Мазмұны досмұхамедов Халел 49 бет Ермеков Әлімхан 67-бет Қолжамқұлов іо.Әлиханов



бет10/10
Дата01.07.2016
өлшемі0.93 Mb.
#169780
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


Сонымен «Алашорда ісінің» тергеуі толық аяқталып, соғыс жағдайында қолданылатын әскери –дала сотының үлгісіндегі «үштіктің» қарамағына жіберілген. Ал тергеу хаттамалары «өте құпия» деген бұрыштамамен қауіпсіздік мекемесінің мұрағатына жолданған. Сөйтіп, алды үш жылдан астам тергеу қысымын көрген жиыны 71 алаш азаматы қазақ үшін үш миллионға жуық адамынан айырылған ең қасіретті 1932 жылдың – ашаршылық пен азаптың табалдырығын аттады. Түрмеден шығарда тергеушінің Әлімхан Ермековке айтқан сөзі мен Ә.Ермековтің оған берген жауабы осы арада еске түседі.

Олардың бұдан кейінгі тағдыры мәскеулік жазалау мекемелерінің ырқына көшті. Осы арада сәл ғана тыныс алып, шолақ өрт сияқты шолақ қана ойлануға мүмкіндік алғымыз келеді. Енді сұрақ: осы үштіктің коллегиясы тектергеу ісінің айғақтары бойынша дербес үкім шығаруға құқықты болды ма? Әлде «Саяси басқарма» болғандықтан да коллегияның қаулысы Орталық комитеттің бөлімдеріне жіберіліп, арнайы партиялық кеңесте қаралып, мақұлданатын мүмкіндігі боды ма? Үкім шығаруға партия, үкімет, сот қызметкерлерінің ықпалы жүрді ме? Әрине, Қазақстанда бұл істі «айналымға түсіріп», бұранданы бұрап не босатып отырған Голощекиннің өзі болатын. Ал іс Мәскеудің қарамағына көшкенде олардың екпіні басылып қалғаны М.Дулатовтың түрмедегі «қолхатынан» аңғарылады. Сондай –ақ өте түсініксіз әрі тосын шешімдердің қабылдануына қарағанда үштіктің үкіміне сыртқы тегеуірінді бір күш әсер еткен. Әрине, олар Сталин мен Голощекиннің қас-қабағына қарап баспақтап амалдады. Қазақстанда жаппай ашаршылық жүріп жатқан тұста Голощекиннің қаққан қазығының түбі босап келе жатқан. Мәскеуде «Алашорда» қозғалысы мен оның қайраткерлерін білетін, осы тергеу ісіне жақсы жағынан болсын, мейлі жазалау тұрғысында болсын, «кеңес бере алатындай» кім бар еді? Сол тұстағы қалыптасқан саяси жағдайға, партия мен мемлекет құрылымындағы жіктелу жүлгесіне, жазалау шараларының науқандық сыпатына, кеңес және алаш қайраткерлерінің өзара қарым-қатынасына, жалпы сол тұстағы тарихи –психологиялық барлығудан (стресске) мағлұмат беретін, кейіннен жарыққа шыға бастаған құпия құжаттардың мазмұнына назар салсақ, тура сол 1931-1932 жылдары кеңес өкіметінің айылы сәл босаң тартқан. Жазалау машинасы іске қосылып кеткендіктен оның бетін қайтару мүмкін емес еді. Алайда үштіктің ату жазасын жаппай қолдануы азайып, жоғары жазаны шоғырландырылған лагерьлерге ауыстыруға бет алғаны байқалады. Міне, осы босаңсыған «қас –қабақты» кімдер пайдалануы мүмкін? Әрине, ең бірінші «Кене» – Ежов еске түседі. Ол Семейде губкомда жүргенде – М.Дулатов, Х.Ғаббасов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, Орынборда қызмет еткенде – А.Байтұрсынов, С.Сәдуақасов, Қызылорда – Ә.Ермеков, С.Қожанов, С.Мыңбаев сияқты қазақ қызметкерлері оны «коммунист –колонизатор» ретінде әшкерелеп, ығыстырған еді. Әсіресе, Семей губкомын таратқан С.Сәдуақасовқа ерекшу тісін басып жүрген. Мәскеудегі орталық комитеттің қарамағына барып, құқық мекемелері дәргейіне көшкен соң «Алашордашыларды» желеу етіп «майданға еркін араласқан». Оған «Алаш ісіне» қатыстылар үштіктің үкімімен сотталып жатқан кезде Днепропетровскіден Кремльге «қызмет бабымен» шақырылып», таңертең аман –есен кіріп, кешке табытқа салынып шыққан, «кәсіптік улану» деп диагноз қойылған С.Сәдуақасовтың өлімі де күдік тудырады. Жұртты күдіктендірмес үшін М.Калинин сияқты «Кремльдің қаңбақ шалын» жерлеу рәсіміне қатыстырған. Бұл туралы С.Мұқановтың естелігінде нақты шындық айтылған. Әсіресе, Ежовпен ежелден ерегесі бар Х.Ғаббасов пен Ж.Аймауытовтың өзгелерден ерекшелініп атылып кетуінің өзі сондай күмән тудырады. Ал барынша жақтырмай қараған, 1924 –1925 жылдардағы жер межелеу кезіндегі комиссия төрағасы ретінде қатысып, солтүстік облыстарды екінші рет Ресейдің құрамына кіргізуге ұмтылысының алдын кескен С.Сәдуақасов пен Ә.Ермеков және Түркістандық Қожанов бастаған қайраткерлер Ежов үшін «басмашы» ғана болатын. Тергеудің үкіміне ықпал жасай алатын екінші адам Тұрар Рысқұлов еді. Өзінің «саяси бағдарын Сталиннің ырқына ықтап анықтайтын» (өз сөзі) саясаткердің Сталинге құпия түрде жазған жасырын мәлімдемелеріндегі:а) Алашордашылардың соңына тыңшы қоюды, ә) олардың З.Валидовпен астасқан жасырын ұйымдарын (өзін ақтай отырып) әшкерелеуді,б) Қожановты саяси сақнадан шеттетуді, в) байларды тәргілеу мен колхоздастыруды тездетуді, г) Қазақстандағы партия мүшелерін тазалауды ерекше «жергілікті ерекшелікті ескере отырып қатаң жүргізуді», д) өзінің З.Валидовпен таныс екенін, Сұлтанғалиевпен хат алысқанын, Қазақстандағы қазақ қызметкерлерінің ұлтшылдық әрекеттерін дер кезінде «орталық комитетке, Сталин жолдастың жеке өзіне хабарламағанына» қатты өкінетінін, оған кездейсоқ оқиға ретінде қарауды өтінген «қолданба хаттары» әр қилы ойға жетелейді. Т.Рысқұловты саяси-жазалау науқанынан тыс қалды, таза ұлтшылдық бағыт ұстанды, ашаршылық тұсында қазақ халқының мүддесін қорғап хат жазды (нағында ол Голощекиннің орнынан алынуын негіздеген партиялық тапсырма болатын және ашаршылық өтіп кеткеннен кейін жазылды. Ашаршылықты «абыроймен жүргізген» Ораз Исаевтің мәлімдемесі негізінде жазылған еді) – деген сияқты үгіт-насихаттық басылымдар нақты тарихи шындықтың бетін бүркеп кеткен жайлардың да бар екенін ескеруіміз керек. Өйткені мұнда бірдің, мыңның емес, миллиондардың тағдыр тауқыметі жатыр. Үшінші адам, ОГПУ-дің коллегиясы қарсаңында Орталық комитеттің арнайы бөлімдерінде қабылдауда болған Смағұл Сәдуақасов. Тергеу барысына қарағанда тұтқындалғандардың барлығынасұрақ да С.Сәдуақасов пен С.Қожановтың астыртын ұйымға қатысын дәйектейтін сқрақтар берілген. Мүмкін, С.Сәдуақасов осы іске байланысты Кремльге шақырылған шығар. Бұл да кездейсоқ пікір бола қоймас. Әрине, солардың сыртында Ә.Бөкейханов та демін ішіне алып жүрді. Ә.Ермековтің «міндетті түрде Сталиннің қабылдауына кіріңіз» деуі алаш көсемінің жеке басының мүмкіндігін танытады. Оның өз басын арандатудан алып шығуы, шын мәнінде, «Алашорда» өмір сүрген кездегі кеңес өкіметіне қарсы күресін саяси айып ретінде тағуға мүмкіндік бермеген. Бұл да Ә.Бөкейхановтың Құнанбай айтқан « күресемін десең бопсаға шыда» - деген тәмсілін танытады. Сондай-ақ тергеу аяқталардың алдында ғана 20 адам «қылмысы дәлелденбегені үшін», «айғақтардың жеткіліксіздігінен» бостандыққа шығарылады. Солардың ішінде тергеуде берген қорытындылары өте тиянақты, бар қылмысын мойындаған Иса Қашқынбаев та бар. Бұған пәлен деп жіп тақпасақ та, қаперге ала кетуге тура келеді. Мұның алдында И.Қашқынбаевтің «салпаңқұлақ» екендігі туралы таратылған қауесетті де назардан тыс қалдыруға болмас. Сонымен үштіктің үкімі шықты.

ЖАЛПЫЛАМА СИПАТТАМА

Сонымен, арасында аз үзіліс жасап барып үш жыл бойы қауіпсіздік комитетінің мұрағатынан жинақтаған «Алашорда» ісіне қатысты тергеу ісін көшірген дәптердің соңғы беті де жабылуға жақын қалды. 1986 оқиғадан кейін КПСС орталық комитеті «қазақ ұлшылдығы» туралы қаулы қабылдап, желтоқсан оқиғасына қатысқан ұл мен қыздар жаппай қудаланып, партия, кеңес қызметкерлерінің арасынан да ұлтшылдар табылып, тергеу жүргізіліп жатқан тұста жасырын жазылып алынған, таспаға түсірілген осынау «аса құпия құжаттарды» жариялаудың мүмкіндігі түптің-түбінде туатынын сеніп, қатираның соңына қысқаша сипаттама жазылыпты. Сол күндердің әсерінен туған алаң ба, жоқ, бұл құжаттар қайтып қолға түспейтініне көз жекендіктен бе, әлде аяулы алаш зиялыларының бейнесін жүректе сақтап қалуға деген шексіз сезім бе, кім білсін, түрме психологиясына қатысы бар-ау деген ойларымыз бен ескертпелерді қағазға түсіріппіз. Қазір олар дәл сол кездегідей аңсарлы болмағанымен де, ұмытыла қоятындай жөні жоқ екен. Әсіресе, алаш зиялыларының тағдырына ықыласты зиялы қауым үшін танытар емеуіріні мен ашар астары бар екен. Ол сипаттаманың қысқаша тұжырымы мынадай.

Дінмұхамед (Дінше) Әділев тұтқынға түсісімен өзін «тұрақты мекені мен жұмысы жоқ», «әр топтың соңында жүрген», «жай бандит, тентек, бұзық емес», «қазақ ұлтының бастандығы үшін күрескен шыншыл саяси тұтқын» ретінде ұстаған. Соны дәлелдеу барысында қыза-қыза келіп камерада отырып саяси плаформа жасап, ұйымның кестесін сызып, астыртын ұйымның «түрмедегі көсеміне» айналған. Жауаптарындағы және мінездеме берген адамдардың сөздеріне, біздің де жинастырған естеліктеріздегі пікірлерге қарағанда қызба мінезді, өжет, қызықты да қиын оқиғаға құмар,әйтеуір ұлтжанды, бауырмал, «балалық тентектігі басылмаған» (М.Дулатов, С.Қожанов) ширақ жігіт. Оның көрсетінділерінің барлығын көшіріп шығу мүмкін емес. Менің қаламыма ілікпеген бір жауабында: «Тұрар Рысқұлов Қызылорда қаласына келді. Ксілер кірі-шығып, асығыс жөн сұрасып жатады. Міржақып Дулатов екеуі де барады. Дінмұхамедті ауыз үйде қалдырып, Рысқұлов екеуі оңаша бес минуттай сөйлеседі. Іле бөтен кісілер келіп қалып, Рысқұлов соларды қарсы алуға шығып кетеді де әңгіме үзіледі. Сыртқа шыққан соң Міржақып Дулатов Дінмұхамедке: «1922-жылғы Ташкенттегі ұйым туралы сөз бастап, енді түсіндіре бастап едім, -дейді. Бұған қарап Рысқұловтың астыртын ұйымға қатысы бар деп пікір тұюге бола ма? Мұндай дүдәмал деректер Д.Әділевтің әр көрсетіндісінде бар.

М.Тынышбаевтің жауаптары ұзақ әрі шашыраңқы болып келеді екен. Алғашқы көрсетінділерінде тағылған барлық айыптарды мойындайды. Бірақта кейінгі жауаптарында одан бас тартып: менің ол жолы денсаулығым нашарлап тұр еді. Не айтқанымды, неге қол қойғанымды түсінбедім. Енді бәрі есіме түсіп отыр – деген уәж білдірген. Ол: Жетісу өңіріндегі төңкеріске дейінгі оқиғаларға шолу жасап, Шкапскиймен бірігіп 1916 жылғы ұда-азаттық көтерілісті жазалуға шыққан әскрдің зардабын жоюға қатысқанын, атаман Анненковпен бір рет кездескенін, оған қызмет көрсетуден бас тартқанын баяндайды. Ташкенттегі ұйым мен Валидовпен кездескенін мойындайды. Халел және Жаһанша Досмұхамедовпен бетпе-бет кездескеннен кейін алдыңғы көрсетінділерінен бас тартқан. Жандосовты, Рысқұловтытуған бауыры қатарында санаған. Олардың шәкірт кезінде қамқорлық көрсеткен. 1914 жылы Тұрардың оқуын жалғастыруы үшін елден қаржы жиып беріпті. Ең көп сұрақ-жауап алынғандар М.Тынышбаев, Х.Досмұхамедов және Ә.Ермеков. Олардың бұл жауаптары кейін айыптау үкімінде үзінді-үзінді ретінде пайдаланылған.

Тергеу: контрреволюциялық-террорлық, басмашылық ұйымның (жетекшісі Дінмұхамед Әділев) – кеңес үкіметіне қарсы құрылған Орынбордағы астыртын ұйымның (жетекшісі Ахмет Байтұрсынов) – шет ел интервенциясының күшіне сүйенген Ташкенттегі контрреволюциялық ұйымның (жетекшісі Мұхамеджан Тынышбаев пен Х.Досмұхамедов) «қылмысты істерін» өзара байланыстырып, дабыл қағарлықтай әшкерелеу бағытында жүргізілген. Голощекин тергеу үрдісін бақылап отырған. Одан алынған мәліметтерді тергеу қорытындысы шықпай тұрып-ақ баяндамаларына пайдаланған.



Тергеу жауаптарынан тұтқындалған адамдардың арасындағы қарым-қатынас дәрежесі анық аңғарылады. «Алашорда» мүшелерінің жауаптары бір ыңғайда. Сөз арасына кездейсоқ адамдардың атын, жанама оқиғаларды кіріктірмеген. Идеясы, мақсаты, күрес жолы, сенімі мен пайымдары ұқсас. Бөкейханов, Байтұрсынов, Дулатовтың сөздері бір жерден шыққан. Тергеушілер оларды «жүздік жақындықтарына» қарап (мысалы, бірінші топ – А.Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Әлімқан Ермеков, Елдес Омаорв; екінші топ – Халел мен Жаһанша Досмұхамедовтер, Иса Қашқынбаев, Кәрім Жәленов; үшінші топ – Мұхамеджан Тынышбаев, Біләл Сүлеев, О.Жандосв) топқа бөлген. «Қазақы қарға тамыр» бұл адамдарға тән емес екенін тергеуші білмеген. Олар тергеушіге бір-бірін жек көретіндігі туралы айтқан. Мысалы, Х.Досмұхамедов пен Ә.Ермеков бір-бірімен сөйлеспейтіндігін көрсетсе де Ә.Ермеков ауруханада жатқанда Х.Досмұхамедов көңілін сұрай барып тұрғаны сөз арасында білініп қалады. М.Әуезов: М.Тынышбаев пен Х.Досмұхамедовті «Сұғанақ сұр» атты шығармамда сынағанмын – дейді. Бұл: Жаһанша Досмұхамедов берген хатты оның рұқсатынсыз Қожановқа оқытып, ол тінту жүргізгеніне байланысты өмірлік шындықта арқау еткенін мекзегені. Сондықтан да мұндай көрсетінділерге абай болған жөн.

Жазба жауаптарына қарағанда: Х.Досмұхамедов – іскер, сөзге ұтымды, хат жазуға сараң. Жаһанша Досмұхамедов – өткір, орынды сөйлеп, мақал –мәтел қосып, тура кесіп айтады. Заңға жетік. Жазуы да ширақ, нақты. Әлімқан Ермеков – қызба, күйіп –пісіп сөйлейді, күйіп –пісіп жазады. Өткір. Тергеушілерден жасқанбаған. Пафоспен сөйлеуге бейім. Оның кейін газетте жарияланған ашық хатының екі нұсқасы да сақталған. Мұхамеджан Тынышбаев – аңғал, ойының етек-жеңі жиналмаған, Сөзі де, жазуы да созылмалы, немкеттілік басым. Оның саясаткерлігін ешқайсысы мойындамайды. Иса Қашқынбаев – еркін сөйлеп, еркін формулировка жасайды. Жауаптарының барлығы да алдын-ала жөнделіп, өңделген сияқты әсер қалдырады. Мұрзин Мұхтар – нағыз ер мінезді, тік сөйлеп, келте қайырады. Жауаптарының барлығы: мен тыңшы емеспін. Өсек жинамаймын Сондықтан да ештеңені есімде ұстамаймын – дегенге саяды. Мұхтар Әуезов басында өзін сыпайы ұстаған. Тергеу соңында «жіби бастағаны» сезіледі. Халел Ғаббасов – түрменің өзінде де күресіп, пікірін дәлелдеп, заңды талаптарынан бас тартпаған. Тергеушілер де ерегесіп, оны өзгелерден бөлек жеке камерада ұстаған. Елдес Омаров – өзіне тағылған айыпты «өзінің жеке көзқарасы» ретінде дәлелдеген. Жүсіпбек Аймауытов – шығармашылығы арқылы көркем көзқарасын жеткізуге ұмтылған. Бір өкініштісі, өзінің соңғы романы жаңа экономикалық саясатты бейнелейтінін, ондағы бай капитализмнің тілін білетін бай – деп көрсетеді. Сол қолжазбаны 1934 жылы Евгения Аймауытова атақты бір жазушыға аманат етіп тапсырыпты. Ал ол қаламгердің тура сол тақырыптағы атақты шығармасынан Ж.Аймауытовтың жазу мәнері бірден байқалады. Өзі: Менің ұстазым Жүсіпбек. Ана романды соған еліктеп жаздым – деп бізге де, басқаларға да, баспа жүзінде де айтып қалғаны бар еді. Күмәннан құдай сақтасын. Әйтеуір Аймауытовтың сол романы жоғалып кетті. Енді табыла қоюы неғайбыл. Ж.Аймауытовтың сол жылы атылып кетуіне «ежелгі ерегесі бар «Ежовтың» кесірі тиді ме. Әйтеуір Бекдуллаев деген шәкіртінің: «Шымкентте көтеріліске шақырып жазған үндеу Аймауытовтың қолтаңбасына қатты ұқсайды» – деген сөзі себепкер болғаны анық. Мағжан өзін түрмеде де ақын ретінде ұстаған сияқты. Оның көрсетінділерінің өзінен сөздерінің жалыны шарпылып тұрады. «Алқа» әдеби үйірмесінің «Табалдырық» атты бағдарламасының суретке түсірілген қара қағазы (негативі) сақталған. Біз оны көшіріп алып жария еттік. ЖЖақып Ақбаев тергеушілердің сұранысын қанағаттандырмаса керек. Бір екі сөзі сараң қысқаша көрсетіндімен жауабын тәмамдаған. Денсаулығы да мүмкіндік бермесе керек. Әбдірахман Байділдин – Ғалым Ахмедов дегдардың айтуы бойынша ұшқалақ, жаңғалақ, шамшыл адам болған көрінеді. Сол рас сияқты. Әр көрсетіндісі машинкамен есептегенде 30–40 бетке жетіп жығылады. Қағазшыл, әсіре әсершіл, жанталасқан жан сияқты. Қалайда М.Әуезов пен С.Сәдуақасовты жек көріншті етуге тырысып, әшкерелеп баққан. Ол да жанына сая таптырмаған. Тергеушілер оған «Қалам» деп кекесінді ат қойған. Армансыз пайдаланған соң ату жазасына кесілген және үкім орындалған. Ол партия тазалауы жүрген кезде: «Иен бір кезде Колчактың қарсы барлауында істегемін» – деп мақтанып қалса керек. Сол сөзі өзінің түбіне жеткен сияқты.

Әрине, түрмедегі тұтқындардың жанын жалдап берген айғақтарының шындығына сенудің қисыны жоқ. Дегенмен де жиырма –отыз адамның пікірінің орайлас келуіне қарап, Қожанов пен Рысқұловтың, С.Сәдуақасовтың арасындағы шиеленістің себебі: Қазақстан мен Түркістанның қосылуы турасында екеніне көз жеткізуге болады. Алашордашылар бұл үшеуін де бағалаған. Іш тартқан. Өзінің республикадағы беделін нығайту үшін осы үш азаматты бір-біріне қарсы қойған сияқты. Т.Рысқұлов ортақ Түркістан республикасын құруды, ал С.Қожанов солтүстіктің халқын оңтүстікке қоныстандырып, Ташкентті астана етіп тәуелсіз Қазақстан республикасын құруды, С.Сәдуақасов оңтүстік пен солтүстікті қосып Ресейдің құрамындағы дербес Қазақстан автономиясын құруды ұсынған. Орыс «коммунист-колонизаторлары» С.Қожановтың ұсынысын қолдап: солтүстік облыстарға референдум жүргізу арқылы жер межесін өткізіп, санақ жүргізіп, жергілікті ұлтты оңтүстікке ысырып, Сарыарқаны Ресейдің құрамында алып қалуды мақсат етті. Сол мақсатпен Ежов Мәскеуден арнайы келіп, комиссия құрды. Бұл шараға комиссия мүшесі С.Сәдуақасов пен Ә.Ермеков тойтарыс беріп, қазіргі Қазақстан территориясын сақтап қалды. С.Сәдуақасов Т.Рысқұловқа: Сталинге арқа сүйеп, ұлттық мүдделерді ұмытты, әйтеуір Қазақстаннан басқа республика құру үшін жанан сап жүр, «Алашордашылардың» соңына тыңшы қойып, зиялы қауымды жікке бөліп жүр, коллективизацияны тездетуді жүзеге асырмақ, жергілікті өнеркәсіп орындарын ашуға құлықсыз, бәрін өзі отырған Мәскеуден шешкісі келеді – деген кіна таққан. Әрине, мұның барлығы жеке бастарының мүддесі үшін емес, елі үшін түскен ерлердің ерегесі еді. Үшеуінің де мүддесі бір, күрес жолы, амалдау тәсілі басқа. Бұл үшеуіне қарағанда Меңдешевтің, Сейфуллиннің, Нұрмақовтың көзқарастары мүлдем басқа. «Алашорда» қайраткерлерін әшкерелейтін «Тар жол, тайғақ кешудің» тура сол тергеу ісі жүргізіліп жатқан кезде жазылып, жариялануы кездейсоқ үндестік деуге жатпайды. Ол да өзінің үгіт –насихаттық міндетін атқарды. Саяси сақнаға О.Исаев, Ұ.Құлымбетов, І.Қабылов, Е.Ерназаров сияқты қолжаулықтар шықты.

Үшінші топ боп саналатындардың айғақтары жинақталған №06610 істің бірінші томы жоқ, тергеу хаттамалары 420-беттен басталады. Онда тергеудің айғағы үшін жиналған «доностар» сақталып, кейін жойып жіберуі де мүмкін. Бұл топтағылардың жауаптары кейде үйлесіп, кейде үйлеспей, қарама-қайшы келіп жатады. Ол түсінікті де. Бірінің сырын бірі ашқысы келмеген, немесе не айтуы керектігін болжай алмаған. Мысалы, А.Байтұрсыновтың тобындағылардың бірде-біреуі З.Валидовпен байланыс жасағанын мойындамаған, ал екінші М.Тынышбаевтің тобындағылар бірде мойындап, бірде бас тартқан. Тек: «Өзара аразбыз» - дегенді желеу еткен. Бұл оларды өзара арандатудан сақтаған. Бұл да «астыртын ұйымның әдісінің» бірі. Жоғарыдағы жайлардың анық-қанығын нақты анықтау үшін тергеу деректерін тарихи құжаттармен тиянақты түрде салыстырып барып пайым жасау қажеттігі туындайтыны өз-өзінен түсінікті. Бұл еңбектің ұзақ жыл жазылмай жатқаны да сондықтан.

Тергеу ісін үш жылдан аса созылды. Мұны создырып отырған Голощекин екені анық. Сол үш жылдың ішінде «Алашордашыларды» әшкерелейтін үш жинақ шығартты. Сонда да Мәскеуге жолданған сот үкімі:«тергеу барысындағы айғақтары жеткіліксіз» деген бұрыштамамен бір реткері қайтарылған. Ерекше оқыс көрінетін және түсініксіз жайт: осы 71 айыпталушының ішінен Д.Әділевтің, Ә.Байділдиннің, А,Юсуповтің, Х.Ғаббасовтың, Ж.Аймауытовтың жоғары жазаға кесіліп, сол жазаның орындалып кетуі, яғни, атылуы. Қай жағынан алса да олардың салмағы А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтан басым түспейтіні, «айыптарының» өзі де олардан көрі жеңіл екені түсінікті. Үкімнің қаулысында: Д.Әділев – басмашылармен, Ә.Байділдин – Колчактың қарсы барлауымен байланысып, кеңес үкіметіне қарулы қарсылық жасамақ болғаны үшін, ал А.Юсупов – төтенше комитеттің «Алашорданың» ішіне кіргізілген тыңшысы бола тұра дер кезінде хабар бермегені үшін туу жазасына кесіліп, үкім шұғыл орындалған. Солардың қатарына Ғаббасов пен Аймауытовтың қосылып кетуі тағдырдың тәлкегі болса керек. Аймауытов атылған жоқ. Түрмеде ауырып қайтыс болыпты-мыс – деген қауесет те бар. Бірақ тергеу құжаттары оны растамайды. Сондай-ақ: «Құмға сіңіп кетіп, қоныс аударушылармен соғыс ашпақ болағн» С.Өтегенов пен барлық (қылмысын мойындаған» И.Қашқынбаев «айғақтары жеткіліксіз болғандықтан да» бостандыққа шығарылған. Жиыны біз қарастырған 14 томның кейбір беттері жыртылған екен. Онда қандай деректердің «қолды болғаны» белгісіз. Тергеу мекемесіне тыңшылық еткен «салпаңқұлақтардың» аттары көрсетілген мағлұмат болуы да ықтимал. Сондай әрекетке ұмтылып, жанталасып жүрген бір «қадірлі» зиялыны қауіпсіздік комитетінің мұрағатынан көзіміз шалып қалған бар. Бұл деректер 1988-1992 аралығында Қауіпсіздік комитетінің Алматыдағы ғимаратының солтүстік қанатындағы 2-қабатындағы 14-бөлмеде жазылды. Қауіпсіздік комитетінің полковнигі Қараби мен Шыңғыс атты азаматтар барынша еркіндік берді. Сол үшін де оларға ілтипат білдіремін.

Сырт көзге түсіндіре кететін сыралғы сөзіміз осы. Қалғанын қаламның ұшына тапсырдық.

Әлімқан Ермеков: «Мен Заки Валидовтің контрреволюциялық көңіл-күйде жүргенін және оның мақсатын білдім (1920 ж.). Россияның Шығыстың езілген халқына қолданған саясаты оны қанағаттандырмайтын, олардың бірігіп, тәуелсіздік алуын көздейтін. Заки Валидов пен Байтұрсынов және басқалар қатысқан жиналсқа мен де қатыстым. Кеңес құпия дейтіндей жағдайда өтті, мен Қазақстанның тағы да бір сойқанға қатысқанын қаламасам да, Валидовтен және басқалардан іргемді бөле алмадым, ол кеңеске өзімнің және Байтұрсыновтың қатысқанын жасырып келдім» – деп жазды «Ашық хатында». Тергеу ісінде ашық хаттың бірнеше нұсқасы сақталған. Олар бірін-бірі толықтырады. Кей тұста ха емес, көрсетінді мәнерінде жазылғанын ескеріп, өзгертіп отырған. Соның бір нұсқасы «Алашорда қозғалысы» атты жинақтың 3 томында жарияланды. Біз сол нұсқадағы үзікті пайдаландық.

СМАҒҰЛ СӘДУАҚАСОВ

1921 жылы Семей қаласына іссапармен келген Смағұл Сәдуақасов тек қана орыс большевиктерінен құрылған, қазақ бөлімшесі ғана жергілікті ұлтпен жұмыс істейтін губерниялық атқару комитетін таратып, оны губерниялық ревком етіп қайта құрады. Бір айдай төтенше жағдай есебінде оны өзі басқарып, кетерінде М.Әуезовті төрағалыққа сайлайды. 1921 жылы 27 мамыр күні Өлкелік партбюро мен Өлкелік аткомның төралқасы мұны арнайы қарап: «қазақ тұрғындарын орыс коммунистеріне қарсы арандату», «қазақтардың барлық ұлтшылдық әрекеттерін ақтау, кеңес өкіметінің орыс қызметкерлерін қаралау», «мақсатсыз және зиянды саяси акт» деп бағалап, партиядан шығару, екі жылға дейін жауапты қызметке алмау туралы шешім шығарды. Ал қазақ автономиясы мүддесі тұрғысынан алсақ, бұл нағыз азаматтық еді. Өйткені Семей большевиктері Семей губерниясын Батыс Сібірдің құрамында қалдыру, қалдырмау туралы референдум өткізуді астыртын жоспарлап қойған болатын. Референдум өте қалған жағдайда санақты кімдер жүргізетіні және қалай шешілетіні анық еді. Бұл мәселе ушыға келіп бүкілодақтық бақылау комиссиясында қаралып, архивке жіберіледі.

Міне, осындай азамат қайғылы қазаға ұшырап, сүйегі асығыс өртенгеніне өкініп жазылған азанама да А.Мусин сияқты ақ жүректердің тұла бойын түршіктірді. Ол өзінің Мирзоянға жазған ұзақ «сүйкетпесінде»: «Москвада оқитын Ғалым Малдыбаев деген жас жазушы «Социалды Қазақстан» газетінде Смағұлдың өліміне арналған очерк-мақала жариялады. Очерктің бас-аяғы тұнған қайғы, ыңырсу, сыңсу. Онда біраз адамдардың жоқтауы да келтірілген. Малдыбаев жолдастың очеркін оқып көрейік: «Екі күн бұрын Смағұлға жолыққанымда оның қатты жүдеп кеткенін, денсаулығы әлсіреп, көзі нашар көре бастағанын байқадым. «Смағұл, қалың қалай, тыныштық па?» – дегенімде Смағұл: «Тыныштық. Біздердің айтысып жүрген кезіміз де болды, сонда сен: егер мен өле қалсам мың адам жинап көмерсің – деп едің. Ал, енді кіріс, жина топырақ салатын адамды» – деп жауап қайырып еді. Крематорийдан қайтып келгендердің де жоқтауын келтіріпті. Онда: «Смағұлға сатқындық жат еді, өте қайсар жігіт болатын және өзінің позициясын қатаң ұстанатын. Оқуын бітірген кезінде қайтыс болып кеткені өте өкінішті» – деп өкінеді Малдыбаев. Әлгі жолдас шынында да солай деді ме, жоқ па, Малдыбаев жолдас жанынан қосып отыр ма, мәселе онда емес. Бұрынғы саяси күрес кезі «айқайшыл уақыт» деп бағаланған. Сонда біз бүгін сәдуақасовшылдықпен күреспеуіміз керек пе? «Смағұлға сатқындық жат еді» деген не сөз? Бұл сөздің астарында: партияның сара жолын нық ұстаған коммунистерді орысқа сатылып кеткендер – деп айтып тұрғаны емес пе екен» – деп өршелене әруақпен айтысады. Несі бар, бұл да сол кездегі «айқайшыл кезеңнің» айқайшыларына тән «саяси қырағылық» болатын.

СҰЛТАНБЕК ҚОЖАНОВ

Сұтанбек Қожановтың ұстанымдары оның Қазақ өлкелік парития комитетінің атына жазған хатында толық баяндалған. Соның ішінде оны «ұлтшыл, топшыл, алашордашыл» етіп шығарған пікірлері мынадай:

«1924 жылы 29 желтоқсан күні Сталин жолдастың атына Қазақ республикасының астанасын ауыстыру туралы жазған хатымда:

Қазақтар өз республикасында аз санды ұлт болып есептелетін күлкілі көріністі тоқтау керек. Қазақ интелигенттерін Орынбор сияқты орталықта тұтқындап отырып пролетарлық басшылықты жүзеге асырғанша, қалың бұқараның ішіне жақын ұстап, іске қызу араластыру қажет. Орыс шаруаларын қазақ арасына қоныстандырып, олардың санын көбейтумен пролетарлық басшылық жеңілдеп кетпейді, керісінше, дәстүрлі ұлтараздықтың шиеленісуіне әкеп соқтырады, орыстық ұлтшыл өктемдіктің күшеюі пролетариат туралы теріс көзқарас қалыптастырады. Пролетарлық басшылық «тұйық» тоқыраумен емес, шаруашылық пен қоғамдық өмірдегі жария жұмыспен бағаланады.

...Қазақ ұлттық ресубликасының компартиясы сырттай қарағанда төңкерісшіл боп көрінетін бұрынғы қазақ тәржімашыларының қас-қабағына қарап емес, қазақ бұқарасының ішіне тереңдеп кіріп, солардың талап-тілегін ескере отырып қызмет істеуі керек. Бұл үшін қазақтардың хал –жағдайын іштен біліп отыратын, талаптарын ғана қанағаттандырып қоймай, қажетсіз керітартпа мінездерін жоюға пейілді ететін қандай да бір қоғамдық орта болуы керек. Әйтпесе, қазақ коммунистері осы уақытқа дейін сүйегі баяғыда қурап қалған «Алашорданы» қарғап, өлі дұшпанмен күресіп, «таңғажайып ерлік көрсетуден» жалығар емес. 7 жылдың ішінде не атқарылды, «Алашорданың» кеңеске қарсы күресінің орнын не алмастырды, ол неден байқалады – ол туралы ешкім ештеңе білмейді, білкім қажет деп те есептемейді. Қазақ қауымының ішіне тереңдеп еніп,қазақтық қаны бар партиялық қоғамдық пікір қалыптастыру керек, қажет жағдайда тек қана бастықтарды ғана емес, бұқараны да тәртәпке шақырып отыру керек.

1.Қалай санасаңда Қазақстанда европалық тұрғыендар басым (орыстар – 54 %, қазақтар – 46%).

2. Қазақстанның РКП(б) ұйымдарындағы қазақтар 6% (568 адам) қана. Оның үстіне қазақ коммунистері бытыраңқы, дербес қазақ ұйымдар жоқ...



...Қазақстандағы жағдай мені мынаған сендіреді: партия-кеңес мамандарының бұдан әрі қарай қожырауын тоқтатып, түбірлі өзгеріс жасау үшін тоқыруды тоқтатып, РКП(б) Орталық комитетінің өзі тікелей партиялық режим орнатып, мұндай жағдайдан шығу үшін төтенше шара қолданға дейін баруы тиіс, төменнен көрсетілетін қарсылыққа қарамастан тоқыраудың тұйығынан шығарудың жолын іздестіру керек. Осы бағытта Орталық комитетке мынадай ұсыныс жасаймын:

  1. Қазақ обкомын таратып, бір жыл мерзімге БКП(б) ОК-нің уақытша бюросын құру

қажет, оған Қазақстандағы партия құрылысы мен оны ұйымдастыруды аяқтау міндеті тапсырылады.

  1. Тез арада Қазақ республикасының орталығын Шымкент қаласына ауыстыру керек, басқар тұрғысынан алғанда Қазақ республикасын үш: шығыс, батыс және оңтүстік әкімшілік-шаруашылық облыстарына бөлу қажет...».

Ол бұл ұсынысты Түркістан мен Қазақстанның арасындағы межелеу жұмыстары жаңадан жүргізіліп жатқан кезде Сталинге жеткізген. Ал Голощекин мұны 1927 жылы «жаңа пікір» ретінде жариялап, халықтың назарын аударып отыр. Бұл үш жылдың ішінде ол мәселелердің біразы күшін жойып, біразы ішінара шешіліп, біразы ескіріп кеткен болатын. Рысқұлов пен Қожановтың арасындағы талас – бақталастықтан асып, ұлттық сыпат алған. Құжаттарға қарағанда екеуі де бір-бірін оңдырмай сүріндірген. Біз тергеуге қатысты пікірлерді ғана іріктеп алдық. Ал мұның астарында талай қоя жатыр.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет