Сабақтың тақырыбы: 7 санын қосу және азайту



Дата10.07.2016
өлшемі72 Kb.
#189477
түріСабақ
Мәлик Жайсан Қасымқызы,

«Бөген» жалпы орта

мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

ОҚО,Ордабасы ауданы

Сабақтың тақырыбы: 7 санын қосу және азайту

Сабақтың мақсаты:


Білімділігі: Оқушыларға 7 санын қосу және азайтудың сырларын түсіндіру. Ауызша және жазбаша есептерді түсіндіріп шығартуға үйрету.

Дамытушылығы: Қосу және азайту есептер арқылы оқушылардың логикалық, есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелігі: Оқушыларды білім бере отырып, шапшаңдықпен ұйымшылдыққа, бір-бірін сыйлауға, көркем жазуға үйрету. Киелі 7 санының қасиеттерін меңгерту.

Түрі: Электрондық кітап, суреттер, слайд.

Пәнаралық байланыс: Ана тілі.
Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.


Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.

Сабақты бастамас бұрын бір-бірімізге жылы лебіз тілейік:

Мұғалім: Иманды да шыншыл болыңдар


  1. Бала: Еліме тыныштық тілейміз!

  2. Бала: Деніміз сау болсын!

  3. Бала: Білімді азамат болайық!

  4. Бала: Көк туымыз биік болсын!

  5. Бала: Сауатты болайық!

Мұғалім: - Жарайды, балалар! Біз бір-бірімізге деген жылы тілектерімізді айттық.

Үй тапсырмасын тексеру № 1 слайд


- Балалар, өткен сабақта біз қандай санмен таныстық?
- 6 санын қосу және азайту.
Баспалдақ ойыны.
12 13


9+3 6+6



9+4 6+7

8+4 5+7


8+5 4+9

7+5 4+8


7+6 5+8

ІІ. Жаңа сабақ: 7 санын қосу және азайту.


Дәптерге бүгінгі күнді жазып, жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.

- Қазақ халқында 7 санын киелі сан дейді. 7 санына байланысты халқымызда жиі қолданатын байламдарға кезек берейік. №2 слайд





7 ЖЕТЕКШІ

7 ҚАЗЫНА

7 ҒАЛАМ

7 КҮН

7 СЕПТІК

7 ЖОҚ

Ақыл

Ер жігіт

Шығыс

Бүгін

Атау

Жерде өлшеуіш жоқ

Талап

Сұлу әйел

Батыс

Ертең

Ілік

Аспанда тіреуіш жоқ

Ой

Ақыл білім

Оңтүстік

Бүрсігүні

Барыс

Таста тамыр жоқ

Кәсіп

Жүйрік ат

Солтүстік

Арғы күн

Табыс

Тасбақада талақ жоқ

Сабыр

Қыран бүркіт

Аспан

Ауыр күн

Жатыс

Аллада бауыр жоқ

Мінез

Берен мылтық

Жер

Соңғы күн

Шығыс

Аққуда сүт жоқ

Халық

Жүйрік тазы

Жер асты

Азына

Көмектес

Жылқыда өт жоқ

Оқулықпен жұмыс. №3 слайд

1- тапсырма. а)


7+7=(7+3)+4=10+4=14




14-7=(14-4)-3=10-3=7

7+7=14
8+7=15
9+7=16
ә) Тақтамен жұмыс. №4 слайд

8+7 15 – 7 9 + 7 16 – 7



2 5 5 2


2-тапсырма. Ойын. Пілге көмектес. №5 слайд

8, 7, 15, +, -, =

Қосу кестесінен пайдаланған теңдікті жаз.

3- тапсырма. Математикалық диктант №6 слайд

7 мен 3 сандарының қосындысына 4-ті қос;

14 пен 4 сандарының айырмасынан 3-ті азайт;

8 бен 2 сандарының қосындысына 5-ті қос;

15 пен 5 сандардының айырмасынан 2-ні азайт;

9 бен 1 сандарының қосындысына 6-ны қос;

16 мен 6 сандарының айырмасынан 1-ді азайт


Сергіту сәті. №7 слайд

Бір үйде біз нешеуміз?


4- тапсырма. «Дүкенші ойыны» № 8 слайд
1 - жәшікте – 30 кг (с)
2 - жәшікте -? 5 кг артық
Барлығы -?
Шешуі: 30+(30+5)=65 (с)
Жауабы: Екі жәшікте 65 кг сары май бар.

5- тапсырма. «Сатушы ойыны» № 9 слайд


Робот - 9
Қуыршақ -? 5 - еуі кем
Барлығы -?
Шешуі: 9+(9 - 5)=13
Жауабы: Барлығы 13 ойыншық сатылды.
Логикалық есеп. № 10 слайд
Екі адамның бірі ылғи шын, 2-шісі ылғи өтірік айтқан. Екеуі бірдей жауап беру үшін оларға қандай ортақ сұрақ қою керек? Сен өтірікшісің бе?

Жанұяда 5 ұл және әр ұлдан 1-1-ден әпкесі бар. Жанұяда барлығы неше бала бар? ( 6 бала)

Қорытындылау.

Мұғалім: - Қазақ халқы үш, бес, жеті, тоғыз сандарын қастерлеп, соның ішінде бүгін біз жеті санына тоқталдық. Жеті саны ертеден сиқырлы болып саналады. Жеті – адамзаттың сүйікті саны. Егер кез-келген адамға он көлемдегі санның ішінен бір санды таңда десек, ол міндетті түрде жеті санын таңдайды.

Жеті саны

Киелі сан «жеті» деген,

Байланысты жетімменен.

Көп ұғымы халқымыздың,

Белгісіндей салтымыздың.

Жеті қат көк жер үсті,

Жеті қабат жер асты.

Жеті жарғы – заң жеті,

Қазынамыз бар жеті.

Жеті атамыз – тегі жұрт,



Ағайынды жеті жұт.
Бағалау.

Үйге тапсырма. 6-тапсырма.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет