Лекцияның оқыту нәтижелері


Іс-әрекеттің жалпы сипаты



бет5/6
Дата28.02.2023
өлшемі55.37 Kb.
#470207
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
EUGLUFCFWKOB27022023113002

Іс-әрекеттің жалпы сипаты


Іс-әрекеттік ұғымы ғылыми ұғым ретінде филоcофиялық ойға XVIII ғ. И. Кант енгізді, алайда ХІХ ғ. әдіснамасында Г. Гегель, Л. Фейербахтың, сонымен қатар, К. Маркстың осы жұмыстарды талдауынан бастап (мысалы, «Фейербах туралы тезистер») іс-әрекетке категория ретінде мазмұнды, толық түсініктеме берілген болатын. Ол қазір де осы категорияны психологиялық түсіндірудің әдіснамалық негізі ретінде қарастырылады. Сонымен бірге, іс-әрекет категориясы әлі нашар игерілгеніне назар аудару қажет. «Не психологияда, не философияда іс-әрекетке нақты және жікке бөлінген анықтама жоқ. Бұл ұғымды ғалымдар әртүрлі мағынада қолданады». Іс- әрекетті диалектикалық-материалдық түсінуде (оның басқаша түсіндірмелері болса да, мысалы субъектік және объективтік идеалистикалық) ең алдымен оның пәндік сипаты, іс-әрекеттегі пәндік пен және сезімдіктің біртұтастығы мойындалады. Мұндай түсінуде іс-әәрекетті белгілі бір адам жасайды – субъект немесе субъекттер жиынтығы немесе белгілі бір адамдар қауымы. Іс-әрекет субъектінің болуы, «әрекетшінің» болуы бұл құбылысты психологиялық тұрғыдан түсіндіру үшін өте маңызды. Адам іс-әрекет
субъекті ретінде жоспарлайды, ұйымдастырады, бағыттайды, оған түзетулер жасайды. Сол мезгілдің өзінде іс-әрекеттің өзі адамды субъект, тұлға ретінде қалыптастырады.
Субъект пен оның іс-әрекетінің байланысын осылайша түсіну С.Л. Рубинштейн бойынша, сана мен іс-әрекеттің біртұтастығы принципін айқындайды. Іс-әрекеттің субъекттілігі (В.И.Слободчиковтың, А.В.Петровскийдің түсініктемесіндегі субъект феноменінің ортақ контексінде) оның негізгі сипаттамасының бірі ретінде қарастырылады (С.Л. Рубинштейн, К.А. Абульханова, А.В. Брушлинский, В.А. Лекторский, В.В. Давыдов және т.б.). А.Г. Асмоловтың анықтамасы бойынша «іс- әрекет дегеніміз субъекттің қоршаған ортамен қарқынды түрде, өзін-өзі айқындаушы өзара әрекеттесуінің иерархиялық жүйесі болып табылады, бұл процесс барысында психикалық бейне туып, оның объектте көрініс табуы, субъекттің өзін қоршаған заттық ортамен психикалық бейнелер арқылы көрініс тапқан қатынастарының жүзеге асырылуы және қайта жаңғыртылуы жүреді».
Іс-әрекеттің философиялық тұжырымдамасында оның екі жағы қарастырылады:
«заттандыру» және «заттансыздыру», ол адамның заттық іс-әрекетінің әртүрлі жақтарының қарама-қайшылығын, біртұтастығы мен бір-біріне енуін білдіреді. Заттандыру барысында адамның қабілеттері затқа ауысып, соған айналады. Осының арқасында К. Маркс бойынша, зат әлеуметтік, мәдени немесе адамдық болады. Адамның мәндік күші (мүмкіндігі, қабілеттілгі және т.б.) заттанып объектке, мәдениет құбылысына айналады. Содан соң, ары қарайғы іс-әрекетте олардың заттансыздырылуы жүреді, адамның мүмкіндігі, қабілеттілгі мен мазмұндылығы яғни мәндік күштері ашылып, оларды заттардан, құбылыстардан, берілген жағдайда - әрекеттің өзінің объекттерінен сарқылып алынады.
Мысалы, танымдық әрекетте заттансыздыру негізінен болашақта заттандыруға арналған. Еңбектік өндірістік әрекет көбінесе заттандырумен сипатталады (оған дейінгі болған заттансыздыру арқылы). Аз дегенде екі адамның бірлескен іс-әрекеті арқылы анықталатын қоғамдық-коммуникативтік іс-әрекет заттандыру мен заттансыздыру қарым-қатынасының ішкі бірлігін жүзеге асырады. Мысалы, қоғамдық- коммуникативтік іс-әрекетті жүзеге асырудың ауызша қарым-қатынаста сөйлеу - тыңдаушының оны заттансыздыруы үшін мағынаны заттандыруды жүзеге асырады, ал тыңдау процесінде заттансыздыру, осы мағынаны, соңында оны заттандыру үшін мәтіннің мағыналық мазмұнын ашу жүзеге асырылады.
Бұл жерде осы сипаттаманың коммуникативтік процестің негізі ретінде қарастырылуы өте маңызды. Коммуникация – субъекттің қоршаған ортамен заттандыру және заттансыздыру барысында бағытталған байланысы; коммуникациялық процестерде ақпарат материалды тасушылар болып ақпарат беруші жүйенің заттанған әрекеті ретіндегі белгілі заттық-таңбалық жүйелер бола алады (К.К. Платонов, Н.М. Тавер); егер қабылдаушының сәйкес коды болған жағдайда оның заттансыздыру іс-әрекеті процесінде ақпарат қайтадан жаңарады (жаңғыртылады). Заттану және заттансыздыру процестерінің мәні мен өзара ауысуын түсіну адам іс- әрекетін талдау үшін өте маңызды.
Іс-әрекет - адамның қоршаған дүниемен белсенді мақсатты бағытталған өзара әркеттесу формасы (басқа адамдарды да қоса), ол осы өзара әрекеттесуді туғызған қажеттіліктерге жауап береді, мысалы, бір нәрсеге «мұқтаж», «қажеттілік» болғанда (С.Л. Рубинштейн). Қажеттілік бұл алғышарт, іс-әрекеттің энергетикалық көзі. Алайда, қажеттілік өз бетінше әрекетті анықтамайды – оны іс-әрекеттің не нәрсеге бағытталғаны анықтайды, яғни, оның заты. «Кез-келген іс-әрекеттің алғышарты қандай да бір қажеттілік болып табылады. Қажеттілік өз бетімен іс-әрекеттің нақты бағытын анықтай алмайды. Қажеттілік өзінің анықталуын тек әрекет затында ғана алады: ол өзін іс-әрекетте табуы керек». Мысалы, композитордың іс- әрекеті музыкалық шығарма құруға бағытталған; шлифовщик пен фрезеровщиктің іс- әрекеті - өңдеп жатқан бұйымға қажетті пішін, сипат беру, педагогтың іс-әрекеті -
әлеуметтік тәжірибе, оқушылардың берілетін мәліметтерді меңгеруін ұйымдастыру және т.б. Оқушының іс-әрекеті осы тәжірибені меңгеруге бағытталған. Басқа сөзбен айтқанда, іс-әрекет оны туғызған қажеттіліктің не нәрсеге бағытталғанын, яғни оның затын анықтайды. Іс-әрекеттің заттылығы оның негізгі сипаттамасының бірі болып табылады. Іс-әрекет заттылығы бойынша оның түрлері ажыратылып, аталады, мысалы педагогикалық, конструкторлық және т.б. Зат – іс-әрекеттің психологиялық (заттылық) мазмұнының негізгі элементтерінің бірі, оған одан басқа құралдар, тәсілдер, алынған өнім мен нәтиже кіреді. Іс-әрекеттің психологиялық мазмұны мен құрылымы жөнінде толығырақ оқу және педагогикалық қызметтің мысалында қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет