Мысалдар турасында айтқанда қазақтың талантты қаламгерінің бірі Сәбетқазы Ақатаев



бет5/6
Дата08.04.2022
өлшемі38.28 Kb.
#456623
1   2   3   4   5   6
Байтұрсынов А

Еріншек Есек
Бір саудагердің есегі болыпты. Есектің күші қандай көп бол-
са, жалқаулығы да біраз бар екен. Саудагер кең пейілді мейірімді 
адам болса керек, қыңырлығына қарамай, Есегін жақсы күтіпті. 
Алайда, саудагер бір жерден екінші жерді аралап, көп жүк та-
сып жүріп, əдетінде үйіне өте кеш оралады екен. 
Есек түнде қорадағы басқа малға, өз тірлігінің ауырлығын 
айтып, қожасына наразы екенін баян етеді. Олар есектің 
айтқанына сеніп, жандары ашиды екен. 
Күндердің бір күнінде саудагер Есегіне екі қап тұз артып
шаһарға жол тартады. Жолда көпір кездеседі. Көпірдің дəл 
ортасына жете бергенде, Есектің аяғы тайып, өзенге құлап 
түседі. Саудагер көп қиындықпен Есегін судан шығарып алады. 
Есек жағаға шыққан соң, арқасындағы жүктің жеңілденгенін 
сезеді. “Осыған дейін ойыма неге келмеген. Бұл есте болатын іс 
екен”, – деп түйіп қояды, Есек ішінен. 
Тұзын суға ағызып алған саудагер үйіне оралып, Есегіне басқа 
жүк артып, шаһарға қайта бет алады. Сол көпірдің үстіне екінші 
рет шыға бергенде, Есек жүк-мүгімен суға секіріп түседі. Сау-
дагер ақымақ Есегін жағаға шығарып алады. Есекке артылған 
жүк бұл жолы мата екен, суға тиген соң, бұрынғысынан да ау-
ырлай түседі. Ал, саудагер болса, су матаны базарға апармай, 
үйіне қайта оралады. 

Кұйрықсыз қалған Түлкі
Бір күні қызыл Түлкі орман ішімен келе жатып, қақпанға 
құйрығынан түсіп қалады. Ары тартып, бері тартып 
жатқанда, құйрығы үзіліп кетеді. Сөйтсе де, Түлкі аман-есен 
босанғанына разы болады. Бірақ мекен еткен сайына жетіп, 
басқа түлкілер сəлемдесуге келгенде, өзінің мүшкіл халде 
екенін біледі. Құйрығы жоқтығына ұялғандығынан кірерге 
тесік таппайды. Алайда, қызыл Түлкі асқан қу екен, сол 
қулығын жасағысы келеді. Ол басқа түлкілердің бəрін үйіне 
шақырып алады. 
– Қадірлі достарым, өте бір маңызды істің мəн-жайын ай-
тайын деген едім. Құйрық деген қазір сəннен қалды. Құйрық 
жүріп-тұруға да ыңғайсыз. Құйрықсыздық – кербездіктің 
белгісі. Маған караңдаршы, мен сияқты құйрықсыз жүруді 
үйреніңдер. Құйрықтарыңды кесіп тастаңдар! Құйрықсыз 
жүгірудің өзі қандай жеңіл əрі ыңғайлы. Мен өз құйрығымды 
кесіп тастағаныма сондай қуаныштымын. Көңілім шаттыққа то-
лып, бəрі маған қызғанышпен қарайтын болды, – дейді. 
Сонда қызыл Түлкіден де кəнігі бір кəрі Түлкі:
– Балам-ай, жас та болсаң, зерек екенсің. Менің ойымша сен 
құйрығыңды өз еркіңмен кесіп тастамағансың, құйрығыңнан 
айрылған екенсің. Біз де сен құсап айрылып қалсақ, айтқаныңа 
көнер едік, бірақ құйрығымыз аман тұрғанда, онсыз əдемі бола-
мыз деп айта алмаймыз, – деген екен. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет