НұСҚаулары -нұСҚА есеп. Қостанай облысының әкiмi Ресейлік "мск" фирмасына сол облысқа қарайтын Ы. Алтынсарыұлы ауданының жеріне қарайтын, қазiр пайдаланылмай жатқан "



бет22/44
Дата13.08.2023
өлшемі335 Kb.
#476058
түріНұсқаулар
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   44
ЕСЕПТЕР 150 ПР

74-есеп. Қазақстан Республикасының Үкіметінің шешіміне сәйкес, “Іле” мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорынының жерінен, “Керамик” заводының өндірістік объектісінің құрылысын салу үшін 60 гектар ауылшаруашылық жері алынды. Оның 30 гектары заводтың өндірістік корпусының құрылысына, 10 гектары көмекші жұмыстарды (қызметтерді) орындауға, 5 гектары мектеп, мәдениет үйі құрылысы үшін жер алынған.
Бағалау комиссиясы мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорынына келген зиянды 300110 тенге көлемінде анықтап, оның 110120 теңгесі шаруашылыққа келтірілген зиян, ал 220.000 теңгесі ауылшаруашылық өндірісінің шығыны. Кәсіпорын басшылары бұндай шешіммен келіспей, талап арызбен сотқа жолданды. Онда мынадай талаптар қойды: 1) Кәсіпорынды құрумен және өсімдіктерді отырғызу бағасын анықтауды қайта қарауды; 2) Мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорынның мүддесі үшін, ол кәсіпорыннан алынған ауылшаруашылық жерлерін есепке ала отырып, соңғы 5 жыл ішінде, нарықтық баға сәйкес алуға мүмкін, орташа деңгейді алынуға мүмкін ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы нарықтық бағасын ескере отырып, ауылшаруашылық шығындарын толықтай өндіруді талап етеміз.

  • Істі шешіңіз.

  • Ауылшаруашылық қажеттілігінен тыс жер учаскелерін алып қоюға қатысты келтірілген зиян мен ауылшаруашылық шығындарын өтеудің тәртібі қандай?

  • Ауылшаруашылық мемлекеттік кәсіпорындарының жер пайдалану құқығын алып қою ерекшелігі неде?



75-есеп “Еңбек” шаруа қожалығы, бидай өндіруге қатысты берілген мемлекеттік тапсырысты орындауға қатыстыруды сұрап, жергілікті атқару органына өтініш білдірді, бірақ жергілікті атқарушы орган “Бұл мәселені агроөндірістік кешен биржасы реттейді”,-деп өтінішті қабылдамай тастады.

  • Істі шешіңіз.

  • Шаруа қожалығының бидай өндіруге қатысты мемлекеттік тапсырысты орындауға құқығы қандай?

  • Осындай келісімшартты қабылдаудың жағдайы мен тәртібі қандай?



26-НҰСҚА




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет