Ұлттық біліктілік шеңбері Жалпы ережелер



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата19.05.2022
өлшемі231.72 Kb.
#457778
  1   2   3
Ұлттық біліктілік шеңбері 2016



Әлеуметтік 
әріптестік 
пен 
әлеуметтік және еңбек қатынастарын 
реттеу жөніндегі республикалық
үшжақты комиссияның
2016 жылғы 16 наурыздағы № __ 
хаттамасымен
бекітілген 
Ұлттық біліктілік шеңбері 
1. Жалпы ережелер 
1. Ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі – ҰБШ) сегіз біліктілік 
деңгейінен тұрады, бұл Еуропалық біліктілік шеңберіне және «Білім туралы» 
2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған 
білім деңгейлеріне сәйкес келеді.Ұсынылған сегіз дәреже оқыту нәтижелері 
нысанында сипатталған. 
2. Оқыту нәтижелері үш санатқа бөлінеді: білім беру, қабілеттілік және 
құзыреттілік. Олар теориялық білім, практикалық және техникалық 
дағдыларды, сондай-ақ басқа адамдармен ынтымақтастыққа қабілеттілік 
шешуші амал болып табылатын әлеуметтік құзыреттілікті қоса алғанда, әртүрлі 
комбинациялар 
біліктілігінде 
білім 
нәтижелерінің 
бүкіл 
спектрі 
ұсынылғандығын көрсетеді.
3. ҰБШ салалық біліктілік шеңберін, кәсіптік стандарттарды әзірлеу үшін 
жалпы кәсіби құзыреттердің біліктілік деңгейлерінің бірыңғай шәкілін 
айқындайды. Сонымен ҰБШ біліктіліктер мен құзыреттердің салааралық 
салыстырмалылығын қамтамасыз ете отырып, мамандар біліктілігінің 
сәйкестігін растау және оны беру жүйесі үшін негіз болып табылады. 
ҰБШ-да тұлғалық және кәсіби құзыреттеріне, машықтары мен 
дағдыларына, біліміне қойылатын талаптардың құрылымдық сипаттамасы 
келтіріледі, оларды нақтылау салалық біліктілік шеңберінде және кәсіптік 
стандарттарда жүзеге асырылады. 
4. ҰБШ пайдаланушылардың әртүрлі топтарына (азаматтарға, жұмыс 
берушілерге, білім беру органдарына) арналған және: 
1) бірыңғай әдістемелік негізде кәсіптік стандартын және білім беру 
стандарттарын, білім беру бағдарламаларын әзірлеуге; 
2) мамандардың және оқу орындарын бітірушілердің біліктілігіне және 
құзыреттеріне қойылатын талаптарды бірыңғай көзқарас тұрғысынан 
сипаттауға; 
3) кәсіптік білім берудің барлық деңгейлеріндегі бітірушілердің 
біліктілігін бағалау материалдары мен айқындау рәсімдерін әзірлеуге мүмкіндік 
береді. 



5. Осы ҰБШ-да қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар: 
1) біліктілік – еңбек қызметтерін жүзеге асыруға құқық беретін, еңбек 
нарығы және одан әрі білім алу және оқуға арналған негізгі құзыреттілік 
құндылықтарын ресми тану;
2) біліктілік деңгейі – жұмыскерлердің біліміне, дағдыларына және 
кеңейтілген құзыреттілігіне, күрделілік параметріне, қарай сараланатын, 
жауапкершілікке және дербестілікке жалпылама талаптар; 
3) кәсіби құзыреттілік – бұл еңбек саласының талаптарына сәйкес 
мақсатқа лайықты әрекет жасауға, міндеттерді және проблемаларды әдістемелік 
ұйымдастыруға және дербес шешуге дайындығы және қабілеттілігі;
3) білім – жеке және кәсіби қызметте қолданылатын ақпарат, нормалар; 
4) машықтар – қызмет нормаларының талаптарына сәйкес келетін, 
жұмыскер бақылайтын әрекеттер; 
5) дағдылар – қызмет нормаларының талаптарына сәйкес келетін, 
жұмыскер бақыламайтын әрекеттер; 
6) еңбек қызметінің түрі – еңбек функцияларының тұтас жиынтығынан 
және оларды орындауға қажетті құзыреттерден құралған кәсіби қызмет 
саласының бөлігі; 
7) кәсіби қызмет саласы – ортақ интеграциялық негізі бар және оларды 
орындау үшін еңбек функциялары мен құзыреттерінің ұқсас жиынтығын 
болжайтын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы; 
8) еңбек функциясы – бизнес процесс айқындайтын еңбек іс-әрекеттерінің 
интеграцияланған және салыстырмалы түрде дербес жиынтығын білдіретін 
және оларды орындау үшін қажетті құзыреттіліктің болуын болжайтын еңбек 
қызметі түрінің құрамдас бөлігі; 
9) кәсіби міндет – еңбек функциясын іске асырумен және кәсіби 
қызметтің белгілі бір саласында қажетті нәтижеге қол жеткізумен байланысты 
әрекеттер туралы нормативтік түсінік; 
10) кәсіптік стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік 
деңгейіне және құзыретке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына 
қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт; 
11) кәсіп – арнайы дайындық нәтижесінде игерілетін және білімі туралы 
тиісті құжаттармен расталатын белгілі бір білімді, машықтар мен тәжірибелік 
дағдыларды талап ететін адамның еңбек қызметіндегі кәсіптерінің негізгі түрі; 
12) құзыреттілік – жұмыскердің кәсіби қызметінде білімін, машықтары 
мен дағдыларын қолдану қабілеті;
13) салалық біліктілік шеңберлері – салада танылатын біліктілік 
деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы
14) ҰБШ – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің 
құрылымдық сипаттамасы; 
15) функционалдық карта – кәсіби қызметтің қандайда бір саласының 
шеңберінде жұмыскер орындайтын белгілі бір қызмет түрінің еңбек 
функциялары мен кәсіби міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.



16) белгіленген біліктілік деңгейі – белгілі практикалық қызмет 
саласында қарапайым міндеттерді орындау үшін қажетті (жеделдетілген білім 
алу алу мүмкіндігі, кәсіби дайындық) кәсіпке және практикалық дағдыларға ие, 
білікті жұмысшы кадрлар; 
17) жоғарлатылған біліктілік деңгейі – жоғары технологиямен кәсіби 
қызмет пен байланысты экономиканың бүкіл салаларындағы (негізгі орта және 
(немесе) жалпы орта білім базасында училищелерде, колледждерде және 
жоғары колледждерде) жұмысты орындаудың практикалық дағдыларына және 
күрделі кәсіптерге ие білікті жұмысшы кадрлар
18) орта буын маманы – орындаушының белгілі бір міндеттерін, оның 
ішінде орындалатын жұмысты жоспарлауды және ұйымдастыруды атқару 
мүмкіндігі берілетін техникалық және кәсіптік білімнің интеграцияланған 
білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін біліктілік; 
19) қолданбалы бакалавр – орта білімнен кейінгі оқыту бағдарламаларын 
меңгерген адамдарға берілетін біліктілік; 
20) бакалавриат – тиісті мамандық бойынша «бакалавр» дәрежесін бере 
отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары білім, білім беру 
бағдарламалары; 
21) магистратура - тиісті мамандық бойынша «магистр» дәрежесін бере 
отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру 
білім беру бағдарламалары; 
22) доктарантура –философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор 
дәрежесін бере отырып, ғылыми, педагогтік және (немесе) кәсіптік қызмет үшін 
кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру білім 
беру бағдарламалары; 
23) практикалық жұмыс тәжірибесі – тиісті экономика саласында (қызмет 
саласында) маман ретінде соңғы бес жыл ішіндегі кемінде үш жылда 
мамандығы бойынша еңбек өтілімен айқындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет