Мал шаруашылыєы ґнімдерін ґндіру технологиясы 3-дјріс Таќырыбы: Тўќым ќуалаудыѕ хромосомалыќ теориясы



бет5/8
Дата20.05.2022
өлшемі417 Kb.
#458249
1   2   3   4   5   6   7   8
2 Мендель лекция

Асыра (тысқары) доминанттылық деп гетерозиготалы дарақтар (Аа) белгілерінің дамуы жағынан гомозиготалы дарақтардан (АА, аа) асып түсуін түсінеді. F1 ұрпақ будандары даму көсеткіштері жағынан ата-анадан асып түседі. Мұндай құбылыс гетерозис деп аталады: будандардың F1 ұрпағы және кейбір түраралық гибридтер тіршілік қабілеті (өміршеңдігі және өнімділігі жағынан жақсы деген ата-ана формасынан асып түседі. Гетерозис, әсіресе түраралық гибридтерде айқын көрінеді. Қашыр (бие мен әңгінің гибриді) тіршілігінің ұзақтығы, жұмысқа қабілеттілігі және қолайсыз жағдайларға төзімділігі жағынан жылқадан да есектен де асып түседі. Оны былай көрсетуге болады: Аа > АА > аа.

  • Асыра (тысқары) доминанттылық деп гетерозиготалы дарақтар (Аа) белгілерінің дамуы жағынан гомозиготалы дарақтардан (АА, аа) асып түсуін түсінеді. F1 ұрпақ будандары даму көсеткіштері жағынан ата-анадан асып түседі. Мұндай құбылыс гетерозис деп аталады: будандардың F1 ұрпағы және кейбір түраралық гибридтер тіршілік қабілеті (өміршеңдігі және өнімділігі жағынан жақсы деген ата-ана формасынан асып түседі. Гетерозис, әсіресе түраралық гибридтерде айқын көрінеді. Қашыр (бие мен әңгінің гибриді) тіршілігінің ұзақтығы, жұмысқа қабілеттілігі және қолайсыз жағдайларға төзімділігі жағынан жылқадан да есектен де асып түседі. Оны былай көрсетуге болады: Аа > АА > аа.
  • Сонымен доминанттылық пен рецессивтік - гендердің абсолютті емес, салыстырмалы қасиеті. Доминанттылы және рецессивтілік дәрежелері әр түрлі болуы мүмкін. Белгілі бір белгінің өзі кейде доминантты типте, кейде рецессивті типте тұқым қуалауы мүмкін.

4. Дигибридті будандастыру

  • Мендельдің 3-ші заңы - белгілердің тәуелсіз ажырауы. Бұл заң полигибридтік будандастыруда ашылды. Мұндай будандастыруда бастапқы формалар екі және одан көп белгілері бойынша айырмашылығы болады. Полигибридтік будандастырудың ең қарапайым түрі дигибридтік будандастыру, мұнда екі белгінің тұқым қуалауын талдайды. Мендель ас бұршақтың сары тегіс қабықты сортын (ААВВ) жасыл бұдыр қабықты сортымен (аавв) будандастырды, яғни олардың альтернативті екі белгісі - тұқымның түсі және пішіні жағынан айырмашылығы болды. Будандардың бірінші ұрпағында тұқым сары түсті, оның қабығы тегіс болып шықты, демек, бастапқы ата-аналық формалар аталған екі белгі бойынша гомозиготалы болған. Бірінші ұрпақтың генотипі дигетерозиготалы - АаВв. Өздігінен тозаңданған бірінші ұрпақ өсімдіктерін зерттеп, Мендель F2-де фенотип бойынша төрт категорияға бөлінген 556 дән алды, атап айтқанда 315-сары тегіс (АВ), 108-жасыл тегіс (аВ), 101-сары бұдыр (Ав) және 32-жасыл бұдыр (ав). Мендель 32 санын арақатынас бірлігі ретінде алды, сөйтіп дигибридтік ажырау формуласын жалпы тұрғыдан алғанда былайша өрнектеді: 9АВ:3Ав:3аВ:1ав.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет