Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова


сұрақтарыңыздың өзгеріске түсетіні және/немесе зерттеу сұрақта-



Pdf көрінісі
бет23/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

сұрақтарыңыздың өзгеріске түсетіні және/немесе зерттеу сұрақта-
рын пысықтау барысында шолу жасаған әдебиетіңіздің өзгеріп отыра-
тындығы дағдылы нәрсе (тіпті жақсы!) екенін естен шығармаңыз. Ол 
зерттеуіңізде нені байқап, неге бейімделгеніңізді танытады.


38
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
1.5.1 Білім беру зерттеулеріндегі бекітілген дизайн
Егер зерттеу бөліктері алдын-ала анықталып, эмпирикалық 
материалдар жинақталып, бекітілген болса, дизайн бекітілген деп 
танылады. Робсон мен МакКартан атап өткендей, «деректерді жи-
науға кірісер алдында не істеу керектігін және нені қалай істеу қа-
жеттігін тыңғылықты реттеп аласыз» (Robson & McCartan, 2016, 
5-б.). Зерттеудің бекітілген дизайны таңдалып алынған теорияға 
негізделеді. Сандық зерттеулерде зерттеудің теориялық шеңбері 
туралы немесе «айнымалылар арасындағы өзара байланысты 
анықтайтын (әдетте шамаға немесе бағытқа қатысты) ғылыми 
болжамдарға немесе гипотезаға рәсімделген конструкциялардың 
(немесе айнымалылардың) өзара байланысты жиынтығы» сияқты 
белгілі бір теория туралы айту қабылданған (Creswell & Creswell, 
2020, 95б.).
Зерттеуші зерттеу жұмысына енгізілетін мәселені анықтап, на-
сихаттайтын ғылыми болжамын алдын-ала дайындап алады. Зерт-
теуші зерттеуге қосылуы тиіс айнымалыларды ертерек анықтап
сынаққа түсетін ғылыми болжамдарды алдын ала дайындайды. Ол 
әлем, дүние туралы ақпаратты сандық бағалауда ұғымдарды дәл 
беруге тырысады. 
Сандық зерттеулер зерттеудің бекітілген дизайнына негіздел-
ген, оның бөліктері 1.5-суретте ұсынылады. 


39
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
Көптеген зерттеушілер өз жұмыстарының жекелеген бөлімін 
«зерттеудің концептуалдық немесе теориялық аясы» деп аталатын 
мәселелерге арнайтындығын атап өту керек. Теориялық/концепту-
алдық аяның рөлі мен орны таңдалып алынған дизайнға (сандық, 
сапалық немесе комбинаторлық зерттеу) байланысты айқындала-
ды. 1.5-суретте көрініс тапқандай, зерттеуші сандық зерттеулерде 
теорияны дедуктивті түрде қолданады да, оны ұсынылатын зерттеу-
дің басында келтіреді. Кресуэлл және Кресуэлл атап өткендей, «зерт-
теуші теорияны тексеру мақсатында емес, оны әзірлеу үшін дерек-
терді жинап, оларды нәтижелермен бірге растау не жоққа шығару 
туралы ойланады. Теория сұрақтардың ұйымдасқан моделі немесе 
зерттеу болжамы, деректерді жинау үрдісі ретінде зерттеудің тұта-
стай негізі болып шығады» (Creswell & Creswell, 2020, 100-б.).
Зерттеуші балдар мен статистикалық деректерді алу мақсатында 
сандық құралдарды (мысалы, сауалнама жүргізу) 
пайдалана отырып, айнымалыларды өлшейді және тексереді
Зерттеуші теория негізінде алынған айнымалыларды 
анықтайды және жиілендіреді
Зерттеуші зерттеу мәселелерін нақтылайды немесе 
теорияларды тексереді
Зерттеуші теорияны нақтылайды немесе таңдайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет