Жан-жағын шолды да, киімдерін сығып, Панитоз орманына қарай, бұта-бұтаның арасымен жүріп кетті. Көз байланып, әбден қараңғы түскенше мүлгіп тұр- ған ну орманның ортасына келді. Енді ары ңарап жү- руге мүмкіндігі болмаған соң, бір үлкен қарағайдың түбін паналап ана отыра кетті. Оның көз алдына тағы да мылтығын кәзеген жен- деттер елестеп, оны жау қоршап алғандай, қалғып кет- сэ, шошып оянып, көрер таңды көзімен атқызды. Таң агарып атысымен өзінің көздеген жеріне қарай тағы жүрді. Бір кезде арт жағынан:
Тоқта! — деген дауыс саңқ ете түсті. Ана арты- на қараса, автомат ұстаған аласа бойлы, фуражкесі- нің маңдайында кызыл лентасы бар бір адам тұр екен. Партизан екенін таныған соң, ол қуанып кетті.
Ентігіп аяғын баса алмай, сасқалақтап:
Мен өз адамдарыңмын. Осында баламды іздэп келіп едім. Айгатын хабарым бар,— деді.
Балаңыз кім еді, аты-жөні кім? — деп жауап қатты автоматты адам.
Аты-жөні Конетантин Спижевой, ол анық сен- дермен бірге,— деп, ана жеделдете сөйлеп берді.
Автоматты адам өз командирініт аты-жөнін айтып тұрған соң, арт жағындағы ағашқа орнатылған жіңіш- ке сымның ұшын тартып қалды. Ол отряд командирін лагерьден постыға шақыратын белгі еді. Көп кешіклей жанында екі автоматчигі бар Кон- стантин Иванович жетіп келді. Ана құшагын кең жайып, баласын құшақтап алды да, өксіп-өксіп жылап жіберді. Константин анасын штабқа алып келіп, онан се- лоның жағдайын, әкесінің дарға асылғанын естіді. Сол күні Чапаев атындағы партизан құрамасының командирі Иван Кузьмич Примак пен комиесары Емельян Демьянович Ломако отряд командирі Спиже- войға селоға шабуыл жасап, село адамдарьін басқын- шылардан азат етуге бұйрық берді.
Отрядты бастап келе жатқан қара торы жас жігіт түнеріп, анда-санда село жаққа бір қарап қояды. Оның соңындағы адамдар да аяқтарын асыға басып, жан- жақтарына сақтықпен қарап келеді.