«_______________________________________»
МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫНЫҢ
20____-20____ жылдарға арналған
ҰЖЫМДЫҚ ШАРТЫ
Шартқа қол қойғандар:
Жұмыс беруші атынан:
Директор
_______________________________
«______» ___________ 20____ ж.
М.О.
|
|
Қызметкерлер атынан:
Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы
_______________________________
«______» ___________ 20____ ж.
М.О.
|
Ұжымдық шартты мониторингке қабылдау туралы мәліметтер__________________ _____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
I. Жалпы ережелер
1.1. Ұжымдық шарт жұмыс беруші мен қызметкерлер арасында жасалды және «___________________________________________________________________» МКҚК
әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық акт болып табылады.
1.2. Ұжымдық шарт колледж қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғау және қызметкерлер үшін қосымша әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және кәсіби кепілдіктер, жеңілдіктер мен басымдылықтарды белгілеу, сондай-ақ белгіленген заңдармен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен, әлеуметтік әріптестік туралы Бас, Салалық келісіммен, Аймақтық келісіммен салыстырғанда еңбектің анағұрлым қолайлы жағдайларын жасау жөніндегі қызметкерлер мен жұмыс берушінің өзара міндеттемелерін айқындау мақсатында ҚР Еңбек кодексіне ( әрі қарай – ҚР ЕК), ҚР «Кәсіподақтар туралы» Заңына, ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жасалды.
1.3. Ұжымдық шарттың тараптары:
Қызметкерлер, олардың өкілі тұлғасында колледждің кәсіподақ комитетінің (КК) төрағасы – __________________________________________ (әрі қарай – Қызметкерлер);
Жұмыс беруші өкілінің тұлғасында - директор ___________________________ (әрі-қарай – Жұмыс беруші) болып табылады.
1.4. Кәсіподақ мүшелері болып табылмайтын қызметкерлер КК-нен жұмыс берушімен өзара қарым-қатынастарындағы олардың мүдделерін білдіру жөнінде өздерінің жазбаша өтініштері арқылы сұрауға, сондай-ақ осы ұжымдық шартқа қосылуға құқылы. КК қызметкерлердің мүдделерін білдіреді және ұжымдық шарт ережелерінің іс-әрекетін кәсіподақ мүшелері болып табылмайтын тұлғаларға, егер олар кәсіподақ шотына жалақыларынан 1 (бір) % ай сайын аударатын болса ғана қолданады.
1.5. Осы ұжымдық шарттың іс-әрекеті кәсіподақ мүшелері болып табылмайтын қызметкерлерге және оларға қосылған тұлғаларға қолданылады.
1.6. Тараптар ұжымдық шарттың мәтіні оған қол қойғаннан кейін 20 күн ішінде жұмыс берушімен қызметкерлерге таныстырылады деп келісті.
1.7. Ұжымдық шарт колледждің атауы өзгерген жағдайда, колледж басшылығымен еңбек шартын бұзғанда, қайта құру нысанымен қайта ұйымдастырылған кезде өзінің іс-әрекетін сақтайды.
1.8. Колледж қайта құрылған кезде (қосылу, бірігу, бөліну, қайта құру) ұжымдық шарт өзінің іс-әрекетін оның барлық іс-әрекет мерзімінде немесе оған өзгертулер, толықтырулар енгізілгенге дейін сақтайды.
1.9. Колледждің меншік нысаны ауысқан кезде ұжымдық шарттың іс-әрекеті меншік құқығы ауысқан күннен бастап үш ай ішінде сақталады.
1.10. Колледж таратылған кезде ұжымдық шарт өзінің іс-әрекетін таратылу жүргізудің барлық мерзімі бойы сақтайды.
1.11. Ұжымдық шарттың іс-әрекет мерзімінде тараптардың ешқайсысының өздеріне қабылданған міндеттемелерді біржақты тәртіпте тоқтатуға құқығы жоқ.
1.12. Ұжымдық шарттың іс-әрекет мерзімі ішінде тараптар оған өзгертулер мен толықтыруларды ұжымдық шартты жасау үшін ҚР ЕК белгіленген тәртіпте өзара келісім бойынша енгізе алады.
1.13. Осы шарттың міндеттемелерін қайта қарау қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайларының деңгейін төмендетуге әкеліп соқпайды.
1.14. Ұжымдық шарт ережелерін түсіндіру және жүзеге асыру жөніндегі барлық даулы мәселелер тараптармен шешіледі.
1.15. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес тараптар келіссөздерге қатысудан бас тартқаны үшін, ұжымдық шартқа сәйкес қабылданған міндеттемелерді бұзғаны немесе орындамағаны үшін, басқа да құқыққа қарсы әрекеттері (әрекетсіздіктері) үшін жауапқа тартылады.
1.16. Осы ұжымдық шарттың ережелерін түсіндіру мен жүзеге асыру жөніндегі барлық даулы мәселелер тиісті уәкілетті органдардың шешімімен әрбір тараптан үш адамнан тең негізде құрылған комиссиямен шешіледі. Мәселені аталған комиссиямен шешу мүмкін болмаған жағдайда, кез келген тарап әлеуметтік әріптестік жөніндегі аудандық (облыстық) салалық екіжақты комиссияға өтінішке бастамашылық жасайды. Егер тараптар туындаған дау бойынша өзара тиімді шешімге келмеген жағдайда, онда соңғысы ұжымдық еңбек дауын шешу үшін қолданыстағы құқықпен белгіленген тәртіпте шешілуі мүмкін. Сонымен бірге, келіспеген тарап туындаған дауды шешу үшін сотқа жүгіну құқығынан айрылмайды.
1.17. Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек құқығына сәйкес жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссиясын міндетті құру туралы келісті. Комиссия құрамы әрбір тараптан үш өкілден тең негізде құрылады. Қызметкерлер мен білім беру ұйымының арасында туындаған барлық санаттағы жеке еңбек даулары ҚР Еңбек кодексімен көзделген тәртіпте еңбек дауы тарапының арызы бойынша келісу комиссиясымен қаралуы мүмкін. Келісу комиссиясы осы ұжымдық шарттың қосымшасы болып табылатын Ереже негізінде әрекет етеді (№ 2 қосымша).
1.18. Ішкі еңбек тәртіптемесі Ережесінің мәтіні жұмыс берушінің актімен бекітілу үшін тараптармен келісілді (№ 1 қосымша).
1.17. Осы ұжымдық шарт оған тараптар қол қойған кезден бастап күшіне енеді және 20___ жылдың «___» ______________ дейін қолданыста болады.
Достарыңызбен бөлісу: |