Мазмұны кіріспе түркі халықтары дүниетанымында «әйел» бейнесінің өзіндік ерекшеліктері



бет4/44
Дата28.11.2023
өлшемі0.63 Mb.
#484648
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Диссертация НАЗИРА

Отбасының құты (тірегі) болған әйел даладан бір қонақ келсе, үйінде ері болмаса да, оған сусын беріп, бар дәмін алдына қояды, сыйлап аттандырып салады. Бұлар - Айша мен Фатимадан бата алған әйелдер.
Одан соңғысы - ынсапсыз, қанағатсыз әйел. Ондай әйел таңертең төсегінен тұрып, беті-қолын жумастан тоғыз тоқаштың бәрін аударыстырып, ең тәуірін таңдап жейді, аузын томпайтады, бір шелек айранды басына көтеріп, қарынды қампитады, содан соң маңдайын сабалап, жылана бастайды да: Қараң қалғыр, осы күйеуге мен қайдан душар болдым. Бір күн қарным тойып ас ішпедім, жүзіме күлкі келмеді, аяғыма ілген кебісім болмады, бетімнен перде түспеді. Ерім өліп басқаға тисем, бағым ашылар еді, сол үмітім өшпесін», - дейді.
Одан соңғысын салақ әйел дейміз. Ондай әйел төсегінен тұрған соң беті-қолын жуады, үйдің ол шеті мен бұл шетіне қарайды да, күбіні абыл-құбыл етіп, көрпе-төсегін жинайды. Содан соң «шуу!» - деп ауыл кезіп, түс қайта үйіне оралады. Келсе үйі ұрланған, қазан-аяғын ит жалаған, бие-бұзау сүйкеніп, үйдің қорадағы байлаулы қалған сиыры мөңірейді. Келе сала әйел көршілеріне барып, шаптыға бастайды.
Ең соңғысы - адам тілін алмайтын кесір (қырсық) әйел. Ондай әйелге мың сөз айтсаң, соның бәріне жауап қатады, бірақ ерінің айтқанын құлаққа ілмейді. Ондай әйелді Нұх пайғамбардың көз жасынан пайда болғандар дейміз.
Дәстүрлі дала мәдениетінде әулие-әнбиелерге сыйынып, пір тұту, дұға, құран бағыштау сияқты наным- сенімнен туған ғұрыптық дәстүрлері әлі де болса көрініс табуда.

1.1 Әйел болмысына қатысты тарихтағы гендерлік зерттеулер

Әйелдер тарихы «әйел зерттеулері» деп аталатын пәнаралық ғылыми бағыттың бөлімі болып табылады. Ол батыста алпысыншы жылдардың аяғы жетпісінші жылдардың басында қалыптасқан. Алғашқы «әйелдік тақырыптық» мәселе арнайыланған құбылыс ретінде бірінші феминистік толқуға байланысты он тоғызыншы ғасырдың аяғында келең бере бастады. Жиырмасыншы ғасырдың бірінші жартысында көбінесе әйгілі әйелдердің өмірін сипаттайтын әйелдерге арналған жұмыстар пайда бола бастады. Әйел тақырыбын талқылауда бүгінгі күннің өзінде үлкен орын алатын жұмыс ол атақты француз философы Симон де Бовуардың 1949 жылы баспадан шыққан жұмысы «Второй пол». Онда әйел мәселесі философиялық тұрғыдан қарастырылады.


Гендер («gender» ағылшын тілінен ауд. «род», «тек» деген мағ. білд.) – бұл, биологиялық емес, әлеуметтік жағдайларға (қоғамдық еңбектің бөлінуі, спецификалық әлеуметтік функциялар, мәдени стереотиптер) тәуелді әлеуметтік жыныс, әйелдер мен еркектер арасындағы айырмашылықтар.  Гендер ұғымымен тығыз байланысты 2 ұғымдар бар: гендерлік идентификация және гендерлік стереотиптер.
Гендерлік идентификация - өзінің әйел немесе еркек жынысына жатуын саналы түрде түсіну. Гендерлік идентификация өзіміздің жынысымыз туралы түсінігімізбен байланысты: шынымен де біз өзімізді әйел немесе еркек ретінде сезінеміз бе? Басқа сөздермен айтқанда, гендерлік идентификация – бұл адамның белгілі бір жыныс өкілі ретінде сезінуін бейнелейтін өзіндік сананың бір аспектісі, өзінің әлеуметтік контекстіндегі жынысқа (жыныстың нақты бейнелеріне немесе эталондарына)  жатуын сезіну.
Гендерлік стереотиптер – еркектер мен әйелдердің бейнелері жайлы қарапайымдалған, белгілі бір жүйеге келтірілген нормативті түсініктер. Яғни әйел адам қандай қасиеттерге ие болуы керек және еркек адам қандай болуы керек деген сияқты түсініктерге негізделген.
Гендерлік теория отыз жылдай бұрын әлеуметтік ғылымдарда пайда болған. Оның негізгі тұжырымдамасы – гендер мен жыныс ұғымдары арасындағы айырмашылық. Жыныс адамның биологиялық, физиологиялық құрылымына жатады. Гендер ұғымы қоғамның әйелдер мен еркектердің биологиялық жынысына байланысты әлеуметтік рөлдері арасындағы, әрекет – қылықтарындағы  және эмоционалдық сипаттамаларындағы айырмашылықтарды білдіреді. Гендерлік айырмашылықтардың иерархиясынның негізінде маскулиндік (еркек) үстем, ал феминдік (әйел) бағынышты деп белгіленеді. Нәтижесінде әйелдер де, еркектер де гендерлік стереотиптерінің «құрбаны» болып қалады.
Гендерлік зерттеулер дәстүрлі рөлдер мен мәдени нормаларды қалыптастыратын қоғамдық институттарды зерттеуге мүмкіндік береді. Осындай қоғамдық институттарға мыналар жатады: мемлекет, отбасы, білім беру жүйесі, еңбектің қоғамдық бөліну механизмі, бұқаралық ақпарат құралдары.
Қазір гендер мәселесі саяси мәнге ие болды. Алғашында гендерлік зерттеулер батыста жүргізілді: Америкада, Англияда, Франция және Германияда. Ресейлік және Қазақстандық психологиялық әдебиеттерде «гендер» термині өте сирек кездесетін. Бүгін жағдай өзгеріп барады: гендерлік зерттеулер адам жайлы ілімнің барлық негізгі аймақтарына кіре бастады.
Көптеген зерттеушілер «әйелдік», «феминистік» және «гендерлік зерттеулерді» синоним ретінде қолданады. Біреулері «гендерлік зерттеулерді» әйелдердің мүддесі үшін әйелдердің әйелдерді зерттеуі деп түсінеді. Бірақ бұл дұрыс емес, көптеген жағдайларда әйел затының құқықтары жерге тапталып жатады, сондықтан әйел құқығына байланысты мәселелер туындап, гендерлік зерттеуледе көрініс тауып жатады. Осындай жынысқа байланысты дискриминация жағдайларын болдырмас үшін де гендерлік саясат жүргізіледі.
Гендер мәселелерінің көп бөлігін феминология ілімі құрайды. Маскулиндік бағытқа қарағанда, теориялық бағыт ретінде феминизм жылдам дамыды. Бұл көбінесе әйел жынысының көп дискриминацияға ұшырауымен себептелген.
Әлемдік қозғалыс ретінде феминизмге 200 жыл. Бұл қозғалыс буржуазиялық революция кезінде басталып, соның нәтижесінде әйелдердің құқықтары кеңейтілген болатын. Феминистік зерттеулердің кең өріс алған кезі XX ғасырдың 70-ші жылдарына келеді.  Қазір феминизм ескі және жаңа феминизмге бөлінеді. XVIII  ғасырда пайда болған ескі феминизмде жаңа феминизмнен айырмашылығы әйелдердің әлеуметтік теңдігі жайлы ұғымдары өте тар болып келеді.
Қазіргі заманғы философиялық сөздікте феминизм екі деңгейде анықтауды талап ететін ұғым ретінде түсіндіреді, өйткені бір жағынан үлкен қоғамдық қозғалыс болса, ал басқа жағынан бұл әйелдердің қоғамдағы жағдайын талдайтын әлеуметтік – философиялық, әлеуметтік, психологиялық культурологиялық теориялардың кешені.
Алпысыншы жылдары Батыстағы жастардың солшыл қозғалысы аясында жаңа феминистік қозғалыс орын алды. Ол өз кезегінде тарихи ретроспективтікті қоса алғанда феминистік гуманитарлық зерттеулерге жаңа импульс берді. Алғашында бұл феминистік зерттеулер ғылыми қоғамда скептикалық және тарихшы – дәстүршілер ретінде қабылданды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет