Мазмұны: Кіріспе бет


Бүйрек туберкулезінің диагностикасы



бет10/12
Дата04.02.2020
өлшемі1.23 Mb.
#447917
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
туберкулез


Бүйрек туберкулезінің диагностикасы.

Анамнезінде өкпе және басқа органдардағы туберкулезі, туысқандарының туберкулезбен ауыруы, туберкулезды науқастармен қарым қатынас, рентгенологиялық зерттегенде туберкулезге тәне белгілердің болуы аурудың спецификалық тұрғысын аннықтауға болады.



Лабораторлы диагностика:

  • Жалпы зәр анализі – тез, тұрақты қышқылдық реакция, протеинурия, лейкоцитоурия, микрогематурия.

  • Зәрдің қарапайым себуі қабынудың айқын белгілеріне қарамастан стерильді болады.

  • Микобактерияны анықтайтын бактереологиялық зерттеу –бүйрек туберкулезін анықтайтын ең негізгі әдістердің бірі. ПТР диагностика – сезімталдығы – 94%.

  • ИФА – қоздырғышқа антиденелерді табуға көмектеседі.

  • Туберкулиндиагностикасы –күмәнді кезде туберкулинді пайдаланумен провокациялық тесттер жүргізеді. Туберкулинді теріасты енгізген соң зәр анализін алады (несеп тұнбасында формалық эленменттер жоғарылауы)

  • Бүйрек туберкулезін УДЗ зерттеу. УДЗ туберкулездің ерте этаптарында тиімді емес, өйткені бұл кезде айқын белгілер көрінбейді. Кавернозды туберкулезде домалақ пішінді, тығыз капсуламен қоршалған эхонегативті жаңа құрылымдарды байқауға болады(кисталарда капсула жұқа болады). Кавернанаың ішіндегі заты біртексіз сипатта болуы мүмкін.

  • УДЗ бүйрек паренхимасында бұзылыстың орналасқан орнын, зақымдану дәрежесін анықтауға және терапия барысында туберкулездің регрессиясының динамикасын бақылауға көмек береді.

Рентгенологиялық зерттеу әдістері

  • Шолу рентгенограммасында және нефротомограммада зақымдалға бүйрек контурының күшеюін және әктену аймақтарын байқаймыз. Экскреторлы урография және ретроградты уретеропиелографияның мәндері де өте зор.

Бүйректің Компьютерлік және магнитті-резонансты томографиясы

  • Бұл зерттеу әдістері нақты деструкция ошақтарын және оның табақшалы түбекше жүйесімен, бүйрек синустарының элементтерімен, магистральді тамырлармен қатынасын анықтайды. Қабынуға аймақтық лимфа түйіндерінің қатынасын да байқауға болады.

Бүйректің радионуклидті зерттеуі. (динамикалық нефросцинтиграфия)

  • Нефросцинтиграфия бүйректің функициональді активтілігін анықтауға мүмкіндік береді. Нефросцинтиграфиямен туберкулинді бірге қолданып диагностикалауға да болады. Бүйректің функциональді активтілігінің төмендеуі спецификалық процесстің барлығына дәлел.

  • Бүйрек туберкулезінің емі.

Ем ииндивидуальді жүргізідуі тиіс және туберкулезге қарсы спецификалық препараттардың қолданылуымен жүргізіледі.
Болжамы

Уақытылы анықталған жағдайда және консервативті емнің тиімділігі болса жағымды болып саналады.


Туберкулез емі
Химиотерапияның мақсаты:

1) дәріге тұрақты мутанттар селекциясын алын алу;

2) қақырықтың ерте бациллалығына қол жеткізу.

3) толық алып тастау.



Туберкулезбен ауыратын науқастарға ем екі этапта жүргізіледі:

1) бірінші этап — интенсивті фаза, стационарда жүргізіледі.

2) екінші этап —қолдаушы фаза амбулаторлы немесе санаторлы жағдайда жүргізіледі. 

Науқастарды емдеу квалификацияланған медециналық қызметкердің қатаң бақылауымен жүргізіледі( барлық тағайындалған дәрілерді қолдануын қадағалау.) Науқаспен алын ала туберкулезге қарсы препараттарды қолану жайлы әңгіме жүргізіледі және ары қарай келісімге қол қойылады.



Туберкулезді науқастарды емдеу категориялары.

 I – Алғаш анықталған туберкулезді науқас (жаңа жағдай): жағынды зерттеудің оң нәтижесі, өкпенің ауыр абациллярлы туберкулезі, өкпеден тыс туберкулездің ауыр формалары



  • II. Рецедивті жағдайлар және алғашқы емі әсерсіз болғандар және емі аяқталмай қалғандар.

IV. Созылмалы туберкулезі бар науқастар. Бұл категориядағы науқастардың химиотерапиясы осы такезде де әсері өте төмен. Резервтегі препараттарды пайдалану қажет, емдеу ұзақтығы және НР пайызы өседі. Пациенттің өзінен жоғарғы деңгейде төзімділік қажет.

1-ші категория емі.



  • қарқынды фазасы: туберкулездің ауырлық дәрежесіне және дамуына байланысты екі айдан бастап төрт айға дейін жүргізеді, төрт ТҚП тағайындалады: изониазид (Н), рифампицин (R), пиразинамид (Z), этамбутол(Е) немесе стрептомицин (S) салмаққа байланысты дозалармен беріледі. Стрептомицин екі айдан артық берілмейді;

  • Қолдаушы фазасы: төрт ай көлемінде интермиттеуші (аптасына үш рет) немесе күнделікті тәртіпте екі препаратпен(изониазид (Н) и рифампицин (R)) жүргізіледі:

Ко-инфекциясы бар науқастарға қолдаушы терапия бес ай көлемінде күнделікті тәртіпте жүргізілу керек. Ауыр жағдайларда қолдаушы терапия жеті аптаға дейін созылуы мүмкін. 

2-ші категория емі



  • Интенсивті фазасы ауырлық дәрежесіне және дамуына байланысты үш айдан бес аптаға дейін созылуы мүмкін. Емнен бұрын қақырықтың дақылды зерттеуі жүргізіледі. Ем бес препаратпен дене салмаққа байланысты дозамен екі ай көлемінде жүргізіледі: изониазид (Н), рифампицин (R), пиразинамид (Z), этамбутол(Е) и стрептомицин (S). Содан кейін ем уш ТҚПмен жүргізіледі: изониазид (Н), рифампицин (R), пиразинамид (Z), этамбутол(Е), стрептомицин қолданбайды.

  • қолдаушы фазасы бес ай көлемінде интермиттеуши немесе кунделікті тәртіпте уш препаратпен жүргізіледі: изониазид (Н), рифампицин (R) и этамбутол(Е).

4-ші категорияны емдеу

  • Интенсивті емі 12 ай көлемінде 5 препаратпен емделеді: амикацин, пиразинамид ,протионамид, этамбутол, офлоксацин, 

Қолдаушы фаза  2 жыл көлемінде 4 препаратпен : протионамид, пиразинамид ,этамбутол, офлоксацин

АЙВ жұқпасы бар науқастардың туберкулезге қарсы терапиясы.

  • АЙВ жұқпасы науқастарын емдегенде антиретровирусты терапия жүргізеді, ал бұл препараттарды рефампицин препараттарымен бірге қолдануға болмайды. Сондықтан құрамында рефампицин мен рифабутин жоқ (изониазид, стрептомицин, пиразинамида и этамбутола комбинациясы) альтернативті терапия жүргізеді. Емнің ұзақтығы клиникалық әсеріне байланысты болады және 9-12 айға созылады (қақырықта микобактерияның кеткен соң алты айдан кем емес).

Балалардағы туберкулездің емі
Резервты препараттар (екінші қатардағы препараттар): тиоацетозон (Т),протионамид (Pt),(этионамид (Et), канамицин (К), амикацин (А),капреомицин (Сар), циклосерин (Cs), рифабутин (Rb), ПАСК (PAS), фторхинолоны (Fq). Резервты препараттарды туберкулезді мекеменің қадағалауымен қолданады. Дәріге төзімді микобактериялар таралуымен қазір потенцияльді эффективті туберкулезге қарсы препараттар іздеу жұмыстары жүріп жатыр дейді заманауи медицина ғалымдары. Үшінші қатардың препараттары, потенциальді әсерлі, бірақ әлі дәлелді медицинада орын таппаған препараттар: кларитромицин; амоксициллин + клавулановая кислота; клофазимин; линезолид
Коллапсотерапиялық және хирургиялық емдеу әдістері

Коллапсотерапиялық әдіске пневмаперитонеум және жасанды пневматоракс жатады. Висцеральді плевра өкпені қаптап париетальді плеврамен тығыз контактта орналасады. Плевральді қуыс, қуыс болып оның арасына су немесе ауа киргенде саналады. Плевральді қуыс деңгейінде қарсы қысым болғандықтан сыртқы атмосфералық қысыммен кез келген байланысы ауаның қуысқа енуіне қолайлы болады, соның нәтижесінде өкпе семеді.

Жасанды пневмоторакс. Плевраның екі жапырақшасының арасына газ енгізгенде өкпе семуіне алып келеді.



Пневмоторакстың емдік әсері өкпенің эластикалық созылуының төмендеуіне себепші болады. Салыстырмалы кллапс жағдайында өкпеде ыдырау қуыстары тарылады немесе толығымен жойылады, токсиндердің сіңірілуімен микобактерияның таралуы едәуір төмендейді, ррепаративті үрдістер жылдамдатылады. Енгізу әдістемесіі: Плевра қуысына түтікті жүйелер арқылы пневматоракс аппаратына қосылған инемен ауа жіберіледі. Пневматоракс аппараты өзара қозғалатын, жартылай су толтырылған екі шыны ыдыстан тұрады. Оның біреуі сулы монометрдің ауа өлшеуіші, екіншісі монометрді инемен және газ өлшегішпен қосатын жұмсақ түтіктерден және шүмектен тұрады. Бір баллондағы сұйықтық екіншісіне барып ол жақтан газды ығыстырып жіббереді, ол плевральді қуысқа түседі. ПНевматоракс салған кезде асептиканы жықсы қадағалау қажет. Кеуде қуысын тесу үшін ортаңғы қолтық сызығы бойынша III немесе IV қабырға аралықта жүргізіледі. Газ уақыты келгенде плевра жапырақшаларымен сорылып кетеді, сондықтан газдың 300-500 мл мөлшерде 7-10 кейін қайталамалы инсуффляциясы қажет.Пневматоракс көбінесе ыдырау фазасындағы көптен бері антибактериальді емге берілмей жүрген жаңа каверна пайда болған ошақты және инфильтративті туберкулезінде қолданады. Пневматоракс өкпеден қан кеткенде көп көмегін тигізеді.
Жасанды пневматоракстың асқынулары:

1) тері асты эмфиземасы;

2) плеврит;

3) өкпенің тесілуінің арқасында травмалық пневматоракс

4) ауалы эмболия.

Пневмоперитонеум

Пневмоперитонеум — Бұл құрсақ қуысына ауа толтырудың нәтижесінде жоғарыда жатқан өкпенің өлшемдері және эластикасының төмендеуіне жасанды түрде қол жеткізу болып табылады. Өкпе бұл кезде көкет жақтан қысылады. Пневмоперитонеум пневмотораксты аппараттың көмегімен жасалынады. Топографиясы бойынша инемен тесудің ең қолайлы жері іштің тік бұлшығетінің сыртқы шекарасы бойымен, кіндіктің сол жағынан 2-3 смдей төмен жағы болып табылады. Алғашқысында құрсақ қуысына 300 мл, ары қарай мөлшері көбейіп 800-1000 мл газға дейін жетеді. Газ енгізу процедурасы 7-10 күн сайын қайталанып тұрады. Пневмаперитонеум екі жақты төменгі бөлікті үрдістерде, гематогенді диссемениацияларда және жаңа штампталған каверналар бар жағдайларда көрсетіледі. Бактерияға қарсы емнің арқасында пневмаперитонеуммен емдеу ұзақтығы қысқартылған (1-2 жыл), асқынулар сирек жағдайларда байқалады. Пневмаперитонеумді қажет жағдайда қайталап жүргізуге болады.

Пневмоперитонеум жасау кезінде болатын асқынулар:

1)теріасты эмфиземасы;

2) Ішек жолдарының тесіліп кетуі;

3) Бауыр зақымдануы;

4) Шажырқай тамырларының тесілуі.

Емнің хирургиялық әдістері

Хирургиялық ем түрлеріне (жоғарыда айтылған коллапсотерапиялық операциядан басқа): экстраплевральді пневмоторакс, олеоторакс, торакопластика, шеткі нервтерге операциялар жатады. Кеңінен өкпе резекциясы қолданылады – шектелген клиновидная резекция, сегментарлы резекция, лобэктомия және пульмоноэктомия - Егер бір өкпе толығымен бұзылысқа ұшыраса өкпені түгелдей алып тастау. Экстраплевральді торакопластика қазіргі таңда кеңінен қолданылмайды. Торакопластика кезінде өкпенің зақымдалған жеріндегі қабырғалар алынады, нәтижесінде сол жердегі өкпенің бөлігі кқоллапсқа ұшырайды. Торакопластика қайтымсыз өзгерістерге әкеледі: кеуде клеткасының деформациясы және көлемінің кішіреуі, өкпенің семіп кеткен жерінде жиырылуы, функциональді бұзылыстар. Торакопластика фиброзды-кавернозды үрдістер кезінде, науқастың өміріне қауіпті және жаңа хирургиялық әдістерді қолдануға мүмкіндік жоқ өкпеден қан кету жағдайларында қолданылады.

Шеткі нервтерге операцияны негізінен көкеттік нервтің мойын бөлігінде жасайды, қан және лимфа айналымын өзгертеді. Бұл операция көмегімен көкет нервінің функциясына қол жеткізеді, нәтижесінде көкет жоғары көтеріледі. Өкпенің төменгі бөліктерінің колллапсы болады. Бұл үшін операция барысында көк ет нервін кеседі (френикоэктомия), мүлдем алып тастайды немесе қысып тастайды (френикоэкзерез или френикотрипсия). Көкет нервін қызметін бұзу үшін ол жерге алкогольді де енгізуге болады — френикоалкоголизация. Бұл әдісте нерв функциясы уақыт өте келе қалыпқа келеді. Қажет болған жағдайда алкоголизацияны қайталауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет