Медико –санитарлық алғашқы көмекті ұйымдастыру (мсак) ұйымының принциптері, Астана декларациясында жарияланған



бет33/42
Дата16.04.2024
өлшемі317.51 Kb.
#498789
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   42
пмсп экзамен 3

Әлеуметтік маңызы бар аурулар – елдің демографиялық ахуалына айтарлықтай әсері бар, негізгі белгісі және сонымен бірге негізгі проблемасы кең таралу мүмкіндігі болып табылатын аурулар.
Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға ұсынылатын медициналық көмек профилактикалық, емдеу-диагностикалық қызметтерді, қалпына келтіру емін, медициналық оңалтуды, паллиативтік және әлеуметтік-психологиялық көмекті қамтиды. Медициналық ұйымдарда әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға медициналық-әлеуметтік көмек Кодекстің 6-бабының 7-тармағына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетіледі. Медициналық-әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі:
Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға медициналық-әлеуметтік көмек мынадай нысандарда ұсынылады: 1) амбулаториялық-емханалық көмек; 2) стационарлық көмек;
3) стационарды алмастыратын көмек; 4) қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту;
5) паллиативтік көмек және мейіргер күтімі; 6) әлеуметтік-психологиялық көмек.
– Егер учаскелік дәрігер (ЖПД, терапевт немесе педиатр) пациентте әлеуметтік мәні бар аурулардың белгілерін байқаса, онда ол оны тиісті бейінді маманға (тар бейінді дәрігерге, психологқа) консультацияға жібереді. Бұл ретте тар бейінді мамандардың консультациялары МӘМС пакетіне жатады, сондықтан бұл қызметті алу үшін науқастың сақтандырылған мәртебесі қажет. Көрсетілімдер болған кезде дәрігер науқасты диагностикаға жібереді, олар басқа бейінді мамандардың консультациялары, инструментальдық және зертханалық зерттеулер болуы мүмкін. Диагнозды растағаннан кейін учаскелік дәрігер пациентті диспансерлік есепке қояды және ол қажетті медициналық көмекті ала алады.


66. Әлеуметтік - психологиялық көмек
Әлеуметтік жұмыс-бұл қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге, адамдар арасындағы мәселелерді шешуге және адам бостандығы мен оның лайықты өмір сүру салтын нығайтуға ықпал ететін қызмет. Әлеуметтік қызметкерлердің негізгі мақсаты-халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және жеңілдету болып табылады. Психологиялық көмектің негізгі бағыттары-психологиялық алдын алу, психологиялық кеңес беру, психодиагностика, психокоррекциялық жұмыс (тренингтер, түзету сабақтары) болып табылады. Психологиялық көмек халыққа психологиялық тұрғыдан көмек беруге ықпал етеді. Психологтың кеңес беру көмегін алғысы келетін адамдар саны өсе түсуде олар балалар, студенттер, еңбекке қабілетті халық және зейнеткерлік жастағы адамдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет