Лекция Педагогикалық технологиядағы жаңартпашылық оқытытудың әдістері мен формалары



бет8/16
Дата21.06.2016
өлшемі1.92 Mb.
#151684
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

Ұйымдастыру функциясы

Пресс-конференцияны педагогикалық кеңесте ойдағыдай өткізу үшін тұтас ұйымдастыру жұмысын жүзеге асыруымыз шарт. Атап айтсақ:

-пресс-конференция жарнамасын, мәжіліс залын, техникалық құралдарды, қажетті риквизиттерді даярлау (52-сурет);


52-сурет.

-эксперттік топты жасақтап, оларды алдын ала пресс-конференция сценарийімен таныстыу;

-жүргізушіні даярлап, оған пресс-конференцияның ерекшелігін ұғындыру;

-тұрақты түрде жағдайды бақылап, әрі бағалай отырып, оған түзетулер енгізу.


  • Бақылау функциясы

Аталған функцияны тек жүргізуші байыптай, саралай және салыстыра білетін болса ғана жүзеге асыра аламыз.

Мақсат айқындалып болған соң, аталған пресс-конференцияны жүргізуші мен сарапшылар бақылауға алады. Яғни, алға қойылған және орындалатын мақсаттардың жүзеге асырылуы анықталады.

Педагогикалық кеңесте бақылаудың бірнеше түрі болуы мүмкін:

-алдын ала (пресс-конференцияға қаншалықты дайындалғандығын анықтау)

-ағымдық (түзетулер мен ақыл-кеңестер үшін)

-жалпы қорытындылық (алынған мәліметтерді алдын ала қорыту және нәтижелерді бағалау)

Аталған функция өте қатаң болғандықтан, өте жиі қарсылық туғызып отырады. Сондықтан, бақылауды жүзеге асыру ерекше психологиялық біліктілікті керек етеді.


  • Шешім қабылдау функциясы

Шешім – белгілі бір түйіндеуді өңдеу процесі немесе баламалы мүмкіндіктердің нақты біріне тоқтам жасау болып табылады.

Пресс-конференция кезінде түрлі проблемалар немесе конфликтілік ситуациялар туындау мүмкіндігі ескеріліп, алдын ала олардың шешімін табу ойластырылады. Аталған функция өте күрделі болғандықтан, ақпаратқа, мәліметке, процесс пен құбылысқа дер кезінде пейіл қойып, шешімді өте шұғыл түрде қабылдау қажет. Бұл функция басқаларға қарағанда психологиялық астарға толы, әрі кедергіні жеңу мен қиналмай өту дағдысын, кемшіліктің орнын толтыру мен жөнге сала білуді және сәтсіз шешім қабылдаудан бас тартуды т.с.с. қажет етеді. Ерекше есте ұсайтын жайт «салиқалы шешім» – нәтижелі және тиімді шешім. Сонымен пресс-конференцияны өткізген кезде қандай шешім қабылдайтынымызды болжап, ой елегінен өткізіп көрелік?

- Пресс-конференцияға қатысушыларды қабылдау мен қарым-қатынас жасаудың тиімді болуы үшін қалайша оңтайлы орналастыруға болады;

-әрбір жазбаша сауалдан ең негізігі мазмұнды ғана іріктеп алып, екінші кезектегілерін қағыс қалдыру;

-қатысушылар арасында туындаған проблемалық жағдай мен конфликтіден қалай шығуға болады;

-ең үздік сауалдарды іріктеп ала білу;

-қорытынды шығару.

Енді кезекті ұлт мектептерінде өткізіліп жүрген пресс-конференция түріндегі cеминар сабағына берелік. Онда оқушылар оқу материалындағы жеңілдеу тақырыпқа өз беттерімен дайындалып, өздерінің осының алдындағы «электронды сабақтағы» жиған материалдары негізінде фактілік материалдарды, айқын мысалдарды даярлап, ақпаратты беру жолдарын ойлап табады. Біз осы сабақтың жоспарлық үлгіленуін келтірелік (53-сурет).


Пәннің оқытатыны


Пәннің қызметі

Неліктен


Егер де


Мысалы,


қ
Теріс тұсы
ұрылымды өзгертсек,

технологияны өзгертсек,

күн тәртібін өзгертсек,

ж
Оң тұсы


ұмыс кестесін өзгертсек,

біліктілікті өзгертсек,

қосымша элементтер енгізсек


Нәтиже



Жаңа түпнұсқа ұсыныс

Рациональды ұсыныс

53-сурет.


Жүргізуші (модератор). Оқу тақырыбы бойынша бәрін білуге тиіс, әрі оқушылардың барша сауалдарына жауап беріп, қорытынды жасай білуі шарт.

Мамандар (ұстаздар). Олардың міндеті оқушыларды талқыланатын тақырыпқа тарту.

Журналистер (сыныптың оқушылары). Оларды Қазақстан Республикасының беделді бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері ретінде көрсетуге болады.

Семинар пән мұғалімінің кіріспе сөзімен ашылып, ол математика сабағының тақырыбын, пресс-конфернецияның мақсаты мен міндетін хабарлайды.

Жүргізуші сабақтың күн тәртібін хабарлайды. Мамандар 5-10 минут бойы белгілі бір есептің шешу жолын көрсетеді. Журналистер өздерінің есептерінің шығу жолдарын көрсетіп, қай жерінен қиналғандарын алға тартады.

Ұлттық мектептерде соңғы кезде кеңінен қолданылып жүрген белсенді оқыту әдістерінің түрлерінің бірі – ток-шоу семинарына мысал келтірейік.



Тақырыбы: «Оқушылардың болашақ ғылыми-зерттеушілік мәдениетіндегі математиканың орны».

Сабақтың мақсаты: оқушылардың болашақ ғылыми-зерттеушілік мәдениеті туралы білімінің аясын кеңейту, оның құрылымдары мен бөліктері; оқушылардың зерттеушілік дағдысы мен машығын жобалау, олардың ғылыми-зерттеушілікке қабілеттіліктерін анықтау, интеллектісін, жадысын, ойлауын т.б. дамыту болып табылады.

Сабақтың өту барысы екі кезеңнен тұрады: 1 – ток-шоу семинарын жобалады ұйымдастыру; 2 – интеллектуалды ток -шоуды тікелей өткізу.

Сабаққа дайындалу: Қазақстан Республикасының телеарналарында көрсетілетін экспреттер қатысқан ток-шоуларды көріп, оның өткізілу негізін алгоритмдеп, мектеп жағдайына бейімдеу; сұрақ пен жауаптарды топтастырып, ток-шоуға қажеттісін іріктеу.

Ток-шоуды өткізудің технологиялық тізбегі.

1. Жүргізуші қатысушыларды таныстырып, ток-шоудың тақырыбымен таныс етеді.

2. Жүргізуші пікірталастың өткізілу ережесімен қатысушыларды таныстырып кетеді.

3. Талқыланатын проблема ұсынылады.

4. Жүргізуші қатысушылардың біріне сөз береді.

5. Проблема талқыға салынып, жүргізушінің жетектеуші сұрақтарымен нақты талданып отырған жағдайға сай анализ жасалынады. Қатысушылар өз гипотезаларын ұсынады. Болжамдар мен түрлі нұсқалар алға тартылады. Проблеманың тиімді шешімінің жолын табу іздестіріледі.

6. Пікірталастың қорытындысын шығару.

Пікірталас проблеманың бірден-бір дұрыс жолын үнемі ашып бере алмайды. Бірақ ұжымдық талқыға салуда ақиқатқа жақындай түсеміз. Енді біз осы дисуссияны өткізу ережесіне тоқталайық:

1.Бір-бірлеріне сыйластықпен қарау.

2. Сөз аларда қолын көтеріп, рұқсат алу.

3. Сөз сөйлеу кезегін жүргізуші белгілейді.

4. Пікір айтушы өз пікірін фактілермен, мысалдармен, қажетті әдебиеттермен т.б.дәлелденуі шарт.

5. Әркім өзіндік пікір мен көзқарасты ұстануға құқылы.

6. Адам мен тұлға емес, пікірлер мен көзқарастар талқыға салынады.

Математиканың жаңартпашылық мектепте жоғарғы деңгейде оқытылуын алдыңғы орынға қойып отыруымыздың өзіндік себебі бар. Кейбір басқа ғылым салаларында көбіне болжамдау мен даулы пікірлерге орын берілсе, математика дәлдікті,дәлелдеуді қалайды. Сондықтан ондағы деректер мен фактілерді ешбір бұрмалай алмаймыз.

Ток-шоудың зерттеушілік бөлімінде оқушылар өздеріне тиісті педагог-ғалым, педагог-практик (мектеп мұғалімі), жаңашыл-мұғалім, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, математикалық білім берудің проблемасымен айналысушы журналист, оқу ісінің вице-министрі сияқты рөлдер бойынша өз пікірлерін білдіреді.



Сабақтың қорытындысын шығару. Ең соңынан әрбір қатысушы семинардың қалай өткендігі туралы өзінің ой-пікірін ортаға салады. Жүргізушінің: «Сіздер бұл семинардан қандай жаңа білім меңгердіңдер?» деген сауалына көрермендер өздерінің қысқаша пікірлерін айтып кетеді. Бұдан кейін «Ең үздік зерттеуші», «Ең үздік шешен», «Ең ғажайып идея», «Ең үздік эксперт» аталып өтіп, ток шоу өзінің шарықтау шегіне жетеді.

Қазір жаңартпашылық мектеп өмірінде тренингтік оқыту жаттығулары кеңінен қолданыла бастады.



9 лекция

    1. Жаңартпашылық мектептегі тренинг және оның өткізілуі


Тренинг – ағылшының training – тәлім беру, оқыту, дайындау деген мағынаны білдіретін сөзінен келіп шыққан. Жаңартпашылық мектептегі тренинг онда қызмет ететін кәсіби білікті педагогтың басшылығымен жүзеге асырылып, арнайы ұйымдастырылған түрлі бағыттағы жаттығулар оқушылардың дағдысы мен машығын қалыптастырып, ұстаздардың педагогикалық іс-әрекетінің тиімділігін арттырады [61].

Жаңарпашылық мектептегі тренингтің қолданылуы төмендегідей болып келеді:



  • жаңа технологиямен білім беру мен еңбек әдістері;

  • кәсіби дағдыны таныту үшін;

  • Музыканы пайдалану тренинг үшін өте пайдалы. Ол табысқа – жетудің кілті.

  • Плакат пен маркер [81].

Тренингтік сабақтардың сценарийі

Сабақтың мақсаты мен міндеті:

  • әлдене туралы ұғым-түсінік алу;

  • салыстырмалы талдау мен жинақтау жасау дағдысын дамыту;

  • мақсатқа қол жеткізу мен ұйымдастыруды дамыту;

  • шағын топта жұмыс істеп, әріптес бола білу дағдысын қалыптастыру;

  • бір-бірін тыңдай білу.

Негізгі ұғымдар:

1. Басты ұстаным

2. Басты бағыт

3. Басты идея т.б.



Сабақтың материалдық жақтан қамтамасыз етілуі: бейжиктер, сөздіктер мен анықтамалықтар, плакаттар, маркерлер, альбом беттері, үлестірме материал, магнитофон.

Сабақ стилі.

Сабақ төмендегідей үлгіде өтуі тиіс:



  • жұптық жұмыс;

  • шағын топтық жұмыс;

  • ықшам топтық жұмыс;

  • жалпы жұмыс;

  • көрнекілік көрсету стиліндегі дербес жұмыс.

Жұмыстың міндетті түрде кезектесіп келуі: отыру, жүріп тұру, ойлану, бастан күй кешудің алмасуы.

Жоспар:

1. жұптық жұмыс;

2. шағын топтық жұмыс;

3. ықшам топтық жұмыс т.б.

Жұмыстың типтік кестесі:

1.Ұйымдастыру кезеңі (мәселені қою);

2.Ықшам топпен жұмыс (міндет қою, тренингке қажетті дағдыны қалыптастыру; өмірде қолданылуына бағыт ұстау);

3. Топаралық жұмыс (мұғалімнің бірыңғай теорияның ізімен кетпей, практикаға да баса назар аударып, түйіндеу, міндеттер қою);

4. Мұғалімнің сөзі;

5. Дербес жұмыс;

6. Топаралық жұмыс;

7.Жұптық жұмыс;

8.Дербес жұмыс;

9. Қорытынды бөлік.



1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды ықшам топтарға бөліп, сабақтың қысқаша жоспарын беру. Бұл олардың материалды қабылдауын жеңілдетеді. Тақтаға жазуға мүмкіндік болмайтындықтан, оларды кестеге түсіріп береміз.

Оқушыларды оқу процесіне тарту үшін «Топтау» жаттығуы қолданылады.

Сабақтың басында мұғалім «Бұл сөзді қашан естідің, ойларыңда қандай топтастыру туындайды?» деген сауалдарды қояды.

Мұғалім жауаптарды бағаламайды, оқушылардың ұсыныстарын не тақтаға, не қағазға жазды.

2.Топтық (ықшам топтық) жұмыс

Мұғалім топқа ой шабуылдық тапсырма беріп, егер ол қиындық туғызып жатса, өзі араласып, дұрыс жол сілтейді. Барлық ұсынылған нұсқалар жазып алынады.


3. Топаралық жұмыс

Берілген тақырыпқа байланысты екі (үш-төрт) топ өз ойларын айтып болған соң, шығып сөйлеген оқушылардың көңілге қонымды ойлары дәптерге жаздырылады. Мұғалім оларды ғылыми көзқарас тұрғысынан толықтырып, анықтама береді.



4. Мұғалімнің сөзі

Мұғалім шағын шолу жасап, оқушыларға екі-үш таратпа материал үлестіреді. Мысалдар келтіріп, қалай қолдануға болатын оқушылардың еншісіне қалдырады.



5.Дербес жұмыс

«Аяқталмаған сөйлем» жаттығуы. Оқушыларға берілген тақырыпқа байланысты өз ойларын қағазға түсіруге мұғалім тарапынан тапсырма беріледі.

6.Топаралық жұмыс.

Дербес жұмыстар оқылып, топтардың арасында талқыланады.



7.Жұптық жұмыс.

«Сұрақ-жауап» жаттығуы. Әрбір оқушы сауал жазылған қағазды өз бетінше таңдап алады. Жауабын өз әріптесіне оқуға береді. Ол танысып болған соң, оны топтағы басқа оқушыларға береді.

Ықтимал сауалдар.

а. Неге қарсысың?

б. Нені алып, нені қосар едің?

в. Қай жерден қателесті?

г. Қай пікір дәлелдеуді керек етеді т.б.

8.Дербес жұмыс.

«Іс-әрекет тетігі» жаттығуы. Оқушыларға 3 минут ішінде тақырыпқа байланысты 3-4 идея айту ұсынылады. Идеялар жазылып алынған соң, оқушылар өзара парақтарымен алмасып, ұнаған идеялар дәптерге жазылынып алынады.

Тақырыптың көрсетілімдік жолдары

Мұғалім тақырыптың жолдарын қосымша тақтаға жазып шығады.



Қорытынды бөлім.

«Кері байланыс» жаттығуы.

Сабақ соңында оқушылар сабақ бойы істеген жұмыстарының қорытындысын шығарып, өз ойларын төмендегідей негізде бөліседі:

а. Тақырыптан өзі үшін қандай жаңалықты ұққаны;

б. Оны өмір іс-тәжірибесінде қалайша қолдануға болатындығын;

в. Мұғалімге қоятын сауалын ретке келтіреді.

Сабақ соңында тақырыпқа байланысты қосымша оқуға болатын әде-

биеттер тізімі беріледі (бұл тізімді сабақтың басында да беруге болады).

Мектеп бітірген соң қайда оқығың келеді?

Неге?


Кім?


Неге қаладың?

Кім кеңес берді?


Алғашында нені қаладың?





Кейін неге тоқталдың?

Осы мамандықты қалаған себебің неде?




Осы тоқтамың тоқтам ба?



Сен қалаған мамандықтың жақсы жақтары



Бұл өзі қалай болды?



Осы таңдауың сәтті ме?



Осы жолда қандай кедергілер болуы мүмкін деп санайсың?




Сен таңдаған мамандықтың ерекшелігі

неде?


Ойға алған арманың орындалмай қалса ше?








ҰБТ тегін оқуға балл жинай алсаң //

балл жинай алмай қалсаң не болады?





«Жобаланған сұхбат» тренингінің үлгісі

Сіздің міндетіңіз – оқушыларыңыздың болашаққа деген көзқарасын білу.

Мұғалім өз оқушысының кәсіп таңдауы туралы білуі үшін арнайы сұрақтар тізбегін құрастырып шығады. Ол үшін мұғалім мына мәселені шешіп алуы шарт.


Сауал

Аталған сауал нені анықтауға мүмкіндік береді?

1. Неге қаладың?

2. Кім кеңес берді?

т.б.


Алға қойған мақсатын

Достары мен ағаларын т.б.



Жобаланған сұхбат тренингінің мысалы жоғарда көрсетілген.


Көш басшылық тренингінің үлгісі.

Бұл тренинг мектеп оқушысының басшылық қабілетін анықтауға, қалыптастыруға арналған.



Мақсаты – баланың жеке тұлға ретіндегі көш басшылық қабілетін, ұлттық бет-бейнесін қалыптастыру.

Сабақ барысы.

    1. Ұйымдастыру кезеңі. Жаттықтырушының кіріспе сөзі.

    2. «Мүлтіксіз көш басшы» жаттығуы.

    3. «Көш басшының басты сипаты» жаттығуы.

    4. «Тізгін» жаттығуы.

    5. «Сенімді қатынас» жаттығуы.

    6. «Көш басшының ар кодексі» жаттығуы.

    7. «Ой толғақ» жаттығуы.

    8. «Дарындылық» жаттығуы.

    9. «Өрелілік» жаттығуы.

    10. «Қарама-қайшылық» жаттығуы.

    11. «Аяқталмаған сөйлем» жаттығуы.

    12. Тренингтің қорытындысын шығару. Рефлекция.

Ұйымдастыру кезеңі. Жаттықтырушының кіріспе сөзі.

«Мүлтіксіз көш басшы» жаттығуы

Жүргізуші қатысушы оқушыларға талданатын сауал таратпа материалы таратылып беріледі де, ол төмендегі тәртіппен талқыланады:



  • Мүлтіксіз басшы қандай болуы керек?

  • Қазіргі экономикалық дағдарыс кезеңінде көшбасшыға қандай сипаттар тән болуы керек?

Әуелі басшының кәсібін тап, одан кейін кестемен жүйеле.

«Көш басшының басты сипаты» жаттығуы

Өзің келтірген сипаттар ішінен ең негізгісін бөліп көрсет.



«Тізгін» жаттығуы

Билік тізгінін әркім қолына ала алады. Бірақ оны қалай ұстап тұрады? Осы төңірегінде ой өрбіту.



«Сенімді қатынас» жаттығуы

Басшы мен бағынышты арасындағы оңды (нашар) байланыс пен қарым-қатынас туралы өз ойыңды білдір.



«Дарындылық» жаттығуы.

Қолынан іс келетін (іс келмейтін) басшыны дарыны негізінде салыстыр.



«Өрелілік» жаттығуы.

Ер және әйел басшының өзіндік ерекшелігі туралы білетініңді қағазға түсір.



«Қарама-қайшылық» жаттығуы.

Ұжымдағы, сыныптағы конфликті неден туады деп ойлайсың? Негізгі белгілерін жазып көрсет.



«Аяқталмаған сөйлем» жаттығуы.

Мүлтіксіз басшы қандай болуы керектігі туралы ойыңды жалғастыр...

Билікті қолда қалай ұстап тұру туралы ойыңды жалғастыр...

Басшы мен бағыныштының оңды (нашар) байланыс пен қарым-қатынасы туралы өз ойыңды жалғастыр...

Қолынан іс келетін (іс келмейтін) басшы туралы ойыңды жалғастыр...

Ер және әйел басшының өзіндік ерекшелігі туралы ойыңды жалғастыр...

Тренингтің қорытындысын шығару. Рефлекция.

Тренинг. Сөз құдіреті

Жаттықтырушының іс-әрекеті

Қатысушылардың іс-әрекеті

Сөз – тәлім-тәрбиенің басты қаруы. Біз оның бағасын көбіне біліп, бағаламаймыз. Оны қалай бала тәрбиесіне қолдануға болатындығын өз бастарыңыздан өткересіздер.

Біз бүгін сөздің құдіретін танып, түсінетін боламыз.



«Сөз» жаттығуы

Абай, Шәкәрім, Мұхтардың сөз туралы айтқан ойлары.



«Ойды аяқта» жаттығуы

Басқа ғұламалардан мысал келтір.



«Маған ілес» жаттығуы

Берілетін тапсырма:

Бір шағын ойды, яғни «Өнер алды – қызыл тілді»

әртүрлі мәнерде дауысыңды шығармай 10-15 рет айтып, көр.

«Кесімді сөз» жаттығуы


  1. Сөзде тұру дегенді қалай түсесің?

  2. Сөзінде тұрмауға мысал келтір.

«Реплика» жаттығуы

Үлкендердің «Оқы, оқы сонда адам боласың»

деген сөздеріне қалай қарайсың? Ол сөз түрлі тонмен айтылады ғой?

«Дөкірлік» жаттығуы

Сыпайылық пен дөкірліктің ерекшелігі неде?


«Найзағай» жаттығуы

1.Сіздерге ұрысып, дауыс көтеріп айтқан сөз қалай әсер етеді?

2.Сіздерге мейір төге айтқан сөз қалай әсер етеді?

«Кесімді сөз» жаттығуы

Бауырыңа ақыл айтқанда қандай сөзді қолданғанды ұнатасың?



«Кейінге қалдырылған әңгіме» жаттығуы

Сөзге қандай анықтама бере едің ойланып көр, содан кейін өз ойыңды ортаға сал.



«Жанама ой айту» жаттығуы

Сөз сөйлеу әпенделігіне қатысты күлдіргі әңгімелер



«Даналық дарағы» жаттығуы

1-тапсырма. Өзің білетін ғұламалардың сөз туралы айтқан ойларын жаз.

2-тапсырма. Сөз тақырыбына байланысты халық даналығын жаз.

Оқушылар орындаған тапсырмалар мен пікірлер негізінде қорытынды жасау



«Кері байланыс» жаттығуы

  1. Сабақта маған ұнағаны...

  2. Біздің бүгін осы сабақтан алғанымыз...

Кері байланыс

Афоризмдер мен мақал-мәтелдер қосу

Ойын сыртқа шығарып айту

Рөлдерге бөліп ойнау
Шағын топпен жұмыс

Топтық жұмыс

Дербес жұмыс. Өз жазғандарын тақтаға іледі, әріптестеріне оқуға береді.

Әркім өзіне ұнаған сөзді дәптеріне жазып алады.

Тыңдаушылар пікірлері

Мектептегі тәрбие сағатында қолданылатын бұл тренингтің мақсаты: оқушыларға сөз құдіретімен тәлім-тәрбие беру.



Міндеті:

Дидактикалық – сөз құдіреті туралы этнопедагогикалық тұжырымдар-ды баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуында қолдану.

Ғылымилық – педагогикадағы герменевтикалық, мәдениеттанушыл-ық, логикалық амал-тәсілдерді оқушы білімін бекітуде пайдалану [82;83].

Дамытушылық – өзін-өзі ұстай білуге, орынды сөйлеуге үйрету.

Тәлім-тәрбиелік – жұртпен тіл табыса білу, өз сөйлегені мен істегеніне жауапкершілікпен қарауға үйрету.

Әдістемелік материал: үлестірме материал.

Тәрбие сағаты барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі. Кіріспе сөз.

2. «Сөз» жаттығуы.

3. «Ойды ақта» жаттығуы.

4. «Маған ілес» жаттығуы.

5. «Кесімді сөз» жаттығуы.

6. «Реплика» жаттығуы.

7. «Дөкірлік» жаттығуы.

8. «Найзағай» жаттығуы.

9. «Кесімді сөз» жаттығуы.

10. «Кейінге қалдырылған әңгіме» жаттығуы.

11. «Жанама ой айту» жаттығуы.

12. «Даналық дарағы» жаттығуы.

13. «Кері байланыс» жаттығуы. Қорытынды жасау.

Осылайша, топтық жұмыс істеуге төселген жаңартпашылық мектептің ұстаздары үшін тренингті кеңінен қолдану оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізген кезде үлкен жетістіктерге жеткізеді [84;85].
10 лекция

6. Жаттығулар. Ойын сабақтары

Ұлт мектептерінде кеңінен қолданысқа еніп келе жатқан жаттығулар мен ойын сабақтары туралы кеңінен сөз етеміз.



«Уолт Дисней шеңбері» жаттығуы

Уолт Дисней ХХ ғасырдың ең әйгілі адамдарының бірі. Ол шығармашылық процестің тиімді болуының амал-тәсілдеріне үлкен үлес қосты. Мектепте баланың шығармашылық қабілетке ие болуы үшін тұлғалық және ұйымдастырушылық жобасының моделін келтіре кетелік. Біз оқушының шығармашылық процесін бір-бірімен байланыстағы үш кезеңге бөлеміз. Олар: АРМАНШЫЛ – көз алдыға әкелу, РЕАЛИСТ – өз көз алдына әкелгенімен келесі батыл қадамдарға өтуі, СЫНШЫ – проблеманы бағалау мен оқу материалының көлемін шектеу (54-сурет).



54-сурет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет