейіпкер жолығатын жеті түрлі жағдай бар: өзін-өзі сүюден алатын соққы, кәсіби соққы, физикалық залал, өлім қаупі, отбасы мүшелерінің өлімі туралы қауіп, белгілі тұлғаның қаупі, адамзаттың қаупі.
Уақытты бағдарлайтын композиция "Қызыл жол" сияқты мезгілдің бір кезеңін қамтиды, ал көріністі бағдарлайтын әрекет кәдімгі көріністердің ауыса арқылы іске асады, ол кейіпкер өмірінен алынады, ол әдеби композицияға ертегілер мен метафора жатады, олар себеп (лейтмотив) қызметін атқарады. Динамизм мәтіндегі әрекеттің ауысып отыруы арқылы іске асады және "әрекеттен тыс" деген дәйексөз арқылы орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет