Мұнай газ өндіру саласындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар Кіріспе



бет13/18
Дата24.02.2016
өлшемі1.98 Mb.
#13373
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

63 - тарау. Мұнай сору станциялары
1155. МГК игеру объектілерінің құрамына кіретін мұнай сору станцияларын қауіпсіз пайдалану жобаға, технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

1156. Мұнай сору станциясы келесі үшін арналады:

1) ағызатын сорғы станциясынан ұңғыма өнімін шайқалту;

2) МДҚ-дағы технологиялық шайқалтулар;

3) резервуар ішіндегі шайқалтулар;

4) МДҚ-нан тауарлық мұнайды шайқалту.



1157. Мұнай сору станциясы блокты автоматтандырып орындалған күйде жобаланады. Сорғылардың саны және өнімділігі техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізу үшін резервті ескере отырып, келіп түсетін өнімнің ең көп мөлшері бойынша есептеледі:

1) сорғы станциясының бөлмесінде және аумағында қарама қарсы жағынан персоналды эвакуациялау үшін кем дегенде екі шығыспен қамтамасыз етіледі. Есіктер мен терезелерді сырт жағына ашады. Өтетін жерлерде табалдырықтарды орналастыруға жол берілмейді;

2) құбырларды қабырғалар арқылы төсеу қымталған тығыздағыштармен және зақымданудан қорғайтын қораппен жүргізіледі;

3) сорғы станциясының аумағы қарама қарсы жағынан автокөлік үшін екі шығыстармен қоршалады, қорғалатын және тазалық-қорғаныс аймағы белгіленеді, қауіпсіздік белгілері, қауіпті объектіні бақылау және қорғау жүйелері, жарылысқа қауіпсіз жарықтандыру орнатылады;

4) аумақта жүк көтергіш және өрт техникасы үшін өтетін жолдар мен алаңдар, желді көрсеткіштер және белгі беру құрылғылары, персоналды жинау және эвакуациялау орындары, инженерлік қорғаныс құрылғылары және метеорологиялық жағдайлардан, қауіпті және зиянды факторлардан паналар орнатылады.

1158. Сорғы станциясы жарылыстан қорғалып жасалған жүк көтергіш механизмдермен қамтамасыз етіледі.

1159. Поршеньді сорғының қысымды ұлғайту желісінде манометр және қорғаныс қақпағы, орталықтан жүретін сорғыда – манометр және кері қақпақ орнатылады.

5-10 м қауіпсіз қашықтықта сорғының сырт жағынан соратын және қысымды ұлғайтатын құбырларда жарылу өртену қауіптілігі және қауіпті жағдайда өшірілу мүмкіндігін ескере отырып, бекіту құрылғылары орнатылады.

1160. Сорғы бөлмелерінде және алаңдарда тәуліктік қажеттіліктен аспайтын мөлшерде қымталған металл ыдыстарында майлау материалдарын сақтауға жол беріледі.

1161. Электр энергиясын беру тоқтатылған жағдайда электрмен жабдықтаудың резервті көзі қосылады немесе электр қозғалтқышын желіден ажырату жүргізіледі.

1162. Сорғыны іске қосу және тоқтату кезінде технологиялық регламентке және пайдалану бойынша құралға сәйкес ысырмаларды ашу және жабу жағдайы және сәйкестігі тексеріледі.

Ысырмалардың, қорғаныс құрылғылардың жағдайы сәйкес келмеген және істен шыққан кезде сорғыларды іске қосуға жол берілмейді.

1163. Жөндеуге жататын сорғы өшіріледі және журналға жазыла отырып, ысырмаларды жабумен және бұқтырмаларды орнатумен қозғалтқыштан және құбырдан өшіріледі және ашыратылады.

1164. Жанатын өнімдерді ағызатын сорғылар үшін қашықтықтан өшіру және негізінен қашықтықтан басқарумен, бекіту немесе кесу құрылғыларын кіргізу және күшейту желілерінде қондырғы қарастырылады.

1165. Сорғылардың тығындылары аталған технологиялық орта үшін өндірістік үрдік кезінде қымталуын қамтамасыз етеді.

Сорғыда қымдатуды қамтамасыз ету үшін резервті майлы сорғыны іске қосатын автоматты құрылғы қарастырылады.

1166. Тез тұтанатын және жанатын өнімдерді ағызатын сорғылардың корпустары сорғылармен бір негізде болатын электр қозғалтқыштарына қарамастан жермен жанастырылады.

1167. Барлық сорғылар жоғарғы деңгейін білдіретін белгіні опареторлық бөлмесіне (диспетчерлік пунктіге) шығарумен, пайдаға асыру үшін жабық жүйеге сорғытылатын өнімді әкету үшін түбілермен және сорғыту құрылғыларымен қамтамасыз етіледі.

1168. Сорғыларды тазалау және үрлеу кезінде сұйықтар құбырлар бойынша бөлмелерден тыс қымталған ыдысқа, ал көмірсутекті булары және газдары газ жинау жүйесіне әкетіледі. Құбырларды орналастыру қауіпсіз қызмет көрсету есепке алына отырып жүргізіледі.

1169. Құбырларда технологиялық сызбаға сәйкес өнімдердің белгіленуі және қозғалыс бағыты, сорғыларда – белгіленуі және нөмірі, сорғылар мен электр қыздырғыштарда – қысымды ұлғайту режимінде айналдыру бағыты көрсетіледі.

1170. Арматураны және сорғыларды сорғының төлқұжатына және құбырдың сипаттамасына сәйкес, шартты қысым бойынша таңдайды. Орталықтан жүретін сорғының тастайтын құбырында кері қақпақ орнатылады.

1171. Айналдыратын бөліктерде қоршау болмаған кезде сорғыларды іске қосуға және пайдалануға жол берілмейді.

1172. Сорғыларды пайдалану кезінде қысымды ұлғайту қысымын және оның техникалық жағдайын сипаттайтын бақылау қамтамасыз етіледі. БӨҚжА істен шыққан немесе уақытында тексеруден өтпеген сорғылардың жұмыс істеуіне жол берілмейді.

1173. Сорғы жұмыс істеп тұрғанда қозғалатын бөліктерін майлау, майлықтарда, кесіктердегі тығыздағыштарда және құбырлардың құрамаларындағы тесіктерін жоюға жол берілмейді.

Жұмыс істейтін сорғының қозғалатын бөліктерін майлауға жұмыстың қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ететін, сәйкес құрал-саймандар болғанда жол беріледі. Сорғылардың жапсырғыштары үнемі майланады. Жапсырғыштарды белгіленген нормадан жоғары қыздыруға жол берілмейді. Жапсырғыштардың температурасы бақыланады.

Сорғыны және арматураны майлау үшін қатпайтын майлар қолданылады.

Сорғыға, компрессорға арналған май дайындаушының құжаттамасы болған кезде қолданылады (төлқұжат, сертификат).

Жапсырғыштардың және қымтағыштардың корпустарын салқындату үшін қатпайтын сұйықтар қолданылады. Ағынды бақылау үшін 30 °С температураға дейін суды салқындату сұйығы ретінде пайдаланған жағдайда ашық құйғыштар немесе канализациямен біріктірілген, қарау құрылғылары қолданылады.

1174. Сорғыларды пайдалану кезінде жабдықтың қымталуына үнемі бақылау қамтамасыз етіледі. Сорғылардың қымтағыштарында және құбырлардың құрамаларындағы тесіктер технологиялық регламентке сәйкес жойылады.

1175. Сорғының қауіпсіз жұмыс режимін бұзатын, бұзушылық анықталған жағдайда дайындаушының техникалық құжаттамасына, технологиялық регламентке сәйкес оны тоқтату және жөндеу жүргізіледі. Сорғының жұмысы кезінде сорғыны жөндеуге жол берілмейді.

1176. Резервті сорғы үнемі іске қосуға дайындықта болады. Жұмыс істеуші сорғыдан резервтегіге қайта қосу алдында сәйкес ысырмалардың ашылу дұрыстығы және сорғының іске қосуға дайындығы тексеріледі.

1177. Сорғыларды соратын және арынды коллекторлардан ажырату үшін ысырмаларды қолданады.

Сорғыларды тоқтату кезінде срғының қымтағыштарын салқындату үшін сұйық беретін құбырлар жабылады.

1178. Сорғы бөлмелерінің едендері мен тартпалары жуатын құралдарды қолданумен сумен жуылады.

Жанатын және зиянды заттары бар ағынды сулар өндірістік канализацияға әкетілу алдында тазаланады.

1179. Персонал үшін өтетін жерлерді жабуға және жобамен қарастырылмаған жабдықты орналастыруға жол берілмейді.

1180. Сорғы бөлмесінде коммуникациялар өтетін орындарда бөлетін қабырға арқылы қымталған нығыздағышпен қаптамалар орнатылады.

1181. Бөлмеден тыс орнатылған жабдықты және өндірістік алаңдарды жылыту ауа райы жағдайларына байланысты жобамен анықталатын, жылу серіктерін, персонал үшін жылыту элементтерін және паналарды орналастыруды қарастырады.

Будың қысымын ұлғайту үшін сорғыны іске қосу және тоқтату дайындаушының басшылық құралына сәйкес және будың нормасы технологиялық регламентке сәйкес болғанда жүргізіледі.

Конденсатты алдын ала ағызу және бу цилиндрлерін қыздырусыз будың қысымын ұлғайту үшін сорғыларды іске қосуға жол берілмейді. Ол кезде сорғының шығаратын құбырындағы ысырма ашық күйде болады.

Сорғыда және бу құбырларында маталарды, киімді орналастыруға жол берілмейді.

1182. Қататын мұнай өнімдерін ағызу кезінде келесі шарттар сақталады:

1) ағызудың технологиялық үрдісі жұмысының үздіксіздігі;

2) сорғыларды және құбырларды жылумен оқшаулау және жылыту;

3) технологиялық сұйықты айналдырусыз учаскелердің болмауы;

4) сорғыларды және құбырларды үрлеу және сорғыту жүйесінің болуы.

1183. Ашық алаңдарда орнатылған сорғыларда жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстары жылдың жылы кезінде немесе жылытылатын уақытша паналар құрылысымен жүргізіледі.

1184. Сорғыларды пайдалану кезінде сорғыларда мұнай өнімдерінің және судың түсу қауіптілігі жоққа шығарылады.

1185. Қызмет көрсетуші персоналдың ұзақ уақыт болуын болдырмау үшін ашық сорғыларда операторлықтан сорғылардың жұмысын қашықтықтан бақылау қарастырылады.

1186. Ашық сорғыларға қызмет көрсететін жұмысшыларды жылыту үшін сорғылардың жұмысын бақылау үшін ыңғайлы және байланыс құралдарымен қамтамасыз етілген, жылытылатын бөлме орнатылады.



64 - тарау. Табиғи газды өндіру
1187. Газды және газ конденсатты ұңғымалар жобаға сәйкес орнатылатын, қорғаныс құрылғыларымен, одақтасумен, автоматты қақпақ-кескіштермен қамтамасыз етіледі.

1188. Газды өңдіру және толтыру кен орнын өңдеу жобасына сәйкес жүргізіледі.

1189. Газды дайындау қондырғысының құрамында газды құрғату, жылыту және ингибирлеу жүйелері қарастырылады. Газ құбырындағы, арматурадағы, жабдықтағы, құралдардағы гидратты тығындар ерітіндіні, буды, ыстық суды енгізумен, жүйеде қысымды төмендетумен жойылады.

Жабдықты жылыту үшін ашық отты пайдалануға жол берілмейді.

1190. Әрбір бу құбырында аппаратқа кіре берісте аппараттағы жұмыс қысымына есептелген, ажырататын құрылғы және кері қақпақ орнатылады.

1191. Жұмыс істеп тұрған аппаратта тесік анықталған жағдайда қорғаныс қақпақтарын реттеуге, бұдан әрі бекітуге және тұншықтыруға жол берілмейді.

1192. Газдың, конденсаттың және өзге технологиялық орталардың сынамаларының үлгілерін алу жабдықтағы шекті қысымға және өнімнің сипаттамасына сәйкес келетін, сынама алғыштармен жүргізіледі. Істен шыққан инелі вентильдерімен және дайындаушының техникалық құжаттамасы бойынша, бірақ алты айда бір реттен кем емес жүргізілетін тексеру мерзімі аяқталғаннан кейін сынама алғыштарды қолдануға жол берілмейді.

65 - тарау. Компрессор станциялары
1193. Компрессор станциялары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 19 қыркүйектегі № 172 бұйрығымен бекітілген, Жарылуға қауіпті және зиянды газдарда жұмыс істейтін поршеньді компрессорларымен компрессор қондырғыларының құрылысы және қауіпсіз пайдалану бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес.

1194. Егер де көршілес бөлмелерде жабдықтың коррозиясын туғызатын және адам ағзасына зиянды әсер ететін жарылуға қауіпті және химиялық қауіпті өндірістер орналасқан болса, бөлмелерде компрессорларды орнатуға жол берілмейді.

1195. Компрессор қондырғысының бөлмесінде компрессорларға, қосымша жабдыққа және электр жабдығына жөндеу жүргізу үшін алаңдар қарастырылады. Жөндеу жұмыстарын орындау үшін компрессорлы қондырғылар жүк көтергіш құрылғыларымен және механикаландыру құралдарымен жабдықталады.

1196. Компрессор қондырғысының бөлмесі желдеткішпен қамтамасыз етіледі.

1197. Газ компрессорлы станцияны қауіпсіз пайдалану үшін негізгі басқару құралдары қарастырылады:

1) ТҮ АБЖ;

2) тасымалданатын өнімнің технологиялық көрсеткіштерін бақылау құралдары;

3) компрессор жабдығын диагностикалау бойынша құралдар жүйесі;

4) компрессорлы бөлмесінде әуе ортасын бақылау жүйесі;

5) желдету, жылыту, канализация жүйесі;

6) апатқа қарсы және өртке қарсы қорғаныс, технологиялық көрсеткіштердің бұзылуы туралы ескерту дабыл белгісінің жүйелері;

7) технологиялық көрсеткіштердің шекті рұқсат етілген мәнінен асқан, әуе ортасының жарылатын қоспаның рұқсат етілген шегінен жоғары газдалуы, желдету жүйесінің істен шығуы, компрессорлы бөлмесінде апаттық дабыл белгісінің жүйесі іске қосылған жағдайда компрессорды тоқтатуды блоктау;

8) компрессорлы және операторлық бөлмедегі басқару құрылғылары;

9) радио байланыс және телефон байланысы құралдары;

10) өрт сөндіруге арналған қондырғылар және құрал.

1198. Газ компрессорлы станцияны пайдалануға қабылдау комиссиямен жүргізіледі.

1199. Резервті компрессорлы жабдық үнемі дайындықта болады және негізгі жабдық істен шыққан немесе жөндеу кезінде, технологиялық регламентке сәйкес қосылады.

1200. Компрессорлар дайындаушының техникалық құжаттамасына және ауыстырылатын өнімдердің қасиеттерін ескере отырып, жоба талаптарына жұмыс істейтін арматурамен, БӨҚжА, қорғаныс құралдарымен және одақтасумен жабдықталады.

Қорғаныс қақпақтарының жағдайы дайындаушының техникалық құжаттамасына және технологиялық регламентке сәйкес, кесте бойынша тексеріледі.

1201. Компрессорларды пайдалану дайындаушының техникалық құжаттамасына, технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

Әрбір компрессорлы қондырғы техникалық құжаттамамен қамтамасыз етіледі:

1) компрессорлы қондырғыға және жабдықтаушы бұйымдарға төлқұжатпен (формулярмен);

2) көрінетін жерде көпшілікке көрсетумен ысырмаларды, вентильдерді, ылғалды майды бөлгіштерді, аралық және соңғы тоңазытқыштарды, ауа жинағыштарды, бақылау-өлшеу құралдарын орналастыру орындарын көрсете отырып, газ компрессорлы станция, құбырлардың (қысылған ауаның немесе газдың, судың, майдың) сызбасымен, электр сымдарының, автоматиканың сызбасымен;

3) компрессор қондырғысын қауіпсіз пайдалану және қызмет көрсету бойынша технологиялық регламентпен;

4) компрессор жұмысын есепке алу журналымен;

5) дәнекер құрамаларын тексеру нәтижелерін тіркеумен, компрессор қондырғысын жөндеулерді есепке алу журналымен (формулярмен);

6) компрессор майының төлқұжаттары-сертификаттарымен және оны зертханалық талдау нәтижелерімен;

7) қысыммен жұмыс істейтін сауыттардың төлқұжаттарымен;

8) компрессор қондырғысын жөндеу кестесімен.

1202. Компрессорлы қондырғы салқындататын суды беру тоқтатылған, қысылатын газдың немесе ауаның температурасы рұқсат етілгеннен жоғары көтерілген кезде дыбыстық және жарық дабыл белгісін және қозғалыс механизмін майлау үшін қысымның рұқсат етілгеннен төмендеген, рұқсат етілген технологиялық көрсеткіштерінен асқан кезде компрессорды автоматты тоқтатуды қамтамасыз ететін, апатқа қарсы қорғаныс жүйесімен жабдықталады.

1203. Техникалық сипаттамаларға сәйкес келмейтін, газды компрессорлауға арналған компрессорларды қолдануға жол берілмейді.

1204. Компрессор қабылдағышына газды беру сепараторда сұйықтың шекті рұқсат етілген деңгейіне жеткен кезде компрессорды тоқтатуды жүргізетін, жарық және дыбыстық дабыл белгісімен, және одақтасумен жабдықталған, сұйықты бөлгіштер арқылы (сепараторлар) жүзеге асырылады.

1205. Компрессорлардың және газ құбырларының құрамалары дайындаушының техникалық құжаттамасымен, технологиялық регламентпен және жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарының кестесімен белгіленген мерзімдерге сәйкес қымталуға тексеріледі.

1206. Нақты жағдайларды ескере отырып, жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша пайдалану және жұмыстар жүргізу жобалық құжаттамамен, технологиялық регламентпен анықталады.

1207. Кіре беріс есіктің сыртынан қондырғының қызмет көрсетуші персоналын шақыру үшін дабыл белгісі орнатылады, ескерту жазбалары және белгілері ілінеді.

1208. Компрессор қондырғысының машина залының бөлмесінде және жарылу өртенуге қауіпті аймақтарда тез тұтанатын сұйықтарды сақтауға жол берілмейді.

1209. Тексеруден, жөндеуден және ұзақ уақыт өшіруден кейін (резервтен басқа) компрессорды іске қосу бақылау тұлғасының жазбаша рұқсатымен жүргізіледі.

Әрбір компрессорды іске қосу алдында персонал қондырғының техникалық жағдайын, майлау және салқындату жүйесін тексереді, технологиялық регламентке сәйкес іске қосуды жүргізеді.

1210. Компрессорлы қондырғыны пайдалану кезінде келесі бақыланады:

1) компрессорлаудың әрбір сатысынан кейін газдың температурасы мен қысымы;

2) тоңазытқыштардан кейін компрессорланған газдың температурасы;

3) компрессорлар мен тоңазытқыштарға салқындататын судың түсуі;

4) салқындату жүйесіне келіп түсетін және шығатын, салқындататын судың температурасы;

5) майлау жүйесіндегі майдың қысымы және температурасы;

6) электр кернеуінің және статор тоғының күшінің, ал үйлесімді электр жетек кезінде – электр қозғалтқышының роторының үлкендігі;

7) қымтағыштардың, лубрикаторлардың техникалық деңгейі және майдың деңгейі.

Технологиялық регламентпен белгіленген, алайда екі сағаттан кем емес уақыт аралығында құралдардың көрсеткіштері журналға тіркеледі.

Журналда компрессорды іске қосу және тоқтату уақыты, тоқтату себебі, анықталған бұзушылықтар, қорғаныс қақпақтары мен манометрлерге кезеңдік тексерулер жүргізу, ылғалды майды бөлгіштерден, ауаны жинағыштардан және өзге ыдыстардан конденсат пен майды түсіруді жүргізу, май және әуе сүзгілерін тазалау және ауыстыру көрсетіледі.

Жұмыс журналы компрессор қондырғысын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін жұмысшымен ауысым сайын тексеріледі және қол қойылады.

1211. Әуе сүзгілері жоспарлы-алдын ала жөндеулер кестесімен қарастырылған мерзімдерде тексеріледі және ауыстырылады.

1212. Компрессор қондырғысының жабдығына сыртқы қарау, сыртқы беткейін тазалау жүргізіледі. Кемулер мен бұзушылықтардың себептері журналға тіркелумен жойылады.

Ысатын материалдар ретінде маталы немесе зығырлы мата қолданылады.

1213. Қысыммен жұмыс істейтін жабдықты және құбырларды жөндеуге және тазалауға жол берілмейді.

1214. Компрессорды келесі жағдайларда тоқтатады:

1) технологиялық регламентте көрсетілген бұзушылықтар кезінде;

2) компрессордың кез келген сатысында және қысымды ұлғайту желісіндегі манометр көрсеткіштері рұқсат етілгеннен жоғары;

3) майлау жүйесінің, қозғалыс-қысым механизмінің манометрлерінің көрсеткіштері төменгі шектің рұқсат етілген мөлшерінен төмен;

4) салқындататын суды беру тоқтатылғанда немесе салқындату жүйесінің өзге де апаттық істен шығушылығы;

5) компрессорда, қозғалтқышта соққы, тарсыл немесе апатқа алып келетін бұзушылық анықталғанда;

6) газдың, ауаның температурасы дайындаушының техникалық құжаттамасымен белгіленген нормадан жоғары болғанда;

7) өрт кезінде;

8) компрессордан немесе электр қозғалтқышынан газ, түтін анықталған жағдайда;

9) компрессордың, электр қозғалтқышының және өзге механизмдердің температурасы, діріл немесе зақымдануы мөлшерден тыс үлкейген кезде.

1215. Бұзушылық жойылғаннан кейін компрессорлы қондырғы журналға жазыла отырып, бақылау тұлғасының рұқсаты бойынша пайдалануға енгізіледі.

1216. Газ компрессорлы станцияның жабдығын техникалық куәландыру және диагностикалау дайындаушының техникалық құжаттамасы бойынша жүргізіледі.

1217. Компрессорлы станцияның бөлмесінде және алаңда ашық отынды қолдануға жол берілмейді.

Ашық отынды және электр дәнекерін қолданумен құрастыру және жөндеу жұмыстарын жүргізу наряд-рұқсаттама бойынша жүргізіледі.

1218. Газ компрессорлы станцияның құбырларын, жеке жабдығын жөндеу үшін келесілер жүргізіледі:

бұқтырмаларды орнатумен және журналға жазумен арматурамен жұмысты ұйымдастыру жоспары бойынша ажырату;

ескертетін және тыйым салатын қауіпсіздік белгілері орнатылады;

қоршаумен алаңдар және жөндейтін жұмыс орындары, қорғаныс және өрт сөндіру құралдары дайындалады.

Жұмыс наряд-рұқсаттаманы рәсімдеумен орындалады.

Жөндеуді бастау алдында объект басшысы және жұмыс орындаушысы тікелей объектінің дайындығын және жабдықты акт бойынша жөндеуге беруді тексереді.

Жұмыстар бекітілген және келісілген жұмысты ұйымдастыру жоспары бойынша жүргізіледі.

1219. Газ компрессорлы станцияның құбырларын және жабдықты пневматикалық және гидравликалық сынау, жөндеу жұмыстарының нәтижелері компрессорлы қондырғыны жөндеуді есепке алу журналында тіркеледі. Олардың негізінде объект басшысы қондырғыны іске қосуға жазбаша рұқсаттама береді.

66 - тарау. Қорғаныс құрылғылары
1220. Қорғаныс қақпақтарының саны, пайдалану мен қызмет көрсетуді монтаждау жағдайлары дайындаушының басшылық құрамын және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, жобамен анықталады:

1) қорғаныс қақпақтарының жағдайын бақылау және оларды жөндеу ұйымның техникалық басшысымен белгіленген нысан бойынша, журналда тіркей отырып, ұйымның техникалық басшысымен бекітілген кесте бойынша дайындаушының басшылық құралына сәйкес жүргізіледі;

2) егер де қорғаныс қақпақтарында тесік немесе бұзушылық анықталған жағдайда қорғаныс қақпақтарын созуға (реттеу жүргізуге) және өшіруге жол берілмейді. Осы жағдайларда техникалық құрылғының пайдалануын тоқтату, қақпақты ауыстыру. Қақпақты ауыстыру наряд-рұқсаттама бойынша жүргізіледі;

3) аппараттар мен ыдыстардан газды әкету газды қайта өңдеудің жабық жүйесіне жүргізіледі. Газды қорғаныс қақпақтарынан әкететін құбырлар жылу серігімен бірге оқшауланады;

4) газды қорғаныс қақпақтарынан әкетуге арналған құрылғы атмосфералық жауын-шашынның түсуінен қорғалады және төменгі нүктесінде сұйықты әкету үшін вентилімен сорғыту түтікшесімен қамтамасыз етіледі;

5) қызмет көрсететін техникалық құрылғылар 1,0 м артық биіктікте орналасқан жағдайда стационарлы басқыштар, қоршауы бар алаңдар қарастырылады;

6) бірнеше өзара байланысқан алаңдар үшін жалпы басқыштарды орналастыруға жол беріледі;

7) алаңдардың төсемдері және басқыштардың сатылары сырғанауды болдырмайтын материалдан жасалады (кесіліп-тартылған қаңылтыр, кедір-бұдыр болаттан);

8) басқыштар мен алаңдарды үйіп тастауға жол берілмейді;

9) құбырлар үстінен өтетін жерлерде жақтауларымен өтетін жерлер орнатылады.



67 - тарау. Мұнай газ кәсіпшілік электр станциялары
1221. Электр станциясының бөлмесі мәжбүрлі желдеткішпен, әуе ортасын бақылау құралдарымен, электр станциясын әкелумен одақтасқан, отынды беруді апаттық өшірудің автоматты жүйесімен қамтамасыз етіледі. Өңделген газдар жұмыс аймағында зиянды заттардың рұқсат етілген концентрациясын қамтамасыз ететін биіктікке әкетіледі.

1222. Электр станциясының жабдығы және аппаратура жарылыстан қорғалып дайындалады және электр қауіпсіздігі талаптарына сәйкес жерге қосумен, диэлектрлі қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі.

1223. Электр станциясын пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу дайындаушының пайдалану бойынша құралына сәйкес электр техникалық персоналмен жүзеге асырылады.

1224. Газ турбиналық жетекке әкелетін табиғи немесе жолай газдар құрамы мен көрсеткіштері бойынша (температура, қысым, детонациялық төзімділік) электр станциясына дайындаушының техникалық төлқұжатымен белгіленген, отынға қойылатын талаптарға сәйкес. Отын жүйесі қауіпсіз қашықтықта орнатылған, бекіту құрылғысымен, үрлейтін шаммен қамтамасыз етіледі.

1225. Газ құбырын газбен қамтамасыз ету орнынан электр станциясына дейін құрастыру, жабдықтау, пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу жоба бойынша жүргізіледі. Газ құбырын енгізуде бөлме сыртынан қауіпсіз қашықтықта ажырататын құрылғы орнатылады. Газ құбырларын пайдалану Газ жүйелері мен объектілері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

1226. Отын жүйесін және іске қосу қозғалтқышының энергоқоректендіргішін өшіргенге дейін газ турбиналық қондырғыны жөндеуге жол берілмейді.

1227. Газ турбиналық жетектің май жүйесін ашық отпен жылытуға жол берілмейді.

1228. Электр станциясының бөлмесі автоматты көлемді газды өрт сөндіру жүйесімен және өрт құралымен жабдықталады.

1229. Отынның резервті қоры қауіпсіздік белгілерін орнатумен, қоршалған аумақта жобаға сәйкес қауіпсіз қашықтықта сақталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет