Лекциялар жинағы кредит саны 3 Шымкент-2019ж



Pdf көрінісі
бет11/12
Дата08.11.2022
өлшемі305.2 Kb.
#464286
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
ЛекБалЖас.Ждист (pdf.io)

і 

көрсеткіштерінің зерттелетін тұлғаның ауытқуының орташа деңгейін анықтайтын Х
ij
-
қорытынды шамасы мына формуламен анықталады.
t
i
=
1

K
i j 

i=1
7
K
ij
(
X
i

X
j
)
S
ij
Ондағы S – орташа квадраттық ауытқу шамасы,  - қосындысы.
Аталған спорттық мамандану үшін қалыпты көрсеткіштерден тұлғаның
антроплметриялық көрсеткіштері ауытқыған сайын t

– шамасы нольге жақын болады.
Спорттық маманданудың бірнеше түрлерінен есеп жүргізе отырып, біз t

– алынған
мәнінен ең азын таңдауымыз керек. Тек осылай зерттеуші ғана мамандығына сәйкес
спортшылардың антропометриялық белгілеріне жақын келеді. Антропометриялық
белгілердің жеке қосылған қосындысы зерттелуші тұлғаның қандай көрсеткіш бойынша
тиісті қалыптан алшақ екенін көрсетеді.
Соматикалық көрсеткіштер спортпен шұғылдану арқылы түрін өзгертеді. Спорттық
мамандану сүйек – қаңқа көрсеткіштері мен дене бітімдеріне де түр өзгерістерін береді
деген пікір қалыптасқан. Спорт түрлерімен айналысу дене құрылысына әсер етіп, дененің
және жекелеген бұлшық ет топтарының пішінін өзгертеді, бірақ сүйек қаңқа
көрсеткіштерін өзгерте алмайды. Бұл бірқатар зерттеулермен дәлелденеді: әртүрлі
жағдайларда тұратын егіздердің антропометриялық көрсеткіштері балалар мен
жасөспірімдердің соматикалық даму қарқыны.
Соматикалық дамудың спорттық нәтижелеріне жақсы ықпал етуі бұл жүйенің
спорттық мамандануды таңдау мен бағдарлау үшін жасалған үлгі сипатының негізі болып
табылады. Алайда бұл үлгілерді спортшыны таңдауда басшылыққа алу спорттық
дайындықтың жоғары сатыларында ұсынылады.


Спортшылардың соматикалық даму ерекшеліктері
Жеңіл атлетика. Қозғалыс құрылымы бойынша сан қырлы жеңіл атлетиканың 20 –
дан астам түрі бар.
Жеңіл атлетикада айналымдық түрлер де бар, олар жұмысты жоғары, үлкен және
бірқалыпты қуатпен орындауды талап етеді. Ал айналымдық – күш пен үйлесімдік
жылдамдық күшін талап етеді. Дене сымбаты, соматикалық даму ерекшеліктері бұл
жаттығулардың орындалуына үлкен ықпал етеді.
Үлкен қуаттылықпен жұмыс атқаратын спринтерлердің дене бітімінің
ерекшеліктерін зерттей отырып, С.Баранов (1925) олардың аяқтарының қысқа
болатынына, дененің орта бойлылығына, орташа салмағына, кең кеуде қуысына,
өкпелерінің үлкен өмірлік сыйымдылығына, бұлшық етінің жақсы дамуына көңіл
аударды. Қысқа қашықтыққа жүгіретін дене бітімі мықты, кең кеуделі қысқа қашықтыққа
жүгіретін желаяқ шағын ауыр атлетке ұқсайды.
Секірушілерді зерттеуден соң Ф.Шлендт (1925) аяғының бұлшық еттері үлкен
спортшылар емес, ал денеге қатысына қарай аяғы ұзын, табаны жақсы дамыған, яғни
аяқтары жақсы созылып, серпілетін өз ұзындығын толық қысқарта алатын спортшылар
ғана жақсы секірушілер бола алады. Ұзын әрі биікке жақсы секіру үшін толық
атлетикалық дамыған емес, ұзын және сымбатты бұлшық еттер болып табылады.
Бұның алдында жүргізілген зерттеулерді талдау мен өз бақылаулары негізінде
М.Иваницкий былай дейді: спринтерлердің мықынының қатыстық ұзындығы; орта
қашықтыққа жүгірушілердің ұзын бойы, тері асты май қабатының нашар дамуы мен
жақсы дамыған кеуде қуысына, марафоншылардың – бой қысқалығына, дене салмағының
үлкен кеуде қуысының ауқымына қарай аз болуы, өкпенің кеңейтілген өмірлік
сиымдылығы мен сан бұлшық етінің жақсы дамуына; секірушілерде ұзын бойына,
иығынының біршама көлемінде (спринтерлерге қарағанда аз), бой ұзындығына, жіңішке
дене қаңқасы, дене салмағының аздығына назар аударды.
Ұзындыққа секірушілерде спринтерлерге тән дене ерекшеліктері бар. Оларда аяқ –
қолдардың бұлшық еттері жақсы дамыған. Сырықпен секірушілер ортадан жоғары бойы
бар, аяғының арқасының, иық белдеуінің бұлшық еттері жақсы, дамыған.
У.Горнов пен Л.Шмидтің мәліметтері бойынша морофоншыларда денесі басқа
жеңіл атлеттерге қарағанда шағын, сіңірлі болып келеді. 
Олимпиада ойыншыларына қатысушылардың жасын, салмағын және ұзындығын
анықтағанда Х.Гундлах бойы мен дене салмағын салыстырғанда түрлі жеңілатлетикалық
түрлерде екі көрсеткіштердің айырмашылығы бар екенін дәлелдеді. Бұл көрсеткіштер
спорттың биомеханикалық талаптарымен тығыз байланысты екенін көрсетті. Солар
арқылы жеке түрлер бойынша белгілі бір үлгі белгіленді.
Ағылшын профессоры І.Таппеч Олимпиада ойынына қатысқан жеңіл атлеттер
құрылымының ерекшеліктері зерттеуге арналды. (1964). Олимпиадашылардың дене
бітімін зерттеу барысында ол денені өлшеумен қатар, арнайы аппараттарды пайдалана
отырып, атлеттерді үш тұрғыда суретке түсірді, (алдынан, артынан, қырынан) сосын
суреттер бойынша антропометрлік бақылауларды дәлелдеп, салыстырды және тұжырым
жасады. Ол қысқа қашықтыққа жүгіретін спортшылар негізінен орта бойлы, бұлшықеті
жақсы дамыған болып келетінін анықтады. 
Спринтерлер арасында мезаморфтық белгілері бар соматикалық топтар кездеседі.
400 м жүгіруде жақсы нәтижелер көрсеткен спортшлардың аяқтары ұзын, иықтары кең
(бөксесіне қарағанда) бұлшық еттері жақсы дамыған болып келеді.
400 м жүгірушілер мен марофоншылар арасында аралас соматотиптер жоқ.
Ұзын қашықтыққа жүгіретін желаяқтарда бөкселері жіңішке болады. Оларда қол
бұлшықеттері мен балтыр бұлшықеттері жақсы дамыған. Яғни, 100 және 400 м
жүгіретіндерге қарағанда аяқ қол, мықын бұлшық еттері дамыған , соған қарамастан
бұлшық еттері үлкен болады.


3000 м кедергімен жүгіруде балтыр бұлшық еттері орта және ұзын қашықтыққа
қарағанда жақсы дамыған.
50 км жүгірушілер де 1500 м-ге жүгірушілер тәрізді, олардың біріншісінде аяқтары
қысқа, ал мықын көлемі мен оның кеуде қуысы, көлемі мен балтыр бұлшық еттеріне қарай
5000м жүгіретіндерге ұқсас келеді. 110м-ге кедергімен жүгіретін спортшылардың аяғы
мен бойы ұзын болады. Өз бұлшықет бітімі бойынша олар 100 м-ге жүгірушілерді еске
түсіреді. Алайда 100 м жүгіретіндерге аяғы өте қысқа.
Аяқ пен тұлғаның сәйкестігі де 400 және 1500 м жүгіретіндер тәрізді, тек сан
бұлшық еті біршама дамыған. Соматикалық ерекшеліктері бойынша 400 м кедергімен
жүгірушілер 400 м-ге жүгіретіндерді еске түсіреді, бірақ алдыңғылары сымбатты келеді.
Биіктікке секірушілер ұзын бойлы болады. Ең төмен бой ұзындығы 184см,
тұлғадан аяқтары ұзын, ол балға лақтырушыларды басқа атлеттерден көп
ерекшелендіреді. Басқа жағдайларда олар орта қашықтыққа жүгіретіндер тәрізді яғни
үйлесімді дамыған. Сан мен мықын бұлшық еттері дамуында елеулі өзгерістер жоқ. 
Лақтырушылардың барлғының бойлары ұзын, қаңқасына қарағанда бұлшық еттері
жақсы дамыған, аяқтарына қарағанда қолдары ұзын келеді. Аяғы мен кеуде тұлғасының
ұзындығына қарағанда орташа қашықтықтағы желаяқтардан айырмашылығы бар.
І.Таппеч мынадай қорытынды жасады: спорттық жаттығуларды жоғарғы деңгейде
орындауына қарай атлеттердің дене бітімі әртүрлі болуы механикалық тұрғыдан дене
бітіміне белгіленген талаптар қояды. Ол қаңқа құрылысы туа біткен болып табылады және
өсу мерзімі бітсе, жаттықтыру сабақтары ықпалына көнбейді деген тоқтамға келді. Ешкім
де біздің қаңқа құрылысымызды өзгерте алмайды. Ағылшын ғалымы
олимпиадашылардың дене құрылысын сипаттауға арналған ғылыми еңбегінде осылай
деді.
Әлемнің түрлі елдерінде жүргізілген зерттеулер жоғары дәрежелі спортшылардың
гоматикалық талдауын жүргізуге мүмкіндік берді. Талдау үшін Олимпиада ойындарына
қатысушылар (Gunalah, Tanner ), Польшаның құрама және жастар командалары
(Marchoka, Skibinska) және Украина құрама командасы (Л.Волков) туралы мәліметтер
алынды.
Дененің салмағы мен ұзындығы жеңіл атлетиканың барлық түрлерінен Олимпиада
ойындарына қатысушылардың басқа топтары өкілдеріне қарағанда бойлары біршама
ұзын. Қысқа қашықтыққа жүгіретіндерде біршама өзгеріс бар.
Екі олимпиада ойындарына қатысушылардың дене ұзындықтары ұқсас. Украин
спортшылары олимпиада атлеттерінен бой ұзындығы бойынша көп ерекшеленеді, ал
Польша құрама командасы туралы басқашарақ айтуға болады. 
Барлық қарастырылған топтардағы спортшылардың жалпы ерекшеліктері биіктікке
секірушілер мен лақтырушыларда бой ұзындығымен ұзын қашықтыққа жүгірушілерде
орташа ұзындығымен көрінеді. 
Украина құрама командасының спортшылары жеңіл атлетиканың барлық
түрлерінен Олимпиада ойындарына қатысушылардың дене құрылысын зерттеуден
алынған мәліметтермен салыстырғанда бой ұзындығы сәл төмендігімен ерекшеленеді.
Дене салмағын салыстырғанда барлық спортшылар тобында біршама
айырмашылықтар бар. Жеңіл атлетиканың көптеген түрлерінен қатысқан. Польша
спортшыларының дене салмағының төмен болуын олардың 18 – 19 жастағы жас
ерекшеліктерімен түсіндіруге болады. Лақтырушылардың салмағы ауыр қашықтыққа
кедергімен жүгірушілер мен секірушілердің салмағы орташа, ал ұзын қашықтыққа
жүгіретіндердің салмағы аз келеді. 
Аяқ – қол ұзындығы І.Таппечден алынған мәліметтер (1964) Олимпиада
ойындарына қатысушылардың аяқтарының ұзындық көрсеткіштері Украина мен Польша
командалары спортшыларыннан басым түседі. Польша құрама командасының
спортшыларының аяқ үзындығы қысқалау келеді (жеңіл атлетиканың барлық түрлерінен).


Украина спортшылары мен олимпиада ойындарына қатысушылардың көрсеткіштері бір-
біріне жақын.
400 және 110 м кедергімен жүгірушілердің, биіктікке секірушілердің
лақтырушылардың (тастабақ пен балға) аяқтарының ұзындығы назар аудартады. 
Қол ұзындығына қарай топтарға бөлу тиімсіз: мұндағы бір ғана ерекшелік
олимпиада ойындарына қатысушылардың яғни тастабақ лақтырушыларда үлкен
көрсеткіштермен байқалады. 
Иық пен мықын диаметрі. Талдау бұл көрсеткіштердің жоғары көрсеткіштері
Украина құрама командасында орташа көрсеткіш – Олимпиада ойындарына
қатысушыларда, төмен көрсеткіштер Польша құрамасы спортшыларында байқалғаны
туралы дәлелдеді. 
Ұзын бойлы спортшылар лақтырушыларда дене салмағы да ауыр келеді. Алыс
қашықтыққа жүгірушілерде көрсеткіштер төмен.
Мықын диаметрі бойынша түрлі спортшылар тобындағы орташа мәліметтерді
талдауда да осы тәрізді көрініс байқалады. 
Иық пен мықын аумағы. Иық көлемінің көрсеткіштері жеңіл атлетиканың барлық
түрлерінен Украина құрама командасы спортшыларында жоғары шамада болатынын, ал
ең төмені Польша спортшыларында көрініс тапты. Лақтырушылар аталған белгілерде
жеңіл атлетиканың басқа түр өкілдеріне қарағанда жоғары көрсеткіштермен ерекшеленеді.
Мықын көлемі бойынша олимпиада ойыншылары мен Украина және Польшаның
құрама командасы спортшыларының аралас тобы өкілдерінде еш айырмашылық жоқ.
Жоғары көрсеткіштер лақтырушыларда, ең аз көрсеткіштер қысқа қашықтыққа
жүгірушілерде байқалады.
Түрлі ұлттық командалардың спортшыларының дене құрылымын салыстыру мен
зерттеу барысында көлденеңінен де, тігінен де айырмашылықтары елеусіз екендігі туралы
мәліметтер алынды.
Жүргізілген зерттеулер жеңіл атлетика түрлерінен жоғары нәтижелерге жету үшін
спортшыға белгілі бір антропометриялық қасиеттер тиісті соматикалық даму қажет екенін
көрсетті, олар ағзаның басқа жүйелерімен қатар спорттық жетістіктерге ықпал етеді.
Жүзу де жеңіл атлетиканың кейбір түрлері тәрізді айналымдық түр болып
табылады, онда түрлі қуаттылықтағы жұмыстар орындалып, шарты бойынша басқа
спорттық мамандықтардан ерекшеленеді. Мұнда дене бітімі мен үйлесімі маңызды болып
табылады. Талапқа сай жүзгіштерге морфологиялық сипаттарына қарай бойы ұзын, дене
ұзындығы мен көлденең өлшемі сәйкес үйлескен, көлденең жағдайда денесі жақсы
тұрақты әрі керемет жүзетін, май қабаты тең жабылған (яғни теріге серпімділік қасиетін,
жұмсақтық пен біртегістік беретін қасиеті бар). Спортшыны жатқызуға болады.
Америка ғалымы Т.Кюретон (1978) Шелдонның жіктеуін пайдалана отырып,
әлемдік дәрежедегі жүзушілер арасында спринтерлер мезоморфты түрге, ал 400 және
1500м қашықтыққа жүзетіндері эндоморфтық түрге жақын екенін анықтады.
Егер жүргізушілерді спорттық басқа түрлері өкілдерімен салыстырса, онда
жүзгіштерде дене ұзындығынан да аяқ – қол ұзындығынан да көрсеткіштері жоғары
болады.
А.Строкинаның мәліметтері бойынша (1964) жүзгіштерде кеудесі қысқа, аяқтары
мен қолдары ұзын болады. Бұл спринтерлермен салыстырғанда алынған мәліметтер, дене
үйлесімі бойынша мезоморфтық және брахиморфтық түрлерге жатады, ал жүзгіш
қыздардың бойлары ұзын және орташа болады, май қабаты дұрыс үйлесімді дамиды, қол
бұлшық еттері жақсы дамыған.
Жүзу бойынша ірі ағылшын мамандарының бірі жүзушілер үшін анатомиялық
мәліметтер маңызды болып табылады. Яғни, ұзын қолдар – жақсы тірек болады, егер білек
пен қол бұлшықеттері қуатты болған жағдайда ғана пайдалы болады. Мықыны жіңішке,
күшті. Жамбасы арқадан мықынға біртіндеп, сырғи өткен. Спринтер – жүзушілердің


аяқтары ұзын және сымбатты, бұлшық еттері біртегіс, күшті болады. Табандары ұзын,
жіңішке, иілгіш және қимыл еркіндігі бойынша балықтың желбезегіне жақын келеді.
Көптеген жүзгіштерде мықыны бітімі жағынан ағымға қарай табиғи желілерге
сәйкес келеді дейді Н.Булгаков (1986). Жүзгіштердің бұл түрінде мықыны жіңішке іші
тегіс келеді. Олар мықыны мен іші үлкен сондықтан жай жүзетіндерге қарағанда
басымырақ болады. Мықыны кең жүзушілер судың қарсылығына жиі ұшырайды, өйткені
судың ағымы кең мықын мен үлкен қарын жағынан өтіп, орай, түзіп, қарсылық өседі.
Спорттық және көркем гимнастика. Белгілі Украиндық спорттық антропологы
О.Недригайлова (1924) гимнасттардың кеуде тұлғасының ұзындығы мен күшті дамыған
иық белдеуіне назар аударды. Бұл спорттық мамандық өкілдерінің дене бітіміне берілген
түбегейлі сипаттаманы басқа да антропологтардың еңбектерінен табамыз.
Н.Лутовинова мен М.Уткинаның (1965) мәліметтері бойынша гимнасттардың
денесі орта бойлы келеді. Оның жоғары бөлігі, әсіресе иық белдеуінде кеңейген және
бедерлі бұлшық еттері күшті, бұл саланың көлемдік және көлденең өлшемдері артқан.
Дененің аяқ бөлегі сәл жеңілдеген, белі жіңішке, мықыны тар, жамбас көлемі кіші,
жіңішке және сымбатты аяқтарының бұлшық ет бездері аз. Денесі шағын, дененің жоғары
бөлігі иық белдеуінің төмен түсуі есебінен ұзарған, яғни төмен түсуі есебінен ұзарған,
яғни гимнаст қыздардағыдай ұзын мойын болып көрінеді. Гимнасттардың иықтары кең
және жұмыр, сондықтан иығы төмен түскен. Іші тік арқасы толқын тәріздес. Иық белдеуі
мен арқа бұлшық еттерінің жақсы дамуы салдарынан гимнасттар сіңірлі тәрізді көрінеді.
Спорттың бұл түрі өкілдері үшін мезоморфтық түр тән, сонымен қатар домихаморфий
жағы басымдау түрлері де бар.
Гимнаст қыздарда иық белдеуінің барлық нүктелері сәл түсіңкі, сондықтан
мойындары ұзын көрінеді. Тұлға – одан да ұзындау, соған сәйкес белі мен мықыны төмен
орналасқан. Иықтары өте кең. Кеуде бездері әлсіз дамыған, бірақ кеуде ауқымы біршама
үлкен. Дененің үстіңгі және астыңғы бөліктерінде де бұлшық ет бірқалыпты дамыған,
әдетте іші тік және белі жіңішке. Сымбатты тік, көбінесе дененің жоғарғы бөлігі артқа
шалқақ келеді.
Жүргізілген зерттеулер көркем гимнастикада маманданатын қыздардың да
айрықша ерекшеліктері бар екенін көрсетті. Салыстыру үшін спорттық және көркем
гимнастикадан маманданатын спортшы қыздардың антропометриялық зерттеулерінен
алынған мәліметтер және антропология институтының бағдарламасы бойынша өлшеу
жолымен алынған бақылау топтарының мәліметтері ұсынылады. 
Дене құрылымының типологиялық ерекшеліктерін бірінші сабақтарда анықтауға
болады. Яғни, 10 ұпайлық бағалауды пайдалана отырып, Е.Розин (1973) аяқ пен қолына
қарай орташа бойы, сымбатын, шымырлығын, омыртқасын, дене өлшемін басшылыққа
алды. Шынтақ буыны шектен тыс жазылатын балаларға ол спорттың басқа түрлерімен
айналысуға кеңес береді. Өйткені, гимнастика бойынша жоғары дәрежелерде бұндай
буындар үлкен жүктемені көтере алмай жиі жарақаттанады.
Қолдардың қысқалығы да кері ықпал болып табылады (түсірген қолдың ортаңғы
саусағы мықынның орташа көлеміне жетпейді), бұл тек жаттығуды орындағандағы
әсемдік тұрғысына ғана қатысты емес. Ұлдарда бұл «атқа» өте төмен қонғанда көрінеді,
өйткені қысқа қол мен қысқа саусақ арқылы олар ұстағанда сенімсіздік танытады. Сондай-
ақ белтемірдегі күрделі жаттығуларды меңгеруді де қиындатады.
Қыздарды іріктегенде тізе буынының пішініне де назар аударады, қатты жазылған
буындар да қарсы көрсеткіш болып табылады. Ұзын мойын талапқа сай болып табылады
(10 ұпай). Шымыр, жақсы ширыққан ұл мен қыз (10-11 жасар) әдетте жыл өткен сайын
бұндай сипаттарын жоғалтпайды. Дене үйлесімі, мойын ұзындығының, қол мен аяқ
ұзындығының тұлғаға қатысы, мықынның орналасуы мен пішіні, буын пішіні де
өзгермейді. Жыл өткен сайын олар гимнастикалық тұрғыдан жақсы жағына қарай
өзгереді.


Ауыр атлетика жеңіл және жартылай жеңіл дәрежедегі ауыр атлеттердің тұлғасы
қысқа, бел арқа диаметрі жіңішке, аяғы қысқа, яғни дене бітімі стифроидты түрде болады.
Жеңіл және жартылай орта дәрежедегі атлеттердің сыртқы бітімінің ұзындығы орташа,
мықыны кең, аяғының ұзындығы орташа, яғни дене бітімі парагармоноидтық түрде
болады. Ал қалған дәрежедегі атлеттердің дене бітімі ұзын, мықыны кең, аяғы ұзын, яғни
дене бітімі алып түрде болады. 
Барлық дәрежедегі ауыр атлеттерде иық белдеулері жақсы дамыған, кең көлемді,
кеуде бөлігі қысқа болып келеді, ол штангамен орындалатын жаттығуларды таңдау мен
олардың ерекшелігіне байланысты болады, оларға мезо және биохиморфтық сипаттар тән
(дененің домехоморфтық түрлері кездеспейді). Дене салмағының артуы семіруге
байланысты емес, ол «белсенді ұлпаларды» арттыруға байланысты болып табылады. Ол
барлық дәрежедегі ауыр атлеттердің майсыз, бұлшық етті құрамдас бөліктері шамасының
көптігін көрсетеді.
Ауыр атлеттердің топаралық ауқымын қарастыра отырып, зерттеушілер жеңіл
дәрежедегі спортшыларда дене бітімі «ортадан төменге», орташада – «орташаға», ал ауыр
салмақта «орташадан жоғары» дәрежеге жататынын анықтады. Дене ұзындығы мен
салмағын арттыру барысында ауыр атлеттерде кеуде құлашы да артады. Кеуденің
абсалюттік және қатыстық құлашы орташа және ауыр дәрежеде өте үлкен әр дәрежедегі
дене бітімінің өз ерекшеліктері бар, бірақ жалпы алғанда ауыр атлеттер брахиморфия
жағы басымдау мезоморфтық түрге жатады. 
Ауыр атлеттердің соматипін бағалау үшін Шелдонның жіктеуі пайдаланылған
зерттеулер түрлі салмақ дәрежесі өкілдерінде белгілі бір соматикалық ерекшеліктер
болатынын дәлелдеді. 
Бұған дәлелді поляк зерттеушісі Курневич – Витчакованың тұжырымдарынан
табамыз ол ауыр атлеттерге тиісті бой ұзындығын, қысқа кеудесін, мықынының тар, иығы
кең, қолы қысқа болатынын айтты. Сонымен, түрлі елдердің зерттеушілерінен жиналған
мәліметтер күшті адамдарды дене құрылысы ерекшелігіне қарай анықтауға болатынын
дәлелдеді. 
Күрес. Палуандар да ауыр атлеттер сияқты күшті спортшыларға жатады, олардың
соматикалық ерекшеліктерін көрсетеді. Палуандар түрлі салмақ дәрежесінде өнер
көрсететіндіктен олардың басқа спорт түрі өкілдерінен ғана емес бір – бірінен де
ерекшелендіретін айырмашылықтары бар (салмақ дәрежесі бойынша).
Н.Лутовинованың мәліметтері бойынша жеңіл салмақтағы палуандардың бой
ұзындығы спортпен айналыспайтын ерлер мен гимнасттарға қарағанда қысқа келеді. Топ
аралық шек бойынша олар «ортадан төмен» бой дәрежесіне жатады. Кеуде көлемі өз мәні
жағынан бақылау тобы мүшелерінің сипатына жақын. Кеуде бөлігінің көлемі осы
көрсеткіш бойынша басқа топқа қарағанда жеңіл дәрежедегі ауыр атлеттерге жақын.
Гимнасттарға бұл белгінің де мәні осыған тең немесе біршама басым. Дене бітімі
бойынша осы салмақ дәрежесіндегі палуандар ауыр атлетиканың осындай дәрежедегі
спортшыларына жақын келеді. Оларда иық ені мен мықын ені, дененің жоғарғы бөлігі
бірдей, тек қолдары мен аяқтары ұзынырақ кеуде бөлігі қысқарақ келеді. 
Жеңіл салмақ дәрежесіндегі палуанды бірқатар белгілері бойынша дене бітімінің
домихоморфтық (мықыны тар, тұлғасы қысқа) және брахиморфтық (қол мен аяқтары
қысқа, иықтары кең) түрге жатқызуға болады.
В.Бунактың жіктеуі бойынша жеңіл салмақтағы палуандардың көпшілігінде
стифроидты және парагармоноидтық дене бітімі кездеседі. Мойын жуандығы үлкен осы
белгі бойынша баскетболшылардан гимнасттар мен осы салмақтағы ауыр атлеттерден
алда тұрады. Белінің жамбасы мен мықынының саны мен иығының көлемі осы
салмақтағы ауыр атлеттер мен барлық қалған топтағыларға қарағанда аз.
Ауыр салмақтағы палуандар бой ұзындығы жағынан тек баскетболшыларды ғана
оздырады. Топ аралық бой шкаласында «орташадан жоғары» дәрежесіне жатады. Кеуде
салмағы мен дененің үстіңгі бөлігінің көлемі барлық спортшылар топтарындағы ең үлкені


саналатын осы салмақтағы ауыр атлеттерге қарағанда аз. Ауыр салмақтылардағы дененің
негізгі салмақ көлемі осы салмақтағы ауыр атлеттерге қарағанда үлкен, ал қалған топтар
бойынша аз.
Баскетболшылардан басқа бақылау және басқа топтармен салыстырғанда ауыр
салмақтағы палуандарда қолдары мен аяқтары ұзын, иықты, орташа тұлға көлемі бар;
мықын аумағы өте кең. Бұл топты қандай да бір дене бітімі түріне жатқызуға болмайды.
Бұл спортшыларда долихоморфтық, мезоморфтық, тіпті брахиморфтық дене бітімі
белгілері туралы сөз етуге болады. Басқа топтарға қарағанда мойын аумағы үлкен.
В.Бунактың жіктеуі бойынша ауыр салмақтағы палуандар негізінен алып дене бітімімен
ерекшеленеді. Белдің, жамбастың, иықтың, мықын мен санның аумағы өзінің абсолюттік
мөлшері бойынша басқа топтарға қарағанда негізгі мәннен жоғары, ал ауыр салмақтағы
ауыр атлеттерде бұл көрсеткіштер одан да жоғары. Ауыр салмақтағы палуандарда бүкіл
дененің бұлшықетін біркелкі дамыту тән болып табылады. Мысалы, гимнасттарда иық
белдеуі баскетболшылармен ауыр атлеттерде мықын бұлшық еті саналатын бұлшық ет
ұлпаларының шектен тыс жинақталған бөлгі жоқ. Май ұлпалары да сол сияқты. 
Орта дәрежелі палуандарда көлемінің абсолюттік және қатыстық мәні бойынша
жеңіл және ауыр салмақтағы палуандар арасындағы аралықта тұрады. 
Егер палуанның соматикалық типі туралы сөз ететін болсақ онда оның кең иығы,
тар жамбасы, қысқа қолдары айрықша белгілері болып табылады. Аяқтарының ұзындығы
әртүрлі өте жеңіл, жеңілірек, жартылай жеңіл және жеңіл салмақтағы палуандарда орташа
ұзындықта жартылай ауыр және ауыр салмақта ұзын болады. Сонымен қатар ауыр
салмақтағылар қалғандарынан кең жамбасымен ерекшеленеді. Әрбір топта да аталған
салмаққа тән емес дене бітімі бар спортшылар кездеседі. Олардың кейбірі тіпті ірі
жарыстарда жеңімпаз болып та жатады. Бұл күрестегі әдіс амалдары мен айлашарғыларды
көптеп меңгеруімен түсіндіріледі, ол морфологиялық ұйымдастырылуы әртүрлі
палуандарға жеке ерекшеліктеріне сәйкес және қызметтік толықтырулары есебінен, әдіс
түрлерін қолдануда біркелкі нәтиже беруіне мүмкіндік береді. 
Спорттық ойындар. Егер спорттық мамандықтардың көпшілігі біркелкі
соматикалық топтарды қарастырса онда біз спорттық ойындарда жоғары дәрежелі
спортшылардың дене құрылысындағы типтік ерекшеліктерден ауытқуын байқаймыз. Бұл
спорт ойындары – волейболда, футболда, гандболда атлеттер шабуылдау, қорғану
қақпашы тәрізді түрлі қызметтерді орындағанда байланысты түсіндіріледі. Сонда да болса
зерттеушілер спорт ойындары өкілдерінің дене қүұрылысынан олардың спорттық әрекеті
түрлерінен тыс ортақ сипат табады.
Л.Клочкова футболшылардың соматикалық ерекшеліктерін зерттеу бойынша
еңбектерінде палуандардың басқа мамандықтағы спортшыларға қарағанда
(велосипедшілерден басқа) бойы қысқа болатынын, дене салмағы көрсеткішінің де
баскетболшылар мен велосипедшілерден басқаларының барлығынан аз екенін,
аяқтарының дамуы басқа спорт түрлері өкілдерінен ұзын екенін анықтады, оларда
жамбасы (27,1 см), саны (52,2 см) және жіліншегі (35,9 см) жақсы дамыған. Бұл
мәліметтер біршама деңгейде Норвегия зерттеушілері Х.Тьенна, Х.Санни, К.Андерсеннің
(1958) нәтижелерімен бірқатар деңгейде дәлелденеді, олар футболшылардың жекелеген
антропометриялық көрсеткіштерін басқа спорт түрлері өкілдерімен және спортпен
шұғылданбайтындардың көрсеткіштерімен салыстырады. 
Түрлі спорттық мамандықтағы атлеттердің соматикалық сипаттары спортта түрлі
соматикалық даму сипаты өкілдерін кездестіруге болатынын көрсетеді. Дене құрылысы
әртүрлі балалар, жасөспірімдер мен жастар да жоғары нәтижелерге жетуі мүмкін.
Бокс, күрес, семсерлесу, спорттық ойындар тәрізді оқиғалы түрлерде бойы мен аяқ
қол ұзындығы әртүрлі спортшылар жарыстарда жеңімпаз атануы мүмкін. Рингте, күрес
кілемінде, семсерлесу жолы мен ойын алаңында бойы мен аяқ-қол ұзындығы әртүрлі
атлеттерді көруге болады. Өз денесінің құрылым ерекшеліктеріне сәйкес спортшы ұрыс
айла-шарғысын құрып спорттық жекпе-жек түрлерінен жоғарғы нәтижелерге жетеді. 


Спорттық стереотиптік түрлері дененің соматикалық көрсеткіштерімен қоса, дене
бітіміне де нақты талаптар қояды. Жүгіру жолдарындағы лақтыру, серпу, секіру
секторларындағы атлеттердің де бойы ұзын, аяқ-қолдары ұзын, белгілі бір дене бітімі
талаптарына сай келеді, олар биомеханика заңдарын дәлелдейтін айрықша қозғалыстарды
талап етеді. 
Демек, таңдаған спорттық мамандығының соматикалық тиісті жеке ерекшеліктерін
анықтау үшін дене құрылысы өлшемдерін (соматометриялық кеуде қуысы пішіні,
бұлшық ет пен май жинау деңгейі т.б. антропометриялық дененің ұзындығы мен салмағы,
дененің жекелеген бөліктерінің ұзындығы мен олардың көлемі) жоғары сорт санаты бар
спортшылардың морфологиялық ерекшеліктерімен салыстыру қажет. (мұнда жас
спортшының жеке ерекшеліктерін ескеру қажет.)
Спорттық іріктеудегі соматикалық дамуды анықтау әдістемесі
Балалар мен жасөспірімдердің спорттық дайындығының құрамдас бөліктері
анықталатын алғашқы спорттық дайындық сатыларында жаттықтырушының негізгі әдісі
тұлғаны ойша бағалау болып табылады. 
Соматикалық дамуды, соматипті анықтау іс-тәжірибесі бірқатар белгілер бойынша
ойша бағалауды қарастырады. Мұнда 3 ұпайлық даму бағасы пайдаланылады.
Бұлшық ет шымырлығы кіші бұлшық ет бедері айқын емес, үлкен – бұлшық ет
бедері өте анық, орташа – осы екі бағалау аралығы. Бұлшық ет ұлпасының сандық
дамуымен қатар оның серпімділігін де ескеру керек. 
Тонус: әлсіз – шымшығанда бұлшық еттер жұмсақ, бос, күшті бұлшық ет серпімді,
шымшығанда қатты тиеді. Орташа – аралық жағдай.
Май жинау (сүйек бедерінің айқын көрінуі немесе, біртегістігі бойынша
анықталады). Кіші – бедері мен мүшеленуі анық көрінеді, үлкен – сүйек бедері біртегіс
шеткі сызықтары жеңіл дөңгелене біткен, орташа – сүйек бедері айқын емес. Шектік
түрлерге назар аудару қажет - өте арық, жіңішке, потологиялық сырқатқа ұқсайды.
Сүйегі тар, жіңішке, орташа, кең (салмақты).
Арқасының пішіні, қалыпты, иілген, тік. Алдына қарай еңкіш тартқан омыртқа
сипаты болады. Кифоз және лордоз.
Кеуде пішіні, жазық, цилиндр тәріздес, шығыңқы және осылардың қосындысы
(цилиндрлі – жазық, т.б.). кеуде пішіні алдынан және қырынан анықталады. Пішіні қисық
немесе ассимметриялы түрлері де кездеседі. (құс кеуделі, т.б.).
Аяқ пішіні, қалыпты, Х – тәріздес, о – тәріздес.
Табан пішіні, қалыпты, жалпақ, эксковирлік.
Соматикалық түрлерді бағалауды жоғарыда келтірілген, спорттағы нәтижелерге
соматикалық дамудың ықпалын зерттеу арқылы жүргізуге болады. Бұндай бағдарлық
сызбалар, яғни соматип таза күйінде кездеспейтінін ескерте кету қажет. Ойша бағалауды
пайдалана отырып, соматикалық түрлерді анықтау дағдысы іс – тәжірибесінде
қолданылады. 
Әрине, соматикалық түрлерді ойша бағалау түрлерімен қатар өлшеу түрлері де
кездеседі. Оларда арнайы антропометриялық құралдар – толықтық циркульдары, бой
өлшеуіш, штангалық антропометр, дененің көлемдік өлшемдерін білуге арналған
сантиметрлік лента қолданылады.
Соматип анықталған соң спорттық қабілеттерді де бағалау қажет. Бұл үшін
бірнеше жіктеулер жүргізіп, қорытынды жасау қажет. Мысалы, эктоморф жақсы
жылдамдық қабілетімен және қимыл үйлесімділігімен ерекшеленеді. Қысқа мерзімді
жүктемелерді жақсы көтереді және артық жсирек, демек, оған жылдамдық және
үйлесімділік қабілеттерін көрсетуге байланысты спорт түрлері сай келеді. Эндоморфтың
бұлшықет күші үлкен, бірақ оны өзінің шектен тыс толықтығына қарай оны іске асыруы
сирек, оған осы мүмкіндіктерін табысты пайдаланатын күрес, т.б. спорт түрлері, ауырлық


көтеру сай келуі мүмкін. Мезоморф төзімді, дене бітімі шымыр, реакциясы шапшаң, епті,
дене күші мығым, оның спорттық мамандық таңдау ауқымы кең.
Әрине, соматикалық түрді бағалау бұл спорттық мамандық таңдаудағы мәселені
алдын ала шешу жолы ғана. Даму ерекшеліктерін зерттеп, соматикалық түрді бағалаған
соң жоғары дәрежелі спортшылардың үлгі сипатына көңіл аудару қажет. Нақты бағалау
үшін негізгі интропометриялық мәліметтерді өлшейді. Дененің ұзындығы мен салмағын,
аяқ – қол ұзындығын, дене диаметрін, көлемін. Бұл өлшеулердің барлығы арнайы
әдебиеттерде жазылған ортақ әдістерге сәйкес жүргізіледі. Алынған мәліметтер дененің
үйлесімді бітімін бағалап, спорттық мамандықты дұрыс таңдағанына көз жеткізу үшін
қажет.
Үйлесімділік түрлерін анықтау мынадай үш белгінің сәйкестігіне негізделген:
аяқтың ұзындығы, кеуде бөлігінің ұзындығы, иықтың ені. Алғашқыда нұсқалар кеуде
бөлігі ұзындығының бастапқы белгілерінің абсолюттік шамасы бойынша бағаланады.
Кіші, орта, үлкен, сосын аяқ ұзындығының иық еніне қатысына қарай баға беріледі (дене
үйлесіміне сәйкес). Дене үйлесімінің тоғыз түрі бар. Олар: мынадай үйлесімдерді
қарастырады.
І
1). Аяғы қысқа, иық ені тар – арростондты.
2). Иық ені орташа және кең – гипостифоидты.
3). Кең иықты – стифроидты.
ІІ
4). Алға орташа, иық ені тар – гипогормоноидты.
5). Иық ені орташа кең – гормоноидты.
6). Кең иықты программоноидты.
ІІІ
7). Аяғы ұзын, иық ені тар – тейнадты.
8). Иық ені орташа кең – паратейноидты.
9). Кең иықты – гигантоидты
Тиісті кестелерде сандық шектер берілген. Олар тұлғаның қандай да дене бітіміне
жататынын анықтайды.
Түрлі елдерде бір ғана принципке құрылған түрлі жіктеулер қолданылады.
Сонымен, жеке соматикалық дамудың басқа да ипорттық қабілеттерді бағалау
әдістерімен ұщтастыра жүргізілген талдау спорт түрін таңдауға мүмкіндік береді. 
Спорттық қабілеттерді анықтауда спорттық іріктеу нәтижесінде адамның
құжаттағы емес биологиялық жасын ескеру қажет. Жасын анықтаушының негізгі әдісі –
ойша бағалау, ал қыздарда – қосымша сұрақтар қою болып табылады. Биологиялық
жасының негізгі көрсеткіштерінің бірі – жыныстық жетілу деңгейі, ол екінші жыныс
белгілерінің дамуы арқылы анықталады. 
Алынған мәліметтерге сәйкес жас спортшының биологиялық жасы анықталады.
Түрлі аймақтар үшін құжаттағы жасының биологиялық жасына сай келмеуі  3 жылды
құрайды.
Антрополитриялық әдістемелерді пайдаланып, балалар мен жасөспірімдердің
спорттық қабілетін бағалау үшін ілімдік және іс – тәжірибелік дайындық қажет. Адамның
жеке қабілеттерін анықтауда аталған амалдың үлкен маңызын ескерген түрлі елдердің
ғалымдары балалар мен жасөспірімдердің спорттық қабілетін бағалау мен өлшеудің
соматометриялық әдістемелерін жетілдіруді жалғастыруда.
Спорт түрлеріндегі спортшылар қабілетінің даму деңгейі
Қабілетті дамытудың жоғарғы деңгейі жоғары дәрежелі спортшының ерекшелігі
болып табылады. Бұл деңгейге әдетте тікелей арнайы жаттықтыру ықпалдарының


қатысуымен біршама табиғи сипаттар негізінде жетеді. Спорттық маманданудың әрбір
түрінің өз ерекшеліктері мен спорттық қабілеттерінің өзіндік ерекше құрылымы бар. 
Ауырлық көтеруге арналған спортшы деп жалпыға ортақ түсінікте үлкен күш
қабілеті бар, ал спринтте жоғары жетістікке жету үшін атаймыз. Спорт ойындарында бір
емес, бірнеше сапалар кешенінің жоғары даму деңгейі талап етіледі. Бір қарағанда бұл
көзқарас қарапайым әрі түсінікті көрінеді, яғни өзіңнің үйлесімдік және жылдамдық күш
қабілеттеріңді дамыт, сонда өте биікке секіретін баласың немесе қарсылас қақпасына дәл
соққы бергің келсе, онда өзіңнің төзімділігің мен күшіңді ұштастыра дамыт. Ал шын
мәнінде бұл жай нәрсе емес. Спорт түрлерінің өкілдерінде спорттық қабілеттердің
күрделі құрылымдарымен қатар, оның ішіндегі күрделі құрылымшалары да бар, оның
құрамдас бөліктері өзара байланысып, спорттық жетістікті алдын ала анықтайды. Жеңіл
атлетиканың бірнеше түрлерінен маманданатын спортшылардың жылдамдық – күш
қабілеттерінің дамуын зерттеу барысында бұл көрсеткіштің көбі марафоншыларда, ал азы
– найза лақтырушыларда кездесетіні анықталды. 
Қашықтық азайған сайын жүргізушілерде бұл көрсеткіштер арта түседі, ең жоғары
көрсеткіштер спринтерлерде.
Секірушілерде жылдамдық – күш көрсеткіштері бойынша жоғары сатыда тұрады,
бірақ мұнда белгіленген шекара байқалады: биіктікке секірушілер, ұзындыққа
секірушілер, сырықпен секірушілер және соңғы орында үштік секіруден маманданатын
секірушілер.
Лақтырушылар былай бөлінеді: ядро серпушілерде бұл көрсеткіштер төмен, сосын
бұл көрсеткіштер тастабақ лақтырушылар мен балға лақтырушыларда артады, ал
жылдамдық – күш қабілеттерінен ең жоғары көрсеткіштер найза лақтырушыларда
кездеседі.
Жеңіл атлетика түрлері өкілдерінің күш қабілеттерін зерттегенде әрбір спорт түрі
дене дайындығын сипаттайтын барлық көрсеткіштер бойынша нақты талаптар қоятынын
дәлелдейтін белгілі заңдылықтар анықталды. 
Бұл басқа қабілеттерді дамытуда атап айтқандай буынның қозғалғыштығында да
байқалады – омыртқа жотасы буындарының қозғалғыштығын дамытудың жоғары деңгейі,
гимнасттарда байқалады. Оларға жақын көрсеткіштер жүргізушілер мен жеңіл көрсеткіш
баскетболшыларда.
Иық буынының қозғалғыштық көрсеткіштері жүргізушілерде көп. Бұны жүзу
барысында иық буынындағы қозғалыс үлкен құлашпен жүргізіліп, ол әрине ондағы
қозғалғыштықтың артуына көмектесетінімен түсіндіріледі. Иық буыны
қозғалғыштығының ең төмен көрсеткіші спорттық гимнастика өкілдерінде, бірақ оларда
сан – жамбас буынының қозғалғыштығы жоғары дамыған, ал баскетболшыларда бұл
қабілет көрсеткіші төмен.
Бұл мәліметтерді талдау барысында қызықты дәйектер анықталды, егер жаңадан
бастаған спортшыларда бір көрсеткіш деңгейі бірінде үлкен бірінде төмен болып келсе,
спорт шеберлерінде де осындай құбылыс байқалады.
Сонда да болса, спорттық жетілдірудің жекелеген сатыларында иілгіштікті дамыту
деңгейі көтеріледі (ІІІ санат), сосын төмендейді (ІІ санат), сонымен соңында спорт
шеберлері тобының көрсеткіштері осы көрсеткіштерді басқа спорт түрлері өкілдерімен
салыстырғанда төмен болады (Спорттық маманданудың бастапқы кезеңіндей).
Спорттық маманданудың барлық үлгілеріне негіз болатын жетекші құрылымдар
мен олардың пайда болуын зерттеуде спорт іс – тәжірибесі үшін қызығушылық тудырады.
(Баландин, Блудов, Плахтиянка, Зациорский, 1982).
Бұл мәселелерді зерттеу қажеттігі соңғы жылдарда туындады, онда зерттеушілер
мен іс – тәжірибешілер өзінің денелік мәні жағынан адамның қозғалысының моторлық
ерекшелігі бойынша түбегейлі айырмашылығы болатыны жөнінде тұжырымға тоқтамға
келді. Осы арқылы спорттық қабілеттерді зерттеу мен олардың алуан түрлерін анықтауға
талдау тұрғысынан қараудың негізі қаланды. 


Жылдамдық қабілетінің пайда болуы, бұлшық ет – жиырылуының үлкен күшімен,
сондай – ақ күшті қысқа уақыт аралығында пайдалануға мүмкінік беретінін қимылды
жетік үйлестірумен тығыз байланысты. Сондықтан спринтерлік қашықтықтарда табысты
өнер көрсету үшін спортшы бұлшық ет күшін дамытудың жоғары деңгейін меңгеру қажет.
Жүгіру уақытында санды бүгіп жазатын бұлшық еттер, қол мен кеуде бұлшық еттері
жұмыс істейді. Қысқа қашықтыққа жүгіруде бүкіл бұлшық ет белсенді жұмыс істейді,
сондықтан үздік сприндгерлерге аяқпен қатар қолдардың да бұлшық еттері жақсы
дамыған болуы қажет.
Қысқа қашықтықтарға жүгіруде жоғары нәтижелер көп жағдайда мынадай бұлшық
ет түрлерін анықтайды. Табанды жазатын, санды бүгіп жазатын, бұны корреляциялық
сенімді кері байланыс дәлелдейді.
Қысқа қышықтықты тез жүгіріп өту үшін спортшы күшті болып, жақсы реакцияға
жылдамдық төзімділігіне үйлесімділікке ие болып, негізгі бұлшық ет топтарын тез босата
білумен буындардың жеткілікті қозғалысын меңгеруі тиіс.
Шапшаңдық адамдардың дара қимыл сапасы емес. Жүгіру бойынша қарапайым
тапсырмалардың өзінде шапшаңдықтың көптеген пайда болу түрлері бар реакция уақыты,
жеке қимыл уақыты, қимылдың тез басталуы (спорт іс – тәжірибесінде бұрын лездік деп
аталатын.)
Орта қашықтыққа жүгіру, шапшаңдық, күш, төзімділік тәрізді бірнеше дене
қабілеттерінің пайда болуымен сипатталады. Әрине, бұл қабілеттер арасында тығыз
байланыс бар. Көрсеткіштердің бірінің нашарлауы екіншісінің пайда болуына ықпал етеді.
Спортшы өзінің үздік нәтижелерін көрсететін жарыстарда, бірінші орынға
жылдамдық төзімділігі шығады. Оны дамытудың негізі шапшаңдық пен жалпы төзімділік
болып табылады. Шапшаңдықты дамыту үшін күш және т.б. қажет. Орта және алыс
қашықтықтарға жүгіруін спортшылар арнайы төзімділікпен сипатталады. Ал шапшаңдық
пен қозғалыстың шектік жылдамдығы оның негізін қалайды, ал төзімділік өз кезегінде,
күш пен бұлшық еттің жиырылу, шапшаңдығына, олардың серпімділігіне, қимылды жетік
үйлестіруге байланысты. Әрине, алыс қашықтыққа жүгіретін желаяқтар төзімділік
көрсеткіштері бойынша басқа спорт түрлері өкілдерінен басым түседі. 
Әлемнің үздік секірушілерінің дене қабілеттерін зерттеу барысында жеңіл
атлетиканың спринтерлік және кедергілермен жүгіру, биіктікке секіру көпсайыс тәрізді
түрлерінде жан – жақты дене дамуы мен жоғары көрсеткіштер байқалады, секірушілерде
жақсы секіргенде пайда болатын яғни тез әрі биік секіртетін жылдамдық - күштің жоғары
көрсеткіштері ерекшеліктер болып табылады. Бұл сапа кешенді және адамның жүйке –
бұлшық ет күшіне сәтті жауап беру қабілетімен сипатталады, ол өз кезінде бұлшық ет
топтарының үлкен күшімен олардың жиырылу шапшаңдығымен және секіруді орындау
сәтіндегі ерік күшін шоғырландыру қабілетімен негізделген. Биік секіру спортшыдан
жоғары үйлесімді жылдамдық – күш қимылдарын орындау үшін өзінің күштері мен
мүмкіндіктерін тез іске асыра білуді талап етеді деуге болады. 
Ю.Верхошанскийдің мәліметтері бойынша (1985) үштікке секірудегі табыс мына
факторларды анықтайды. 
1) жылдамдық қабілеттері – 100м жүгіру, ұзындыққа секіру және үдетумен үштік
секіру;
2) күш қабілеті – штанганы жұлқа көтеру, серпе көтеру және штангамен жартылай
отыру;
3) жылдамдық – күш қабілеттері – сөреден 30 м. Жүгіру, ұзындыққа секіру,
орнынан үштік секіру.
Жеңіл атлетикалық лақтыруда секіру тәрізді спортшыдан шағын уақыт аралығында
«жарылғыш» сипатындағы шектік күшті көрсетуді талап етеді. Бұл кұштерді атап
айтқанда, найза лақтыруда көрсету үшін спортшы спринтердің шапшаңдығын биіктікке
секірушінің аяқ күшін, сырықпен секірушінің кеуде бұлшық еті күшімен ептілігін меңгеру
тиіс.


Ауыр атлетика өкілдерінің қабілет құрылымын зерттеу жұлқу мен серпудегі
жоғары нәтижелер тек қана атлеттің үлкен күші мен жақсы әдісіне ғана емес, сондай – ақ
жылдамдық қабілетіне де байланысты екенін көрсетті. Сонымен, жылдамдық және
жылдамдық күш сипатындағы көптеген сынақтар нәтижелеріне байланысты, мысалы: 
1) ядроны бастан асыра лақтыру – r = 0,80
2) орнынан биіктікке секіру - r = 0,86
Орнынан жоғарыға секіру көбінесе 30 және 60 метр жүгіру тәрізді көрсеткіштерге
байланысты деген дәйекті ескерсек онда ауыр атлеттің спорттық қабілетінің жалпы
құрылымы күш жылдамдық және жылдамдық күш көрсеткіштерімен сипатталады деп
сеніммен айтуға болады.
Спорттық гимнастика қимылды жоғары дәлдікпен орындау, жылдамдық – күш
қабілеттерінің жоғары деңгейі мен ептіліктің басым болуы талап етілетін аз ғана спорт
түріне жатады.
Гимнастикалық жаттығулар өз сипаттарына қарай көп түрлі. Ер гимнасттардың
жаттықтыруында күш пен жылдамдық – күш сипатындағы жаттығулардың үлесі басым.
Гимнаст қыздарды дайындауда күш жаттығулары аз қолданылады. Қыздардағы тіреліп
секіру, еркін жаттығулар (секіру, акробатикасы) бөрене мен көлбеу темірде жаттығу,
ерлердегі белтемірде жаттығу тәрізді жаттығуларда жылдамдық – күш сипаты, басым
болады. Гимнасттардың жылдамдық – күш дайындығының деңгейі көп жағдайда
гимнастикалық жаттығуларды орындау сапасын анықтайды. Гимнастикадағы табысқа
жетуге ықпал ететін факторларға иілгіштікті, тірек – қимыл, тұрақтылығын, қимыл
үйлесімділігі мен бұлшық ет сезімталдығын жатқызамыз. 
Оқиғалы спорт түрлерінде жоғары нәтиже көрсететін заманауй атлеттерде (күрес,
бокс, семсерлесу) сенсомоторлық көрсеткіштерді де қарастыратын өте күрделі қабілеттер
құрылымы бар.
Боксшының немесе семсерлесушінің әрекетін бақылай отырып шапшаңдық,
үйлесімділік, жылдамдық үйлесімі, қимыл реакциясының шапшаңдығы, бұлшықет
сезімталдығы осы спорт түрлері өкілдеріне тән қабілеттер болып табылады деп сеніммен
айтуға болады.
Оқиғалы түрдегі спорттық жекпе – жекте өте шапшаңы жеңеді. Қарсыласының дер
кезінде алдын алу, амал қолдану немесе қарсы амал қолдану, сол үшін спортшы ұтыс
ұпайын алады. Тез әрі қуатты амал қолданып, сосын жаңа шабуылдың немесе
қарсыласына төтеп беру алдында бұлшық еттерін босаңсыта білу жоғары дәрежелі
спортшыға тән сапа, олардың спорттық әрекетінде жалпы қабілеттермен қатар арнайы
қабілеттер де бар.
Спорттық ойындарда атап айтқанда баскетбол мен гандболда жылдамдық
төзімділігі ептілік реакция дәлдігі шапшаңдық қабілетке тән көрсеткіштер болып
табылады. 
Бірақ спорттық ойындардағы көрсеткіштер көп жағдайда спортшы командада
нешінші орын алатынына және қандай рольде оның жарысқа қатысатынына байланысты
екенін ескерткен жөн.
Мысалы, гандболшы қыздардың қабілет құрылымын зерттеу екінші сызықтағы
спортшы қыздарда реакция шапшаңдығы, жақсы жалдамдық және үйлесімділік төзімділігі
басым екенін, ал бірінші сызықтағы қыздарда істі атқаруға әзірлігі мен екінші, сызықтағы
қыздардағыдай, күш үйлесімділігі басым екенін көрсетті. 
П.Осташев (1982) футболшының қабілет құрылымында мынадай негізгі құрамдас
бөліктерді бөліп қарастыруға болады деген қорытынды жасады. Дене, қызметтік кеңістік,
уақыттық және күш қабілеті, ойын амалдарын тез меңгеру қабілеті, жедел ойлау мен
шығармашылық, ойын белсенділігі, қызуқандылық, сәтсіздікке салқынқандылық таныту,
салқын тиіп ауыруға төзімділік таныту.
Әрине, бұл қабілеттер арасында генетикалық негіздері бар және жаттықтыру мен
жетілдіруге көнетін де қабілеттер бар.


Спорттың әрбір түрі дене және қимыл қабілеттерінің жоғары даму деңгейімен
қатар құрамдас бөліктері спорттық нәтижелерге түбегейлі ықпал ететін тиісті қабілет
құрылымдарын да талап етеді. Бұл құрамдас бөліктерді бағалап, сосын оны спорт түрінің
спорттық бағдарламасымен салыстыру спорттық іріктеудің жалпы жүйесіндегі маңызды
топ болып табылады.Іс – тәжірибеде спорттық қабілеттерді өлшеу үшін сынақтар кешені
қолданылады, олар спорттық өлшеудің сенімділік жан – жақтылық дұрыстық талаптарына
сәйкес келуі тиіс. (Бигуш, 1982; Сергиенко, 2000).
Сынақтың сенімділігі – сәйкес сынақ жұмысының дәлдігі туралы мәлімет беретін
нәтижелер тұрақтылығы, егер сынақ көмегімен өлшеудің өзгеріссіз нәтижелері алынса
онда ол сенімді деп есептеледі. Сынақ, сенімділігінің мәні оның көмегімен басқа да
бақылау жаттығуларының немесе зерттелетін белгілердің өзара байланысын сипаттайтын
шама туралы талқылауға түзету ендіруге болатындығынан көрінеді.
Сынақтың дұрыстығы – бұл қызықтыратын белгіні сипаттайтын өлшем мен сынақ
арасындағы байланыстың көрсеткіші. Сынақтың дұрыстығы оның сенімділігі туралы,
яғни оның көмегімен аталған қабілетті қаншалықты дәл өлшеуге болатынын көрсетеді.
Бұл өлшемді спортқа жарамдылық мәселесін шешуде және спорттың жеке мәселелерін
зерттегенде қолданады.
Сынақтың жан – жақтылығы – бұл сынақ нәтижелерінің зерттеушінің жеке
сапаларынан тәуелсіз болу деңгейі. Сынақтың жан – жақтылығы түрлі зерттеушілердің,
түрлі зерттеушілермен сынақ бағдарламаларын жүргізгендегі тұрақты нәтижелермен
сипатталады. Дәлірек айтсақ, сынақтың жан – жақтылығы – бұл өлшеу құралдары мен
өлшеу әдістерінің дәлдігі.
Спорттық бағдар, спорттық мамандық таңдау және спорттық іріктеу мақсатында
жасалған сынақ пен сынақ бағдарламалары мына салаптарға сай болуы тиіс. 
-
жаңадан бастаған спортшылар үшін лайықты әрі қызықты болуы тиіс;
-
спорт залдары мен стадион жағдайларында тәжірибелік қолдануға қолайлы
болуы тиіс.
-
Аталған қабілетті өлшеу бойынша міндеттерді өте тез шешуді қамтамасыз
ету;
-
Субьективті факторлар ықпалына қарамастан тұрақты нәтижелер алу (ауа
райы жағдайлары, жарықтандыру, жаттықтырушы, т.б.);
-
Жеке көрсеткіштермен салыстыру үшін баға кестелерін қолдану. 
Спорттық іріктеуде жалпы және арнайы қабілеттерді өлшеуді ұйымдастыру жеке
және топтық әдістермен жүргізіледі. Өлшегенде белгіленген ережелер мен әдістерді
басшылыққа алады, ол спорттық қабілеттердің құрамдас бөліктерін сенімді анықтап,
оларды арнайы кесте бойынша бағалауға мүмкіндік береді. 
Дене қабілеттерін өлшеу, жалпы және арнайы спорт қабілеттерін өлшеу үшін түрлі
сынақтар мен қарапайым құралдар пайдаланылады. Әрине, бұл өлшеулер дұрыстық
сынағынан өткен және спорттық іріктеуде қабілеттерді өлшеу үшін ұсынылады. 
Күш. Бұлшықет күшін өлшеу үшін құралдар әдістемесі мен сынақтар ұсынылады.
1) Тығыздалған допты аяқты алшақ қойып, еденге отырып, бастапқы қалыптан екі
қолмен бастан асыра лақтыру, сөре сызығынан доптың түскен орнына дейінгі қашықтық
өлшенеді. Алты рет қатарынан лақтырады, ең үздігі есептеледі. Доптың дұрыс ұшу жолын
анықтау үшін (нәтиже соған байланысты) жіп тартылады немесе тұрақты биіктікте басқа
да кедергілер қойылады.
2) Орнынан ұзындыққа секіру. Бұл сынақ белгіленген жолда орындалады, ол
нәтижені тез бағалауға мүмкіндік береді. Зерттеуші сызықты баспай, бастапқы қалыпта
тұрады (аяқтар табан ендігіндей жерде тұрады), қолын бірнеше рет бұлғап, сосын екі
аяқпен күшпен серпіліп, қолды төменнен жоғарыға бұлғап, секіруді орындайды.
Қатарынан үш мүмкіндік беріледі, үздік нәтиже есептеледі. 
3) Динамометрді қысу (саусақ динамометрі). Әр қолдың саусақ бұлшық еті күшін
анықтау үшін. Қатарынан үш мүмкіндік беріледі.


4) Орнынан жоғары секеңдеу. Бұл сынақты орындау үшін түрлі құралдар
қолданылады.
Мысалы, В.Абалаковтың құралы тікелей еденге бекітілген серіппелі қыстырғышты
бейнелейді. Қыстырғыш тесігінен сантиметрлік лентаны өткізеді, оның жоғарғы ұшында
арқанды көмек болады, ол сынақ тапсырушының беліне дейін жетіп бекітіледі. Өлшеу
хаттамасына негізгі тұрыспен аяқ ұшындағы тұрған жағдайлардағы лентаның
көрсеткіштері жазылады. Қажетті мәліметтер жазылған соң бастапқы жартылай отыру
қалпы орындалады. Содан қол көмегімен жоғары секіреді. 
Төзімділгі басым күшті өлшеу үшін белтемірде тартылу жатып қолды бүгіп – жазу
тәрізді жаттығулар қолданылады.
Шапшаңдық, оны өлшеп бағалау үшін бірнеше сынақтар пайдаланған дұрыс, олар
шапшаңдықтың қимыл реакциясы, қимыл жиілігі барлық қимылды көрсетудің барлық
түрлері туралы ақпарат береді.
Шектік шапшаңдықты өлшеу үшін 6 секундта жүгіріп өту қажет қашықтық
белгіленеді. Осы мақсатта көлемі 10 х15 см 25 фанер қалқандар белгісі пайдаланылады.
Әрбір қалқанда 25 – тен 50 – ге дейінгі сандар жазылады. Қалқандар жерге қойылады
немесе арқанға ілінеді. Бірінші 25 саны бар қалқан сөреден 25м қашықтықта, қалғандар
әрбір метр сайын орнатылады. Оқу жылының басындағы жасы әр түрлі оқушылардың,
жүгіріп өтетін метрлердің саны: 15 жас 35 – 42м, 16 жас – 38-43м, 17 жас 38 -45 м.
Қимыл реакциясының шапшаңдығын сынақ тапсырушының құлаған затқа қалай
тез қарауын бақылап өлшеуге болады. Кез – келген зат қолданылады, бірақ сантиметрмен
белгіленген гимнастикалық таяқ пайдаланылғаны дұрыс.
Қимыл реакциясының уақытын өлшеуге мүмкіндік бетін құралдар әдістемесінен
реакция өлшегіштер қолданылады, оның негізгі бөлігі электрлік және электрондық
секундометрлер болып табылады.
Қимылдың шектік жиілігін өлшеуде белгіленген мерзімдегі қимылды санау
жүргізіледі. Қимылдар әр түрлі болуы мүмкін. «Бір» дегенде қол жоғарыда «екі» дегенде –
төменде, санды көтерудегі тіркелген қалпында санды жоғары көтеріп, орнында жүгіру,
теппинг сынақ көрсеткіштері т.б.
Қимыл шапшаңдығын жоғарғы және төменгі сөреден 10, 20, 30 м жүгіру
көрсеткіштері бойынша өлшенеді. 
Төзімділік. Жалпы төзімділік деңгейін анықтау үшін бірнеше әдістеме
қолданылады.
Жалпы төзімділіктің деңгейін жүгіру көрсеткіштері бойынша анықтауға болады. а)
тұрақты жылдамдықпен; ә) жаттықтырушы көрсеткен жылдамдықпен.
Топ басында көшбасшы жүгірушіні қояды, оған белгілі бір уақытта
жалаушалармен белгіленген қашықтықты жүгіріп өту тапсырмасы беріледі. Қашықтық
бөліктерін жүріп өту жылдамдығын көшбасшы секундомер көрсеткіштерін, ескеріп,
түзетеді. Барлық арақашықтықта жүгіреді.
Жүгіру ырғағын жаттықтырушы немесе оның көмекшісінің дыбыс белгісін беруі
арқылы белгілеуге болады. Ысқырық жүгірушінің кезекті жолдаушыдан өту сәтіне сәйкес
уақыт аралығында беріледі. Қашықтық бөліктерін жүгіріп өту уақыт секундомермен
бақыланады. Циферблагы тең уақыт бөліктері арқылы түрлі – түсті үшбұрыштармен
белгіленген. Мысалы, стадион жолында 10 с – та 40м. Жалдамдығымен барынша үлкен
қашықтықты жүгіріп өтуге тапсырма беріледі. Берілген ырғақты бақылау үшін стадион
жолын әрбір 40 м. түрлі – түсті жалаушалармен белгі қояды. Жаттықтырушы секундомер
циферблатына әрбір 10 с сайын үшбұрыштар жапсырып қояды. Қатысушылар аталған
ырғақты ұстанып жүгіріп өту сәтін кезекті жалаушадан дыбыстық белгімен
сәйкестендіруге тырысады.
Төзімділікті өлшеудің келесі әдісі стадион жағдайында да спорт залда да
пайдаланылуы мүмкін. Бұл үшін мыналар қажет: биіктікке секіру үшін резеңке
шығыршығы немесе арқаны бар бағандар, метроном, секундомер, гимнастикалық лонжа.


Өлшеу мына үлгіде жүргізіледі. Орнында 5 с – та жүгірудегі қимылдың шектік жиілігі
анықталады. Осы мақсатта зерттелуші бағытталған қозғалыспен жүріп өтуден
гимнастикалық лонжаға тіркейді. Резеңке шығыршықты немесе арқанды биіктікке
секіруге арналған бағандар арасында аяқты жамбас-сан буынында 80 с – қа дейін бүгуді
шектейтін деңгейде тартады. Жүгіргенде шығыршық санның ортаңғы деңгейіне тиіп
тұруы тиіс.
«Марш» командасы бойынша сынақ тапсырушы жүгіруді сан қимылының
тапсырылған құлашымен, бағандағы шығыршықтың немесе арқанның шектік биігімен
бастайды. Жаттықтырушы оң аяқ санының шығыршыққа тиген санын есептейді. 5 с кейін
«тоқта» командасы беріліп, санның жалпы тию саны есептеледі. Қимыл жиілігінің шектік
шамасы алынған қимыл жиілігі саны мен 2 санының туындысын береді. (екі аяқтың тиюі).
5 с- тағы қимыл ұзақтығы оқушылардың бесінші – алтыншы секундта жоғарғы
көрсеткішке жетуіне байланысты алынған.
Қимылдың жоғары жиілік көрсеткішін пайдаланып, қарапайым есеп жүргізеді және
оқушы қандай жиілікпен жүгіруі тиіс екендігін анықтайды. 
Аталған есеппен орнында 90 және 70 % шектік қарқынмен жүгіруге қажетті аяқ
қимылы жиілігін анықтау жеңіл болады. 
Мысалы, аяқ қимылының шектік жиілігі 5 секундта 20 қадамға қадамдар саны (d))
мынаған тең болады.
d) = 20*90/100 = 18 (қадам)
Бұндай ырғақ метрономмен беріледі. Шаршау пайда болғанда сынақ
тапсырушының саны шектеуге тимей қалады, секундомер тоқтайды. Ал алынған уақыт
төзімділіктің даму деңгейін анықтайды. Іс-тәжірибеде 12 – минуттық жүгіру
қолданылады, одан кейін жүрген жолдың шамасы тіркеледі.
Түрлі бұлшық ет топтарындағы статистикалық төзімділікті анықтауда түрлі
сынақтар пайдаланылуы мүмкін. Бірнеше мысалдар келтіреміз. 
1. Сынақ. Б.қ. – негізгі тұрыс н.т., қолдар екі жақта, әр қолда 1 кг. салмақта жүк
бар. Оқушылар қабырғаның жанында тұрады, оған 1 см- ден бөлінген биіктігі 1 м 80 см
шкала белгіленген. Иық белдеуі бұлшық еттерінің 10 см – ге жүкпен қолды түсіру уақыты
бойынша тұрыстық төзімділігі өлшенеді (егер шкала градусталған болса, онда қолды
түсіру уақыты 10
0
- қа тіркеледі.)
2. Сынақ. Б.қ – гимнастикалық қабырғадағы бұрыш. Қарын бұлшық еттерінің
тұрыстық төзімділігі өлшенеді. Егер оқушылар гимнастикалық қабырғада бұрыш жасай
алмаса, тіректе бұрыш жасау орындалады. Еденде немесе гимнастикалық орындықта
отырып, оқушылар аяқтарын тік бұрыш жасағанға дейін көтереді. 10 см бойында бөлінген
көлбеу немесе қабырғаға қиылыса қойылған белгіленген сызық өлшеуіш қызметін
атқарады. 10 см – ге дейін бұрышты ұстап тұрған уақыты секундомермен өлшенеді. 
3 сынақ Б.Қ. – аяқ ұшында жартылай отыру тұрысынан кеудесі тік қалыпта сан мен
жіліншік арасындағы бұрыш 90
0
– ты құрайды. Осы қалыпты ұстап тұрған уақыты
бойынша сан мен жіліншік бұлшық еттерінің тұрыстық төзімділігі өлшенеді.
4 сынақ. Б.қ. – үстелдің шеті белдің деңгейінде болып, үстелге кеудесінен жату.
Аяқтар еденге қатар созылған сынақ тапсырушыларды иықтан ұстайды. Осы қалыпты
ұстап тұру уақыты арқа бұлшық етінің тұрыстық төзімділігін анықтайды.
5 сынақ. Б.қ – н.т. аяғын тіктеп бұрыш жасағанша (90
0
) көтереді. Қапталында
сантиметрлерге бөлінген жақтау бар. 10 см – ге түсіріп, бастапқы қалыпты ұстап тұру
уақыты бойынша жамбас белдеуінің бұлшық етінің тұрыстық төзімділігі өлшенеді. 
Іс – тәжірибеде жалпы төзімділікте өлшеуді 300, 500, 800, 1000 және 2000 м жүгіру
уақытының көрсеткіші бойынша жүргізуге болады.
Иілгіштік. Иілгіштікті дамыту деңгейін, бұлшық ет қозғалысын бағалау үшін,
шектік құлаштық қимылдарды тіркеуге мүмкіндік беретін түрлі бақылау жаттығулары мен
өлшеу құралдары қолданылады. Спорттық іріктеу тәжірибесінде алға аяғын тіктеп еңкею
сынағы көп қолданылады. Алайда, ол жамбас сан буынындағы қозғалғыштықты ғана


анықтайды, ал барлық буындардағы иілгіштікті анықтау үшін құрылымы әртүрлі
гониометрлер пайдаланылады. Спорттық іс – тәжірибеде бекітілген гониометр
пайдаланған дұрыс, онымен белсенді және әлсіз иілгіштікті өлшеуге болады.
Бекітілген гониометр (ол буынға резеңке таңғышпен бекітіледі) тік бағандары бар
темір пластикалы байланысқан екі шарнирден тұрады. Олардың бірінде ноль белгісіне
қарсы градусталған дөңгелек шкала, ал келіскен пластинка градустарды белгілеуші
болады.
Қозғалғыштықты өлшеу үшін шарнирі бар құрал дененің қозғалатын бөліктерінің
осымен бірігуі үшін буынға бекітіледі. Жаттығуды орындағанда туындайтын бастапқы
қалыптан қозғалмалы пластинканың ауытқуымен кез-келген буындағы қозғалғыштық
деңгей өлшенеді (градуспен) мысал келтіреміз.
1) Шегіне дейін алға – жоғары қозғалғандағы жамбас – сан буынында оң аяқтың тік
қозғалысының құлашын анықтау.
Б.қ. – гимнастикалық төсеніште шалқасынан жату. Оң жіліншіктің сыртқы
бөлігінде жіліншік – табан буынына гониометр бекітіледі. Сынақ тапсырушы тіктелген оң
аяқпен шегіне дейін алға – жоғары қимыл жасайды. Белсенді иілгіштік бағаланады. Әлсіз
иілгіштіктің деңгейін анықтау үшін әріптесі көмегімен ауырғанша жүргізіледі.
2) Шегіне дейін артқа қозғалғандағы жамбас – сан буынында тіктелген оң аяқ
қозғалысының құлашын анықтайды. 
Б.қ. – ішімен жатады. Гониометр жілігішік – табан буынының оң жіліншігінің ішкі
жағына бекітіледі. Сынақ тапсырушы шегіне дейін артқа қимыл жасайды.
3) Қапталға қарай шегіне дейін қозғалғанда оң аяқтың тік қимылының құлашын
анықтайды.
Б.Қ. – сол бүйірмен жатады, қолы басында. Гониометр оң жіліншіктің сыртқы
жағында, жіліншік табан буынында бекітіледі. Аяқпен шегіне дейін жоғары қимыл
орындалады.
4) Қолды шегіне дейін жоғары – артқа қозғалғандағы буынының қозғалғыштығы
анықталады.
Б.қ. - шімен жатады, иегі төмен ішке немесе орындыққа тиіп тұрады, қолы қалың
таяқты ұстайды. Гониометр оң қолдың сыртқы қапталына яғни білезік – саусақ буынына
бекітіледі. Қимыл аяқпен шегіне дейін жоғары – артқа қозғалады. 
5) Жоғары – артқа қозғалғандағы иық буынының қозғалғыштығын анықтайды. 
Б.қ. – ішімен жатып, иегі төсенішке тиіп тұрады, қол төменде, қолын артына
айқастырып, гимнастикалық таяқты ұстайды. Ұстау иық ендігінде.
Гоноиметр сол қолдың сыртқы жағына білезік – саусақ буынына бекітіледі.
Гимнастикалық таяқпен шегіне дейін, жоғары – артқа қимыл жасалады. Аталған сынақты
қолданар алдында 10-15 мин бойы белсенді ширату жүргізіледі. 
Спорттық іріктеуде қабілеттердің даму деңгейін бағалау үшін бағалау кестесі
қолданылады. Бұндай кестелер әрбір аймаққа лайықтап жасалуы тиіс.
Әлемнің түрлі елдерінде жүргізілетін зерттеулер табиғи климаттық және
этникалық ерекшеліктері спорттық қбілеттердің қалыптасуымен қатар жас
ерекшеліктерінің даму өзгешеліктеріне де күшті ықпал етеді. 
Қимыл қабілеттерінің негізгі құрамдас бөліктерін өлшеу. Қимыл қабілеті кез –
келген жаттығуды орындау сапасын анықтайды, ал спортта қатысты болады.
Қимыл қабілетінің құрамдас бөлігі қимылдың үйлесімді күрделілігімен және оның
орындау дәлдігі бағаланатын ептілік болып табылады. Қимылды орындау сапасы
үйлесімділік, уақытты сезіну, бұлшық ет күшінің шамасы кеңістіктік дәлдік, тірек –
қимыл тұрақтылығы сияқты көрсеткіштерге байланысты болады.
Спортта осы құрамдас бөліктердің барлығының жоғары даму деңгейі талап етіледі.
Нақты спорт түрінен жаттығуларды орындау әдісінің жоғары деңгейі арнайы қимыл
қабілеттеріне сүйенеді, оның негізі жалпы қимыл қабілеттерінің құрамдас бөлігі болып
табылады.


Ептілік оның даму деңгейін анықтау үшін бірнеше сынақтар пайдаланылады. 
Бірінші сынақ үшін ұзындығы 15- 20м алаң, төрт баған (немесе тығыздалған доп)
секундомер жабдықтары қажет. Залда немесе алаңда 15 м қашықтықта бір-бірінен 3м
аралықта4 баған (немесе доптар) қойылады. Оқушылар сөреге тұрып, «Марш»
командасымен бағандар арасында солдан оңға қарай, оңнан солға қарай жүгіреді. 15м
жүгіріп бұрылады және осы қашықтықты кері бағытта жүгіреді. Сынақты орындауға
жұмсалған уақыт секундомермен өлшенеді.
Қимылдың үйлесімділік күрделілігі бойынша ептілікті бағалау үшін мынандай
сынақ қолданылады.
Негізгі тұрыс 1 – сол аяқпен қадамдайды, оң қол алда; 
2 – оң аяқпен қадам жасайды, сол қол алда; 3 – сол аяқпен қадам жасайды оң қол алда;
4 – оң аяқпен қадам жасалды; сол қол алда, т.б.
Жалпы үйлесімділік. Бұл қабілетті ең жоғары шектік градустар санына айналып
бұрылып секірудің нәтижелері бойынша анықтауға мүмкіндік береді. Бұрылысты
орындағанда бұлшық ет топтарының көпшілігінің қимыл үйлесімділігі мен тепе- теңдікті
ұстап тұруы талап етіледі, онсыз үйлесімді қимыл әрекетін жасау мүмкін емес.
Айналып бұрылумен секіруді орындау градусталған шеңберде немесе компаспен
орындалады. Бастапқы қалып – негізгі тұрыс қолы белде. Бұрылу радиусын орталықтан
ауытқу деңгейінен тыс алты мүмкіндіктің ең үздігі бойынша анықтайды, (бір жағына
қарай үш рет келесі жағына қарай үш рет). Тапсырманы орындау барысында тұрақты тепе
– теңдік пен секіру және қону уақытында қолдың қалпын сақтау талап етіледі. Қонуды
аяқтың бүгілген буындарымен немесе өкшені бүгіп орындайды. 
Секіру нәтижесі былай орындалады. Шеңбердің орталығы арқылы солтүстік –
оңтүстік бағытында сызық жүргізіледі. Сынақ тапсырушы шеңберде солтүстікке қарап
яғни сызық аяқ табандарының арасынан өтетіндей етіп тұрады. Бастапқы қалыпқа келіп,
секіре бұрылуды орындайды. Бұрылу бұрышын қарапайым, ұзындығы 40 см сызғышқа
бекітілген компас көмегімен анықталады. 
Сызғышқа компас былай бекітіледі. Компастың 0 – 180 градусы арқылы өтетін
сызық сызғыштың осі арқылы жүруі тиіс. Бұрыла секіруді орындаған соң қону орнында
сынақ тапсырушының табандарының ішкі жағына компасы бар сызғыш қойылады.
Тілшенің ауытқуына қарай бұрылу бұрышын тіркейді. Бағалау А.Стукин жасаған кесте
бойынша жүргізіледі. 
Уақытты сезіну секундомер көрсеткіштері бойынша бағаланады. Алдын ала ереже
бойынша 5, 10, 20с уақыт аралықтарын анықтау бойынша бірнеше рет орындалады.
Сосын тапсырманы көз бақылауынсыз орындап қайталайды. Уақытты сезіну көрсеткіші
көз бақылауынсыз орындалған барлық мүмкіндіктің орташа қатесі болып табылады. Бірақ
мұндай қате белгісі ескерілмейді. Әрбір тапсырма 2 – 3 мин үзілістен соң жүргізіледі. 
Бұлшық ет күші шектікке 50 % - тең күш жұмсағандағы қол динамометрінің
көрсеткіші бойынша анықталады. Мынадай ереже беріледі. Алғашқыда көз бақылаумен,
сосын көз бақылауынсыз бұлшық ет күшін атқару бойынша бірнеше мүмкіндік беріледі.
Бұлшық ет күшін көрсетудің қабілет көрсеткіші көз бақылауынсыз орындалған үш
мүмкіндіктің орташа қатесі болып табылады. Қате белгісі ескерілмейді.
Қимылдың кеңістік дәлдігі шектік секірудің 75 – 25

- қа бұрылып секірудің дәлдік
көрсеткіші бойынша анықталады. Ауытқу бұрышы градусталған. Шеңбердің немесе
компастың көмегімен градуспен бағаланады. Үш мүмкіндік бойынша тапсырманы
орындаудың орташа қатесі кеңістік дәлдігінің көрсеткіші болып табылады.
Сонымен қатар, «түзубойымен көзді жұмыс жүру» сындағы 7 м қашықтықта
орындалады.
Тірек қимыл жүйесінің тұрақтылығы Ромберг әдістемесі бойынша анықталады.
Сынақ тапсырушы тұрады, табандар бір сызықта бірінен соң бірі қойылады, қол алға
созылған бұл қалыпты ұстап тұру уақыты секундометрмен өлшенеді.


Байқау алдын ала ширатусыз 120 с шамасында жүргізіледі. Тірек – қимыл
тұрақтылығының көрсеткіші ретінде үш мүмкіндіктің орташа уақыты алынады.
Алғашқы спорттық іріктеу жүйесінде түрлі сынақтар қолданылады, оның бірінде
спорттың барлық түрлеріне тән ортақ қимыл қабілеттерінің құрамдас бөліктерін
анықтайтын, екіншісінде нақты бір спорт түріне арналған арнайы қимыл қабілеттерін
анықтайтын сынақтар пайдаланылады. 
Қызмет мүмкіндіктерін анықтау. Спорттық дарындылықты бағалаудағы маңызды
саты қызметтік болжам атап айтқанда, өскелең ағзаның қызмет мүмкіндіктерін дене
жұмыс қабілетін және басқа қызмет жағдайлары сипаттамасын сынақтан өткізу болып
табылады. 
Жас спортшының қызмет мүмкіндіктерін бағалаудағы өте тиімді сынақ деп
Гервардтық степ-сынақты айтуға болады.
Сынақ жүргізгенде түрлі биіктіктегі баспалдақтар (көпшілік тексеру жағдайында –
гимнастикалық орындық). Секундомер, метроном болуы қажет.
Сынақ жүргізу әдістемесі дене жүктемесі баспалдақпен көтерілу түрінде берілуге
құрылады.
Баспалдаққа 1 минутта 30 рет жиілік – ырғағында көтерілу тапсырылады. Қимыл
ырғағы минутына 120 соққыны белгілейтін жиіліктегі литрономмен жүргізіледі.
Көтерілу мен түсу төрт қимылдан тұрады. Оның әрқайсысына метрономның бір
соққысы тиісті болады. 1 – ші соққы баспалдақта бір аяқ, 2 – соққы баспалдақта келесі
аяқ, 3 – соққы бірінші көтерген аяқ еденге қосылады, 4 – соққы еденге келесі аяқты қояды.
Көтеріліп түскенде қол жүргендегі қимылды орындайды. Сынақ жүргізер алдында
баспалдаққа бірнеше рет көтеріліп байқау мүмкіндігі беріледі.
Сынақ тапсырушы дене жүктемесін аяқтаған соң отырып дем алады.
Екінші минуттан бастап оның ЖЖЖ - ін 30 с аралықта 3 рет есептейді.60 -90
қалпына келтіру секундтары, 120 – дан 150 – ге дейін және 180 – нен 210 – ға дейін. Осы
үш есептеудің мәндері қосылып, 2 – ге көбейтіледі. (ЖЖЖ – ін 1 мин-қа ауыстырады.)
ЖЖЖ – інің көрсеткіштерінен жас айырмашылықтары байқалады.
Сынақ нәтижесі Гарвардтық степ – сынақ түрінде шартты бірлік, ретінде индекс
болып белгіленеді. (ГССИ). Бұл шаманы былай есептейді. 
ГССИ t*100/(f
1
+ f
2
+ f
3
)*2
Ондағы t – дене жүктемесін орындау уақыты, С f
1
; f
2
; f

– қалпына келтіру кезеңінің
(2-сінен бастап) әрбір минутының алғашқы 30 секундындағы жиілік қосындысы.
100 шамасы ГССИ мәнін бүтін сандармен көрсету үшін ал 2 саны ЖЖЖ
көрсеткішін 30 секундта 1 мин көрсеткішіне өткізу үшін қажет.
Сынақ нәтижесін бағалауда ГССИ шамасы бұлшық ет жұмысына көп күш
түсіруден соң қалпына келтіру процесінің жылдамдығын сипаттайды. Пульс тез қалпына
келген сайын f
1
+ f
2
+ f

шамасы да аз болады, демек Гарвардтық степ – сынақ индексі де
жоғары болады.
Спорттағы заманауй жаттықтыру және жарыс жүктемелері дене жұмыс қабілетіне,
жүйелер мен бүкіл ағзаның түгелдей қалпына келу процесіне өте жоғары талаптар қойды.
Бұнда зерттеушілер түрлі спорт түрлері өкілдерінің ГССИ – нің өзіне тән айрықша
ерекшеліктері бар екенін айтады.
Футболдағы спорттық іріктеудегі сынақ нәтижелерін ұпай түрінде берген дұрыс
екенін П.Осташев ұсынады.
Бұл зерттеу мәліметтері спорттық дарындылық құрылымында түрлі спорт түрлері
өкілдерінде жекелеген бөліктерінің ақпараттық маңыздылығында айқын өзгеріс
байқалатындығын дәлелдеді.
Егер заманауй бессайыста спорттық жүруде қызметтік қабілет пен төзімділіктің
даму деңгейі маңызды болса, ол гимнастикада спорттық ойындар мен семсерлесудегі
спорттық нәтиже көп жағдайда спортшының қимыл қабілеті мен әдістік дайындығының
негізгі құрамдас бөліктерінің даму деңгейіне байланысты болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет