Мазмұны кіріспе түркі халықтары дүниетанымында «әйел» бейнесінің өзіндік ерекшеліктері



бет44/44
Дата28.11.2023
өлшемі0.63 Mb.
#484648
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Диссертация НАЗИРА

Бір әйел бар үй тігер, бір әйел бар үй жағар [5, 33].
Kadın erkeğin eşi evin güneşidir [4, 340].
Әйел-еркектің сыңары, үйдің күндей шырағы [5, 34].
Avratla atı emanet verme [8, 218].
Әйел мен атыңды аманатқа берме [5, 33].
Қазақ халқының мақал-мәтелдері:
Жақсы әйел жаман еркекті ер қылады
Жаман еркек жақсы әйелді жер қылады, [10, 71].
Жаман еркек той бұзар,
Жаман әйел үй бұзар [10, 121].
Жақсы әйел үй дәулеті,
Жақсы шапан той дәулеті [10, 121].
Жарың – жан жолдасың [10, 122].
«Әйел әдептің әліппесі», «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербейді». Яғни әйел адам құт босағаның ұйтқысы, әрі берекесі.
Жанұядағы қадірлі жанның бірі – ана. Ана - өмірге ұрпақ әкелуші, отбасының маздаған оты, баланың тәрбиешісі, ақылшысы, қамқоршысы. Сондықтан да ана туралы мақал-мәтелдер де өте көп. Соларға мысал:
Түрікше мақалдар:
Аna sütü gibi temiz [4, 145].
Анасының ақ сүтіндей адал [5, 14].
Ana ile kız, helva ile koz [4, 146].
Ана мен кыз алуа мен жаңғақ [5, 16].
Anneni sırtında götürsen de Hicaz Mekke'ye, Hakkını veremezsin
Анаңды Меккеге арқалап барсаң да, қарызынан құтыла алмайсың [12, 47].
Ağlarsa anam ağlar, gerisi yalan ağlar. [4, 122].
Жыласа, анам жылар, қалғаны өтірік жылар
Cennet annelerin ayakları altındadır.
Жұмақ, ананың аяғының астында
Қазақша мақалдар:
Ана біреу, ағайын алтау [12, 46].
Ана болған дана болады [12, 48].
Алып анадан туады,
Ат биеден туады [12, 46].
Ананың басқан жерінде пейіш бар [12 46].
Ананың алақаны балаға айдынды қоныс [12, 47].
Атыңа ауыр жүк артпа
Анаға ауыр сөз айтпа [12, 48].
«Сонымен халық «қызын қызыл гүлім» деп еркелеткен, баласы: анам – ардағым, анам – аяулым деп мадақтап, сый-құрмет көрсеткен ерлері: әйелім – жаным, сүйіктім, асыл аруым, жан серігім деп аялаған. Өз отбасында сыйласа білген адамдар өзге адамды сыйлай алады, өзгелер мен сыйласа алады. Мақал-мәтелдегі әйелдің гендерлік көрінісі осылайша дамып отырады. Бұрынғы кезеңде әйел тек үй шеңберінде қалса, қазір әйел мемлекетте саясатқа араласып, ерлермен өз пікірін білдіретін дәрежеде. Тіпті әрбір қоғамның жеткен биігі, мәдениетінің деңгейі оның әйелге деген көзқарасымен өлшенеді.
Тіл байлығы - сөз байлығы. Ал сөз байлығы әр адамның лексикасындағы қолданылатын сөздердің санымен байланысты болғанымен, негізгі байлық – ой байлығы, сол сөздерді қиюластырып, әсем де әсерлі ой мұнарасын қалай білуде. Себебі сөзді көп біліп, бірақ оны орынды, ойлы, образды жұмсай алмасаң, одан не пайда? Ал сөзге көп мағына сыйғызып, әр сөздің парын, мән-мазмұнын, стильдік бояуын дөп басып беру ойлау қабілетімен, оның шығармашылық сипатымен ұштасып жатады. Ал ой байлығына жету үшін тіл дамуының кешегісі мен бүгінгісін, лексикалық қабаттын баю, толығу жолдарын, тілде пайда болған жаңа құбылыстардың өміршеңдігін, бір сөзбен айтқанда, тілдің ішкі, сыртқы мүмкіншілігін жақсы меңгеріп, оған қамқорлықпен, жанашыр көзбен қадағалап отыру керек.
Сөз қолдану мәдениетін арттыратын негізгі шаралардың бірі - тіл тазалығы. Тіл тазалығы дегенде, ойымыздың, сөзіміздің бөтен, бөгде элементтермен шұбарланбауын талап етеміз. Әрине, бөтен тілден сөз алмай, таза ана тілі материалының негізінде ғана өмір сүретін әдеби тіл деген болмайды. Көркем шығарманы, сондай-ақ, әдеби нормадан ешбір ауытқымай, бөтен тілдік элементтерді қоспай, сірестіріп, «таза әдеби» тілде де жаза беруге болмайды. Өйткені, көркемсөз шеберлері оқырмаңдарына өмірдің өзі көтерген саласын жан-жақты көрсету, олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын арттыру мақсатын көздейді.
Қандай адам болмасын, ой-өрісінің, білімінің, мәдениеті мен рухани дүниесінің қаншалықты екені оның жазған жазуынан, сөйлеген сөзінен де байқалды. Ал көлемі жағынан ықшамды, мазмұны жағынан парасатқа толы, ұйқасымды тұрақты сөз тізбектері – мақал-мәтел болып табылады.
Мақал-мәтелдер бір ғасырдың ,ғана жемісі емес.Мақал-мәтел-халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан,өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойының көркем жиынтығы.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шешетін асыл мұра,ақылына ақыл қосатын,жарқын болашағына дұрыс бағыт сілтейтін,өмірді танытатын қамқоршы.Онда халықтың өмір сүру барысындағы барлық тәжірибенің өнегелі өсиеттері айтылған,халық даналығы сақталған.
Қазақтың мақал-мәтелдері –көркем әдебиетте сөздің әрін келтіретін,айтайын деген ойдың мағынасын толықтыратын ,сонымен қатар ұтымды да ықшам қолданатын әдемі форма.Өйткені бұл-мол тәжірибенің ұзақ уақыт әбден сұрыпталған,екшелген,сыннан өткен асыл түйіні.
Адамның мінезіндегі жат қасиеттер де мақал-мәтелдерде жеркенішті түрде берілген.Халық даналығына баулуда мақалдар мен мәтелдердің тәрбиелік мәні бөлек.
Мақал мен мәтелдердің мағынасы терең,сөзі ықшам да көркем,еске сақтауға икемді де жеңіл болғандықтан және бала тәрбиелеу ісінде ерекше рөл атқаратындықтан балалар әдебиетінен үлкен орын алады.Сонымен қатар балаларға арналған мақалдар мен мәтелдердің ерекшеліктері оның құрылысы мен жасалу жолынан емес ,мазмұны мен мағынасы тәрбие жұмыстарына ,оқу-ағарту істеріне байланысты болуынан көрінеді.Мақалдар мен мәтелдер терең ой салумен қатар , көркем сөйлеуге жаттықтырады,сөз байлығын,сөздік қорын байыта түседі.
Қай халықтың болса да ауыз әдебиетінде мақал мен мәтел көлемі шағын,мазмұны бай,тілі көркем жанырға жатады.Мақал-мәтелдер өзін жасаушы халықпен бірге жасайды,біреулері ескіріп қолданудан шығып,екіншілері жасарып,жаңадан туындап жатады.
Халық шығармасының басқа түрлері секілді мақал мен мәтелдердіде әуел баста жеке адамдар шығарады ,оны біреуден біреу естіп,жаттап айта жүреді,өңдейді,өзгертеді,сөйтіп олар бірте-бірте жалпы халықтық мұраға айналады.Демек,мақал-мәтелді белгілі бір халықтың өмірде көрген –білгенін жасаған қорытындысы,ақыл-ой түйіні деуге болады.
Мақал мен мәтел халықтың өзі жасап алған заңы,өмірде болатын әр түрлі жағдайларды ұғындыратын,түсіндіретін оқу құралы іспетті.Мақал-мәтелде көбінесе, ортақ ой,жалпы ереже,анықталған қағидалар айтылады,формасы жағынан тілге жеңіл,құлаққа жағымды дыбысқа, ырғақ-ұйқасқа құрылады,көбінше көркем тілмен-өлеңмен жасалады.
Мақал-мәтел,әдетте бүкіл адам баласына ортақ.Сондықтан бір халықтың мақалын екінші халық төл шығармасындай қабылдай береді.Көптеген мақал-мәтелдер көнермей көп жасайды,әлденеще ұрпаққа,қоғамға қызымет етеді.Малым жаным садағасы ,жаным арым садағасы;Қоянды қамыс өлтіреді,ерді намыс өлтіреді дейтін ежелгі халық мақалдары Ұлы Отан соғысы кезінде де ел аузынан түскен жоқ,елдегі ембеккерлерді ,майдандағы жауынгерлерді жігерлендіретін құрметті сөзге,ұранға айналды.
Мақал-мәтелдердің шығу,даму тарихын қоғам өмірінен,әлуметтік ой сананың өсуінен бөліп қарауға болмайды.Таудай талап бергенше,бармақтай бақ берсін; Ісінің ағына қарама,маңдайыңның бағына қара дейтін мақалдар өткен қоғамның санасын елес берсе, Талапты ерге нұр жауар; Еңбек етсең емерсің дейтін мақалдар халық сана сезімінің өскен кезін бейнелейді.Ал Оқу-өмір шырағы,кітап-білім бұлағы; Отан үшін отқа түс-күймейсің дейтін мақалдар жаңа заманның, біздің қоғамның ой-санасынан туған.
Мақал дегеніміз, тағылым берерлік, ырғағы бар, тәжірибеде көп қолданылатын бейнелі,қысқа,нақыл сөйлем...Мәтел дегеніміз де өнерге берерлік бейнелі, ырғағы бар сөйлем. Мұның мақалдан айырмашылығы-мағынасы ашық болмай ишарамен айтылғандығы,сөйлемнің толымсыз болып келуі.
Мақалдар мен мәтелдер – мағынасы да, тұлғасы да әлдеқашан қалыптасқан, тез өзгере қоймайтын жанр.
Мақал мен мәтел - егіз жанр, туыс жанр. Дегенімен мағынасына, құрылысына, атқаратын қызыметіне қарағанда өзіндік айырмашылықтары бар.Мақал аяқталған бір тиянақты ойды білдіреді,өз алдына тұрып та дербес мағына береді.
Қорыта айтқанда, мақал – сөздің мұнарасы, қиыннан қиыстырар халық даналығы. Мақал-мәтел сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерін, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарын бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Мақал-мәтел - өміршең поэтикалық жанр халықтың рухани қазынасы, философиялық пайым-түйіні. Ұмытылмай ұрпақтан ұрпаққа жаттала тараған өнегелі, өсиет сөздердің киелі түзілімі. Адам пікірінің дәнекері, аталы сөздің мәуесі, дәмі, тұздығы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет