Негіздері


Құрал жабдықтар, реактивтер, материалдар



бет9/40
Дата26.09.2023
өлшемі323.49 Kb.
#478675
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40
treatise4938

Құрал жабдықтар, реактивтер, материалдар


  1. Көлемі 200 мл-ге тең конус тәріздес колба; 2) 10 мл-лік пипеткалар; 3) көлемі 100 мл-ге тең өлшеуіш цилиндрлер; 4) титрлеуге арналған бюреткалар; 5) дистильденген су; 6) 0,01 н AgNО3 ерітіндісі: 1,6987 г AgNО3 тұзын 1 литр дистильденген суда ерітеді; 7) 0,01 н NаCl ерітіндісі: фиксаналдан дайындайды; 8) 5% К2CrО4 ерітіндісі.

Материал: ластанған су немесе суқойма суы.
Жұмысты орындау барысы
AgNО3 ерітіндісінің титрін анықтау мақсатында көлемі 200 мл-ге тең конус тәріздес колбаға NаCl ерітіндісінің 10 мл-ін, 90 мл дистильденген су құяды және 5 тамшы К2CrО4 қосады. Алынған ерітіндіні AgNО3 ерітіндісімен титрлейді, бұл кезде лимон түстес сары лай ерітіндінің түсі оранж-қызыл түске дейін өзгереді, бұл түс 15-20 секунд бойы тұрақты болып тұрады.
AgNО3 ерітіндісінің титріне түзету коэффициентін титрлеудің 3 нәтижесінен:

К 


формуласы бойынша есептейді, мұнда: П123 – титрлеуге жұмсалған AgNО3 ерітіндісінің көлемі, мл.
Егер зерттелетін суда хлоридтердің мөлшері 250 мг/л-ден кем болса, титрлеу үшін 100 мл алады. Ал хлоридтердің көлемі осы мөлшерден көп болса, 10-50 мл алады. Судың сынамасын екі конус тәріздес колбаға құяды, судың көлемін дистильденген сумен 100 мл-ге дейін жеткізеді, 5 тамшы К2CrО4 ерітіндісін қосады. Бірінші колбадағы ерітіндіні AgNО3 ерітіндісімен титрлейді, ал екінші колбадағы ерітіндіні бақылау (салыстыру) мақсатында пайдаланылады.

Концентрацияны есептеу: Х  ,


 мұнда: Х – хлор-иондарының мөлшері, мг/л;
П- титрлеуге жұмсалған AgNО3 ерітіндісінің көлемі, мл;
К – түзету коэффициенті;
0,355 – 0,01н AgNО3 ерітіндісінің 1 мл-не эквивалентті хлордың мөлшері, мг;
V- зерттеуге алынған судың көлемі, мл.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет