Медико –санитарлық алғашқы көмекті ұйымдастыру (мсак) ұйымының принциптері, Астана декларациясында жарияланған


Әлеуметтік-психологиялық жұмыстың негізгі мақсаты



бет34/42
Дата16.04.2024
өлшемі317.51 Kb.
#498789
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   42
пмсп экзамен 3

Әлеуметтік-психологиялық жұмыстың негізгі мақсаты – білім беру процесіні барлық қатысушыларына психологиялық қолдау көрсету, психологиялық денсаулықты, әлеуметтік салауаттылықты сақтау, кәсіби және тұлғалық өзін-өзі анықтау сондай-ақ студенттерінің дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау. Психологиялық жұмыстың өзекті міндеттерінің қатарына студенттерге тікелей психологиялық көмек көрсету жатады: -Студенттердің іс-әрекетінің психограммасын зерттеу, психологиялық қиындықтарды анықтау, олардың оқудың барлық кезеңінде динамикасын қадағалау; -Студенттерге психикалық өзін-өзі реттеу әдістерін үйрету, психикалық денсаулықты жақсарту, оқу іс-әрекетінің тиімділігі мен қарқындылығын арттыру;
-Дағдарыс жағдайындағы, эмоционалдық күйзелістің күшеюі жағдайында студенттерге психотерапевтік көмек көрсетуді ұйымдастыру; -Тұлғааралық қатынастардың әртүрлі деңгейлеріндегі жанжалды жағдайларды шешуге психологиялық көмек көрсету.
67. Қауіп факторлары топтарын атаңыз. Адам денсаулығына ықтимал қауіпті және аурулардың пайда болуына ықпал ететін факторлар қауіп факторлары деп аталады. Тәуекел факторы ұғымы кез келген құбылысқа қолданылады, оның әсері аурудың ықтималдығын арттырады. Аурулардың тікелей себептерімен қатар қауіп факторлары жанама әсер етіп, психофизиологиялық бейімделу механизмдерін бұзады және осылайша аурулардың пайда болуы мен дамуына жағдай жасайды. Қауіп факторлары топтары: 1. Әлеуметтік-экономикалық факторлар:- Төмен әл-ауқат деңгейі; - Қолайсыз еңбек жағдайлары; - Отбасылық және тұрмыстық мәселелер; 2. Әлеуметтік-биологиялық факторлар: - Ауыртпалық тұқым қуалаушылық; - Психологиялық дезадаптация; - Өткен аурулары.3. Әлеуметтік-гигиеналық факторлар: - төмен физикалық белсенділік; - теңгерімсіз тамақтану; - Жаман әдеттер; - Жұмыс пен демалыстың иррационалды режимі; - Медициналық сауаттылықтың төмен деңгейі. 4. Экологиялық-гигиеналық факторлар: - Ауадағы, судағы,топырақтағы қауіпті қосылыстардың мөлшері; - Азық-түлік өнімдеріндегі зиянды қосылыстардың құрамы; - Қолайсыз климаттық жағдайлар.5. Медициналық және ұйымдастырушылық факторлар: - Медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасының төмен деңгейі; - Персоналдың біліктілігінің төмен деңгейі; - Медициналық қызмет көрсетудің медициналық-экономикалық стандарттарға сәйкес келмеуі; - Науқастардың медициналық белсенділігінің төмен деңгейі. Ересек популяциядағы ең жиі кездесетін және басқарылатын қауіп факторлары: - Жоғарғы қан қысымы; - темекі шегу; - алкоголизм; - қандағы холестерин деңгейінің жоғарылауы (гиперхолестеринемия); - теңгерімсіз тамақтану; - төмен физикалық белсенділік; - ас тұзын шамадан тыс тұтыну; - қант диабеті; - психологиялық факторлар.
68. Алдын алудың мақсаттарын, міндеттерін және деңгейлерін атаңыз.Профилактика түрлері. Профилактика - жалпы аурулардың алдын алуымен бірге, жалпы денсаулықтың нығайтуға бағытталған сақтандыру шараларының жүйесі. Ол - қауіп-қатер тудыратын факторлардың алдын-алу үшін жүргізілетін іс-шаралардың жиынтығы. Негізгі мақсаты – аурулардың пайда болуының немесе өршуінің, сондай-ақ олардың салдары мен асқынуларының алдын алу. Негізгі міндеті – халық арасында медико-әлеуметтік белсенділікті және салауатты өмір салтын қалыптастыру. 1.Біріншілік профилактика – аурулардың пайда болуының алдын алу мақсатында тыныс-тіршіліктің қолайлы жағдайларын жасауға бағытталған. Алғашқы профилактика мыналарды қамтиды: - Экологиялық және санитарлық-гигиеналық скрининг жүргізу және зиянды факторлардың адам ағзасына әсерін төмендету бойынша шаралар. - СӨС қалыптастыру: - гигиеналық тәрбие;-жаман әдеттерді азайту; - халықты дене шынықтыруға, туризмге және спортқа тарту; - Профилактикалық медтексерулер арқылы халықтың түрлі мақсатты топтарындағы қауіп факторларының әсерін төмендету және ауруларды ерте анықтау мен алдын алу мақсатында медициналық скринингті енгізу. - халықтың әр түрлі топтарына иммундау жүргізу. 2.Екіншілік профилактика -- аурудың пайда болуы мен ұшығуына және рецидивіне (қайталау) әкеп соқтыратын факторларын жоюға бағытталған компелексті шаралар жүйесі. Аурулардың екінші профилактикасы аурулардың ерте сатыда өршуінің және олардың салдарларының алдын алуға бағытталған. Екіншілік профилактиканың ең эффективті тәсіліне диспанцеризация жатады. Диспанцеризация ауруды алдын алуға , емдеуге және динамикалық бақылауға бағытталған комплексті шаралар жүйесі. Екіншілік профилактика мыналарды қамтиды: -Аурудың және оның ағымына әсер ететін факторларды анықтауға арналған,диспансерлік редакциялық бақылауды жүргізу. -Науқастарды және оның отбасын жеке немесе топтық ауруларға байланысты Санитарлық гигиеналық білім беру. -Денсалыққа кері әсер ететін факторларын жоюға арналған емдік және сауықтыру шараларын жүргізу. 3. Үшінші профилактика - оңалту (реабилитация) - бұл әлеуметтік және кәсіби мәртебені мүмкіндігінше толық қалпына келтіру, рецидивтердің алдын алу мақсатында өмірдегі шектеулерді, жоғалған функцияларды жоюға немесе өтеуге бағытталған медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік шаралар кешені. Аурулардың үшінші профилактикасы өршіп кеткен асқынуларды, ағзалар мен тіндердің зақымдануларын бақылауға бағытталған. Үшінші профилактиканың мақсаты - бұрыннан бар аурудың асқынуларының дамуын бәсеңдету. Оның миссиясы - дене кемістігі мен мүгедектіктің алдын алу, денсаулығының толық жоғалуынан болатын азапты азайту және науқастардың емделмейтін жағдайға бейімделуіне көмектесу. Үшінші дәрежелі профилактика мыналарды қамтиды:- пациенттер мен олардың отбасы мүшелеріне белгілі бір ауруға немесе аурулар тобына қатысты білім мен дағдыларды үйрету;- созылмалы аурулары бар науқастар мен мүгедектерді мед. тексеруден өткізу. - денсаулық жағдайындағы өзгермелі жағдайға мед. -психологиялық бейімделуді жүзеге асыру, дененің өзгерген мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне дұрыс қабылдау мен қатынасты қалыптастыру; - еңбекке қабілеттілікті және әлеуметтік ортаға бейімделу қабілетін сақтау; - науқастар мен мүгедектердің өмірін оңтайлы қамтамасыз ету үшін жағдай жасау (мысалы, емдік тамақтану өндірісі, архитектуралық -жоспарлық шешімдерді енгізу, мүгедектерге сәйкес жағдай жасау т.б.).
69. Уақытша еңбекке жарамсыздықтың негізгі түрлері. Уақытша еңбекке жарамсыздық – ауру салдарынан туындаған қызметтің бұзылуы мен немесе кәсіби еңбек етуге кедергі келтіретін, жарақатпен сипатталатын кезіндегі ағзаның уақытша немесе қайтымды сипатқа ие жағдайымен анықталады. Бұзылған қызметтер қалыпқа келгеннен кейін немесе аз ғана қызмет бұзылыстары байқалған кезде, науқас өзінің жұмысына немесе біліктілігі бойынша сәйкес жұмыс орнына қайтып барады. Еңбекке уақытша жарамсыздық толық немесе жартылай болуы мүмкін. Толық уақытша еңбекке жарамсыздық – бұл науқас өзінің кәсіби жұмысын ары қарай жалғастыра алмауы немесе уақытша қызмет атқара алмайтын жағдайы. Уақытша толық еңбекке жарамсыздық – науқастың кәсіби жұмысты ғана емес, сонымен қатар кез келген жұмысты атқаруға болмайтын жағдайымен анықталады. Жартылай еңбекке уақытша жарамсыздық – жұмыскердің ауру (жарақат) салдарынан кәдімгі кәсіби жұмысты атқара алмайтын ағзаның жағдайы, бірақ денсаулыққа зиян келтірмей, тәртібі мен көлемі басқа жұмысты орындай алуы, клиникалық және еңбек болжамын нақтылау кезіңде еңбекке уақытша жарамсыздық анықталады. Еңбекке уақытша жарамсыздықтың мерзімі болжамға байланысты болады. Уақытша еңбекке жарамсыздық көбінесе аурушаңдық және жарақат кезінде жиі анықталады. Осы уақытша еңбекке жарамсыздықтың ішінде келесі кіші топшаларды бөліп қарастырады: • жалпы аурушаңдық • кәсіби ауру • өндірістегі оқыс жағдай • тұрмыстағы оқыс жағдай • ішімдікті қолдануға байланысты пайда болған жарақаттану мен аурушаңдық. Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы нысан бойынша мына жағдайларда н/е түрлерінде беріледі: 1) жіті немесе созылмалы аурулар асқынған; 2) еңбекке ж.уақытша жоғалтуға б/ты жарақаттанған және уланған; 3) жүктілікті жасанды үзген; 4) науқас балаға күтім жасаған; 5) жүкті болған және босанған; 6) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған; 7) шипажайлық -курорттық ұйымдарда толық емделген; 8) карантин; 9) ортопедиялық протездеу кезінде.
70. Азаматтарға еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру тәртібі. ЕУЖ парағы – адамдардың еңбекке уақытша жарамсыздығын куәландыратын, жұмыстан уақытша босату және еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақы алу құқығын растайтын құжат. ЕУЖ анықтамасы – жәрдемақы алмай жұмыстан (оқудан) босату үшін негіз болып табылатын, еңбекке жарамсыздық фактісін куәландыратын құжат. ЕУЖ парағын немесе анықтамасын беру тәртібі. ЕУЖ-қа сараптама жүргізу кезінде мед. қызметкері (дәрігер, орта мед. қызметкері): 1) денсаулық жағдайын, еңбек сипаты мен жағдайларын, әлеуметтік факторларды бағалау негізінде ЕУЖ белгілерін белгілейді; 2) ЕУЖ мерзімдерін айқындайды; 3) еңбекке уақытша қабілетсіздігі туралы парақты немесе анықтаманы береді және дәрігерге кезекті бару күнін белгілейді, оны бастапқы медициналық құжаттамада тіркейді; 4) пациентті консультация үшін ДКК-ға және мед-әлеуметтік сараптамаға уақтылы жібереді. ЕУЖ парағы:1) жіті немесе созылмалы аурулар асқынған;2) еңбекке жарамдылығын уақытша жоғалтуға байланысты жарақаттанған және уланған;3) жүктілікті жасанды үзген;4) науқас балаға күтім жасаған;5) жүкті болған және босанған;6) жаңа туған баланы асырап алған;7) санаторийлік-курорттық ұйымдарда толық емделген;8) карантин;9) ортопедиялық протездеу кезінде беріледі. ЕУЖ анықтамасы:1) білім беру ұйымдарында оқитын адамдардың жіті немесе созылмалы аурулары асқынған, жарақаттану және улану; 2) алкогольдік немесе есірткілік мас болу жағдайында алынған жарақаттар, сондай-ақ алкогольдік немесе есірткелік жіті уыттанған; 3) өзге бұзылулармен және аурулармен асқынбаған созылмалы алкоголизмді, нашақорлықты емдеген; 4) науқас балаға күтім жасаған; 5) инвазивтік зерттеп-қарау әдістерін жүргізу кезеңінде консультациялық-диагностикалық ұйымдарда зерттеп-қараудан өткен; 6) жүктілікті жасанды үзген;7) жүкті болған және босанған;8) жаңа туған баланы асырап алған;9) санаторийлік-курорттық ұйымдарда толық емделген;10) карантин;11) ортопедиялық протездеу;12) ауысымның соңына дейін еңбекке жарамсыздық белгілері болған кезде беріледі. ЕУЖ парағын немесе анықтамасын беруді және ұзартуды медицина қызметкері адамды тексеріп-қарағаннан және науқастың амбулаториялық (стационарлық) медициналық картасына оны жұмыстан уақытша босату қажеттігін негіздейтін денсаулық жағдайы туралы деректерді жазғаннан кейін жүзеге асырады. 1. Жіті немесе созылмалы аурулар асқынған және жарақаттар кезінде ЕУЖ парағын немесе анықтамасын медицина қызметкері күнтізбелік 3 күнге (халықтың тұмаумен, ЖРВИ-мен қатты сырқаттанушылығы кезеңінде алты күнге дейін) және жалпы ұзақтығы күнтізбелік 6 күннен аспайтын мерзімге жеке өзі және бір мезгілде береді. 6 күннен артық ұзарту медициналық ұйымның бөлімше меңгерушісімен бірлесіп, жалпы ұзақтығы күнтізбелік жиырма күннен аспайтын мерзімге жүргізіледі. Мерзімнен артық ұзарту ДКК-ның қорытындысы бойынша жүргізіледі. ЕУЖ парағын немесе анықтамасын стационарлық емдеу кезінде (күндізгі стационарларды қоса алғанда) медицина қызметкері адамды шығарған күні стационарлық емдеудің бүкіл кезеңіне береді. Егер стационардан шығару сәтіне адамның еңбекке жарамдылығы толық қалпына келтірілсе, ЕУЖ парағы немесе анықтамасы шығарылған күнмен жабылады. 2.Жүктілік пен босану бойынша ЕУЖ парағын немесе анықтамасын беру тәртібі: 1) жүктілік пен босану бойынша ЕУЖ парағын немесе анықтамасын мед қызметкері (акушер-гинеколог дәрігер), жүктіліктің отызыншы аптасынан бастап ұзақтығы күнтізбелік 126 күнге қалыпты босанған жағдайда (босанғанға дейін күнтізбелік 70 күн және босанғаннан кейін күнтізбелік 56 күн) ДКК қорытындысынан кейін бөлімше меңгерушісімен бірлесіп, береді. 2) асқынған босану, екі және одан да көп бала туған жағдайда ЕУЖ парағы немесе анықтамасын мед қызметкері (акушер-гинеколог дәрігер) қосымша күнтізбелік 14 күнге ұзартады. Мұндай жағдайда босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі демалыстардың жалпы ұзақтығы күнтізбелік 140 күнді құрайды (босанғанға дейін 70 күн және босанғаннан кейін 70 күн). 3.Науқас балаға күтім жасау бойынша ЕУЖ парағын немесе анықтамасын медицина қызметкері тікелей күтім жасауды жүзеге асыратын баланың заңды өкілдерінің немесе жақын туыстарының біреуіне бірақ он күннен аспайтын мерзімге беріледі және ұзартылады.4.Ортопедиялық протездеу кезінде ЕУЖ парағы немесе анықтамасы адамды тек протездік-ортопедтік орталықтың стационарына емдеуге жатқызу кезінде, науқасты стационардан шығару кезінде стационарда болған бүкіл уақыты мен емделу орнына келу және қайту уақытына, бірақ күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ғана стационардың медицина қызметкері медициналық басшысымен бірлесе отырып, береді.Амбулаториялық-емханалық жағдайларда берілмейді.
71. Дәрігерлік-консультативтік комиссияның функциялары. Медициналық ұйымдағы дәрігерлік-консультативтік комиссия (ДКК) медициналық ұйымда медициналық көмек көрсетудің ұйымдастырылуын жетілдіру мақсатында құрылады. Дәрігерлік комиссия комиссиялық қарауды талап ететін ең күрделі және даулы жағдайларда алдын алу, диагноз қою, азаматтарды емдеу, медициналық оңалту және шипажай-курортта емдеу мәселелері бойынша шешім қабылдайды. ДКК міндеттері: 1) ДКК ұсынылған пациенттерге медициналық көмек көрсетудің сапасын бағалау; 2) ДКК-ға жіберілген пациенттерге және ұзақ ауыратын (2 айдан көп) пациенттерге емдеу-диагностикалық, оңалту іс-шараларын жүргізудің диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларына, денсаулық сақтау саласындағы операциялық рәсімдердің стандарттарына және медициналық көмектің стандарттарына сәйкестігін бақылау; 3) мүгедектердің ОЖБ-ның медициналық бөлігінің іске асыруын бақылау; 4) пациенттерді МӘС-ға уақтылы және негізді жіберу; 5) ОЖБ-ның медициналық бөлігін қоса алғанда, пациенттерді МӘС-ға жіберу кезінде медициналық құжаттардың мерзімі мен ресімдеу сапасын бақылау; 6) ДКК жіберілген пациеттердің денсаулық жағдайын бағалау және ҚР заңнамасына сәйкес ДКК қорытындысын енгізу; 7) ЕУЖ сараптамасының күрделі және шиеленісті мәселелерді шешу; 8) ЕУЖ парағы мен анықтамасын беру және ұзартуды бақылау;9) МӘС-ға негізсіз жіберуді талдау және ДКК жұмысын жақсарту жөніндегі шараларды қабылдау. ДКК функциялары:1) ЕУЖ сараптамасын өткізу; 2) басқа қаланың тұрғындарына, шетел азаматтарына ЕУЖ парағын және анықтамасын беруге рұқсат ету; 3) шетелде болған кезде ауруларды, жарақаттарды бастан өткерген ҚР адамдарына ЕУЖ парағын (анықтамасын) беруге рұқсат ету 4) пациентті жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге, адам ағзаларын және тіндерін транспланттауды жіберу мәселелері бойынша шешім қабылдау; 5) МӘС-ға пациенттерді жіберу және оның ішінде емдеу кезінде жоғары технологиялық аз инвазивтік араласуларды қолданған адамдарды, мерзімдерін айқындау мәселелері бойынша шешім қабылдау; 6) "ТМККК шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы" № 786 бұйрығына сәйкес дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың қымбат және ұзақ емделгенде қажеттілігін айқындау; 7) № 786 бұйрыққа сәйкес диспансерлік бақылауда тұратын пациенттерді ТМККК шеңберінде амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдарымен және мамандандырылған емдік өнімдерімен тегін қамтамасыз етуді бақылау, мониторинг жасау, тиімділігін бағалау және негізділігі мәселелерін шешу.
72. Еңбекке қабілеттіліктің бұзылу түрлері. Еңбекке жарамсыздық – кәсіптік еңбекті толық немесе ішінара, шектеулі уақыт ішінде немесе тұрақты түрде орындау мүмкін болмайтын аурудан, жарақаттанудан және олардың зардаптарынан немесе басқа да себептерден болатын организмнің жай-күйі. Еңбекке жарамсыздық түрлері: еңбекке қабілеттілік дәрежесі бойынша - толық немесе жартылай; еңбек функциясын қалпына келтіру перспективаларына қарай - уақытша немесе тұрақты; еңбек қызметінің түрлері бойынша - жалпы немесе кәсіптік. Еңбекке жарамсыздық негізгі түрлері: -- уақытша (толық және жартылай); -- тұрақты (толық және жартылай); 1) Уақытша еңбекке жарамсыздық- ауру салдарынан туындаған қызметтің бұзылуы мен немесе кәсіби еңбек етуге кедергі келтіретін, жарақатпен сипатталатын кезіндегі ағзаның уақытша немесе қайтымды сипатқа ие жағдайымен анықталады. Уақытша еңбекке жарамсыздық болуы мүмкін: - толық (белгілі бір мерзімге кез-келген жұмысты орындай алмау; арнайы режим мен емдеу қажеттілігі); Науқас ауруға немесе жарақатқа байланысты белгілі бір мерзімге кез-келген жұмыстан босатуды қажет етсе, уақытша еңбекке жарамсыздық толық деп саналады. - жартылай (жеңілдетілген режиммен немесе азайтылған көлеммен басқа жұмысты орындау қабілетін сақтай отырып, өз кәсібіне қатысты уақытша еңбекке жарамсыздық). Мұндай науқас белгілі бір мерзімге басқа жұмысқа ауысуды қажет етеді. Басқа жұмысқа уақытша ауыстыру көбінесе қабыну реакциясы жоқ және жалпы денсаулық жағдайы нашарлағанда, жеңіл ауруларда, созылмалы аурудың өршуінен кейін және т.б. жарақаттар үшін қолданылады. 2)Еңбекке қабілеттіліктің тұрақты бұзылуы (мүгедектік) – ауруға, жарақатқа немесе анатомиялық кемістікке байланысты функционалдық немесе органикалық бұзылулар постоянный немесе тұрақты сипатқа ие болатын және негізгі кәсібі бойынша жұмысты (толық немесе жартылай) ұзақ мерзімге немесе тұрақты орындауға (жалғастыруға) кедергі жасайтын организмнің жай-күйі. - Еңбекке қабілеттіліктің тұрақты жоғалуы, уақытша сияқты, жартылай немесе толық болуы мүмкін. Созылмалы аурудың немесе жарақаттың салдарынан жартылай тұрақты еңбектің бұзылуы жағдайында адам өз жұмысын орындау мүмкіндігін жоғалтады, бірақ басқа кәсіпте немесе басқа еңбек жағдайларында жұмыс істей алады. Мұндай жағдайларда анатомиялық морфологиялық немесе функционалдық қатынастардың айқын бұзылуы кезінде Біліктіліктің едәуір төмендеуімен мүгедектіктің III тобы белгіленеді. - Созылмалы ауруға немесе жарақат салдарына байланысты еңбекке қабілеттілігінен толық, тұрақты немесе ұзақ тұрақты айрылу кезінде еңбек қызметінің әсерінен ауру ағымының нашарлау мүмкіндігі салдарынан еңбектің барлық түрлері қарсы көрсетілімді. Мұндай жағдайларда әдетте мүгедектіктің II тобы белгіленеді. Толық тұрақты, тұрақты немесе ұзақ мерзімді еңбек ету қабілетінен айрылу пайда болған және мүгедек тұрақты бөгде адамның күтіміне мұқтаж болған жағдайларда, әдетте, мүгедектіктің I тобы белгіленеді.
73. МСАК мекемелерінің жұмысында қолданылатын негізгі бастапқы есепке алу-есеп беру құжаттамасын атаңыз. ДСМ № 198 және №175 бұйрықтары бойынша медициналық құжаттарды қолдану бойынша өзгерістерді атаңыз. Медициналық құжаттама - медициналық диагностикалық процестің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. 2020 жылғы 21 қарашадан бастап «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» ҚР ДСМ 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы қолданылады. Сәйкесінше, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығы күшін жойды. Медициналық құжаттаманың келесі нысандары бекітілді: стационарларда қолданылатын; стационарлар мен амбулаториялық-емханалық ұйымдарда; амбулаториялық-емханалық ұйымдарда – ҚР емханасының медициналық құжаттамасы; медициналық ұйымдардың басқа түрлері; медициналық ұйымдардың құрамындағы зертханалар; қан қызметі ұйымдары; Денсаулық сақтау ұйымдарының есептік медициналық құжаттама нысандарының тізбесі; медициналық қызмет көрсету ақауларын есепке алу картасының нысаны. Мысалы:ҚР ДСМ-175/2020 және 907 бұйрықтарының медициналық есепке алу құжаттамасындағы өзгерістер: 1)Стационарлық науқастың медициналық картасы 003/у -001/у(өзгертілген) 2) Өлімнен кейінгі сараптама хаттамасы (картасы) 004/у-002/у 3) Қанның, оның компоненттерінің, препараттардың қозғалысын тіркеу нысаны және диагностикалық нормативтер 005-2/у-003у 4) Ретроплацентальды қан жинауды есепке алу кітабы 006/у-004/у 5) Науқастар мен аурухана төсектерінің қозғалысын тіркеу парағы 007/у-005/у 6) Қан құюды, оның компоненттерін, препараттарын тіркеу нысаны 009/у-006/у. Бүгінгі күні Қазақстанда алғашқы медициналық құжаттаманы жүргізу және есептерді ұсыну қағидаларын ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-244/2020 бұйрығы регламенттейді. Амбулаториялық-емханалық ұйымдарда пайдаланылатын медициналық құжаттама нысандары:1) Амбулаториялық пациенттің медициналық картасы 052/е 2)Амбулаториялық пациенттің статистикалық картасы 054/е 3) Профилактикалық қарап-тексеру (скрининг) картасы 055/е 4)Профилактикалық егулер картасы 065/е және т.б. Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес нысан бойынша бекітілген Стационарлық пациенттің медициналық картасы медициналық ұйымның негізгі медициналық құжаты болып табылады, ол стационарға түскен әрбір пациентке толтырылады. Онда пациенттің стационарда болған барлық уақыты ішіндегі жай-күйін, оның емделуін ұйымдастыруды сипаттайтын барлық қажетті мәліметтер, объективті және зертханалық зерттеулер мен тағайындаулар деректері қамтылады. Пациент стационардан шығарылған күні шығару эпикризі ресімделеді.
74. Уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарын беру тәртібі. ЕУЖ - адам организмінің сырқаттанумен немесе жарақаттанумен негізделетін жайкүйі, мұндай кезде функциялардың бұзылуы еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру немесе мүгедектікті белгілеу үшін қажетті уақыт бойы кәсіптік еңбекті орындаудың мүмкін болмауы. ЕУЖ парағын және анықтамасын беру тәртібі: -ЕУЖ парағы және анықтамасы жеке басын куәландыратын құжатын, 16 жасқа дейінгі балалар туу туралы куәлігін ұсынған кезде беріледі. -ЕУЖ парағын және анықтамасын беруді және ұзартуды мед қызметкері адамды тексеріп-қарағаннан және науқастың амбулаториялық медициналық картасына оны жұмыстан уақытша босату қажеттігін негіздейтін денсаулық жағдайы туралы деректерді жазғаннан кейінжүзеге асырады. -ЕУЖ парағы мен анықтамасы ЕУЖ-ы белгіленген күнінен бастап мереке және демалыс күндерін қоса алғанда, еңбекке жарамдылығын қалпына келтірудің бүкіл кезеңі бойына беріледі. -Аурулар мен жарақаттар кезінде ЕУЖ парағын және анықтамасын медицина қызметкері күнтізбелік 3 күнге (халықтың тұмаумен қатты сырқаттанушылығы кезеңінде 6 күнге дейін) және жалпы ұзақтығы күнтізбелік 6 күннен аспайтын мерзімге жеке өзі және бір мезгілде береді. –ЕУЖ парағы мен анықтамасын 6 күннен артық ұзарту медициналық ұйымның бөлімше меңгерушісімен бірлесіп, жалпы ұзақтығы күнтізбелік 20 күннен аспайтын мерзімге жүргізіледі. -ЕУЖ парағынан көрсетілген мерзімнен артық ұзарту ДКК-ның қорытындысы бойынша жүргізіледі. -Жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын күнтізбелік 6 күннен аспайтын мерзімге береді. -Жұмыс (ауысым, оқу) уақыты аяқталғаннан кейін медициналық көмекке өтініш білдірген адамдарға еңбекке уақытша жарамсыздық парағында және анықтамасында келесі күннен бастап жұмыстан босату күні көрсетіледі. *Тұрған өңірінен тыс ем қабылдаған адамдарға оның тұрақты мекенжайына келуі үшін қажетті уақыт (бірақ күнтізбелік 4 күннен аспайтын мерзімге) есептеледі. *Созылмалы алкоголизмді, нашақорлықты, уыттанушылықты емдеу кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасымен куәландырылады. Егер бұл кезеңде аурулар туындаса немесе жарақат алса еңбекке уақытша жарамсыздық парағы беріледі. * Оқуын жұмыспен қоса атқаратын адамға еңбекке уақытша жарамсыздық парағы тіркелген жеріндегі медициналық ұйымдар береді.*Егер адам бірнеше жұмыс берушіде жұмыс істейтін болса жұмыс берушінің атауы көрсетіле отырып, оған әрбір жұмыс орны бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары беріледі. ЕУЖ парағы еңбекке уақытша жарамсыздықты куәландыратын және жұмыстан уақытша босатуға және еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақы алуға құқығын растайтын құжат.
75. Уақытша еңбекке жарамсыздық парағын толтыру тәртібі. ЕУЖ- адам организмінің сырқаттанумен немесе жарақаттанумен негізделетін жайкүйі, мұндай кезде функциялардың бұзылуы еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру немесе мүгедектікті белгілеу үшін қажетті уақыт бойы кәсіптік еңбекті орындаудың мүмкін болмауы; ЕУЖ парағы –ЕУЖ-ты куәландыратын және жұмыстан уақытша босатуға және еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақы алуға құқығын растайтын құжат; ЕУЖ парағы мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ресімделеді. ЕУЖ парағын беретін денсаулық сақтау субъектілері оның беткі жағын толтырады. "Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы" атауымен ЕУЖ парағының беткі жағында тиісінше не "алғашқы" не "жалғасы" деген сөздердің асты сызылады. Кейін мед. ұйымның атауы мен мекенжайы, парақты беру күні, пациенттің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы мен жұмыс орны көрсетіліп, медициналық ұйымның мөрі қойылады. "Уақытша жұмысқа жарамсыздық түрі" бағанында парақты беру негізі көрсетіледі. Егер ЕУЖ парағы босануға байланысты берілсе - босану күні, ұл/қыз баланы асырап алуға байланысты-асырап алу күні, науқас балаға күтім жасау бойынша - баланың туған жылы мен күні көрсетіледі. "Режим деген жолда жазылған емдеу-сақтау режимінің (стационарлық, амбулаториялық, санаториялық) түрі көрсетіледі. Медицина қызметкері тағайындаған режимді адамның бұзу жағдайлары (алкогольді шамадан тыс пайдалану, тағайындаған зерттеп-қарауды немесе емдеуді орындамау, мед. қызметкерінің қабылдауына көрсетілген мерзімде келмеу, басқа жерге кетіп қалу және басқалар) міндетті түрде белгіленіп, мед. қызметкерінің қолы қойылады. Тиісті кестелерде стационарлық емдеу мерзімдері туралы, МӘС-ға жолдау күні және олардың қорытындысы туралы белгілер жасалады. "Жұмыстан босату" бөліміндегі "Қай күннен бастап" бағаны араб цифрларымен, ал "Қай күнді қоса алғанда" деген бағанда жазбаша жазылады. Бұл бөлімнің әрбір жолында мед. қызметкерінің лауазымы, тегі мен аты, қолы көрсетіледі. "Жұмысқа кірісу" деген жол адам тексеріліп-қаралғаннан және еңбекке жарамды деп танылғаннан кейін келесі күнмен (айы мен күні) жазбаша толтырылады. ЕУЖ сақталған жағдайда: "Әлі сырқаттануда" деп жазылады және басқа еңбекке жарамсыздық парағының нөмірі мен берілген күні көрсетіледі. Еңбекке жарамсыздық басқаша аяқталған жағдайда: "Мүгедектік белгіленді (күні)", "қайтыс болды" (қайтыс болған күні көрсетіледі) деген мәліметтер жазылады.
76. Медициналық-әлеуметтік сараптама ұғымы. Медициналық-әлеуметтік сараптама организм функцияларының тұрақты бұзылуынан туындаған тіршілік-тынысының шектелуін бағалаулар негізінде куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілік тәртібін айқындайды. МӘС-ны ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері жүргізеді. Ауру мен мүгедектіктің деңгейіне, құрылымына қарай МӘС бөлімдері жалпы бейіндегі, мамандандырылған бейіндегі (кәсіптік ауруы бар, туберкулезбен ауыратын, психикалық ауытқулары бар науқастар үшін) және педиатриялық бейіндегі МӘС бөлімдері болып бөлінеді. МӘС жүргізу үшін негіздер: Медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының (бұдан әрі – ДКК) жолдамасы: 1) организм функциялары тұрақты бұзылған кезде алғаш куәландыру; 2) қайтадан куәландыру. Медициналық ұйымдар тіршілік-тынысының шектелуіне алып келетін ауруға, жарақат зардаптарына немесе кемістікке байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізгеннен кейін, анатомиялық кемістіктері бар адамдарды немесе организм функцияларының едәуір немесе өте айқын білінетін бұзылушылықтары бар және оңалту әлеуеті жоқ жазылмайтын ауруларды қоспағанда, еңбекке уақытша жарамсыздық басталған немесе балаларға және жұмыс істемейтін адамдарға диагноз белгіленген сәттен бастап кемінде төрт айдан кейін МӘС-ке жібереді. ҚР Еңбек кодексінің 54-бабы 1-тармағының 17) тармақшысына сәйкес екі айдан астам ЕУЖ мерзімі белгіленетін аурулар түрлерінің тізбесіне кірмейтін организм функцияларының шамалы білінетін бұзылуы бар кәсіптік аурулар жағдайларында, мед оңалтуды жүргізу үшін көрсетілімдер болмаған кезде уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі есепке алынбастан куәландырылатын адам КЕА (кәсіптік еңбек ету) дәрежесін белгілеу мақсатында МӘС-ке жіберіледі. Медициналық ұйымдар қайта куәландырудың кезекті мерзімін ескере отырып, мүгедектерді және еңбек ету қабілетінен айырылған адамдарды қайта куәландыруға жібереді. Медициналық ұйымдардың дәрігерлеріне консультациялық көмекті ДКК қорытындысының, медициналық құжаттардың, оның ішінде науқастың консультацияға жолдамасы бар амбулаторлық медициналық картасы негізінде МӘС бөлімі және МӘС әдіснама және бақылау бөлімі жүргізеді. МӘС бөлімінің және МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің консультациялық қорытындысы амбулаторлық науқастың медициналық картасына енгізіледі. Медициналық тексеріп-қараудың толықтығын, көлемін және адамды МӘС- ке жіберудің негізділігін жолдама берген медициналық ұйымның ДКК төрағасы қамтамасыз етеді.
77. Пациентті медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу ережесі Медициналық-әлеуметтік сараптама организм функцияларының тұрақты бұзылуынан туындаған тіршілік-тынысының шектелуін бағалаулар негізінде куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілік тәртібін айқындайды. МӘС-ны ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері жүргізеді. Ауру мен мүгедектіктің деңгейіне, құрылымына қарай МӘС бөлімдері жалпы бейіндегі, мамандандырылған бейіндегі (кәсіптік ауруы бар, туберкулезбен ауыратын, психикалық ауытқулары бар науқастар үшін) және педиатриялық бейіндегі МӘС бөлімдері болып бөлінеді. МӘС жүргізу үшін негіздер: Мед. ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының (бұдан әрі – ДКК) жолдамасы: 1) организм функциялары тұрақты бұзылған кезде алғаш куәландыру; 2) қайтадан куәландыру. Медициналық ұйымдар тіршілік-тынысының шектелуіне алып келетін ауруға, жарақат зардаптарына немесе кемістікке байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізгеннен кейін, анатомиялық кемістіктері бар адамдарды немесе организм функцияларының едәуір немесе өте айқын білінетін бұзылушылықтары бар және оңалту әлеуеті жоқ жазылмайтын ауруларды қоспағанда, ЕУЖ басталған немесе балаларға және жұмыс істемейтін адамдарға диагноз белгіленген сәттен бастап кемінде төрт айдан кейін МӘС-ке жібереді. ҚР Еңбек кодексінің 54-бабы 1-тармағының 17) тармақшысына сәйкес екі айдан астам ЕУЖ мерзімі белгіленетін аурулар түрлерінің тізбесіне кірмейтін организм функцияларының шамалы білінетін бұзылуы бар кәсіптік аурулар жағдайларында, мед. оңалтуды жүргізу үшін көрсетілімдер болмаған кезде уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі есепке алынбастан куәландырылатын адам КЕА (кәсіптік еңбек ету) дәрежесін белгілеу мақсатында МӘС-ке жіберіледі. Мед. ұйымдар қайта куәландырудың кезекті мерзімін ескере отырып, мүгедектерді және еңбек ету қабілетінен айырылған адамдарды қайта куәландыруға жібереді. Медициналық ұйымдардың дәрігерлеріне консультациялық көмекті ДКК қорытындысының, медициналық құжаттардың, оның ішінде науқастың консультацияға жолдамасы бар амбулаторлық медициналық картасы негізінде МӘС бөлімі және МӘС әдіснама және бақылау бөлімі жүргізеді. МӘС бөлімінің және МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің консультациялық қорытындысы амбулаторлық науқастың медициналық картасына енгізіледі. Медициналық тексеріп-қараудың толықтығын, көлемін және адамды МӘС- ке жіберудің негізділігін жолдама берген мед. ұйымның ДКК төрағасы қамтамасыз етеді.
78. Мүгедектік топтары, олардың сипаттамасы.Мүгедектіктің негізгі себепері. Мүгедектік науқастану, жарақат, апатқа ұшырау, кемтар болып туу салдарынан адамның мүлдем не уақытша еңбек ету қабілетінен айырылуы. Аурудың жағдайына, органдардың қызметінің бұзылу деңгейіне, клиника болжамға және еңбекке жарамсыздығына байланысты мүгедектік үш топқа бөлінеді. І-топқа мүлде немесе ұзақ уақыт еңбекке жарамсыз, үнемі басқа біреудің күтімін, көмегін немесе бақылауын қажет ететін адамдар жатады. Бірінші топ мүгедектерін бекіту критерийлері:Ағза функцияларының тұрақты маңызды түрде бұзылуы немесе бұзылғанының анық көрінуі болып саналады. 3 дәрежедегі өзін өзі қамтамасыздандыруға мүмкіндігі; қозғалуға мүмкіндігі; тұспалға мүмкіндігі; қарым-қатынасқа мүмкіндігі; өзінің іс-қимылына жауап беру мүмкінді. ІІ-топқа басқа адамның көмегін қажет етпейтін, жұмыстың кейбір түрлерін атқара алатын адамдар жатады. Екінші топ мүгедектерін бекіту критерийлері: ағза функцияларының тұрақты түрде бұзылуы, сырқаттануының арқасында, алған жарақаттарының барысында өмірлік қызмет дәрежелері немесе олардың тіркестерінің шектелуі; -- 2-дәрежедегі өзін өзі қамтамасыздандыруға мүмкіндігі; қозғалуға мүмкіндігі;қарым-қатынасқа мүмкіндігі; өзінің іс-қимылына жауап беру мүмкінді. --үшінші, екінші дәрежедегі еңбекке қабілеттігі; дәрежедегі оқуға мүмкіндігі; ІІІ-топқа еңбек ету қабілеті төмен болғанымен жеңіл-желпі жұмыстарды істей алатын, бірақ денсаулығына байланысты жұмыс жағдайын оңтайлы өзгертуді қажет ететін адамдар жатады. Үшінші топ мүгедектерін бекіту критерийлері: Ағза функциялары бұзылуының баяу байқалуы, сырқаттануының арқасында, алған жарақаттарының барысында өмірлік қызмет дәрежелері немесе олардың тіркестерінің шектелуі, баяу байқалуына әкеп соғатын төмендегі көрсетілген ақаулықтарға байланысты табылады.–1-дәрежедегі өзін өзі қамтамасыздандыруға мүмкіндігі; қозғалуға мүмкіндігі; оқуға мүмкіндігі; қарым-қатынасқа мүмкіндігі; өзінің іс-қимылына жауап беру мүмкінді.--екінші дәрежедегі өзінің іс-қимылына жауап беру мүмкінді.--үшінші, екінші дәрежедегі еңбекке қабілеттігі (еңбекке қабілеттігі); Мүгедектік – өзгеріп тұратын категория. Мысалы, аурудың түріне қарай және оның дұрыс емделуіне байланысты мүгедек адамның денсаулығы жақсарып, еңбек ету қабілеттілігі жоғарылауы, ал кейде, керісінше жағдайдың да көрініс беріп, адам мүлдем кемтар болып қалуы мүмкін. Тұрақты еңбекке жарамсыздықты сараптау және мүгедектік тобын әлеуметтік қорғау мекемелерінің жанынан ұйымдастырылған медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясы белгілейді. Еңбек ету қабілетін жоғалтқан тұлғаларды әлеуметтік қамсыздандыру негізінен 2 бағытта жүргізіледі: зейнетақымен қамтамасыз ету және еңбек ете алатындарды жұмысқа орналастыру. Мүгедектіктің негізгі себептері: науқастану, жарақат, апатқа ұшырау, кемтар болып туу, жалпы ауру, бала кезінен мүгедектік, кәсіптік ауру, әскери іс-қимылдарға қатысуына байланысты. --Жалпы ауруға байланысты - кәсіптік аурулармен, өндірістік жарақаттармен, әскери жарақаттармен және т.б. тікелей байланысты жағдайларды қоспағанда, мүгедектіктің ең көп таралған себебі. --«Еңбек жарақатына>> байланысты - еңбекке жарамсыздық себебі ретінде өндірістегі жазатайым оқиғаға байланысты денсаулығының зақымдануы салдарынан мүгедек болған азаматтарға белгіленеді. -- Кәсіптік ауруға байланысты - жіті және созылмалы кәсіптік аурулардың салдарынан мүгедектігі бар азаматтар үшін белгіленеді. --Бала кезден - мүгедек деп танылған 18 жасқа толмаған адамға «мүгедек бала» мәртебесі беріледі.- 18 жасқа толған және одан жоғары бұл адамдар «бала кезінен мүгедек» деп белгіленеді. --Бұрынғы әскерден- ауруы және әскери міндеттерді орындаумен байланысты жарақаттар кезінде белгіленеді.
79. Кешенді медициналық ақпарат жүйесі (КМАЖ)мақсаты мен міндеті
КМАЖ - бұл медициналық -профилактикалық мекемелерде және денсаулық сақтау жүйесінде болатын әртүрлі үрдістерді автоматтандыруға арналған бағдарламалық- техникалық құралдардың, мәліметтер базасы мен білімнің жиынтығы. КМАЖ – бұл мемлекеттік немесе коммерциялық мекеме болсын, олардың мамандануына және бағыныстылығына қарамастан медициналық ұйымдардың жұмысын автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет