Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы



бет4/4
Дата01.07.2016
өлшемі365 Kb.
#171239
1   2   3   4
118-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

118. Мұралық мүлік сақтауға берілген сенімгерлікпен басқарушы мұралық мүлікті ысырап еткені, иеліктен айырғаны немесе жасырып қалғаны үшін және мұрагерлерге келтірілген шығындар үшін жауапкершілігі жөнінде қолхат алына отырып, ескертіледі. Нотариус қол қойғанға дейін, қолхат сенімгерлік басқарушыны тағайындау туралы қаулыда баяндалады.

 

 



11. Мұраға құқық туралы куәліктер беру

 

119. Нотариус мұраның ашылған орны бойынша мұраға құқық туралы куәлік мұрагердің өтініші бойынша береді.



Мұраға құқық туралы куәлік заң бойынша, сонымен бірге өсиет бойынша да беріледі.

120. Мұраға құқық туралы куәлік мұра ашылған күні қолданылып келген заңнамада белгіленген мерзімде беріледі.



Өсиет бойынша, сондай-ақ заң бойынша мұра қалдырылған кезде, егер нотариуста куәлік алуға өтініш етушілердің арасында тиісті мүлікке не бүкіл мұраға қатысты басқа мұрагерлердің жоқ екендігі туралы сенімді деректері болса, куәліктің мерзім біткенге дейін берілуі мүмкін.

Бұрын белгіленген мерзімде мұраға құқық туралы куәлікті беру кезінде нотариустың мұраға берілетін мүлікке қатысты басқа да мұрагерлердің жоқтығын растайтын дұрыс мәліметтері, құжаттары болуы тиіс. Ондай мәліметтері болмаған жағдайда нотариус Кодексте белгіленген мерзімде мұраға құқығы туралы куәлікті береді.

121. Мұраны қабылдау:



1) мұрагердің мұраны қабылдағаны туралы өтінішті немесе мұраға құқығы туралы куәлікті беру туралы мұрагердің өтінішін мұраның ашылған жері бойынша нотариусқа беруі арқылы;

2) мұрагердің мұрагерлік мүлікке немесе оның бір бөлігіне нақты иелік етуі (басқаруы) арқылы жүзеге асырылады.

Мұрагерлік мүлікке нақты иелік етудің дәлелдемесі:

мұрагерлік мүліктің иеленуге немесе басқаруға түсуі;

мұрагерлік мүлікті сақтау, оны қол сұғушылықтан немесе үшінші тұлғалардан қорғау жөнінде шаралар қабылдау;

мұрагерлік мүлікті ұстауға кететін шығыстарды өзінің есебінен төлеу;

мұра берушінің қарыздарын өзінің есебінен төлеу немесе үшінші тұлғалардан мұра берушіге тиісті ақшаны алуы болып табылады.

ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 122-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



122. Нотариус мұрадан бас тарту туралы өтінішті куәландыру кезінде нотариус мұрагерлерге мұрадан бас тартудың қайтарымсыз, шартсыз екендігін, бұндай арызды мұраның ашылған жері бойынша нотариуске беру қажеттігін түсіндіреді, ол туралы өтінішке тиісті жазба жасалады.

Мұраны қабылдаудан бас тарту туралы өтінішті нотариус мұраның ашылған орны бойынша мұра ашылған күннен бастап алты айдың ішінде қабылдайды.

Нотариус мұрагердің өтінішін Кодекстің 1074-бабының 4-тармағымен көзделген негіздер бойынша мұраны қабылдаудан бас тарту құқығынан айырылған жағдайда, сондай-ақ қамқоршылық пен қорғаншылықта тұрған адамдардың мұрада бас тартуы кезінде қамқоршылық пен қорғаншылық органдары алдын-ала рұқсат бермеген жағдайларда қабылдамайды. (Неке (ерлі-зайыптылық) туралы Кодекстің 125-бабы 2-тармағы).

Мұра қалдырудан айырылған мұрагерлерді қоспағанда, мұрадан бас тарту өсиет бойынша немесе заң бойынша кез келген кезектегі мұрагерлердің арасынан басқа адамдардың пайдасына, сондай-ақ ұсыну құқығы бойынша мұраға шақырылмаған мұрагердің пайдасына жасалуы мүмкін.

123. Егер өтініш басқа нотариусқа (нотариат органына) берілетін болса, онда мұрагер қолының растығы нотариаттық түрде куәландырылады және өтініш иесіне берілетін данаға мұра ашылған орындағы нотариусқа өтініш беру тәртібі мен мерзімі түсіндірілгені туралы жазылады.

124. Мемлекеттің атынан өсиет бойынша мұраны беру жөніндегі өтінішті аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары мұраның ашылған жері бойынша береді.

ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 125-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



125. Мұрагерліктен бас тартқаны немесе мұраға құқық туралы куәлікті беру туралы жазбаша түрде алынған өтініштер (мұраны қабылдау туралы) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтар № 32 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7445 тіркелген) Нотариаттық іс жүргізу нұсқаулығының талаптарына (бұдан әрі - Іс жүргізу жөніндегі ереже) сәйкес Мұралық істерді тіркеу кітабы мен мұралық істерді есепке алудың Алфавиттік кітабына тіркеледі.

Егер өтініште мұрагердің қолтаңбасы нотариаттық куәландырылмаған болса немесе өтініште (нотариусқа пошта арқылы немесе басқа нотариустан берілген болса) қате табылған болса нотариус өтінішті қабылдайды, оны Мұрагерлік істерді тіркеу кітабында және мұрагерлік істерді есепке алудың Алфавиттік кітабында тіркеледі. Бұл ретте нотариус мұрагерге тиісті ресімделген өтінішті жіберуді немесе нотариусқа жеке өзі келіп жолығуды ұсынады.

ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 126-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



126. Мұра қалдырушылар мен мұра қабылдаушы мұрагерлер арасындағы туыстық және некелік қатынастар өтініш беру кезінде немесе мұраға құқық туралы куәлік берілгенде тексеріледі.

127. Мұра өсиет бойынша мұралық ету тәртібімен мемлекетке өткенде мұраға құқық туралы куәлік тиісті мемлекеттік (салық) органына табыс етіледі, ол алты ай мерзімнен бұрын берілмеуі тиіс.

128. Нотариус мұраға құқығы туралы куәлікті берген кезде заң бойынша және өсиет бойынша Заңның 71, 72-баптарында белгіленген шарттардың болуын тексереді.

129. Егер мұрагерлік құқық туралы өзін мұра қалдырушының асырауындағы адаммын деп есептейтін адам сұрайтын болса, онда нотариус кемінде бір жыл уақыт бойы оның қайтыс болғанға дейін мұра қалдырушының асырауында болған болмағанына, сондай-ақ оның мұра ашылғанға дейін еңбекке жарамды, не жарамсыз болғанына қажетті жағдайларды көзін жеткізуі керек.

ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 130-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

130. Мұрагерлік мүліктің құрамы мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы және жылжымайтын мүлікке мұрагерлер ұсынған құқық белгілеуші құжаттардың, сондай-ақ мұра берушіге тиесілі бағалы қағаздардың, жинақтаушы кітапшалардың және басқа да құжаттардың негізінде тексеріледі.

131. Егер мұралық жиынтыққа мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы және жылжымайтын мүлік (соның ішінде жарғылық капиталдағы үлестер) кірсе, аталған мүліктің мұра қалдырушыға тиесілі екендігін құқық белгілейтін құжаттардың негізінде тексеріледі.

ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 132-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

132. Мұра қалдырушының қайтыс болу фактісін, мұраның ашылу уақыты мен орнын, мұралық мүліктің құрамы мен тұрған жерін растау үшін нотариус құжаттарды, мұрагерлік іске тігілетін көшірмелерді талап етеді.

ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2015.04.06. № 315 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 133-тармақ жаңа редакцияда



133. Өсиет бойынша мұраға құқығы туралы куәлікті бергенге дейін, өсиетті басқа нотариус куәландырған жағдайда, өсиет бойынша мұрагер өсиеттің сақталған жерінен өсиеттің өзгермегені және жойылмағаны туралы мәліметті нотариусқа ұсынады. Аталған мәліметтер күні қойылып, құзыретті тұлғаның қолымен және мөрімен бекітіліп, өсиетте өзінде және бөлек құжатта (өсиет мұрағатта сақталғанда) жазылуы тиіс.

ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 134-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



134. Мұрадағы міндетті үлеске және жұбайлардың ортақ мүлкіндегі үлеске құқығы бар адамдар шегі мыналар негізінде анықталады:

1) өсиет бойынша мұрагердің (мұрагерлердің) жазбаша өтініші;

2) мұрадағы міндетті үлеске құқығы бар адамның жазбаша өтініші;

3) жұбайлардың некеде болу кезінде жинаған ортақ мүлкіндегі үлеске меншік құқығы туралы куәлік беру туралы көзі тірі жұбайының жазбаша өтініші;

4) туыстық фактісін және/немесе некелік қатынасын растайтын құжат.

Міндетті үлесінің мөлшерін анықтаған кезде, егер мұраға ие болу тәртібі өсиетте өзгертілмеген болса, нотариус мұраға ие болатындарды барлық мұрагерлер қатарынан заң бойынша кезектілікпен шақыруы тиіс.

135. Өсиет бойынша мұраға құқығы туралы куәлікті берген кезде өсиет нотариустың өсиет ісінде қалады.

136. Егер мұрагер (заң бойынша да, өсиет бойынша да) мұраны қабылдаған болса, алайда өзінің мұрагерлік құқықтарын ресімдеп үлгермеген болса, мұраға құқығы туралы куәлік (заң бойынша да, өсиет бойынша да) оның мұрагерлеріне беріледі.

137. Егер заң және өсиет бойынша мұрагер мұра ашылған соң алты ай ішінде заңда белгіленген мерзім ішінде оны қабылдауға үлгермей қайтыс болып кетсе, мұраның оған қатысты үлесін қабылдау құқығы оның мұрагерлеріне ауысады (мұрагерлік трансмиссия).

ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2015.04.06. № 315 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 138-тармақ жаңа редакцияда

138. Мұраға құқық туралы куәлікті беру кезінде нотариус басқа мемлекеттік нотариаттық кеңселерден, нотариустардан немесе аумақтық нотариаттық палатадан мұраның ашылған жері бойынша мұрагерлік істің және өсиеттің бар/жоқтығы туралы ақпараттық анықтаманы сұратады.

Мұрагерлікті қабылдағаны не қабылдаудан бас тарту туралы өтінішті бірнеше нотариус қабылдаған жағдайда мұраға құқығы туралы куәлік мұрагерлердің таңдауы бойынша беріледі, мұрагерлер мұраға құқығы туралы куәлікті алғысы келетін нотариусқа мұрагерлік істі беру туралы өтініш алынады. Егер мұрагерлер арасында келісім болмаған болса, мұраға құқығы туралы куәлікті мұралық істі бірінші бастаған нотариус береді.

ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2015.04.06. № 315 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 139-тармақ жаңа редакцияда



139. Егер мұрагерлер мұраны ресімдеу үшін қажетті құжаттарды нотариусқа көрсету мүмкіндігінен айырылса, нотариус оларды құзыретті органдардан талап ету жөнінде жәрдемдеседі. Егер тиісті органдарда аталған құжаттар сақталмаса, нотариус мүдделі адамдарға сотқа жүгіну тәртібін түсіндіреді. Егер өсиет мәтінінде мұрагерлердің өсиет қалдырушымен туыстық қатынасы көрсетілсе, бұл қатынастарды растайтын құжаттар талап етілуі қажет. Мұндай құжаттарды ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, нотариус құжаттарды ұсынусыз өсиет бойынша мұрагерлік құқық туралы куәлік беруге құқылы. Мұндай жағдайда мұрагерлік құқық туралы куәлікте туыстық қатынасы көрсетілмейді.

ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 140-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



140. Мұраға құқық туралы куәлік (заң бойынша да, өсиет бойынша да) барлық мұрагерлерге бірге не олардың қалауына қарай әрқайсысына жеке-жеке беріледі.

Мұрагерлік мүлікке ауыртпалықтар болған жағдайда мұраға құқық туралы куәлікті беру кепіл ұстаушының немесе ауыртпалық салған құзыретті органдарға хабарлау арқылы жүргізіледі.

141. Заң бойынша да, өсиет бойынша да мұраға құқық туралы куәлік берілген ретте нотариус белгіленген тәртіпте тіркелген жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды талап етеді.



Өсиет бойынша мұраға құқық туралы куәлік беру кезінде мемлекетке барлық жағдайларда нотариус бағалау актісі (жылжымалы сияқты, жылжымайтын мүлікке де) талап етеді.

ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 142-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



142. Мұрагер нотариусқа жүгінген сәтте жылжымайтын мүлікке құқық ресімделген не мұра қалдырушының атына ресімдеу сатысында болған, алайда бұл құқықты мұра қалдырушы заңнамада белгіленген тәртіппен тіркемеген жағдайда, нотариус ҚР АК (Ерекше бөлім) 1040-бабына сәйкес, мұрагерге мүліктік емес құқықтардан, соның ішінде мұра қалдырушыға меншік құқығын тіркеу үшін тіркеуші органға өтініш жасау құқығынан, құрылыстарды пайдалануға беру құқығынан, құқық белгілейтін құжаттардың телнұсқасын және басқа да құжаттарды алу үшін уәкілетті органға жүгіну құқығынан тұратын мұраға құқық туралы куәлік береді.

ҚР Әділет министрінің 2015.04.06. № 315 бұйрығымен 143-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



143. Мұралық мүліктің белгілі бір бөлігіне қатысты мұраға құқық туралы куәлік алған мұрагерлерге кейінірек бұрын берілген мұраға құқығы туралы куәлікте көрсетілмеген мүлікке мұрагерлік құқық туралы қосымша куәлік беріледі.

Қосымша куәлік берілген кезде нотариус бұрын берілген куәлікке қосылған құжаттарды қайтадан талап етпейді.

ҚР Әділет министрінің 2015.04.06. № 315 бұйрығымен 144-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



144. Кәмелетке толмаған немесе әрекет қабілеті жоқ адамға мұраға құқық туралы куәлік беру кезінде (заң бойынша да, өсиет бойынша да) нотариус оның мүліктік мүдделерін қорғау үшін мұрагердің тұратын жеріндегі қамқоршы және қорғаншы органға хабарлайды.

ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 145-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



145. Мұраны қабылдау туралы немесе мұрадан бас тарту туралы немесе мұраға құқық туралы куәліктер беру туралы өтініштер негізінде мұрагерлік іс қозғалады және реттік нөмір беріледі. Басқа мұрагерлердің одан кейінгі өтініштері, оның ішінде қосымша өтініштер іс жүргізу ережесінде көзделген нысан бойынша Мұрагерлік істерді есепке алу кітабына да тіркеледі. Барлық өтініштерде оның түскен күні көрсетіледі, мұралық іс нөмірі, бірінші келіп түскен өтінішке берілген нөмір сақталады.

146. Мұралық істе мұрагерлердің мұраға құқық туралы куәлік беруі үшін ұсынған құжаттары сақталады.

 

 

12. Жұбайлардың және ортақ бірлескен меншік құқығында мүлігі бар басқа адамдардың ортақ мүліктері үлеске меншік құқығы туралы куәліктер беру



 

147. Мүлкі ортақ бірлескен меншікте тұрған адамдардың бірлескен жазбаша өтініші бойынша нотариус ортақ мүліктегі үлесті алуды қалаған адамға немесе адамдарға осындай үлеске меншік құқығы туралы куәлік береді.

ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2015.04.06. № 315 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 148-тармақ жаңа редакцияда



148. Жұбайлардың ортақ мүлкіндегі үлеске меншік құқығы туралы куәлік берген кезде нотариус мыналарды:

1) неке қию туралы куәлігін;

2) жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарын;

3) автокөлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін (техникалық төлқұжаты);

4) жұбайлар мүлкінің құрамы мен мөлшерін растайтын өзге де құжаттарды талап етеді.

149. Жұбайлардың бірі қайтыс болған жағдайда ортақ мүліктегі үлеске меншік құқығы туралы куәлікті нотариус мұраны қабылдаған мұрагерлерді хабарлай отырып, көзі тірі жұбайының жазбаша өтініші бойынша мұраның ашылған жері бойынша береді.

ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 150-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

150. Жұбайлардың бірі қайтыс болған жағдайда жұбайлардың ортақ мүлкіндегі үлеске меншік құқығы туралы куәлік беру туралы көзі тірі жұбайдың өтінішін алған жағдайда, нотариус қайтыс болған жұбайдың мұраны қабылдаған мұрагерлеріне хабарлайды, онда көзі тірі жұбайының меншік құқығы туралы куәлік беру туралы үлесіне жұбайлардың ортақ мүлкінің құрамы көрсетіледі.

151. Нотариус қайтыс болған жұбайының некеде тұрған кезде жинаған ортақ мүліктегі үлесіне меншік құқығы туралы куәлікті көзі тірі жұбайының не оның мұрагерлерінің өтініші бойынша беруі мүмкін.



Мұрагерлер осындай куәлікті беру мәселесі бойынша жүгінген кезде оны нотариус көзі тірі жұбайының келісімімен береді.

152. Осындай куәлік беруге келісім беруге жасы жетпеген жағдайда нотариус сотқа жүгіну тәртібін түсіндіреді.

153. Жұбайлардың екеуі де қайтыс болған жағдайда жұбайлардың үлесін бөлу сот тәртібімен шешіледі.

ҚР Әділет министрінің 2015.04.06. № 315 бұйрығымен 154-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



154. Егер қайтыс болған жұбайдың мұрагерлері нотариусқа өздері келсе, оларға нотариус осы Ереженің 150-бабында аталған жағдайлар туралы ауызша түрде хабарлайды, бұл жөнінде жұбайлардың ортақ мүлкіндегі үлеске меншік құқығы туралы куәлік беру жөніндегі көзі тірі жұбайлардың өтінішіне мұрагердің қолы қойылып, белгі соғылады.

ҚР Әділет министрінің 2015.04.06. № 315 бұйрығымен 155-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



155. Көзі тірі жұбайына жұбайлардың ортақ мүлкіндегі үлеске құқық туралы куәлік берген кезде нотариус осы Ереженің 148-тармағында аталған құжаттардан басқа жұбайының қайтыс болу туралы куәлігін талап етеді.

156. Егер көзі тірі жұбайы мұраға құқық туралы куәлік берілген соң жұбайлардың ортақ мүлкіндегі үлеске меншік құқығы туралы куәлік беру жөнінде жүгінсе, нотариус оған сотқа бару тәртібін түсіндіреді.

ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 157-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

157. ҚР Әділет министрінің 2015.04.06. № 315 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

158. Шаруа (фермерлік) қожалығындағы үлеске меншік құқығы туралы куәлік берген кезде нотариус мыналарды талап етеді:



1) шаруа (фермерлік) қожалығын бірлесіп жүргізетін адамдар шеңберін растайтын шаруашылық кітаптан алынған үзінді;

2) тіркеуші органда тіркелген, жылжымайтын мүлікке құқық белгілеуші құжаттар;

3) ауылшаруашылық техникасына техникалық құжаттама.

159. Егер мүдделі адамдар шаруа (фермерлік) қожалығы мүлкінің құрамында жұмыс малын, құсты, көп жылдық көшеттерді, тұқым қорын, астықты, егістіктерді, басқа мүлікті, сондай-ақ шаруа (фермерлік) қожалығының шаруашылық қызметі нәтижесінде алынған басқа да өнімді атаса, онда мұндай мүлікті нотариус тараптардың келісімі бойынша бағалайды, не олардың қалауы бойынша бағалаушы-маман тізімдеме жасай отырып жүргізеді.

ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 160-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

160. Мүлікті иеліктен алуға тыйым салынған кезде мүлікке меншік құқығына куәліктер тек ауыртпалық қойған органның рұқсатымен ғана беріледі.

ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 161-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



161. Жұбайлардың ортақ бірлескен мүлкіндегі үлесіне меншік құқығы туралы куәлік немесе ортақ бірлескен мүлкіне құқығы бар басқа адамдардың меншік құқығы туралы куәлік бөлінген үлеске құқық белгілеуші құжат болып табылады.

ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 162-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



162. Куәлікті беру туралы белгісі бар құқық белгілеуші құжат қайтарылады, бұл жағдайда нотариустың ісінде құқық белгілеуші құжаттың көшірмесі қалдырылады.

163. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын ортақ мүліктегі үлеске меншік құқығы туралы берілетін куәлік тіркеуші органда тіркеледі, ол туралы куәлікке белгі қойылады.

ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 164-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

164. Жылжымайтын мүлікке меншік құқығы туралы куәлік осы Ереженің 149-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тұрған жері бойынша беріледі.

 

 



13. Мүлікті иеліктен алуға тыйым салу және тыйымды жою

 

ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 165-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



165. Несие (кредит) шартын, өзге де міндеттемелерді қамтамасыз ету мақсатында жасалынған жылжымайтын немесе жылжымалы мүлік кепілі шартының негізінде, сондай-ақ кепіл туралы шартты нотариаттық куәландырған кезде нотариус тіркеуші органға тиым салуды шарттың көшірмесімен бірге жібереді.

166. Кепіл ұстаушының алынған несиені (кредитті) өтегені туралы немесе кепіл ұстаушының кепіл шартының тоқтатылғаны туралы хабарламаны алған кезде нотариус иеліктен айыруға тыйым салуды жояды, ол туралы тіркеуші органға жазбаша хабарлайды.

 

 

14. Құжаттар көшірмесінің және олардың үзінділерінің дұрыстығын куәландыру



 

167. Нотариус құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын егер ол Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы келмеген және заңдық мәні болған жағдайда куәландырады.

ҚР Әділет министрінің 2014.24.01. № 22 бұйрығымен 168-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



168. Нормативтік құқықтық актілердің, сондай-ақ газет баспаларының, кітаптардың, мақалалардың, монографиялардың, заңдық мәні жоқ жеке хаттар мен басқа да құжаттарының көшірмелерінің және үзінділерінің дұрыстығы куәландырылмайды.

Заңды тұлғалар ұсынған, факсимиле бедерлемесімен куәландырылған құжаттардың көшірмелерінің дұрыстығын куәландыруға рұқсат етілмейді.

169. Өсиеттің көшірмесінің дұрыстығы өсиет қалдырушының қайтыс болғаны туралы куәлік көрсетілген кезде ғана куәландырылады.

ҚР Әділет министрінің 2014.24.01. № 22 бұйрығымен 170-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

170. Тазартылған, қосымша жазу жазылған, сызып тасталған сөздері, сондай-ақ ескертілмеген өзге де түзетулері бар құжаттың және одан алынған үзінділердің дұрыстығын, не егер құжат қарындашпен жазылса, мәтіні түсініксіз болса, тиісті түрде нөмірленбеген, бауланбаған және бекітілмеген бірнеше бетке жазылса, немесе мөрдің бедерлемесі анық болмаса куәландырылмайды.

171. Нотариалды куәландырылған көшірмеде түпнұсқа құжаттың дәлме-дәл мәтіні болуға, лауазымды адамдардың қолдарының бар екендігі көрсетілуге, сондай-ақ құжат бекітілген мөрдің нақты мәтіні болуға тиіс. Көшірмеде нотариустың куәландыру жазбасы, оның қолы және мөрдің бедерлемесі қойылады.

ҚР Әділет министрінің 2014.24.01. № 22 бұйрығымен 172-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

172. Бірнеше бетке жазылған құжат көшірмесі және одан алынған үзінді осы Ереженің 21-тармағының ережелері сақталып жасалуға тиіс

ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2014.24.01. № 22 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 173-тармақ жаңа редакцияда



173. Шетел мемлекетінің ресми мекемелері берген құжаттың көшірмесінің және одан алынған үзінділердің дұрыстығын куәландыруды құжатта заңдастыру немесе апостиль қойылғаны туралы белгі болғанда ғана жүргізеді. Егер Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеті арасында тиісті келісім болған жағдайларда құжатты заңдастыру немесе апостиль қою талап етілмейді.

ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2014.24.01. № 22 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 174-тармақ жаңа редакцияда



174. Көшірменің дұрыстығы көшірме жасалатын құжатта өзара байланысты емес жеке бөлек мәселелер туралы мәліметтер болған жағдайда куәландырылады.

Үзінді құжаттың мәтінінен механикалық түрде жазба машинасымен, компьютермен, қолдан қайта жазу арқылы, ксерокөшірмеленіп және сканерленіп жүзеге асырылады.

Келесі құжаттардың үзінділері ксерокөшірме және сканерлеу арқылы жүзеге асырылады:

1) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;

2) Қазақстан Республикасының дипломаттық паспорты;

3) Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты;

4) шет ел паспорты;

5) әскери билеті;

6) еңбек кітапшасы.

Осындай құжаттардың үзінділері ұсынылған құжаттың үзіндісіне тиісті екенін анықтауға мүмкіндік беретін мәселе мен мәліметтерді айқындау бойынша құжаттың бір бөлігінің толық мәтінін қайталауы тиіс.

Азаматтың қалауы бойынша жоғарыда аталған құжаттардың барлық беттерінің көшірмелерінің дұрыстығын куәландыруға болады.

ҚР Әділет министрінің 2014.24.01. № 22 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2015.04.06. № 315 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 175-тармақ жаңа редакцияда



175. Егер құжаттағы азаматтың қолының дұрыстығын нотариус немесе нотариаттық іс-әрекет жасауға уәкілеттік берілген лауазымды тұлға куәландырған жағдайда, азамат берген құжаттың көшірмесінің және одан алынған үзінділердің дұрыстығы куәландырылады.

176. Құжаттың көшірмесінен алынған көшірменің дұрыстығы бұрын нотариаттық тәртіпте куәландырылған болса және оны түпнұсқа құжатты берген заңды тұлға берген болса ғана куәландырылады.



Соңғы жағдайда құжаттың көшірмесі аталған заңды тұлғаның бланкісінде жасалуға, оның мөрімен бекітілуге және оның түпнұсқасы құжатты берген заңды тұлғада жатыр деген белгісі болуға тиіс.

177. Құжаттың көшірмесінен алынған көшірмені куәландыру тәртібі құжаттың көшірмесін куәландыру ережелеріне ұқсас. Нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімде құжаттың мазмұны, деректемелері, құжаттың көшірмесін алғаш куәландырған орган туралы жазу жазылуға тиіс.

 

 

15. Құжаттардағы қолдардың түпнұсқалылығын куәландыру



 

178. Нотариус мазмұны заң актілеріне қайшы келмейтін және мәмілелерді баяндамайтын болса, құжаттағы қолдың түпнұсқалығын куәландырады.

179. Қолдардың түпнұсқалылығын куәландырған кезде нотариус осы Ереженің 4, 5-тармақтарының талаптарына сәйкес азаматтардың іс-әрекетке қабілеттілігін анықтайды.

180. Егер онда куәландыру, растау құқығы міндеттемелері мемлекеттік органға жататын болса, азаматтың құжаттағы қолының түпнұсқалылығы куәландырылмайды.

 

 



16. Құжаттардың бір тілден екінші тілге аудармасының дұрыстығын куәландыру

 

181. Егер нотариус тиісті тілдерді білген жағдайда, ол бір тілден екінші тілге жасалған аударманың дұрыстығын куәландырады.

182. Егер нотариус құжат жазылған тілді немесе құжаттың оның ішінде нотариаттық куәландырылған мазмұнын аудару қажет болған тілді білмесе аударманы аудармашы жасайды.

Бұл ретте нотариус осы Ереженің 5-тармағының талаптарына сәйкес, аудармашының жеке басын анықтайды.

Аудармашының өкілеттілігі мына құжаттардың бірімен расталады:

жоғары білімі туралы дипломы, жоғары білімі туралы дипломға қосымшасы, аудармашы біліктілігін растайтын сертификаты, еңбек шарты, аудармашы қызметіне қабылданғаны туралы бұйрығы.

183. Егер аударманың дұрыстығын куәландыру үшін шетел мемлекетінің ресми мекемелері берген құжат ұсынылса, мұндай нотариаттық әрекет құжатта оның заңдастырылғаны немесе апостиль қойылғаны туралы белгісі болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 184-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

184. Егер нотариаттық әрекет жасау кезінде (мәмілені куәландыру, көшірменің дұрыстығын куәландыру) бір мезгілде басқа тілге аудару да жүзеге асырылса, онда аударма түпнұсқамен бір бетте жазылады, түпнұсқа сол жақта, аударма оң жақта тұратындай етіп тік сызықпен сызылған бір бетте аударма түпнұсқамен бірге, екі мәтін қатар орналастырылады немесе жеке параққа тігіледі. Аударма аударылатын құжаттың бүкіл мәтінінен жасалуға (соның ішінде куәландыру жазуы, құжатты заңдастыру туралы жазба және т.б.) және қойылған қолдармен аяқталуға тиіс. Аударма астына аудармашының қолы қойылады. Куәландыру жазбасы құжат мәтінінің және оның аудармасының астына жазылады.

Газет басылымдарының, кітаптардың, мақалалардың, монографиялардың, Қазақстан Республикасының заңдары мен заңға тәуелді актілерінің аудармаларымен нотариаттық іс-әрекеттер жасау авторлық құқықтар сақтала отырып және заңмен белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Аударма аударылған құжаттың түпнұсқалы данасына, ол мүмкін болмаған жағдайда оның көшірмесіне қоса тігіледі.

185. Түпнұсқадан бөлек мәтінде орналастырылған аударма түпнұсқа құжатқа бекітіледі, нөмірленеді, бауланады, нотариустың қолымен және оның мөрімен бекітіледі.

 

 

17. Фактілерді куәландыру



 

ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 186-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

186. Нотариус азаматтың тірі екендігі, азаматтың белгілі бір жерде екені туралы куәлік береді және Заңның 81, 82, 83-баптарына сәйкес құжатты ұсынған уақытын жазбаша өтінішінің негізінде куәландырады.

 

 



18. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа жеке және заңды тұлғаларға беру

 

187. Нотариус жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Заңның 84-бабына сәйкес басқа жеке және заңды тұлғаларға береді.



Куәлікте өтінішке алынған жауаптың мазмұны немесе белгіленген мерзімде жауаптың түспегені туралы мәлімет көрсетілуі мүмкін.

188. Өтініш пен куәлік 3 данада ресімделеді, олардың бірі адресатқа жіберіледі, бірі тиісті өтініш пен куәліктің адресатқа жіберілгені туралы белгісімен жолдаушыда қалады, ал үшінші данасы нотариустың ісінде қалады.

 

 

19. Ақшаларды депозитке қабылдау



 

ҚР Әділет министрінің 2015.04.06. № 315 бұйрығымен 189-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

189. Заңнамада көзделген жағдайларда нотариус ақшаларды борышкерден депозит жағдайында, ал бағалы қағаздарды нотариустың атына сақтау жағдайында қабылдайды. Ақшаларды депозит жағдайында енгізу немесе бағалы қағаздарды нотариустың атына сақтау міндеттемені орындау болып табылады. Нотариус ақша түскені туралы кредиторға хабарлайды және оның талабы бойынша оған тиесілі ақшаны береді.

ҚР Әділет министрінің 2015.04.06. № 315 бұйрығымен 190-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



190. Нотариус ақшаны борышкердің өтінішінің негізінде депозит жағдайында қабылдайды, қолының түпнұсқалылығы нотариаттық куәландырылады. Нотариустың депозит жағдайында борышкерден тиесілі ақшаны қабылдауы туралы борышкердің өтініші Кіріс құжаттарын тіркеу журналында ол түскен күні тіркеледі. Нотариус ақшаны депозит жағдайында қабылдай отыра, жарна негізін. Яғни кредитордың құқықтары және борышкердің міндеттері туындау негізін тексереді. Міндеттемлерді растайтын құжаттың көшірмесі нотариустың істерінде қалады.

ҚР Әділет министрінің 2015.04.06. № 315 бұйрығымен 191-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



191. Нақты депозиттік операциялардың құжаттарымен бірге нотариустың депозиттік жағдайда ақшаны қабылдауымен байланысты барлық құжаттар, депозиттік жағдайда ақшаны енгізу үшін негіздердің, нотарусқа өтініш жасаушы тұлғаның депозитке қарызды енгізумен міндеттемені орындау құқығының, нотариустың депозиттік шотына ақша қаражатын аудару туралы банк құжатының болуын растайтын құжаттар қоса орналастырылады.

ҚР Әділет министрінің 2015.04.06. № 315 бұйрығымен 192-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



192. Нотариус ақшаның депозиттік жағдайда қабылданғаны туралы кредиторға тапсырысты хатпен хабарлама жібереді. Хабарламаны табыстағаны туралы хабарлама нақты депозиттттік операцияларда сақталады. Хабарламаны жөнелткені үшін шығысты борышкер көтереді.

Егер борышкер кредитордың мекен-жайын және/немесе орналасқан жерін көрсетпесе немесе көрсетілген мекен-жайда кредитор болмаса, нотариус борышкерге, кредиторға ақша жарнасы туралы хабарлау борышкердің міндеті болып табылатындығы туралы жазбаша ескертеді.

ҚР Әділет министрінің 2015.04.06. № 315 бұйрығымен 193-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



193. Ақшаны депозиттік жағдайда қабылдауды нотариус кредитор - жеке тұлға үшін міндеттеме туындаған сәтте оның орналасқан жері, ал кредитор - заңды тұлға үшін оның мемлекеттік тіркелген орны бойынша ақша міндеттемесін орындау орны бойынша жүргізеді.

ҚР Әділет министрінің 2015.04.06. № 315 бұйрығымен 194-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



194. Нотариус банкте ағымды шот ашады. Шоттың ашылу және қызмет көрсету шығындарын нотариусқа жүгінген борышкер төлейді.

ҚР Әділет министрінің 2015.04.06. № 315 бұйрығымен 195-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



195. Борышкерден ақша қабылдағаннан кейін нотариус борышкерге ақша қабылдағаны туралы акті береді, онда:

1) күні;

2) нотариустың тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лицензияның нөмірі және күні, ақшаны қабылдаған мемлекеттік нотариаттық кеңсенің атауы;

3) борышкер мен кредитордың тегі, аты және әкесінің аты (егер бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, туған жылы және тұратын жері;

4) соның негізінде міндеттеме пайда болған құжаттың атауы;

5) қабылданған ақшаның сомасы (банкте берілген құжат негізінде көрсетіледі);

6) тізілім нөмірі, нотариусқа төленген сомасы, нотариустың мөрі және қолы көрсетіледі.

ҚР Әділет министрінің 2015.04.06. № 315 бұйрығымен 196-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



196. Депозиттегі ақша депоненттің өтініші бойынша беріледі, қолдың түпнұсқалылығы нотариаттық түрде куәландырылады. Заңды тұлғаларға ақша қолма-қол ақшасыз тәсілмен олардың шотына аударылады. Жеке тұлғаларға ақшалар қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз тәсілмен беріледі.

ҚР Әділет министрінің 2015.04.06. № 315 бұйрығымен 197-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



197. Нотариус нотариус депозитіне салынған ақшаны борышқорға қайтаруға келісімі туралы өтінішіндегі тұлғаның қолының түпнұсқалылығын куәландырады.

 

 



20. Вексельдер наразылықтарын жасау

 

ҚР Әділет министрінің 2015.04.06. № 315 бұйрығымен 198-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



198. Нотариустың депозиттік шотындағы ақша нотариустің табысы болып табылмайды.

199. Акцептемеу немесе төлем төлемеу туралы наразылық білдірілген жағдайда, нотариус вексельдегі бар не наразылық жасалуын талап еткен адамдардан алынған мекенжайларға сәйкес оларға жазбаша хабарлама жібере отырып, вексель бойынша барлық міндетті тұлғаларды бұл туралы ескертеді. Мұндай хабарламаның шығындары наразылық жөніндегі шығындарға қосылады.

 

 

21. Құжаттар мен бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау



 

ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 200-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

200. Нотариус Заңның 93-бабына сәйкес құжаттар мен бағалы қағаздарды жазбаша өтініш негізінде сақтауға қабылдайды.

201. Нотариустар сақтауға тапсырылатын құжаттар мен бағалы қағаздарды олардың мазмұнына, сондай-ақ белгілі адамға (адамдарға) тиесілігіне қарамастан қабылдайды. Куәліктің данасы нотариустың істерінде сақталады.

202. Сақтауға қабылданған құжаттар мен бағалы қағаздарды қайтару Заңның 94-бабына сәйкес жүргізіледі.

Құжаттарды немесе бағалы қағаздарды сақтауға тапсырған адам қайтыс болған жағдайда құжаттар немесе бағалы қағаздар мұраға құқық туралы куәліктің негізінде мұрагерлерге беріледі.

 

 



22. Теңіз наразылықтарын жасау

 

203. Кеме иесінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін дәлелдерді қамтамасыз ету мақсатында нотариус Заңның 95, 96-баптарына сәйкес теңіз наразылығы туралы өтінішті қабылдайды.

204. Нотариус капитаны өтінішінің, кеме журналы негізінде, сондай-ақ капитанның өзінен және мүмкіндігінше, кеменің командалық құрамындағы кемінде екі куәдан және кеме командасындағы екі куәдан жауап алу негізінде Заңның 97-бабының ережелері бойынша теңіз наразылығы туралы акт жасайды.

 

 



23. Дәлелдерді қамтамасыз ету

 

205. Мүдделі адамдарға қажетті дәлелдер беру кейін олар үшін мүмкін емес немесе қиын тиеді деп болжауға негізі бар мүдделі адамдардың өтініші бойынша нотариус сотта немесе өзге құзыретті органда іс қозғалғанға дейін дәлелдерді қамтамасыз етеді.



Мүдделі тұлғалар нотариуске өтініш ету сәтінде сот өндірісінде немесе басқа құзыретті органда болса, нотариус іс жөніндегі дәлелдемелерді қамтамасыз етпейді.

206. Егер дәлелдер шетел мемлекеті органына берілетін болса, осы Ереженің 205-тармағында аталған ереже қолданылмайды. Бұл жағдайларда, мүдделі адам жүгінген сәтте іс шетел мемлекеті органдарының іс жүргізуінде жатқанына қарамастан, дәлелдер қамтамасыз етіледі.

207. Мүдделі адам нотариусқа дәлелдерді қамтамасыз ету талап етілетін жағдайларды баяндап, дәлел болатын объектіні немесе жағдайларды көрсетіп, өтініш береді, сондай-ақ сотта немесе қандай да бір құзыретті органда қозғалған іс жоқ деген мағлұмат беріледі. Өтініш қабылдаған кезде нотариус мүдделі адамның өтініштегі қолының дұрыстығын куәландырады. Нотариус мүдделі адамға егер дәлелдерді қамтамасыз ету сотта немесе өзге құзыретті органда іс қозғалған соң жүргізілсе, мұндай қамтамасыз етудің заң талаптарына сәйкес күші болмайтындығын түсіндіреді.

208. Дәлелдерді қамтамасыз ету туралы мәселені нотариус әрбір кезде нақты жағдайларды ескере отырып шешеді. Дәлелдерді қамтамасыз ету қажеттілігі туралы мәселені шешу кезінде нотариус болашақта дәлел алуды қиындататын немесе мүмкін емес ететін мән-жайларды анықтайды. Егер нотариус дәлелді қамтамасыз ету туралы өтініштің негізсіздігі туралы қорытындыға келсе, ол аталған нотариаттық әрекетті жасаудан бас тартады және бас тарту туралы қаулы шығарады.

209. Нотариус дәлелдерді қамтамасыз ету тәртібінде азаматтардан жауап алады, құжаттар мен заттарды қарауды жүргізеді.

ҚР Әділет министрінің 2015.04.06. № 315 бұйрығымен 210-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



210. Нотариус дәлелдемелерді қамтамасыз ету орны және уақыты туралы барлық мүдделі тұлғаларға хабарлайды, олардың келмеуі дәлелдемелерді қамтамасыз ету әрекеттерін орындауға кедергі болмайды. Мүдделі тұлғаларға хабарламай дәлелдемелерді қамтамасыз ету, кейінге қалдырғысы келмейтін не нәтижесінде істе кімнің қатысатыны алдын ала анықталмаған жағдайда мүмкін.

Бұл ретте, сұрау хаттамасында не жазбаша және айғақтық дәлелдемелерді қарау хаттамасында мүдделі тұлғаларға хабарламау себептері көрсетіледі.

ҚР Әділет министрінің 2015.04.06. № 315 бұйрығымен 211-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



211. Нотариус хаттама толтырады, онда:

1) сауалдың күні, уақыты және орны;

2) нотариустың тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лицензияның нөмірі және күні, жауап алған мемлекеттік нотариаттық кеңсенің атауы;

3) жауап алуға қатысқан тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), туған жылы, тұратын жері, жеке сәйкестендіру нөмірі;

4) куәгердің тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), туған жылы, тұратын жері, жеке сәйкестендіру нөмірі;

5) жалған айғақтар берген және жауап беруден бас тартқаны үшін жауапкершілікті ескерту туралы нұсқау;

6) куәгерлердің жауаптарының мазмұны (қойылған сұрақтар және оның жауаптары) көрсетіледі.

Хаттаманың әрбір бетіне сұралушы қол қояды, ал соңғы бетте сауалнамаға қатысушылар және нотариус қол қояды.

212. Жазбаша және айғақты заттар оларды қарау жолымен қамтамасыз етіледі. Қарау нотариусқа алып келу мүмкін емес дәлелдердің тұрған жерінде жүргізіледі.

213. Жазбаша және айғақты заттарды қарау нәтижелері туралы хаттама жасалады, онда мыналар көрсетіледі:

Жазбаша және заттай дәлелдерді қарау кезінде хаттама жасалады, онда мыналар көрсетіледі:

1) қарау жүргізілген күн және орын;

2) қарауды жүргізген адам;

3) қарауға қатысқан адамдар туралы мәліметтер;

4) нотариаттық іс-әрекет жасауға жүгінген адамның өтінішінің мазмұны, дәлелдемелерді бекітуді кейінге қалдыруға болмайтыны туралы қорытынды жасаған нотариустың дәлелдері, қажет болған жағдайларда болжанып отырған тараптар мен мүдделі адамдар алдын ала хабарланбаған нотариаттық іс-әрекеттер жасалынған негіздемелер;

5) дәлелдемелерді қараудың нәтижелері.

Дәлелдемелерді қарау хаттамасына қарауға қатысушылар, нотариус қол қояды және нотариустың мөрінің бедерімен бекітіледі. Хаттаманың бір данасы өтініш берушіге беріледі, екіншісі - нотариаттық мұрағаттық қорда қалады.

Бір беттен артық бетке жазылған хаттама нөмірленеді, бауланады және нотариустың қолымен және мөрдің бедерімен бекітіледі.

 

 



ҚР Әділет министрінің 2015.04.06. № 315 бұйрығымен 24-тараумен толықтырылды

24. Суррогат ана болу шарты

 

214. Суррогат ана болу шарты «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 54-59-баптарының ережесіне сәйкес жасалады және куәландырылады.

215. Егер суррогатты ана некеде тұрған жағдайда, онда жұбайының осындай шарт жасасуға және суррогат ананың сурагатты ана бағдарламасына қатысуына келісімі талап етіледі, онда нотариус қолдың түпнұсқалылығын куәландырады. Егер суррогат ана некеде тұрмаса, онда ол туралы өтініш алынады, онда нотариус қолдың түпнұсқалығын куәландырады.

216. Нотариус суррогат ана шартын жасасу және куәландыру кезінде ерлі-зайыптылардың (тапсырыс берушілердің) неке қатынастарын тексереді. Ерлі-зайыптылар некеге тұру туралы куәлікті ұсынады, оның көшірмесі нотариустың істерінде қалады, сондай-ақ медициналық ұйымның қосымша репродукциялық әдістерді және технологияларды осы үшін балалы болғысы келетін адамдардың не донарлық банктің биоматериалдарын қолдануы туралы толық және жан-жақты ақпаратпен қорытынды ұсынады. Қортындының бір данасы түпнұсқада суррогат ананың нотариаттық куәландырылған шартына қоса тіркеледі және мәміле жасалған жерде сақталады.

 

Қазақстан Республикасы



Әділет министрінің

2012 жылғы 31 қаңтардағы

7447 бұйрығына



2-қосымша

 

 



Қазақстан Республикасы Әділет министрінің күші жойылды деп танылған кейбір бұйрықтарының

тізбесі

 

1. «Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасау тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 1998 жылғы 28 шілдедегі № 539 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 564 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде 1998 жылы 30 қарашада № 8 жарияланған);



2. «Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 28 шілдедегі № 539 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы № 527-к бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1300 тіркелген);

3. «Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 28 шілдедегі № 539 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2006 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4059 тіркелген, «Юридическая газета» газетінде 2006 жылы 2 ақпанда № 17 (997) жарияланған);

4. «Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 28 шілдедегі № 539 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 22 қарашадағы № 175 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2058 тіркелген, «Юридическая газета» газетінде 2002 жылы 11 желтоқсанда № 50 жарияланған);

5. «Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 28 шілдедегі № 539 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 7 шілдедегі № 206 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2949 тіркелген);

6. «Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 28 шілдедегі № 539 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 271 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6512 тіркелген, «Юридическая газета» газетінде 2010 жылы 29 қазанда № 44 (514) жарияланған; «Егемен Қазақстан» 2010 жылғы 3 қарашадағы № 456 (26299), «Казахстанская правда» 16.10.2010 ж. № 274-275 (26335-26336), Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде 2003 ж, № 1, 758-құжат);

7. «Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 28 шілдедегі № 539 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 29.01.2000 жылғы № 7 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1036 тіркелген);

8. «Қазақстан Республикасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы, сондай-ақ кейбір бұйрықтарының күшін жойды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 47 қарашадағы № 325 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3191 тіркелген);

9. «Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына нотариат мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 10 тамыздағы № 215 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3785 тіркелген, «Юридическая газета» газетінде 2005 жылы 16 тамызда № 149 жарияланған).

 

 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет