Мазмұны 1 Студенттердің танымдық белсенділіктерін арттыруда халық педагогикасы арқылы дамытудың ғылыми-теориялық негіздері


Оқу танымдық іс-әрекет міндеттері



бет16/18
Дата15.08.2023
өлшемі241.04 Kb.
#476068
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
сапаркулова

Оқу танымдық іс-әрекет міндеттері


  1. Оқушылардың оқу танымдық белсенділіген арттыру

  2. Танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру

  3. Ойлау белсенділігін, шығармашылық қабілетін арттыру

  4. Оқу-танымдық біліктерімен дағдыларын жетілдіру

  5. Ғылыми дүниетанымын және адамгершілік – эстетикалық мәдениетін қалыптастыру

Оқушы іс әрекеті компонеттері

Мұғалім іс әрекеті компонеттері


Оқу міндеттері мен мақсатын түсіну

Оқу жұмысының мақсатын белгілеу

Оқу-танымдық іс-әрекетке қажетісіну мен мотивтер дамыту

Оқушыға беретін материалдың мазмұнын анықтау

Жаңа материалды, негізгі сұрақтарды түсіну

Меңгерілетін материалдарды оқушылардың қажетісінуін қалыптастыру

Оқу материалдарын талдау, саралау, оны практикада қолдану

Оқу-танымдық іс-әректті ұйымдастыру

Оқу-танымдық іс-әректте ерік күш-жігерін және эмоционалдық қатынасын көрсету

Оқу-танымдық іс-әректте жағымды көңіл күй орнату

Оқу-танымдық іс-әректі реттеу және өзін өзі бақылау

Оқушылардың оқу әрекетін бақылау және реттеу

Өзінің оқу-танымдық іс-әректі нәтижелерін бағалау

Оқушының оқу танымдық іс-әрекетін бағалау

Жастардың белсенділігін арттырудың жаңа формаларын епті пайдалана отырып, жаңашыл ұстаз белсендіру әсерін жүзеге асырады, онда олар: өз пікірінде тұра алуы; пікірталастар мен талқылауларға қатысуы; өз жолдастарына және мұғалімдеріне сұрақ қоя алуы; жолдастарының жауаптарын түзету; жолдастарының жауаптары мен жазба жұмыстарын бағалай білу; артта қалған оқушыларды оқытуы; үлгерімі нашар оқушыларға түсініксіз жерлерді түсіндіруі; өз бетінше шамасы келетін тапсырмаларды таңдауы; танымдық міндетті (мәселені) шешудің бірнеше түрін табуы;студенттердің өзін-өзі тексеру үшін, өзіндік танымдық және тәжірибелік әрекеттерін талдау үшін жағдайлар ойластыруы; танымдық міндеттерді шешімнің өзіне белгілі тәсілдерін жинақтап қолдануы.( Сурет 2)


Көптеген зерттеушілердің пікірінше, өз бетінше үздіксіз білім алудың қажетті жағдайы ретінде оқу-танымдық белсенділікті қалыптастыру болып табылады. Алайда,ЖОО-да олардың осы қасиеттерін дамытуға байланысты бағытталған студенттердің өзіндік жұмысының жүйесі әзірге қалыптасқан жоқ.
Өзіндік жұмысты ұйымдастыру мәселесі мен студенттер мен оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде оқыту үрдісінде түбірлі өзгеріс қажеттігі туындап отыр.
Сондықтан, оқу үрдісінде мынадай өзгерістер қажет:
- оқушының оқу-танымдық белсенділігін қалыптастыруға бағытталған жұмыс көлемін арттыру;
- оқу-бағдарламалық материалды ұйымдастыруда құрылымдық әдісті табу;
- мұғалімнің бақылаушы, бағалау-реттеуші қызметін қайта қарау;
- оқу пәндерінде мазмұнды-операциялық білім мен оқу-танымдық дағдыларды енгізу жолдарын табу.
Оқу-танымдық белсенділік білім алушының іс-әрекетінің сапасы ретінде көріне отырып, үнемі ізденіп, белсенді әрекет ететін жеке тұлғасының қалыптасуына мүмкіндік туғызады.Оқушының оқу-танымдық іс-әрекетінің деңгейі, бағыты мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетіне тікелей байланысты. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі, оқу материалының түсініктілігі, мазмұндылығы, оқытуды ұйымдастырудағы тиімді әдіс-тәсілдер, мұғалім мен арасын білім алушының арасындағы жылы қарым-қатынас олардың шығармашылық дербестігінің қалыптасуына үлкен септігін тигізеді.
Оқу-танымдық іс-әрекет жеке тұлғаның қасиетіне айнала отырып, оның танымдық сипатын және қоғамдағы бағытын айқындайды, жеке тұлғаның болмысқа деген өзіндік көзқарасын қалыптастырады.
Студенттер мен оқушылардың танымдық іс-әрекетінің дұрыс қалыптастырылуында субъект бойындағы танымдық күштердің білім игеруде атқаратын қызметін дұрыс тану үлкен мәнге ие. Сондықтан қабылдау, ес, зейін, ойлау, ой қорыту әрекеттері мен танымдық іс-әрекетінің ара қатынасын білу қажет. Танымдық іс-әрекет оқу материалын меңгеру, қабылдаудан және оны талдаудан бастау алады.
Танымдық іс-әрекет процесі мынадай кезеңдер бойынша жүзеге асырылады.
І кезең – проблемалық жағдайдың немесе проблемалық мәселенің туындауы, көкейкесті мәселені табу, мақсат қою, зерттеу болжамы бойынша міндеттерді белгілеу.
ІІ кезең – мәселені шешуде тиімді әдіс-тәсілдерді таңдау, тиісті әдебиеттер мен құралдарды таңдау және олардың көмегімен мәліметтерді жинақтау, саралау, жүйелеу, тексеру.
ІІІ кезең – зерттеу жұмыстары бойынша қорытындысын жасау, негіздеу дәлелдемелер жасау, нәтижесін көрсету, жаңа көрсеткіштерге жету.
Оқу-танымдық іс-әрекет нәтижелері оқушының жеке тұлғасына, біліктерінің жетілуіне, психологиялық механизмдер арқылы оқу әсерлері бар рефлексия нәтижесінде өз әрекетіне және сол әрекеттің бірлескен іс-әрекет мазмұны мен формасына сәйкес көзқарастары қалыптасатыны анықталды.
Оқу үрдісінде оқу-танымдық тапсырмаларды орындау шығармашылықты, ізденімпаздықты талап етеді, сондықтан мұндай тапсырмаларды орындау кезеңдерімен жүзеге асады:
1.Тапсырманы түсіну. Мақсатын анықтау
2. Міндеттерін белгілеу және жоспар құру.
3. Тапсырманың орындалу жолдарын іздестіру.
4. Тапсырманы орындауда шығармашылық әрекетке ұмтылу.
5. Нәтиже және іс-әрекет рефлексиясы.
ХХI ғасыр жаңа технологиялар мен жаңа білім беру ғасыры болғандықтан, ғылыми – техникалық прогрестің шапшаң дамып, қоғам дамуы салаларының мазмұны жаңарып, өзгеше сипат алуда. Осыған орай, мұғалім педагогикалық технологияларды талдау, электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану, түрлі техникалық құралдар мен интерактивті әдістерді, т. б. арқылы оқулықтарды өз бетінше білімі мен біліктерін жетілдіруде пайдалануға бағыттауы тиіс.
Бүгінде оқыту жұмысын осылай ұйымдастыру мен әдісінің жаңалығы, басқа да мұғалімдерінің жаңа жағдайға байланысты оқу-тәрбие процесін шығармашылықпен пайдаланудың жаңа педагогикалық технологияға көшуде.
Қазіргі ЖОО мен мектептерде студенттер мен оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің технологиясын жасауда оны алдын-ала жоспарлаудың бағыттау, болжау, ұйымдастыру, бақылау, репродуктивтік қызметтерді ескеру қажет. Дәлірек айтсақ:
- бағыттау қызметі жоспарлау үрдісінде оқу-танымдық іс-әрекеттің ауқымын, мақсатын, міндеттерін, педагогикалық әрекеттің мазмұнын, оның нақты бағыттары мен түрлерін анықтаумен байланысты;
- ұйымдастырушылық (үйлестірушілік) қызметі жоспарлау кезінде негізделген және ұтымды әрекеттер көмегімен кім, қашан, қалай, қандай әдіс-тәсіл т.б. арқылы деген сұрақтарға жауап алуын білдіреді;
- бақылау қызметі жеке педагогика немесе педагогикалық ұжымға белгіленген мақсатқа жету жолдарын түзеуге, бақылауға мүмкіндік туғызуды түсіндіреді;
- репродуктивтік қызметі жоспар бойынша біраз уақыт өткен соң, жасалған жұмыс көлемін және мазмұнын орнына келтіруге болады дегенді білдіреді.
Оқу орындарында білім алушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру технологиясын жүзеге асыруда педагогикалық процесті ұйымдастырудың мазмұнын, мақсатын, амалдары мен тәсілдерін анықтау бойынша мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен іс-әрекеттік жүйелілігін сақтау қажет. Бұл әрекеттің негізін модельдеу құрайды. Сондықтан ЖОО мен мектептерде оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру бойынша педагогикалық модельдеудің: жүйелілік, нақтылық, оңтайлылық, даралық, ғылымилық, үздіксіздік ұстанымдарын сақтау маңызды деп есептейміз.
Танымдық іс-әрекетті оңтайлы ұйымдастыру қоғам сұранысына сай оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыруда маңызды мәселе болып табылады. Себебі, қазіргі кезеңдегі ғылымның бүкіл саласында білім мазмұны тереңдеп, оның ауқымы қауырт өсіп отырған қазіргі ғылыми-техникалық өрістеу кезеңінде оқушының өз іс - әрекетін ұйымдастыру біліктілігін қажет етеді. Сондықтан оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру біліктерін қалыптастыруды арнайы ұйымдастыру оқыту процесін жетілдірудің шарттарының бірі ретінде қарастыру керек.
Зерттеу мәселесіне байланысты жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар ЖОО мен мектептерде жүгізіліп онда 327 оқушы, 40 мұғалім қатысты. Бұл жүргізілген тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының мақсаты: қазіргі кезеңде студенттер мен оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің әдістемесін жасап, оны білім мекемелерінің оқу процесіне енгізу арқылы ұлттық және адамздегенқ мәдениетті меңгеруге, өзін жан-жақты дамытуға белсенді жеке тұлғаны қалыптастыру.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың міндеттері:
- студенттер мен оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде пән сабақтарының мүмкіндіктерін анықтау;
- студенттер мен оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде оқыту технологияларының маңыздылығын көрсету;
- студенттер мен оқушылардың білімді меңгеруге байланысты белсенділігін айқындау;
-тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың қорытындысын сараптау және оны талдау, ұсыныстар беру.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың анықтаушы педагогикалық эксперименті кезеңінде эксперимент және бақылау топтары таңдалып алынды. Эксперименттік жұмысқа қатысатын мұғалімдер сұрыпталып, мұғалімдерге зерттеу мәселесі бойынша ғылыми семинарлар өткізілді. - студенттер мен оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруге байланысты сауалнамалар, т.б. педагогикалық жұмыстар жүргізіліп, әр пән бойынша тапсырмалар беріліп, оқушылардың білімдік деңгейлері анықталды. Осы өлшем бойынша үш топқа бөлінді: біріншісі – оқушылар оқу-танымдық іс-әрекетте белсенділігі қалыптасқан, интеллектуалдық мүмкіндіктері бар, ізденімпаз тұлға; екінші – оқушылар оқу-танымдық іс-әрекетке қызығушылығы болғанымен, оған үнемі көмекті қажетсінеді, үшінші – оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетке ықыласы орташа, білімді меңгеруге белсенді көзқарасы оның іс-әрекетінде айқын көрініс бермейді.
Жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетке белсенділігінің төмендегі көрсеткіштерін берді. (Кесте 3)
Кесте 3 – Студент пен оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттегі белсенділігінің қалыптасуы (дайындық кезең)



Өлшемдер

Эксперименттік топтар

Бақылау топтары

Жоғары деңгей

Жеткілікті деңгей

Орташа деңгей

Төмен деңгей

Жоғары деңгей

Жеткілікті деңгей

Орташа деңгей

Төмен деңгей

1. Студенттер мен оқушылар оқу-танымдық іс-әрекетте белсенділігі қалыптасқан ізденімпаз тұлға.

9%



11%

23%

57%

9,5%

12%

20,5%

58%

2. Студенттер мен оқушылар оқу-танымдық іс-әрекетке қызығушылығы болғанымен, үнемі көмекті қажетсінеді

-


19%


32,5%


48,5%


-


19,7%


31,3%


49%


3. Оқу-танымдық іс-әрекетке ықыласы орташа, білімді меңгеруге белсенді көзқарасы оның іс-әрекетінде көрініс бермейді.

-


-


37%


63%


-


-


35%


65%


Эксперименттің қалыптастыру кезеңінде төмендегідей міндеттер қойылды: оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттегі белсенділігінің дамуын; танымдық іс-әрекеттік белсендіру технологиялары мен мүмкіндіктері негізінде талдау; оқу-танымдық іс-әрекетті белсендіруде педагогикалық шарттар жүйесін есепке ала отырып анықтау. Қалыптастыру кезеңінде жүйелі жүргізілген педагогикалық жұмыстар оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті белсенділігінің қалыптасу жағдайы, оқушылардың білімді меңгеруге деген ықыласы мен көзқарастары өзгергені байқалды.


Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар барысында эксперимент және бақылау топтары бойынша алынған нәтижелерге салыстырмалы түрде талдау жасай отырып, математикалық-статистикалық өңдеу жүргізілді, ауыл мектебі оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің психологиялық-педагогикалық тұрғыда пайымдалған теориялық ұсыныстардың практикалық тұрғыда іске асуына қорытынды жасалды; тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың алдына қойған мақсат-міндеттерінің орындалуына талдау жасалды.[66]
Сонымен, біздің түйіндейтініміз, оқу-танымдық іс-әрекеттің белсенділігі білімгерлердің тек қана ақыл-ойының белсенділігі ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғаның жан-жақты дамуын, жетілуін қамтиды. Оқушының білімді саналы игеруі, қажетті іскерлік пен тәжірибені білуі, оны өз іс-әрекетінде шығармашылықпен қолдануы оның тұлғалық дамуына тән қасиеті ретінде қарастыруға болады. Сондықтан біз білімді жеке тұлғаның өзіндік оқу-танымдық іс-әрекетінің жемісі деп қарастырамыз. Қазіргі кезеңде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің дәстүрлі сипатын ескерте отырып, оқушының өзінің іс-әрекетін жетілдіру рефлексиядан басталу қажет деп есептейміз. Ал рефлексия дегеніміз – тұлғаның өзінің іс-әрекетін мақсдеген түрде ой елегінен өткізу. Бұл мәселеде оқыту процесінің екі жақты сипатына сай, мұғалімнің де кәсіби құзіреттілігіне де байланысты деп түйіндейміз.
Жүргізілген зерттеулер кезеңдерінде студенттер мен оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерінің белсенділігінің деңгейлері мен олардың білімді меңгеруге деген бағдарының қалыптасу көрсеткіштерінің әрқайсысы алдыңғы кезеңнің соңғы кезеңмен байланысының шарты немесе нәтижесі, қорытындысы болып табылады. Бір кезеңнен екінші кезеңге өтуде жастардың оқу-танымдық іс-әрекетке белсенділігінің қалыптасу көрсеткіші мен деңгейі жоғарылағаны байқалады. Мұндай көрсеткіштер оқушылардан алынған тапсырмалар топтамасын орындаумен және білімдік қималар (срез) арқылы жүзеге асырылды. Бірінші жағдайда тапсырмалардың репродуктивтік, кейіннен эвристикалық және шығармашылық деңгейдегі жүйесімен анықталды.
Зерттеу нәтижелерін сараптау, студенттер мен оқушылармен жүргізілген сауалнамалар, тестік тапсырмалар бойынша олардың оқу-танымдық белсенділік деңгейінің өскені анықталып отырды.
Ұсынылған жүйе бойынша сабақтағы олардың белсенділігі педагогикалық талаптар шеңберінде жүзеге асырылып отырды. Осы мақсатта оқыту үрдісіндегі мұғалімнің шығармашылық қызметі де тексерілді. Себебі студенттер мен оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетке белсенділігі мұғалімнің ізденімпаздығына, шығармашылық дербестігіне тікелей байланысты. Осы өзара қатынасты тарату механизмі құрылымдық-логикалық модельдің оқу-танымдық іс-әрекетте оқушылардың білімге деген құндылық бағдары мен оны меңгеруге деген белсенділігімен анықталады.
Зерттеу мәселесі бойынша сарапталған педагогикалық-психологиялық әдебиеттер көрсеткендей, оқу-танымдық іс-әрекет белсенділігі оқушының тек қана ақыл-ой белсенділігін ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғанының жан-жақты дамуына елеулі әсер етеді. Мұғалімнің оқушының оқу-танымдық іс-әрекетті белсендіруге бағытталған қызметі терең білімді игеріп, қажетті іскерлік пен тәжірибені білуі, оны өмірдің өзгермелі жағдайында пайдалануына бағытталуы деп танимыз. Мұғалім іс-әрекетінде мақсатқа жетуі оқушы белсенділігінің келесі жоғары деңгейдегі сатыға шығуы арқылы көрінеді.
Сонымен, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттегі белсенділігінің қалыптасу деңгейлері төмендегідей болды (2-кесте).
Зерттеу нәтижелері кезеңдері бойынша 4 кестеде көрсетілді.

Кесте 4 – Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруге бағытталған эксперимент жұмыстарының нәтижелері (%)










Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет