Объединение юридических лиц в форме ассоциации


INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL



Pdf көрінісі
бет10/199
Дата28.02.2023
өлшемі3.95 Mb.
#470155
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   199
1 3 ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ НАУКИ

INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2020: CENTRAL ASIA» 
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, FEB-MARCH 2020 
 
10 
Алдымен осы мәселеге қатысты теорияны саралап алып, тәжірибеге енгізу қалай 
жүзеге асады деген мәселені зерттеу тобы отырысында жоспарды талқылап алмақпыз. 
Бұл жерде мұғалімдеріміздің даярлығының сапасына олардың теориялық және 
тәжірибелік білімдерінің бірлігі өте қажет. Білікті мұғалім теориялық және тәжірибелік 
білімдерінің өзара тығыз байланыста болуына баса мән береді десек, АКТ-ны енгізген 
кезде осы теориялық, тәжірибелік білімдердің біртұтастығы оларды ойланып қолдануды 
қамтамасыз етуін, ал бұл өз кезегінде оқыту мен оқу үдерістерін жақсартуға жағдай 
жасауын басты назарда ұстаймыз. Ал сабақта жоғарыда атап өткен теориялық, 
тәжірибелік білімдерді қолданған кезде, оқыту үдерісінің мазмұны, әдістемесі, 
технологиясы саласындағы білімнің қалыптасқандығы – анықтаушы фактор болады деп 
есептейміз. 
Теория бойынша «пәндік, технологиялық, педагогикалық білімдердің, яғни 3 білім 
саласының қиылысу ортасында технологиялық, педагогикалық және мазмұндық 
білім(ТПБМ) орналасқан. Осы тәсілді алғаш рет 2006 жылы қарастырған Мишра мен 
Келердің пайымдауынша, барлық 3 білім саласы арасында өзара байланысты іске асыруға 
қабілетті мұғалім жоғары деңгейдегі кәсіпқой болып табылады». (МАН, 40-бет) Осы
айтылған ойға сәйкес мұғалімдерді жоғары деңгейдегі кәсіпқой дәрежесіне көтеруді 
мақсат тұтып, теориялық біліммен қаруланып, жоспарланған жұмыстарды тәжірибеге 
енгізбекшіміз. Ол үшін оны жүзеге асырушы- мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру қажет, 
сондықтан жоспарымызда 2-4аптада мұғалімді кәсіби дамыту жолдарының бірі- коучинг-
сабақтар өткізбекшіміз. Коучингтер әріптестеріме белсенді өзара әрекеттестік 
нәтижесінде идея алмасуға, қолданыстағы оқыту тәжірибелерін бірлесіп ойластыруға, 
мүмкіндік береді. Коучтар мұғалімдерді рефлексиялық диалогқа тарту негізінде олардың 
өз жұмыстарының жекелеген салаларын анағұрлым тереңірек дамытып, жоғары сапалық 
деңгейге көтеруге ықпал жасайды. Соның нәтижесінде мұғалімдер кәсіби білімін, игерген 
дағдылары мен жұмыс тәжірибесін жетілдіреді.
Коучинг өткізудегі мақсат – әріптестердің оқыту мен оқудағы іс-тәжірибесінің 
сапасын арттыруға және өзара ынтымақтастықта жұмыс жасауға мүмкіндік жасау. 
Коучингтерге жас мамандар, тәлім алушы, ынталы мұғалімдер қатыса отырып, өздерінің 
оқу тәжірибесіне жаңа әдіс-тәсілдерді меңгереді және сабақта тиімді пайдаланады деп 
сенеміз. Ал бұл өзгеріс өз кезегінде оқушылар білімінің сапасының артуына ықпал ететін 
күш деп санаймыз. Коучинг тақырыбының өзіміз анықтаған нақты проблемаға 
бағытталуын назарда ұстайтын боламыз. Коучингті жоспарлауда оның мақсаты, күтілетін 
нәтижесі, түйінді идеясы мұғалімдерге айқын болуын, қолданатын әдіс-тәсілдердің тиімді 
болуын, ресурстардың эстетикалық талапқа сай, ой тудыратындай болуын назарда 
ұстаймыз. Сонымен қатар қатысушылардың уақытын бағалайтындай нақты уақыт 
шеңберінде және сабақ кестесіне зияны тимейтін мезгілде жоспарлануына мән береміз. 
Бірнеше күн бұрын коучинг тақырыбы, өтілетін уақыты мен орны жазылған, дизайны 
мұғалімдерді қызықтыратын хабарландырулар дайындаймыз. Мектепте ІІ деңгейді оқыған 
3мұғаліммен бірігіп, АКТ –ны пайдалану бойынша қай аспектілеріне баса мән 
беретінімізді нақтылап, жоспарлайтын боламыз. Коучинг барысында мұғалімдер 
теориялық мәліметтерді талқыға салумен қатар өздері тәжірибе жүзінде жасап көріп, бір 
қорытындыға келеді, қосымша алған білімдерін іс-тәжірибесінде қолданып көреді – 
коучингтің тиімділігі де осында. Ал осы үдерістің қалай жүзеге асатынын, нәтижесі қалай 
болатынын өз бастауын батыс философиясынан алып, әлемнің көптеген елдерінде, 
нақтырақ айтқанда Жапонияда табысты қолданып келе жатқан Lesson study үдерісі 
арқылы зерттеуді таңдадық. Себебі, Lesson studyда белгілі бір проблемаға сай 
мұғалімдермен ынтымақтастықта біріге отырып, соны зерттеу және жетілдіруге 
бағытталған зерттеу жұмыстары жүргізілетін болады. Сабақты зерттеу үдерісі кемінде 3 
сабақтан тұратын циклдық үдеріс болғандықтан АКТ-ны қолданудың түрлі әдіс-тәсілдерін 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет