Не термодинамика


тарау. Ықтималдылық теориясының элементтерi



бет10/63
Дата03.01.2022
өлшемі0.83 Mb.
#451384
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   63
. ахметов статистикалы

2 тарау. Ықтималдылық теориясының элементтерi



§1. Кездейсоқ шамалар мен уақиғалар жəне олардың ықтималдықтары.
Табиғат пен өмiрде кездейсоқ болатын уақиғалар жиi кездеседi. Яғни мұндай уақиғаның болуы да, болмауы да мүмкiн. Мысалы, радиоактивтi ядроның ыдырауы, атомның фотонды бөлiп шығаруы, Күндегi қопарылыстар, молекулалардың соқтығысуы - кездейсоқ уақиғалар.

Ықтималдық теориясы кездейсоқ уақиғаларды қарастырады. Кездейсоқ құбылыстың белгiлi бiр параметрi кездейсоқ мəнге ие болуы мүмкiн. Мұндай параметр кездейсоқ шама.

Кездейсоқ құбылыстардың заңдылықтарын зерттейтiн математиканың негiзгi салаларының бiрi - ықтималдықтар теориясы болып табылады. Бұл теорияның негiзгi ұғымдарының бiрi – уақиға ұғымы. Əдетте, уақиға бақылаудың немесе тəжiрибе нəтижесiнде пайда болады. Уақиғаның мысалдары ретiнде ойын сүйегiн немесе тиынды лақтыру, жəшiктегi лотерея билеттерiнiң номерлерiн бiртiндеп шығару т.б. қарастыра аламыз. Əрине бұл тəжiрибелердiң нəтижелерiн алдын-ала болжау мүмкiн емес. Дегенмен, тиынды алғашқы екi лақтыруда оның сан жағы мен елтаңба салынған жағының пайда болу мүмкiндiгi тең, сондай-ақ ойын сүйегiнiң сан жағы жазылған кез келген қырының түсу мүмкiндiктерi де бiрдей. Жалпы жағдайда уақиғалардың пайда болу мүмкiндiгiн уақиғаның ықтималдығы деп атайды.

А уақиғасының ықтималдығы деп, осы уақиғаның орындалуына ыңғайлы болуын, яғни ықпал ететiн қарапайым уақиғалардың санын, мүмкiндiктерi бiрдей, өзара тəуелсiз, толық топ құрайтын, барлық қарапайым уақиғалардың санына қатынасын айтамыз.
W(A)  n

N
мұндағы n – уақиғаның орындалуына ыңғайлы қарапайым уақиғалардың саны, N-барлық мүмкiн болатын қарапайым уақиғалардың немесе сынақтардың саны.

Ықтималдылықтың анықтамасынан оның мынадай қасиеттерi шығады. 1-қасиет. Ақиқат уақиғаның ықтималдығы 1-ге тең, яғни n=N болады да


W ( A)  n

N

n N  1



n N




    1. қасиет. Мүмкiн емес уақиғаның ықтималдығы 0-ге тең, яғни n=0 болады да

W ( A)  n

N

0  0



N




    1. қасиет. Кездейсоқ уақиғаның ықтималдығы 0 мен 1-дiң арасында жататын оң сан, яғни 0<

0  n n < N болғандықтан N

 1


, демек

0Сонымен кезкелген уақиғаның ықтималдығы мына түсiнiктi қанағаттандырады


0≤W(A)≤1 (1)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет