Марзуова М. Е. «Жер кадастры» пәнінен практикалық сабақтарға арналған Әдістемелік нұСҚау ш ымке нт, 2023



бет16/18
Дата24.02.2024
өлшемі123.41 Kb.
#493119
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
CrJLvZpYpLqpAwV6Ouz3PHKDWSbT6z8hjRCRfg4Z 4

Үй жұмысы тапсырмасы мен тізімі:
1. Шлюз алдындағы магистраль каналының геометриялық элементтерін жобалау.
2. Шлюз алдындағы таратушы каналының геометриялық элементтерін жобалау.
3. Магистраль және таратушы каналдағы су деңгейінің белгісін анықтау.
Бақылау сұрақтары:
1. Шлюз элементтерін ата?
2. Магистральды каналдағы су тереңдігін қалай анықтаймыз?
3. Су таратушы каналда магистрал каналдан суды жинау үшін сушығарушы элементті (шлюз-реттегіш) қалай жобалаймыз?
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы [Электронныйресурс]. URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000019893


2. Е.Д.Даркенбаев «Шаруашылықтық және елді мекендегі жер ресурстарын болжамдауды ұйымдастыру». Алматы: «ЭВЕРО», 2016. - 356б. http://lib.tarsu.kz/rus2/all.doc/Elektron_res/PPS/Darkenbaev_Sharuashlyk.pdf
3. Жерге орналастыру, мониторинг және жер кадастры https://qazbrand.info/all/8421/zherge-ornalastyru-monitoring-zh-ne-zher-kadastry/
13 Практикалық сабақтың тақырыбы: Жерді есепке алу кезінде жер-кадастрлық бірліктер мен элементтерді жіктеу
14 Практикалық сабақтың тақырыбы Жерді есепке алу кезіндегі жіктеу


Практикалық сабақты өткiзу формасы: семинар
Қысқаша теориялық мәліметтер
Суағызғыштың кірер алды суды кірерберіске қарқынды түрде жақындатады. Кіреберіс суды қабылдайды. Кіреберіс көбінесе шайылмайтын материалмен бекітіледі. Ал кірералды көбіне бекітілмейді. Кіреберістің өлшемдері суағар ретінде есептеу арқылы табылады. Ал кірералдының өлшемдері суағардың өлшемдеріне байланыстыра судың бірқалыптылығын қамтамасыздандыратын жалпы мәліметтерге сүйене отырып тағайындалады. Кіреберістің құрамында бәсеңдеткіш болуы мүмкін. Кіреберіс қақпалы немесе қақпасыз болады. Егер кіреберіс суды қойманың тереңінен қабылдайтын болса, онда ол тесік ретінде есептелінеді. Қоймадағы су деңгейі төмендегенде кіреберіс ашылып қалуы мүмкін. Бұл жағдайда кіреберістің өлшемдері суағардың формуласымен тексеріледі. Кіреберістер конструкцияларына қарай әртүрлі болып келеді: автоматты тезағар, реттеулі қосалқы құлама, реттеулі құбыр құлама, реттеулі туннель, галереяның ішіндегі құбыр, жағада орналастырған ашық бетті суағызғыш.
Су тасымалдайтын бөлік канал, туннель немесе құбыр ретінде жасалынады. Суағызғыш жолы бұрылатын болса, бұрылысты тасымалдайтын бөліктің бойында жасайды. Себебі бұл бөлікте су жылдамдығы басқа бөліктерге қарағанда төмен болады.
Су тасымалдайтын бөліктен соң, жер бетінің еңістігі көп жерінде су жалғастырғыш құрылым жасалынады. Су жалғастырғыш: сарқырама, сатылы құлама, құбырлы құлама, консольді құлама ретінде жасалуы мүмкін . Бұл құрылымдардың ерекшелігі олардың ішімен аққан судың жылдамдығы 10 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Сондықтан су жалғастырғыш құрылымдар көбіне арын бәсеңдеткішпен аяқталады. Бәсеңдеткіштен кейін суағызғыштың шығу бөлігі жасалынады. Шығу бөлігінің мақсаты суағызғышты өзенмен қосу, суағызғыштың орнықтылығын сақтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет